Халықаралық экологиялық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 10:48, реферат

Краткое описание

Планетаны сактау және корғау проблемасы адамзаттың бүлдіруші кызметінің нәтижесінде туындады. Көптеген мемлекеттер адамның өнеркәсіптік кызмет әсері болмай тұрғанда-ақ табиғи орта бұзылуының ғаламдық зардаптарын ұғынды. Ұлттардың минуттық мүддесі кейбір мемлекеттерді қоршаған ортаның бұзылуы мен ластануына көз жұмғызып отыр. Ал бұдан да маңыздырақ проблемалары бар мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау мәселесін екінші қатарға жылжытып қоюға мәжбүр болып отыр. Осы қиыншылық жағдайға қарамастан, адамзат қызметінің табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға қауіпті әсер ететіндігі қазірдің өзінде дәлелденіп отыр.

Содержание

1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы.
2. Экологиялық құқытың арнайы қағидаттары мен қайнар көздері.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар. БҰҰ және оның арнайы мекемелері. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экологиялық құқық.doc

— 102.00 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

1.   Халықаралық  экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы.

2.    Экологиялық   құқытың   арнайы   қағидаттары   мен қайнар көздері.

3.   Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар.  БҰҰ және оның арнайы мекемелері.  БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы.

Қоршаған ортаны қорғау адамзаттың кажеттілігіне айналып, бүкіл әлемдік кауымдастықты оны сактап қалу үшін өзара ұйымдасуға және өз әрекеттерін үйлестіруге мәжбүр етті.

Планетаны сактау және корғау проблемасы адамзаттың бүлдіруші кызметінің нәтижесінде туындады. Көптеген мемлекеттер адамның өнеркәсіптік кызмет әсері болмай тұрғанда-ақ табиғи орта бұзылуының ғаламдық зардаптарын ұғынды. Ұлттардың минуттық мүддесі кейбір мемлекеттерді қоршаған ортаның бұзылуы мен ластануына көз жұмғызып отыр. Ал бұдан да маңыздырақ проблемалары бар мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау мәселесін екінші қатарға жылжытып қоюға мәжбүр болып отыр. Осы қиыншылық жағдайға қарамастан, адамзат қызметінің табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға қауіпті әсер ететіндігі қазірдің өзінде дәлелденіп отыр. Осы процесті тоқтату және қоршаған ортаға байланысты саясатты өзгерту адамзаттың қазіргі кезде бұзылған қоршаған орта мүдделерін қалпына келтіру мен қалдықтарын сақтаудағы және келешек ұрпаққа болашақта да осы мүдделердің бұзылуына жол бермеуді тапсырудағы маңызды міндеті.

1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы, оның қалыптасуы мен дамуы

Әлемде 60-жылдардан бастап өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, энергетиканың дамуында өзгеріс болып, қоршаған ортаға кері әсерін тигізді және ғаламдық көлемде бүлдіруші сипат ала бастады. Осыған байланысты әлемдік қауымдастық қоршаған ортаны халықаралық құқықгық қорғаудың қажет екенін ұғынды.

1972 ж. Стокгольм Декларациясының  1-тарауының 6-тармағында қоршаған ортаға қамқорлық көрсете отырып, біз бүкіл әлемде өз әрекеттерімізді реттеуімізге тиісті кезең келді делінген. Түсінбестікпен немесе немқұрайдылықпен қарау арқылы біз жер шарына орасан зор және түзелмейтін залал   келтіруіміз   мүмкін.   Осы   мәтіннен   бұл   әрекеттің

халықаралық   құқықты   құрайтын   халықаралық-құқықтық реттеу екендігі түсінікті.  Сондай-ақ,  Стокгольм Декларациясының осы тарауының 7-тармағында бұл әрекет түріне ерекше  мән  берілді.   Қоршаған  ортаға байланысты үдеп келе жатқан барлық проблемалар аймақтык және халық-

аралык   силатты   иеленетін   болғандықтан   немесе   олар жалпы халықаралық аяға әсер ететін болғандықтан, жалпы мүдде   үшін   халықаралық   ұйымдар   тарапынан   шаралар қолдану  мен  мемлекеттер  арасындағы   кең  ынтымақтастықты талап етеді. Осының барлығынан мынадай тұжырым шығаруға болады, халықаралық немесе аймақтық деңгейде қоршаған ортаны қорғау мақсатында әлемдік қауымдастық

ынтымақтастықган күткеннен  асып түскен нәтиже алу үшін өз қызметін ретке келтіруге тырысуда.

Заң тілімен айтқанда, бұл қоршаған ортаны қорғау аясындағы . халықаралық қатынастарды, халықаралық-құқықтық реттеу болып табылады.

Қоршаған ортаны халықаралық қорғау құқығы үғымы (бұдан былай ҚОХҚҚ) Халықаралық Экологиялық Құқық (бұдан былай ХЭҚ) ұғымына сәйкес келеді. Бұл жердегі бірінші ұғым ағылшынның International Environment Law сөзінен аударылған, ал екінші ұғым Кеңес әдебиеттерінде пайдаланылған және Ресей әдебиеттерінде, сондай-ақ бізде де жиі қолданылады. Сондықган бұл екі ұғым бірдей түсінік береді.

Қазіргі Халықаралық  құқық мемлекеттер арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы әр түрлі қатынастарды реттейді. Қарастырылып отырған қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғау — қоршаған ортаны қорғау аясындағы қатынастарды реттейді (реттеу пәні). Егер нақты айтар болсақ, пәні болып халыкаралық экологиялық қатынастар, яғни табиғи ортамен тікелей немесе жанама байланыстағы қатынастар. Халықаралық экологиялық құқықтың мақсаты — қоршаған табиғи орта мен қоғамның әрекет жасау аясындағы халықаралық қатынас субъектілерінің және мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін екіжақты түрде қалыптастыру арқылы адамзаттың жүріс-түрысын заңды құралмен реттеуге қызымет ету.

ҚОХҚҚ — бұл қоршаған ортаны қорғау және экология саласындағы халықаралық жалпы құқық субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттеуші халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларынан тұратын халықаралық көпшілік қүқықтың бір бөлігі.

Бұл аныктама қағидаттар мен нормалардың халықаралық көпшілік құқықтағы сияқты, жеке құқықта да бар екендігін білдіреді, ал қоршаған ортаны қорғау және экология саласындағы реттеу, қоғам мен табиғаттың ттұрақты даму саясатын және халықаралық аспектідегі эколологиялық қауіпсіздік пікірі бойынша қорғаудың ескертуші сипатын білдіреді. ҚОКХҚ объектісі — адамның материалдық әлемге нақты әсер ету шегіндегі ғарыштық кеңістік .пен жер планетасының барлық табиғаты. Бірақ ішкі қоршаған орта ішкі құрылыстық бөлімшелерді иеленетін болғандықган, оның элементтері мен қорғаушы объектілері ерекшеленеді.

Дүниежүзілік  мұхит, жер шары бетінің 2/3 ауданын алады. Дүниежүзілік мұхит ұғымы жердегі барлық 4 — Атлант, Үнді, Тынық, Солтүстік Мұзды мұхиты, сондай-ақ олармен байланысты барлық теңіздерді қамтиды. Дүниежүзілік мұхитқа материктер ішінде орналасқан, оқшауланған теңіздер жатпайды, мысалы, Каспий теңізі.

Құрлықгар адамзат дамуы үшін негізгі және тікелей өмірлік кеңістікті құрайды. Осы түсінікпен дәстүрлі түрде, жердің кұрлықтағы бетімен тығыз байланысты барлық табиғи комплекс, яғни топырақ, жер қойнауы, су ресурстары, өсімдіктер және жануарлар әлемі қамтылады. Алайда, соңғы жылдары халықаралық-құқықтық қорғау аясында табиғи объектілерді саралау пайда болды және бірте-бірте халықаралық көлдердің және басқа құрлықтық суаттық, бір немесе бірнеше елге тиесілі табиғи байлықтың объектілерін қорғау ретінде жеке мойындалды.

Атмосфералық  ауа — жер беті мен ғарыш кеңістігінің арасында жататын жер шарының газды қабығы. Атмосфералық ауа құрамы белгілі бір пропорцияда оттегінен, азоттан, көмір қышқыл газынан, сондай-ақ табиғи зат алмасу процестерінен құралып, біршама тұрақты болып табылады.

Ғарыш — жердің немесе оның атмосферасының шегінде жататын барлық материалдық кеңістік. Ғарыш кеңістігі шексіз. Бірақ адамдардың әсер ету аясы жерге жақын аудандарда шектеулі болып келеді. Сондықтан қазіргі заманғы деңгейде адамның ғарышқа ену процесіне сүйенетін өндірістік күштердің дамуы ғарыш бөліктері, оның ішінде жер манындағы ғарыш кеңістігі. табиғи жер серігі — Ай, Күн- жүйесі  планетасы   халықаралық-құқықтық қорғауды қажет етеді.

Халықаралық жария құкықта жаңа сала пайда болды және бөлініп шықгы — ол халықаралық экологиялық құқық. Осы құқық саласының пайда болуы мен дамуы, адамзаттың қоршаған табиғатқа орынды және ақылға қонымды әсер етуінің жалғасына айналды. Әсер ету адам мен табиғаттың экологиялық тұрмысында жаңа үлгілер құратын халықаралық ұйымдарға, мемлекетке, адамның қызметіне ыкпал етуге негізделеді.

Халықаралық экологиялық құқық — қағидаттары мен нормалары ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуді іздеудегі халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықта өте маңызды рөлді иеленуші халықаралық құқықгың дамып келе жатқан саласы.

Халықаралық экологиялық  құқықтың объектісі әр түрлі, бірақ тұтастай алғанда бұл барлық табиғи қоршаған орта КОХҚҚ объектісі әзірше таусылған жоқ. Жақын болашақта қоршаған ортаны қорғаудың жаңа объектілері пайда болуы мүмкін. Қазір әлем ғалымдары адамның денсаулық жағдайына электроқұрал сәулелерінің әсер етуін оқып үйренуде, оларға компьютердің мониторы, компьютердің өзі, ұялы телефон жатуы мүмкін.

2. Экологиялық құқықгың арнайы қағидаттары мен қайнар көздері

Халықаралық экологаялық  құқықтың қағидаттары мен нормаларының жиынтығы халықаралық жария құқық саласын құрайды. Бұл .халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінен көрінген тікелей материалдық күқық. Осылардың ең маңыздысы — әмбебап сипатта болатын халықаралық шарттар. Оларда халықаралық экологиялық құқықгың негізгі қағидаттары бекітілген.

Халықаралық экологиялық құқықтың қағидаттары алғаш рет адамды қоршаған орта проблемалары жөніндегі 1972 ж. БҰҰ Стокгольм конференциясының декларациясында тұжырымдалды.

Стокгольм декларациясының ең маңызды  қағидаттары:

1.  Мемлекет қоршаған орта  проблемаларына жақындаудағы өз ұлттық саясатына сәйкес келетін өз ресурстарын пайдалануға құқылы. Оларға ұлттық юрисдикция шегінен тыс   қызметіне   немесе   басқа   мемлекеттің   не   ауданның қоршаған ортасына залал келтірмеуді бақыламаса, жауапкершілік жүктеледі (21-қағидат);

2.  Ауа, су, жер, флора, фаунаны  және әсіресе табиғи экожүйелердің   сипатты   үлгілерін   қоса,   барлық   табиғи ресурстар  келешек ұрпақтың  игілігі үшін  адам  қызметін ұқыпты  жоспарлау және  оны  қажеттігіне  қарай басқару жолымен сақталуы тиіс (21-қағидат);

3.  Қалпына келмейтін ресурстар - келешекте таусылудан қорғалуы қамтамасыз етілетіндей және олардың пайдасын бүкіл адамзат көретіндей жасалуы тиіс (5-қағидат).

Бұл қағидаттар көптеген авторлардың пікірі бойынша, шындығында да маңызды болып табылады. Бірақ басқаларын да атап өту керек.

Қағидаттардың калыптасуы БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдаған Бүкіләлемдік табиғат хартиясында жалғасты және 1988 ж. 28 қазандағы қарарда жарияланды. Онда бірқатар қағидаттар анықталады:

 1.   Биологиялық ресурстар,   олардың  табиғи   қабілеттілігінің қалпына келтірілу мүмкіндігі;

2. Топырақтьщ өнімділігі - эрозияның және кез келген өзін-өзі бүлдіретін басқа нысандарды болдырмайтын органикалық заттардың ұзақ уақытқа жемісті болуын және бұзылу процесін сақтап қалу шараларының нәтижесінде жақсарады;

3.  Суды қоса есептегенде,  дүркін-дүркін қолданылатын ресурстар   қайыра   немесе   циркуляция   түрінде   пайдаланылады;

4.  Бір рет қана қолданылатын, қалпына келмейтін ресурстар   олардың  қорларын,   оларды  тұтыну  үшін   қайта өңдеудің ұтымды мүмкіндіктерін және табиғи жүйе қызметін қолданудың біркелкілігін ескере отырып, қажеттілікке байланысты пайдаланылады;

5.   Радиоактивті және улы   қалдыктарды тастауға  жол бермеу  мақсатында ерекше шаралар қабылдануы тиіс;

6.  Табиғатқа түзелмейтін залал келтіруге икемді әрекеттерден алшақтау қажет;

7.   Адам қызметінің нәтижесінде  азып-тозған аудандар олардың табиғи қуатына және осы аудан тұрғындарының тұрмыс   жағдайы  талаптарына  сәйкес   қалпына   келтіруге жатады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-сессиясы дүниежүзілік қауымдастық климатты өзгерту женіндегі шектеулі Конвенцияны өңдеуді қарастырған. Онда ""Қазіргі және болашақ үшін ғаламдық климатты сақтап қалу" жөніндегі 45/212 қарар мақұлданды. Конвенцияның мақсаттарына жету жо-лында тараптар мынадай қағидаттарды басшылыққа алатындарын атап өтті.

1. Тараптар казіргі және келешек ұрпақ үшін жауапкершіліктеріне сай және оларда бар мүмкіндіктер шегінде климаттық жүйелерді қорғауы керек. Соған байланысты дамушы елдердің тараптары климаттың өзгеруімен және оның жағымсыз салдарымен күресуде басты рөлді иеленуі керек.

Халықаралық құқық мамандары осы Конвенцияны климаттық майдандағы жетістік деп санайды, өйткені ол барлық дүниежүзілік қауымдастық күшімен парникті нәтижелердің проблемаларын тәжірибелі түрде шешуге алып келеді.  

2.  Дамушы мемлекеттер болып  саналатын, климаттың өзгеруі  теріс зардаптар әкелетін әлсіз  тараптардың нақты қажеттілігі және ерекше жағдайлары толық мәнде ескерілуі тиіс.

Қоршаған ортаны қорғау мен дамыту жөніндегі Рио-де-Жанейро Декларациясы (14 маусым 1992 ж.) ҚОХҚҚ қағидаттарын дамыта және толықтыра отырып, 1972 ж. Стокгольм Декларациясының қызметін жалғастырды.

Декларацияның 1-қағидаты Стокгольм декларациясында бекітілгеніндей, қоршаған ортаға қолайлы құқықтылық қағидаты.   2-қағидат   —   мемлекеттердің   қоршаған   ортаны ластағаны   үшін   жауапкершілігі   және   өткізілген   экологиялық саясатты ескере отырып,  өз табиғи ресурстарын қолдануға тәуелсіз құқықтың бекітілуі туралы Стокгольм декларациясының   21-қағидатына    сәйкес.    3-қағидат    — лайыкты көңіл бөлуте тұрарлык, өйткені онда 70-жылдары ұсынылған  тұракты  даму тұжырымдамасы   бар.   бірак  ол жылдары тиісті дәрежеге жете алмады. 12-қағидат — мемлекеттердің экономикалық және экологиялық ара-қатынастары,  сондай-ақ экологиялық мүдделерге  қысым  келтірмейтін әлемдік экономикалық тәртіп саласындағы қарым-катынастарды орнықтырады. 14-қағидат — мемлекеттердің көңіл қоюын талап ететін экологиялық орта қауіптілігіне негізделген халықаралық міндеттемелерге араласуына және қарсыласуына жол беріледі. 15-қағидат — міндетті халықаралық экологиялық қор, сондай халықаралық экология-лық сақтандыру ұйымын құруға ұсыныс жасалады, бұдан басқа қағидат экологиялық аудит жөніндегі халықаралык аудиторлык ұйым құруды қажет деп санайды. 19-қағидат — экологиялық қауіптілік және осы мәселе туралы кеңес беру жөнінде алдын ала хабарландыру тұжырымдамасын қалып-тастырады. 26-қағидат — халықаралық экологиялық даулар БҰҰ  жарғысына  сәйкес бейбіт  жолмен  реттелуге  жататынын көрсетеді, яғни халықаралық сот немесе төрелік сот рәсімі    арқылы,    сондай-ақ   құруға   ұйғарылған арнайы халықараралық экологиялық соттар арқылы реттеу де тіркесе шығарылған жоқ.

Нысан — бұл құқықгың көрсетілу немесе рәсімделу тәсілі, мысалы, халықаралық құқықгық әдет-ғұрып шарт немесе басқа да келісім түрлері нысанында болады. Халықаралық-құқықтық нормалардың ресми, заңды нысандары халықаралық құқықтың қайнар көздері деп аталады.

Халықаралық құқыктың екі түрлі қайнар көзі бар: "жұмсақ құқықты"құрайтын қайнар көздер және "қатаң құқықты" құрайтын қайнар көздер. "Жұмсақ құқықтың" нақты ұғымы әзірге жоқ, бірақ жалпылама түрде, міндетті күшті иеленбейтін нормалар немесе ереже, қағидаттар ретінде түсіндіріледі. Бұл нормалар құқықтық базаға дейінгі немесе келісім қүқығы ретінде халықаралық құқықта маңызды рөлді иеленеді. "Қатаң құқық" — бұл міндетті заңды күшті иеленетін халықаралық құқық нормалары.

Информация о работе Халықаралық экологиялық құқық