Конституциялық құқық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 15:28, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының жаһандану жағдайында барынша қанат жайып келе жатқан саяси-құқықтық қырлары бар.Осыған орай аталған саясаттың маңызды бағыттарының бірі саяси жүйемізге сәйкес қызметті құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.Біздің елімізде мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарқынды, жүйелі дамуына ықпал ететін, тәуелсіз Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданғанын ерекше атап өтуімізге болады.Сондықтан да Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің мемлекеттік-құқықтық негізіне қатысты мәселелерді зерделеу бүгінгі таңда өзекті болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 23.95 Кб (Скачать документ)

Жергілікті жердегі  өзін-өзі басқару міндетінің мәслихаттарға тапсырылуы, адам құқығын қорғау, сөз бостандығын қалыптастыру,сот жүйесінің реформалануы,саяси партиялардың қаржыландырылуының шешілуі белгілі мерзімде сараланып, талданып барып шешілді.

Мемлекетімізде  жүргізіліп жатқан реформаларға қабылданып отырған заңдардың мазмұны мен  сапасының сәйкес болуы мемлекеттік  билік институттарының тиімді қызмет етуі, билік тармақтарының өзара  іс-қимылын жүйелі түрде реттеу арқылы қамтамасыз етілетін болады.Ал мемлекеттің саяси-құқықтық жүйесінің тұрақтылығы Құқықтық саясат тұжырымдамасында айтылған мына қағидаларға сай жүргізіледі:«Құқықтық саясат тұжырымдамасының қағидаларын іске асыру Республика Конституциясының негізгі идеялары мен принциптерін қазақстанда құқықтық мемлекет құрылымның жаңа кезеңнің аясында өмірімізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді» [5,14].

Сонымен саяси-құқықтық модернизацияның векторлары қазақстандық талаптарға бейімделіп қана қоймай, бүгінгі демократияның әлемдік тәжірбиесіне сәйкес келеді.Бұл конституциялық қайта құрулар мемлекеттік құрылымның тиімді дамуына, демократиялық қағидаларға сүйеніп азаматтық қоғамның мүдделерін қамтамасыз етеді.Қазіргі  қазақстандық жүйе биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған.Жалпы конституциялық реформа Қазақстанды шынайы демократияландыруға қарай жасалған нақты қадам.Еліміздегі заңнаманы мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес жүйелі дамыту және тиімді пайдалану құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға,адам мен азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін сақтауға, тәуелсіз Қазақстанның серпінді дамуын қамтамасыз етуге, мемлекеттіліктің саяси-құқықтық негізін нығайтуға ықпал ететін болады.


Информация о работе Конституциялық құқық негіздері