Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 12:04, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.
Қаржы нарығы — мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықгырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан түрады:
1) Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
2) Несие капиталының нарығы.
3) Бағалы қағаздар нарығы.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ..............................................5
1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері..........................................5
1.2 Жекеменшіктендіру – бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі................7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ..........8
2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары..........10
2.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы..........9
2.3 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер....................................................13
3 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ.......14
3.1 Бағалы қағаздар нарығының мамандары...........................................................19
3.2 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар..........................................................17
3.3 Қор биржасы және оның қызметі.......................................................................17
3.4 Биржалық операциялар........................................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................20
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР багалы кагаздар нарыгы каз.21.doc

— 147.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен, қор биржасы — бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері, яғни делдалдар арқылы бағалы қағаздарды сату және сатып алу жөнінде мәміле жасайтын нарық.

    

         3.4 Биржалық операциялар

 

Биржада жеке компаниялардың, мемлекеттік органдарын немесе шетелдердің бағалы қағаздары айналымға түседі (әдетте тек акциялар мен облигациялар мен облигациялар). Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер бойынша ажыратылады.

Биржа операциялары кассалық және мерзімді болып ірі екі топқа бөлінеді. Біріншісі бойынша келісімге келген бойда есеп жүргізіледі, яғни сатып алушы қағаз үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағазды алады. Екіншісінде есеп мәміледе көрсетілген мерзімге жүргізіледі: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және с.с уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасымен өзгеше болады. Операциялардың екі түрі де рұқсат етілген биржаларда өтеді және бағалы қағаздардың курсы әртүрлі болуы мүмкін. Шын мәнінде де мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасына. Сондықтан мерзімдік мәмілені алапсатарлық мәміле деп те атайды. Алаыпсатарлық мақсаты — биржадағы құндылықтардың табу.

Кестеде көрсетілгенде мерзімдік мәміле түрлерінің бір-бірінен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттарымен ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жай көрініске тоқтап өтейік.

Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай бір айдың ішінде, айдың ортасында, не болмаса аяғында өтеді. Бір-ақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздардың курсымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе, пайданы сатушы алады, ал жоғарылап кетсе сатып алушы алады.

Қор биржасындағы стеллаж, пролонгация, репорт, депорттың мәмілелер алып-сатушылардың бағалы қағаздарының курс өзгерту арқылы пайда табу ойындары.

Стеллаж — бағалы қағаздар бойынша мерзімді мәміленің түрі, мұнда екі жақтың бірі (стеллажды сатып алушы) мәміле мерзімі басталғанда сатушы мен сатып алушы жағдайының бірін тандау құқына ие болады.

Пролонгациялық мәміле — бағалы қағаздар бойынша жасалатын мәміленің бір түрі немесе бағалы қағаздар нарығының өсуіне қарай есеп айырысудың мерзімін кейінге қалдыру.

Репорт — мерзімді мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздың иесі (биржа іскері, екінші деңгейдегі банк) оларды белгілі бір уақыттан кейін жаңа, неғұрлым жоғары бағамен сатып алуға міндеттеніп, банкке сатады; сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырма репорт деп аталады.

Депорт — оған белгілі бір мерзімінен кейін төмен курспен кері сату шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі курс бойынша сатып алу тән.

Қор биржасы акционерлік қоғамдардың жұмысын қадағалап, оны көрсетіп отыратын анықтаушы тәрізді. Бағалы қағаздар курсының ұзақ уақыт бірқалыпты төмендеуі инвесторларға бұл қоғамда істің мәз емес екендігін көрсетіп, оған инвестиция салудың тежеп, тіпті бұл қоғамның акцияларын сата бастауды меңзейді.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының даму жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп. Экономикалық мәселелерге:

А) нарықты реттейтін механизмінің жоқтығы;

В) бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;

С) зандардың мүлтксіз орындалмауы;

О) салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

Е) бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы;

F) нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендігі жатады.

Бағалы қағаздар нарығына мамандарды бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұқсат берген оқу орталықтары дайындайды. Қазіргі уақытта оқуды табысты бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дей адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алды.

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі — кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмы арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қарастыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатысқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды.

Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылығы мынада:

1. Нарықта акционерлік капитал  үлесінің көптігі.

2. Үлестік бағалы қағаздардың  қарыздық қағаздардан көптігі.

3. Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы.

4. Нарықтағы банк емес мекемелерінің  көптігі.

Бұлардан басқа мемлекеттің бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған 3 фактор бар:

1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып  сатылған акциядан түскен ақша — ол "арзан" ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта күру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.

2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан  нарығында өндіріс саласын өз активтерімен  инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халыкты кәсіпорын басқаруына жақын арада тарту бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік береді.

3. Саясат факторы — дүниежүзіндегі сияқты Қазақстанда бос ақша көздерінің негізгі иесі — халық. Жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқын жүзеге асыру бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан Республикасының банктермен банк қызмет туралы заңдары 05.1995 ж.

2. Бағалы қағаздар нарығы. Б.А.Көшенова,  Алматы, Экономика, 1999.

3. Банковское дело. Г.С.Сейткасымов, Алматы, Каржы-Каражат, 1998.

4. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Г.С.Сейткасымова, К.О.Шаяхметова, Г.ТАбдраимова, Алматы, Каржы-Каражат, 1998.

5. Банктегі бухгалтерлік есеп  және есеп беру. Н.А. Ғұмар, Р.Ж.Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000.

6.  Ценные бумаги и их регулирование  в РК. Ф.Карагусов, Алматы, Каржы-Каражат, 1995.

7. "Банки Казахстана" журналы  №5 2000ж.

8. Банк хабаршысы. 2000

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы