Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 17:27, реферат

Краткое описание

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да қүжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары қүрылды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

makro.docx

— 42.15 Кб (Скачать документ)

Осыныц  нәтижесінде республика экономикасыныц барлық дерлік салаларында, әсіресе, ауыл шаруашылыгында, сауда мен қызмет корсету саласында жеке меншік секторы  басым бола түсті. Нарықтық экономиканыц жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді үлгайту болып табылады. Мысалы, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдыц I жартыжылдыгына тіркелген 194,8 мыц зацды түлганыц 192,7 мыцдайы жекеменшік секторга келеді. Бүл жалпы санныц 98%-і, оцдеу саласында бүл үлес — 98%-ті; ауыл шаруашылыгы мен орман шаруашылыгында 97,5%-ті қүрайды. Көптеген экономикалық процестердіц нақты қатысушысы жекеменшік иесі болып отыр. Оныц мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кецінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-қүлық қалыптастырды. Әсіресе, шагын кэсіпкерліктіц дамуы атап көрсетуге түрарлық.

“Қазақстан  — 2030” багдарламасын жүзеге асыру  барысында тәуелсіз еліміздіц басты  табыстары мен жетістіктері — мемлекет- тің қауіпсіздігін нығайту жэне экономикалық өрлеу болды. Бүл барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, эл-ауқатының артуына кең өріс ашты. Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық қазақстандықтардың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты. Оған дәлел ретінде әлемдегі ең күшті мемлекет — АҚШ-тың Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін беру туралы шешімін ерекше атап көрсеткен жөн. Бүл АҚШ басшылығының, американдық іскер топтар мен сарапшылардың қазақстандық реформалардың жетістіктерін мойындауы болып табылады. Сөйтіп, Қазақстанның ТМД елдері арасында осы мэртебені бірінші болып алуы кездейсоқтық емес. Бүл шешім Қазақстанға қатысты АҚШ жэне тағы басқа дамыған елдер тарапынан экономикалық шек- теулер мен түзетулерді алып тастаудан өзінің көрінісін тапты. Ол болашақта республиканың нарық қатынасына көшкен ел ретінде Дүниежүзілік сауда үйымына кіруінің оңтайлы алғы шарты болып табылады.

Сонымен, қорыта келгенде, жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықтың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел — нарықтық даму жолына түскен (соның бірі — Қазақстан), тек 11 ел ғана — нарықтық қатынасқа элі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам қүрып жатырмыз. Сол себепті де Қазақстан байлығының 80 пайыздан астамы жекешелендірілген, қазірдің өзінде респу- бликамызда 500 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер қүрылған. Онда 2 млн.-нан астам адам жүмысқа тартылған. Кәсіпкерлік — күнкөрісіміздің көзіне айналды. Дамыған елдердегідей “кәсібің — нәсібің” деген үстаныммен өмір сүруге көштік.

Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт үстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жүмыс істеп жатқан нарық экономикасын қүрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жүмыс істеп түрған нарықтық экономика бар.

Нарықтық  экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуы- на жол ашпады. Халық шаруашылығының бүл саласын дамытуда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тэуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп салалары, эсіресе, ауыр индустрия, халыққа аса қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі қүрылыстың қысқаруы экономикаға кері эсер етті. Экономиканың түрақтануына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Өнеркэсіп орындарының жарты- сы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің қүлдырауына жол берді. Халық түтынатын тауарлар күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бес- тен бір бөлігін ғана қүрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ке кеміді. Республика бойынша мүнай мен көмір өндіру қысқарды. Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағдай қалыптасты: шойын, болат, прокат қүю азайды. Түсті металлдар өндірісі қыс- қарды. Қүрылыс жэне ауыл шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді.

Күрделі қүрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 1992 ж. мемлекеттік  тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 32 өндірістік қуаттар мен объектілердің тек 2-уі ғана іске қосылды.

Өнеркәсіптің қүлдырауы 1993 жэне 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1%- ке азайды. Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39%-ке, халық түтынатын тауарлар 41%-ке кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркэсіп өнімінің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда біраз өсім байқалды.

1995    жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау жэне жеке жобалар бойынша ірі объектілерді жекешелендіру жөніндегі жүмыс қарқын алды. Бірақ осыған қарамастан өндірістің қүлдырауы тоқтамады. Тек 1996 жылдың соңына қарай өнеркәсіптің қүлдырауы кейбір салаларда тоқтап, кейіннен біраз өскендігі байқалды.

Өндірістің қүлдырауының басты себебі — Одақ бойынша бүрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастардың үзілуі. Өнеркәсіптің артта қалуының тағы бір себебі — оның шикізат өндіруге бейімделген сыңаржақтылығында, дайын тауар өндіретін, әсіресе, машина жасау салаларының жоқтығында болды. Одан басқа, мемлекет экономиканы басқарудың тізгінін босатып алды, халық түтынатын тауарларды шығаруды өз бетімен жіберді, жаңа технология мен техниканы пайдалану, оны өндіріске енгізу ісі ақсап жатты.

Жоғарыда  айтылған қиындықтар мен кемшіліктерді  жою үшін 1999   жылдан бастап Қазақстан үкіметі елдің өнеркәсібін жандан- дыруда бірсыпыра шараларды іске асырды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, химия өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы тиянақталды. Соның нәтижесінде 1999   жылы мүнай-газ өндіру, металлургия, химия, полиграфия жэне тоқыма-тігін өнеркәсіптерінде өнімнің өсуіне қол жеткізілді. Жыл соңында жалпы өнім өндіру 1%-ке, ал өндіріс көлемін арттыру 1,8%- ке өсті. Елдің алтын қоры 2 млрд. долларға жетті.

Міне, осындай мемлекеттік маңызды  шараларды жүзеге асыру ба- рысында2000—2002 жылдары республикадатүрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалды. Тек соңғы 3 жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 42,9 пайызды қүрады. Қазақстанның өнеркәсіп саласында мүнай-газ өндірісі елеулі орын алып, ол жалпы өнеркәсіп өнімінің 46 пайызын қамтыды. Бүл жылдары тек газ- мүнай шығару салаларын дамытуға 9,5 млрд. доллар шетел инвести- циясы тартылды. Қазір де мүнай-газ секторы мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көздерінің біріне айналып, республиканың жалпы ішкі өнімдерінің едәуір бөлігін қамтиды.

Батыс Қазақстан аймағында Теңіз бен  Қарашығанақ сияқты мүнай-газ кен  орындарын игеру жөніндегі ауқымды  жобаларды іске асыру жүргізіліп жатыр. Каспий аймағында өнеркәсіптік мүнай өндіруді 2005 жылдан бастап қолға алу жоспарланған. Жамбыл облысы жеріндегі Амангелді газ өндіру орнын игеру жүмысы басталды. Каспий қүрлықтық мүнай қүбырының бірінші кезегін іске қосу еліміздің экспорт жөніндегі мүмкіндігін арттыра түсті. Мүнайды әлемдік нарыққа жеткізудің баламалы нүсқалары — Атырау-Баку- Жейһан, Қазақстан-Түркменстан-Иран, Батыс Қазақстан-Қытай багыттарын да үлкен болашақ күтіп түр.

Соңгы жылдары Ақтау теңіз портын, Достық-Алашанькоу шекаралық өткелін жэне Достық-Ақтогай  теміржол учаскесін қайта жаңалау  жүмысы, Семейдегі Ертіс көпірі мен Ақсу-Дегелең теміржол қүрылысы аяқталды. Алтынсарин-Хромтау арасындагы теміржол қүрылысы аяқталып, 2004 жылдың соңына қарай іске қосылды. Алматы-Астана автожолын жаңалау жүмысы 2003 жылы аяқталды. Алматыдагы әуежай қалпына келтірілді. Жалпы 2002 жылы бүрынгы 2001 жылмен салыстырганда өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 9,5 пайызга артты.

90- жылдардың басында ауыл шаруашылыгы  елеулі дагдарысты бастан кешірді.  Оның басты себебі — ауыл  шаруашылыгы мен өнеркәсіп салалары өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа үшырауына республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай жэне тез арада жекешелендірунауқаныныңүлкензардабытиді.БүрынбОО-денастам астық өндіретін, 700-дей қой шаруашылығымен шүғылданатын кеңшарлар мен колхоздар, 80-дей қүс фабрпкасы бар еді. Республика халқы жекешелендіру барысында өздерінің осы қолда барынан айырылып қалды. Бағадағы былық, бейберекеттік, жекешелендірудегі асығыстық пен науқаншылдық, қаржыландырудағы берекесіздік, басқарудың жоғарыдан төменге дейінгі жүйесін күйрету, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді алыпсатарлыққа айналдыру жэне т.б. ауыл шаруашылығын күйретуге соқтырды. 1993 жылы кеңшарлардың басым көпшілігі жүмыскерлерге 6 айға дейін жалақы бере алмады. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін, үқсататын салаларда жаңа қуаттарды қосу, жаңа технологияны өндіріске енгізу, негізгі қорларды алмастыру сияқты жүмыстардың көлемі азайып кетті. Агроөнеркэсіп кешеніндегі жоғарыдағы айтылған жэне басқа да кемшіліктерді жоймай, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгертпей бүкіл реформаның жүзеге асуы мүмкін емес еді.

Егіншілік өнімдері азайып, егін егетін жер көлемі қысқарды. Жалпы ауылшаруашылық өнімі 1992—1998 жылдары аралығында 55 пайызға қысқарған, астық өндіру 30 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға азайған. Аграрлық сектордың басты бір саласы — мал шаруашылығы едәуір төмендеді. Малдың саны азайып кетті. Мал мен қүстың кемуі негізінен осы салаға деген көзқарастың нашарла- уынан болды. Малға қажетті жем-шөп аз дайындалды. Жекешелен- діру нәтижесінде жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар сатылып кетті, немесе ауыл түрғындарына керекті тауарларға ауыстырылды. Егер 1991 жылы 9,8 млн. бас ірі қара болса, 2002 жылы 4,4 млн. бас қана қалды, тиісінше қой мен ешкі 35,7 млн. бастан, 10,4 млн. басқа дейін, жылқы 1,6 млн. бастан 1,0 млн. басқа дейін азайып кетті.

2000   жылдан басталған ауыл шаруашылығындағы тың серпіліс мал шаруашылығы саласының дамуынан да көрініс тапты. Мәселен, 2000—2002 жылдары ірі қара мал 8%-ке, қой басы 9%-ке, жылқы 1%- ке, қүс өсіру 25%-ке артты. Қазір республикадағы мал басының 90%- тен астамы жеке шаруа қожалықтарының қолында жинақталған.

Қазақстан үкіметі соңғы жылдары ауыл шаруашылығы  өнді- рісін үлғайтуға бағытталған шараларды іске асыруда. Ауыл шаруашылығына 1996 жылғы бюджеттен 4,3 миллиард теңге, 1997 жылы 5,3 млрд. теңге бөлінді. 1996 жылы Азия даму банкісі тара- пынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде несие бөлінді. Оның 50 млн. доллары 1997 жылы ауыл шаруашылығына жүмсалды. Тек 1996 жылы 630 егін жэне 100 мақта жинайтын шетелдік комбайндар сатып алынды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы жылдан-жылға көбейіп отырды.

1999     жылы оған 9 млрд. теңге бөлінсе, 2000 жылы агроөнеркәсіп саласына 11 млрд. теңге жүмсалды.

Ауылда  шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптасты.

2000     жылы республика көлемінде 96198 ауыл шаруашылығы қүрылымы, оның ішінде 91471 шаруа қожалығы, 1781 өндірістік кооператив, 2886 шаруашылық серіктестігі жэне 60 жекеменшік кэсіпорын жүмыс істеді. Сөйтіп, 1999—2001 жылдар аралығында ауылда тиімді шаруашылық жүргізуге қабілетті меншік иелері қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің “Жаңа кезең — жаңа экономика” атты лекция- сында атап көрсеткендей “Рынокқа берік бағдарланған фермер- лер табы пайда болды”(Егемен Қазақстан. 16 желтоқсан 2004 ж.). Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформаның нэтижесінде өндірілген өнімдердің 99 пайызы жеке меншік қүрылымдарының үлесіне тиді. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтты. Ауылшаруашылығы қүрылымдарының бүрынғы қарыздарының барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5—6 жылға эрі қарай үзартылды.

Қазір ауылдық жерлерде 25 мыңнан астам заңды түлға бизне- спен айналысуға мүмкіндік алса, тек шаруа қожалықтарының саны ғана 170 мыңнан асты. “Астық үшін айқас” кезеңдері үмытылды. Соңғы жылдары Қазақстан миллиард пүттан астам дэнді дақылдар өндіруге қол жеткізіп келеді. Кеңес заманында астықтың осындай мөлшерін өндіру үшін бүкіл одақ болып жүмыла кірісетін болса, қазір астықты аз шығын жүмсап-ақ жинап қамбаға қүйып алатын болдық.

Ауыл  шаруашылығын одан эрі дамытудың  жаңа кезеңі 2002 жылдан басталды. Бүл 2005 жылға дейінгі уақытты қамтуға тиіс кезең аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу жэне ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла қарастырылған. Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жүмыстарды жүргізе бастады. 2002 жылы маусымда мемлекеттік- аграрлық бағдарлама қабылданды. Ол 2003—2005 жылдарды қамтыды, бүл жылдар ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталды. Сөйтіп, аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003—2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2002 жылы ауыл шаруашылығы салаларын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 30 млрд. теңге қаржы бөлінді. 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын жэне оған байла- нысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі түрде өсті. Мы- салы, 2003 жылы 40 млрд. тенге қаржы бөлініп, оның 30 миллиарды аграрлық секторды дамытуға, 10 миллиарды ауылдың әлеуметтік мәселесіне, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге жүмсалды. Ал 2004 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен — 50 млрд., 2005 жылы — 55 млрд. теңге бөлінді.

Кейінгі жылдары Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге  жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестици- ялар 3 еседен астам үлғайды. Бүл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Жоғарыда аталған ауылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасы ел ішін дамытуға қуатты серпін берді. Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тау- ар айналымының 4 есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 2008, 7 ақпан). 2007 жылы ауылшаруашылық дақылдарының барлық дерлік түрлері бойынша жақсы өнім алынды. Әсіресе, ел диқандары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Республика бойынша 22,5 миллион тоннадан астам астық орылды. Қазақстан астық өндірісінің жан басына шаққандағы көлемі мен үн эксперты бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Соңгы он жылда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі 3 есе дерлік артты. Қорытып айтқанда, еліміздің ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек корсету арқылы оның деңгейін көтеру, соның ішінде қазіргі кездегі егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімді өсіру, малдың санын түрақтандыру ісін жүзеге асыру көзделген. Қазір ауылдық жерлерде Қазақстан халқының 43 проценті түрып жатыр.

Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында  темір жолдың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін адамдардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Укра- ннадан кейінгі үшінші орынды алады. Міне, осымен байланысты темір жол көлігіне талаптар жыл сайын өсіп отыр жэне оның басты міндеттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасында көрініс тапқан. Бүл мәселелерді шешуде темір жол қүрылымын жетілдіру ерекше орын алады.

Информация о работе Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті