Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 17:27, реферат

Краткое описание

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да қүжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары қүрылды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

makro.docx

— 42.15 Кб (Скачать документ)

1996    жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы, Тың жэне Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік “Қазақстан темір жолы” кәсіпорны қүрылды. Ал 2002 жылы бүл кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен “Қазақстан темір жолы үлттық компаниясы” жабық акционерлік қоғамына айналдырылды.

2002 жылы Қазақстандағы темір жолдың үзындығы 13,6 мың шақырымға жетті, оның бойындағы темір жол станцияларының саны 720 болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап жаңа темір жолдар салу жэне темір жол станциялары мен желілерді қайтадан жаңартуға ерекше назар аударылуда. Соның ішінде халықаралық темір жол желілерін қүруға барынша көңіл бөлінуде. Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда Достық станциясы маңызды рөл атқарады. Өйткені ол Еуропа жэне Азия елдерінің арасындагы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда үлкен орын алады. 1991 жылы қыркүйекте Достық станциясы арқылы Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасу, ал 1992 жылы маусымда жолаушылар тасу жүзеге асырылды. 1994 жылдан бастап Достық-Алашанкоу станциялары арқылы халықаралық жүк тасу жүргізіле бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан жэне Оңтүстік Корея сауда байланыстары Достық станциясы арқылы едәуір өсті. Тек

2002    жылдыц өзінде жүк тасу 1994 жылмен салыстырғанда 10 есеге артып, 6 млн. тоннаға жетті.

“Қазақстан  — 2030” бағдарламасыныц талаптарына  сай 1998 жылы мамыр айында алғаш рет  егемен Қазақстанныц тарихын- да Павлодар облысыныц Ақсу қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Конечная темір жол қүрылысы басталып, 2000 жылы 8 желтоқсанда аяқталды. Жолдыц жалпы үзындығы — 184 шақырым. Жолды салуға республиканыц эртүрлі аудандарынан 1500 жүмысшы қатынасты, қүрылысқа 6,5 млрд. тенге жүмсалды. Бүл жол елдіц Солтүстік жэне Шыгыс облыстарыныц арасындагы қатынасты 600 шақырымга қысқартты. Павлодар облысыныц Ақсу жэне Май аудандары жеріндегі табиги байлықтарды игеруге мүмкіндік берді.

Егемен  Қазақстан жеріндегі екінші мацызды  темір жол құрылысы Қостанай облысындагы Алтынсарин станциясы мен Ақтөбе облысының Хромтау қаласын байланыстыратын темір жол магистралі. Жолдың үзындығы 387 шақырым, қүрылыс жүмысы 2001 жылдың маусым айында басталып, 2004 жылдың қараша айының соңында аяқталып, пайдалануға берілді. Бүл жол Қазақстанның Солтүстік жэне Орталық аймақтары арасындағы жол қатынасын 1,5 мың шақырымға қысқартты жэне елді Ресейдің Қарталы-Орск темір жолына бағыныштылықтан босатты. Бүл жол- мен Қазақстанның Орталық жэне Солтүстік аудандарынан Батыс облыстарға хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск жэне Одесса теңіз порттары арқылы Украинаға қара металл, ферросплав, сондай-ақ Ақтау арқылы Республиканың солтүстік облыстарынан Иранға жыл сайын 5,5 млн. тонна астық жеткізу көзделген.

Республиканың темір жол қатынасын одан эрі дамытуда оның аса қажетті магистральдық учаскелерін электр жүйесіне қосудың маңызы ерекше зор. Соңғы 10—12 жыл ішінде бүл бағытта бірсыпыра оң істер атқарылды. Мысалы, 1991—1994 жж. Арыс пен Шу станциялары арасындағы 600 шақырымдық жолды электр жүйесіне қосу жүмысы аяқталды. Ал 1993 жылдан бастап Шу мен Алматы арасындағы темір жолды электр қуатына қосу басталды. 1996—1999 жылдары қашықтығы 190 шақырым Шу-Отар темір жолын электр қуатына көшіру аяқталды, 2000 жылы үзындығы 90 шақырым Отар-¥зынағаш учаскесі іске қосылды, ал 2002 жылдың көктемінде Отар мен Алматы арасындағы темір жол магистралін электр қуатымен жүмыс істеуге көшіру біржолата аяқталды. Осының нәтижесінде Қазақстанда электр қуатымен жүмыс істейтін темір жол магистралінің үзындығы 3,7 мың шақырымға жетті, не- месе республикадағы барлық темір жолдың 27 пайызын қамтыды. Болашақта Алматы қаласы мен Достық станциясы арасындағы темір жолды электр қуатына ауыстыру жоспарланған.

Тәуелсіз  Қазақстанның алдына қойып отырған  басты мақсаттарының бірі — адамдардың жақсы түрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда эрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, зейнетақыны жэне жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр. Әлеуметтік саладағы басты міндеттер: үлттық байлықты көбейту, халықтың түрмыс-тіршілігі жөнінен дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы жэне түрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту.

Алайда, қоғамдық қатынастардың өзгеруімен жэне нарықтық экономикаға көшумен  байланысты халықтың түрмыс жағдайы төмендеп кетті. Еліміздің экономикасының қүлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жэрдемақы бұл жылдары тиісінші дэрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. Халықты жүмыспен қамту проблемасы күрделенді. 1991 жылдан бастап республикада жүмыссыздық ба- сталды. Әсіресе, ауылдық жерлерде кеңшарлардың таратылуына байланысты жүмыссыздық көбейді. Жастар жүмыс іздеп қалаға шүбырды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. Не баспана, не дайын жүмыс пен табыс жоқ, сенделіп жүріп, азын-аулақ саудамен, рэкетпен, үрлық-қарлықпен шүғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын көбейтті.

Қазақстанның  элеуметтік саласындағы басты мәселелердің бірі — зейнетақымен қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зейнеткерлердің қатары едәуір өсіп, олардың саны 2002 жылы 3 млн. адамға жетті. Үкімет зейнетақы мәселесін шешу үшін үш бағытта бірқатар жүмыс жүргізді. Бірінші — зейнетақының бүрынғы қарыздарын жабу, екінші — зейнетақыны уақытында төлеу, үшінші —   зейнетақы жүйесін реформалау. Бүл үш бағытта жүргізілген іс- шаралар бірсыпыра қайтарымын беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын төлеуде бірқатар шаралар іске асырылды. Әсіресе, 7-8 ай бойы зейнетақыларын ала-алмай келген ауыл түрғындарына ерекше көңіл бөлінді. Зейнетақыны одан эрі арттыру бағытында шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, зейнетақының ең төменгі мөлшері 1997    жылы 3 мың теңге болса, 2000 жылы 4 мың теңгеге жетті. 2000—2002 жылдары зейнетақы төлемдерінің ең аз мөлшері үш мэрте артып, 23 пайызға өсті. 2003 жылдың басында Президенттің жарлығымен ең төменгі зейнетақы көлемі 5 мың теңгеге жетті. 2004 жылдың қаңтарынан төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері — 8335 теңгені қүрады.

Елімізде  реформалау нәтижесінде аралас әрі ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі қүрылып, ол өзінің тиімділігін көрсетті. 1,5 миллионнан астам зейнеткер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етілді. Зейнетақы индексациялаумен бірге 2003 жылы оны саралап өсіру жүзеге асырылды. Жеке жинақ принциптеріне негізделген қамтамасыз етудің бір ғана түрі — жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда. 2004 ж. бір мемлекеттік жэне 15 жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы 6,5 млн. азаматтың жеке есепшоттарында 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақталды. Оның ішінде 115,7 млрд. теңгесі инвестициялық кірістен түскен. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары түрақты түрде көбеюде, оның көлемі 2008 жылдың басында 1,1 триллион теңгеден асып түсті.

Сөйтіп, біз зейнетақы жүйесін реформалауды табысты жүргіздік. Базалық зейнетақы төлемдерін есепке алғанда, ең төменгі зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 есе, ал зейнетақы төлемдерінің орта- ша көлемі 3,3 есе көбейді. 1,6 миллионнан астам адам мемлекеттік зейнетақыны республикалық бюджеттен алады (Егемен Қазақстан. 15.12.2008).

Халықтың  түрмысындағы маңызды көрсеткіш  — түрғын үймен қамтамасыз ету. Бүрын да, қазір де түрғын үй адамдардың ең басты мүқтажы болып отыр. 90- жылдары республикада түрғын үй салу төмендеп кетті. Тек Қазақстан экономикасының 2000 жылдан бастап ілгерілеуімен байланысты түрғын үй қүрылысы соңғы жылдары қайтадан көтерілді. 2002 жылы үй қүрылысына 29,4 млрд. теңге инвестициялық қаржы жүмсалды немесе 2001 жылмен салыстырғанда 7,9%-ке артты. Жаңадан 1402,7 мың шаршы метрді қамтитын 11,2 мың пәтер іске қосылды. Үй қүрылысы, әсіресе, Алматы мен Астана қалаларында кең өріс алды. 2004 жылғы көктемдегі Президенттің халыққа жолдауында республикадағы ар- зан үй қүрылысын кеңейту, үзақ мерзімге 9-10 пайызбен берілетін ипотекалық несиелер, жинақтаушы түрғын үй банкілерінің көмегімен мүмкіндігі томен отбасыларын түрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жарияланды жэне оны іске асыру үшін Үкімет қазір қарқынды жүмыстар жүргізуде. 2005—2007 жылдары 19 млн. шаршы метрден астам түрғын үй пайдалануға берілді. Бүл жоспардағыдан 22 процентке артық. Осы уақыт ішінде елімізде 44 мыңнан астам пәтер салынды. Бюджеттік қаржы есебінен 6 мыңнан астам коммуналдық пәтерлер салынды.

Қазақстан үкіметі кейінгі жылдары халықтың эл-ауқатын жақсарту, соныңішінде  еңбекшілер мен қызметкерлердің  жалақысын арттыруға назар аударуда. Экономиканың көтерілуі әлеуметтік міндеттердің үлкен кешенін шешуге мүмкіндік берді. Тек 2002 жылы орташа айлық 54%-ке, немесе 1999 жылғы 9400 теңгеден 18 мың 500 теңгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы көлемі 5 мың теңгені қүрады. Бүл жылдары үкімет, әсіресе, бюджеттегі меке- мелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге көңіл бөлді. 2002 жылы тек мүғалімдердің жалақысы 35%-тен астам көбейтілді. Бүл мүғалімдердің орташа айлық жалақысының мөлшерін 2000 жылғы 7 мың теңгеден 9300 теңгеге дейін үлғайтуға мүмкіндік берді.

Мемлекет  халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін  орындап келеді. Мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушыларынан айырылған жэне басқа да санаттағы түрғындарды элеуметтік жағынан қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық түрғындардың 23,6%) адамнан асады. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 1,5 есе көбейді. Бүл қазақстандықтардың кірісін айтарлықтай арттырды, оған мынадай өсім индикаторлары дэлел болады. 1999—2004 жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 есе (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін); төменгі зейнетақы көлемі — 1,9 есе (3000-нан 5800 теңгеге дейін); орташа жалақы — 2 есе (11864-тен 26048 теңгеге дейін); орташа зейнетақы көлемі — 2 есе (4104-тен 8529 теңгеге дейін); күнкөріс шегі — 1,5 есе (3394-тен 5394 теңгеге дейін); орташа мемлекеттік әлеуметтік жэрдемақы көлемі — 1,3 есе (3441-ден 4670 теңгеге дейін) өсті (Назарбаев Н. Жаңа кезең — жаңа экономика. // Егемен Қазақстан, 16.12.2004).

Түтастай  алғанда, 90- жылдардың аяғымен салыстырғанда 2007 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар 3 еседен астамға өсті.

Халықтың  денсаулығын сақтау жэне оның деңгейін көтеру мақсатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл — Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау саласының 88 нысаны жаңадан салынды. 2002 жылдың тағы бір ерекшелігі жеке Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау жэне Фармация комитеті қүрылды. Жалпы, 2000—2002 жылдары денсаулық сақтау саласынреспубликалық бюджеттен қаржыландыру екі еседен астамға, жергілікті бюджеттен —  50%-ке дерлік үлғайды. Ал 2007 жылы ғана республика бойынша 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.

Соңгы он жылда (1997—2007) мемлекеттің денсаулық  сақтау саласына шығыны 13 есе өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард теңгені қүрады. 1991 жылдан бері денсаулық сақтаудың 290 нысаны салынып немесе қайта жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы жүмсалды. Соңгы бес жылда алғашқы көмек корсету буынын қүрал-жабдықтармен жэне медициналық техникамен жарақтандыру

3      есеге жуық өсті. Егер осыдан 10 жыл бүрын 1200-ге жуық ауылдық елді мекен медициналық қамтамасыз етусіз қалса, қазіргі уақытта ауылдықтар жер-жерде медициналық көмекпен қамтылып 

 

отыр. Тұрғыпдарға тегін медициналық қызмет көрсетуді қаржымен қамтамасыз ету көлемі кепілдендірілді жэне 2003 жылдан бастап өткен кезең ішінде мемлекеттің осыған бағыттаған шығыны 3 есеге артты (Егемен Қазақстан. 15.12. 2007). Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарла- масы табысты жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында (Егемен Қазақстан, 2005 ж. 19 ақпан) атапкөрсеткеніндей: Бүкіл д үниежүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді. Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда (1995-2005   жж.) қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; жеке түлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 жэне 37 есе өскенін көреміз. Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едэуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мүның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.

Түтастай  алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі  кезеңде еңбекақының ең төменгі  мөлшері 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін — 6 есеге жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойында орташа еңбекақы деңгейі жөнінен Қазақстан ТМД-да көшбасшы елдердің бірі болып табылады. 2002 жылдан бастап реформалау жүзеге асырылып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру үрдісі қалыптасып келеді. Оның деңгейін жүйелі арттырудың арқасында 2007 жылы бюджетшілердің еңбекақысы 2,5 еседен астамға артты. Мемлекеттік элеуметтік жэрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық өсті. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік элеуметтік жәрдемақы алады.

Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бүл өте үлкен де жедел өсу болып саналады (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 7.02.2008).

Еліміздегі  әлеуметтік ахуал да түрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға жэне әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам үлғайды. Біздің 5 миллионная астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бүл көрсеткіш осыдан бес жыл бүрынғыға қарағанда екі есеге артық.

Ал  осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль қүрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де қүрастыратын бес кэсіпорын жүмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де қүрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, қүрылыс индустриясы жэне басқа салалар серпінді дамуда.

Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, элеуметтік мэселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды жэне елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бэсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, элеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.


Информация о работе Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті