Конституциялық құқық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 15:28, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының жаһандану жағдайында барынша қанат жайып келе жатқан саяси-құқықтық қырлары бар.Осыған орай аталған саясаттың маңызды бағыттарының бірі саяси жүйемізге сәйкес қызметті құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.Біздің елімізде мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарқынды, жүйелі дамуына ықпал ететін, тәуелсіз Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданғанын ерекше атап өтуімізге болады.Сондықтан да Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің мемлекеттік-құқықтық негізіне қатысты мәселелерді зерделеу бүгінгі таңда өзекті болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 23.95 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  құқықтық саясатының жаһандану жағдайында барынша қанат жайып келе жатқан саяси-құқықтық қырлары бар.Осыған орай аталған саясаттың маңызды бағыттарының бірі саяси жүйемізге сәйкес қызметті құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.Біздің елімізде  мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарқынды, жүйелі дамуына  ықпал ететін, тәуелсіз Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданғанын ерекше атап өтуімізге болады.Сондықтан да Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің мемлекеттік-құқықтық негізіне қатысты мәселелерді зерделеу бүгінгі таңда өзекті болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында елдегі заңдылық тәртіпті және құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен бірге қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың жүйелі дамуын қамтамасыз ететін шаралар туралы айтылған: «Ұлттық құқықтық жүйенің негізі конституциялық құқық болып табылады.Оның қарыштап дамуы 2007 жылғы конституциялық реформа нәтижесінде елеулі түрде жаңарған Қазақстанның қолданыстағы Конституцияның принциптері мен нормаларына сүйенеді. Біздің мемлекетіміздің Конституциясында бекітілген Республика қызметінің түбегейлі принциптерін (бұл:қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық,барша халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу) сақтау мен іске асыру елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»[1,3].

Осы орайда біз  тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің  конституциялық-құқықтық негізіне қатысты  мәселені зерделеуді жөн көрдік.

1995жылғы Ата  Заңымызды күнделікті оқып үйрену, оның басты қағидаларымен мұқият  танысу, оның әрбір әрпінің астарында  аса зор мән-мағына барын көрсетеді.Өйткені  әрбір азаматтың міндеті Ата Заңды және соның негізінде қабылданған Қазақстан Республикасы заңдарын бұлжытпай орындау болып табылады.1995 жылғы Конституция біздің мемлекетімізідң тарихындағы тұңғыш Ата заң емес.Қазақстан Республикасы өзінің егемен мемлекет ретінде қалыптасуында конституциялық-құқықтық дамудың бірнеше сатыларынан өтті.

Еліміздің Ата заңының  қалыптасуына белсенді түрде үлес қосып, оны негіздеу жұмыстарына жетекшілік жасаған Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің  конституциялық дамуына қатысты  былай деп жазады: «Жалпы таным тәжірбиесі және соның ішінде Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы елдің конституциялық қалыптасу тарихынсыз жаңа тәуелсіз мемлекеттің конституционализм теориясы да болмайтындығын үйретеді»[2,10].

Қазақстан Республикасының  Ата заңының қалыптасу тарихында, тәуелсіздік алып, егеменді ел ретіндегі  бірінші Конституция қабылданғанға дейін кеңестік кезеңде қабылданған үш Конституциясы қызмет атқарды. Бұл кеңестік конституцияларды атап өтетін болсақ: 1926 жылы ақпан айының 18 күні қабылданған Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы, 1937 жылы 26 наурыз айында Кеңестердің Х Бүкілқазақстандық съезінде, яғни ол 1936 жылғы Конституция бойынша Қазақстан Одақтас Республикаға айналу тарихи кезеңінде қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы және 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейін, 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің тоғызыншы шақырылымының кезектен тыс жетінші сессиясында қабылданған Қазақ КСР Конституциясы.

Бұл аталған Конституциялар одақтас мемлекеттердің шеңберінде, коммунистік, кеңестік саяси-құқықтық жүйенің негізінде қабылданды. Осы заңдарға сәйкес Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ең алдымен ұлттық территориялық межені бөлуді, мемлекеттің ұлттық атауын, бүгінгі таңдағы шекараға жақын жағдайларды сақтап қалды.

Кеңестік негізгі  заңдардың нысаны, баптарының мән-мағынасы сол өмір сүріп отырған кезеңнің әлеуметтік-саяси жағдайымен тығыз байланысты болды. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуында өз алдына егеменді мемлекет құруды аңсаған алаш зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастарының маңызы өте зор. ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» партиясының жетекшілерінің конституциялық идеяларынан тәуелсіз мемлекет құрудың негіздерін байқаймыз.

Егеменді Қазақстан  Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің саяси-құқықтық дамуында алаш қайраткерлерінің негіздеген конституциялық жобасының маңызын ерекше атап өтеді: «Әр әрпінің демократизмімен белгілі 1937 және 1978 жылдардағы Қазақ  КСР конституциясынан гөрі, Алаш Үкіметінің (1917-1919 жж.) конституциялық жобасында  конституционализм көбірек екенін сенімді түрде ауыз толтырып айтуға болады»[3,11].

1990 жылдардың басында  Қазақ КСР-да, содан кейін Қазақстанда  1978 жылғы Конституцияға айтарлықтай өзгерту енгізген бірнеше заңдар қабылданды.1990 жылдың 20 қарашасындағы «Мемлекеттік билік құрылымын жетілдіру жөніндегі»заң бойынша Конституцияға Президент атқарушы және басқарушы биліктің басшысы деген ереже енгізілді, Министрлер кеңесі Министрлер кабинеті болып қайта құрылды. Сонымен қатар мемлекеттің одан әрі дамуына қажетті бірнеше маңызды заңдар қабылданды: 1991 жылғы 15 ақпандағы «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР-ның жергілікті Кеңесінің халық депутаттары жөніндегі » заң, «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атын өзгерту жөніндегі» 1991 жылғы 10 желтоқсандағы заң, «Қазақстан Республикасының азаматтығы жөніндегі» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы конституциялық заң және басқаларды атап өтуге болады.

1991 жылы 16 желтоқсанда  Қазақстан Республикасының Жоғарғы  Кеңесі Қазақстанның тәуелсіздігін  жариялаған «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі»  заңды қабылдады. Бұл заңда Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде, барлық территориясында толықтай билігін жүргізетіндігі, өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі анықтайтындығы бекітілді. Бұрынғы Қазақ Республикасының территориясы жаңа тәуелсіз мемлекеттің территориясы ретінде мойындалып, ол территория бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория деп жарияланды.

Барлық ұлттардың  азаматтары енді біртұтас Қазақстан  халқын құрады. Мемлекеттік билік  қазақ халқының еркіндігіне негізделді. Заң барлық азаматтардың ұлтына, шығу тегіне, лауазымына, тұрған жеріне қарамастан еркіндік пен құқыққа тең ие деп жарияланды. Заңда Қазақстан мемлекетінің құрылымы айқындалып, алғаш рет мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлу принципі мойындалды.

1993 жылы 28-ші қаңтарда  Қазақстан Республикасының жоғарғы  Кеңесі егеменді тәуелсіз мемлекеттің  бірінші Конституциясын қабылдады. Конституция құрылымдық жағынан алғы сөз,4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды. Конституцияның тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуда, халыққа қызмет етуге арналған, азаматтардың тең құқықтары мен бостандығын жариялайтын, еркін көрсететін мемлекеттік жаңа ұйымдарды құруда мәні зор болды. 1993 жылғы Конституцияның негізінде КСРО-ның бұрынғы одақтас республикаларының сол кезеңдегі жаңа саяси жағдайына басым көзқарасты парламенттік республиканың үлгісі жатты. Бұл Конституция өз уақытында қажетті қызмет атқарғанымен, мемлекеттегі көптеген мәселелерді толыққанды реттей алмады.Олар атап айтсақ: меншік мәселесі, басқару жүйесіне қатысты мәселелер, Жоғарғы кеңестің шексіз өкілеттіктерге ие болуы және т.б.

Осы орайда қоғамдық өмірдің өзі конституцияны қайта  қарау туралы мәселені күн тәртібіне  қойды.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық талқылау үшін жарияланды. Конституция жобасын талқылау барысында көптеген ұсыныстар, ескертулер айтылды.Олардың ең қажетті, қисындылары ескеріліп, Конституция жобасы оның тағдырын шешу үшін халыққа ұсынылды. Бүкілхалықтық дауыс берудің (референдумның) нәтижесінде 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Қазақстандық қоғам  дамуының және мемлекеттің жаңа жағдайдағы негізгі қырларын айқындау мақсатында халықаралық тәжірбиеге сүйенген конституциялық реформа жүргізу мәселесі көтерілді.

2007 жылғы мемлекетіміздің  саяси жүйесіндегі құқықтық рефоралар  уақыт талабынан туындаған өзгерістер болатын. Президенттік басқарудан демократиялық сипаты басымырақ парламенттік жүйеге өту кезеңі келді. Елдегі саяси тәртіпті өзгертуге әкеліп соқпайтын конституциямен де мемлекетті басқаруға болады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік және тежемеліліктің тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталды. Осы орайда біздің ойымызды адам мен азамат құқығы жөніндегі 1789 жылғы француз Декларациясындағы мына бір қағида бекіте түседі: «Құқық кепілдігі жоқ және билікті бөліске салмаған қоғамда конституция болмайды» [4,55].

2007 жылы 16 мамырда  парламенттің қос палатасы Президент  Н.Ә.Назарбаевтың Конституцияға  өзгерістер енгізу туралы ұсынысын  қолдап дауыс беріп, 2007 жылы 21 мамырда  арнайы Заң қабылданды.

Тәуелсіз  Қазақстандағы саяси-құқықтық  өзгерістердің нәтижелі болуын қамтамасыз етуге, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың жаңа тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің қалыптасуына ықпал ететін конституциялық реформалардың маңызы зор.

Конституциялық  реформа мемлекетімізді одан әрі демократияландыру жолындағы маңызды тарихи кезең. Бұл реформалар саяси-әлеуметтік дамуға, экономикалық жаңару мен жаңғыруға үлкен серпін берді. Конституцияның жаңа үлгісімен біздің мемлекет ұзақ жылдар алға қойған үлкен мақсаттарды орындауға қадам басты. Конституциямызға енгізілген демократиялық өзгерістердің негізгі бағыттарын мыналардан көруге болады. Біріншіден, Президенттің бірқатар билік өкілеттігі Парламентке өтті, яғни өкілеттік қайта бөлінді. Осылайша Парламенттің ролі күшейіп, мемлекеттік басқаруға жаңа үлгі-президенттік-парламенттік басқару жүйесі бекітілді. Елбасының депутаттық корпуспен билік өкілеттігін бөлісу күшпен немесе қысыммен емес,Президенттің өзі қабылдаған шешім бойынша жүзеге асып отыр.

Жаңа өзгерістерге сәйкес Парламент жаңа өкілеттікке  ие болудың арқасында Үкімет құрамын  жасақтау, сондай-ақ қажет кезінде  үкімет-мүшелері-министрлерді кері шақырып алу және атқарушы билік органдарына бақылау жасау құқығын алды. Заң шығарушы ұйым реформаларға тиісті заңнамалық база қалыптастырумен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға да бақылау жасайтын болады.

Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде сот билігі өте маңызды орынды алады. Сот  билігі адамдар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, Конституцияның, заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сот билігі жазалап қана қоймай ,ең алдымен адамдардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғайды. Осы ерекше мәртебе мемлекеттің қажеттіліктерге сай қамқорлығы мен беделінің жоғарылауын көрсетеді. Құқықтық мемлекеттің дамуы күшті,тәуелсіз сот билігі және оның негізгі кепілдіктерінің бірі мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасына байланысты.

Ата заңға енгізілген өзгерістер сот жүйесін жетілдіруде ерекше мәнге ие болады. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың құқықтық-демократиялық мемлекет орнатуға жасалған нық екендігін байқаймыз. Сондай басымдықтардың бірі- сот жүйесін озық үлгідегі әлемдік талаптарға сәйкес жетілдіру. Реформаға сәйкес Әділет біліктілігі алқасы таратылып, Жоғарғы Сот Кеңесінің ролі күшейтілді. Әр деңгейдегі судьяларды тағайындау тәртібі ауысып, енді Жоғарғы Сот Кеңесі барлық деңгейдегі соттардың судьяларын тағайындауға ұсыным жасайды. Осылайша республикадағы барлық судьялар бірдей мәртебеге ие болып, барлығы бір тәртіп бойынша тағайындалады. Жоғарғы Сот Кеңесі консультативтік ұйымнан жеке, тәуелсіз органға айналды. Конституциядан Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамын реттейтін баптар алынып тасталып, бұл мәселелер заңның негізінде анықталады. Жоғарғы Сот Кеңесі соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, соттарды конкурстық негізде іріктейтін, сот жүйесін жетілдірумен айналысатын болды.

Сонымен қатар конституциялық өзгерістерге сәйкес азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға кепілдік беретін  маңызды мәселенің бірі-қамауға алуға санкция беретін сот жүйесі енгізілді. Бұл айыптаушы мен қорғаушының қатысумен жүзеге асырылып, әрі ол әділ шешім қабылдауға жол ашады. Бұл енгізілген толықтыруды принциптік тұрғыда жаңашыл өзгеріс деуге болады.Өйткені Қазақстан Республикасы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялауға сәйкес, осы мәселеге қатысты  бүкіл әлемдік тәжірбиеге қосылғандығын көрсетті.

Ата заңның жаңа нұсқасына сәйкес Қазақстан өлім жазасын қолданбайтын елдердің қатарына қосылды. Бұл мемлекет тарапынан қылмыстық саясатты гуманизациялауға сәйкес жасап отырған қадамдарының бірі. Өлім жазасын қолдануға байланысты заңнама шектеулер жасау тұрғысында дамып отырды. 2003 жылы өлім жазасын орындауға байланысты мораторий жарияланды. Қоғамдық пікірдің өлім жазасын  қолдануға тыйым салуға қарсы болуына қарамастан, енді өлім жазасы тек терроризм салдарынан адам өліміне алып келетін қылмыста және соғыс жағдайында қолданылатын болды.

Сот-құқықтық реформа  жетілдіру мен дамытуды қажет  ететін кең ауқымды және ұзақ мерзімді  үрдіс.Сондықтан реформалардың нәтижелерін талдап,оның ішкі мазмұнын толықтыруда көптеген жұмыстар атқарылды.

Конституцияға енгізілген өзгерістер саяси тұрақтылық, ұлтаралық  татулықты жетілдіруге бағытталды.Парламент депутаттарының саны көбейіп, Қазақстан халқы Ассамблеясына парламенттен орын беру жөніндегі өзгерістер  осының айғағы. Біріккен Ұлттар Ұйымының  бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан Қазақстан халқы Ассамблеясын БҰҰ-ның кіші Ассамблеясы деп баға берген. Мұндай институт әлемнің бір де бір елінде жоқ.Мәжілісте бұдан бұлай 107 депутат орын алып, соның 98-і партиялық тізіммен сайланып, қалған 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесіне тиеді.Бұл көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан Республикасы үшін салиқалы, салмақты және көрегендік саясат.

Жергілікті өзіндік басқару азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ететін халық билігінің институты болып табылады. Нақты бір жердің әлеуметтік, экономикалық және басқа мәселелернің шешілуі жергілікті өзіндік басқарудың дамуымен тығыз байланысты.

Мәслихаттар рөлінің  артуы, Елбасы облыс әкімдерін мәслихаттың  келісімін алып тағайындауы-біздің саяси-құқықтық жүйедегі ерекшелікті  көрсетеді. Мәслихаттар әкімдердің аймақтағы саясатты жүзеге асыруына бақылау жасау мүмкіндігіне ие болды.Олар аймақты дамытуға қатысты бағдарламаларды дайындауға және қабылдауға, сонымен қатар бюджеттің орындалуын бақылауға қатысады.Мәслихаттардың құзіретінің күшейтілуі Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару институтының одан әрі дамуына негіз бола алады.

Информация о работе Конституциялық құқық негіздері