Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 12:04, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.
Қаржы нарығы — мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықгырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан түрады:
1) Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
2) Несие капиталының нарығы.
3) Бағалы қағаздар нарығы.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ..............................................5
1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері..........................................5
1.2 Жекеменшіктендіру – бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі................7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ..........8
2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары..........10
2.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы..........9
2.3 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер....................................................13
3 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ.......14
3.1 Бағалы қағаздар нарығының мамандары...........................................................19
3.2 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар..........................................................17
3.3 Қор биржасы және оның қызметі.......................................................................17
3.4 Биржалық операциялар........................................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................20
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР багалы кагаздар нарыгы каз.21.doc

— 147.00 Кб (Скачать документ)

 


 


        Тақырыбы: Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар

                       нарығы 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………3

  1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ..............................................5

    1.1 Бағалы қағаздарды  шығару және оның элементтері..........................................5

    1.2 Жекеменшіктендіру –  бағалы қағаздар нарығын дамытудың  негізі................7 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ  ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ..........8

    2.1 Бағалы қағаздар туралы  Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары..........10

    2.2 Қазақстан Республикасында  бағалы қағаздар нарығының пайда  болуы..........9

    2.3 Бағалы қағаздар нарығын  реттейтін жүйелер....................................................13

3 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ.......14

    3.1 Бағалы қағаздар нарығының  мамандары...........................................................19

    3.2 Бағалы қағаздар нарығына  қатысушылар..........................................................17

   3.3 Қор биржасы және оның қызметі.......................................................................17

    3.4 Биржалық операциялар........................................................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................20

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазахстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде де ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни 2-ші деңгейлі және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырады.

Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.

Қаржы нарығы — мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықгырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан түрады:

1) Айналымдағы қолма-қол ақша  нарығы.

2) Несие капиталының нарығы.

3) Бағалы қағаздар нарығы.

Осы үш нарықтың ішінде бағалы қағаздар нарығын қарастырайық. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс - ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша қорын алуына жол алуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешенеледі. Ол өзгеше тауар — бағалы қағаздар. Олар біріншіден меншік белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін "символы" болғандықтан оны "қордың құндылықтары" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуде немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаз нарығы капитал нарығының яғни ақша және басқа материалдардың құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу, сатуға және есеп айыруға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2 ай ішінде эмитент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы — экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ

 

1.1 Бағалы қағаздарды шығару  және оның элементтері

 

Бағалы қағаздар — ең алдымен мүлікті иемденуде құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын береті құжатты сертификат деп атайды.

Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым) облигациялары, және сол сияқтылар жатады. Жинақ облигациялары негізінен және тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазірге кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.

Нарықтан тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шет ел банктеріне және кәсіпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденуші — заңды немесе жеке тұлғалар — оларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды.

Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға басқа мемлекеттердің орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарық тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. Олар келесі кестеде көрсетілген:

Бағалы қағаздар шығарушылар.

Эмитент

Мемлекет

Мемлекетқолдауындағы мекемелер, ұйымдар

Республикалық басқару органдары

Жергілікті басқару органдары

Акционерлік қоғам

Жеке кәсіпорын

Мемлекеттік рез.еместер

—►

   

 

Өндіріс секторының

 

Жекеменшіктенген кәсіпорындар

Осы секторда жаңа құрылған қоғамдар

 

 

 

—►

Несие саясындағы қоғамдар

—►

Биржалар

—►

Қаржы құрылымдары

 

Инвестициялық компаниялар

Инвестициялық қоғамдар

 

 

 


 

Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге сату мына түрде жүзеге асырылады;

1- Қоғам құрып, олардың акцияларын  құрылтайшылар арасында орналастырылғанда;

2- Қоғамның алғашқы жарғылық  капиталының көлемін жаңадан акция шығарып өсіргенде;

3- заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың облигация  және басқа қаржы міндеттемелерін  шығару арқылы қарыз капиталын  пайдаланғанда.

Сонымен қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды. Эмитент және сонымен қатар эмитетінің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдын-ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті. Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент құралы жалпы деректер, яғни эмитенттің аты мен ұйымдастыру-құқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздардың нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады: Ол мәліметтер арасында:

- кәсіпорын құрылған кездегі  оның жарғылық капиталының мөлшері;

- шығарылатын бағалы қағаздардың  түрі, оның номиналы, жазылу бағасы:

- акция сатуды бастау және сақтау күндері;

- бір инвестор сатып алуға  рұқсат етілген акция саны; бағалы  қағаздарды сату түрі; кейбір  инвесторларға сатып алуды шектеу; эмитенттің адресі мен телефоны  бар;

Эмиссия проспектісінің басқа тарауларын да бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитеттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішінде қызмет орны, оның ішінде басқару орнынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұдан басқа, проспектіні тіркеу кезінде болған эмитент пен оның басшыларына сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады. Эмиссия проспектісін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, сатып келгенде бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.

Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы бағалы қаржылар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп, мемлекеттіктіркеу номерін алуы қажет.

 

 

      1.2 Жекеменшіктендіру - баҒалы қағаздар нарығын дамытудың  негізі

 

Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарық қатынастарына сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда жекеменшіктендіру акцияландырумен тікелей байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаға құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшік чектерін (купондар) өмірге келтіреді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншікті бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді. Жекешелендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымы мүшелері өз кәсіпорынның акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондар да жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың акциясын сатып алады, Инвестициялық қорлардың акциясын сатып алушы сол қорлардың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді.  Инвестициялық қорлар - жеке  мекеме. Мемлекеттік инвестициялардың қорлаға салған чектерге кепілдік бермейді.

Осы айтылғандардан басқа жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде  беруге де болады. Біздің елімізде жекеменшіктендіру 1994-1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін тапсырғаны мен олардың орнына акция алғандары аз.

Жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі — жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорындардың жаңа ұйымдастыру құқықтың формасы — акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепті болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру — бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы