Еңбекті қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 18:30, реферат

Краткое описание

Еңбекті қорғау — жұмыс барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар.
Еңбекті қорғау ережелерін бұзу — қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудын өзге де ережелерін, осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы, абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруі немесе абайсызда адам өліміне апарып соқтырса, ол адамның және азаматтардын конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Енбекти коргау.docx

— 27.24 Кб (Скачать документ)

оларды сапалы арнайы киіммен, жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету;

қызметкерлерді сақтандыру мен медициналық қамтамасыз ету  жүйелерін жетілдіру;

басқарушы қызметкерлердің  қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жеке жауапкершілігін жоғарылату;

өзге компаниялардың тәжірибелерін оқып-білу және енгізу;

Компанияда бар ресурстарды, сонымен қатар бұқаралық ақпарат  құралдарын пайдалана, еңбек қауіпсізігі  мен салауатты өмір салтын насихаттау және танымалдандыру;

жұмыс орындарындағы еңбекті  қорғау мен жағдай жасаудың ахуалын  бақылаудың тиімді жүйесін құру, апаттық  жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, автоматтандырылған ақпарарттық жүйелерді енгізу, бақылауды қамтамасыз ету;

мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен тығыз әрекеттесуді қамтамасыз ету;

Компанияның қауіпсіздік  пен еңбекті қорғау саласындағы  саясатын дамыту және қолдау үшін қызметкерлерді материалдық ынталандыру және уәжі құралдарын белсенді дамыту. Қызметкер ТҚ, ЕҚ және ҚОҚ ортасында үнемі көшбасшылық танытуға, қызығушылық көрстеуі тиіс, үнемі ТҚ, ЕҚ және ҚОҚ саясатын, процедураларын, ережелері мен нормаларын қолданып тұратын көрсетуі керек;

қызметкерлер мен халыққа, қоршаған табиғи ортаға қауіпті және зиянды өдірістік факторлар әсерін жоятын сақтандыру шараларын тиімді өткізу.

Қойылған мақсаттарға жету үшін Компания:

персоналмен байланысты төтенше  жағдайлардың алдын алу және олардың  салдарын жеңілдету бойынша барлық қол жетімді және іске асырылатын шаралар кешенін қолдануға тиісті;

еңбек жағдайын жақсартумен  байланысты жоспарланатын және іске асырылатын әрекеттер мен шаралардың басымдылығын сақтауға;

күзет ұйымдарының еңбекті  қорғау, өндірістік қауіпсіздік және денсаулық саладағы қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық шарттардың, салалық және корпоративтік нормативтік талаптардың сақталуын қатмтамасыз етуге;

өзінің қауіпсізідк пен еңбекті қорғау саласындағы

Қызметін Қазақстан Республикасының, халықаралық стандарттардың нормалары  мен ережелері талаптарына сәйкес іске асыруға;

Клиенттер мен мердігерлерден Серіктестікте қабылданған қауіпсіздік пен еңбекті қорғау және денсаулық саласындағы нормалар мен стандарттарды қолдануды талап етуге;

қауіпсіздікті арттыруға  және салауатты, қауіпсіз еңбек жағдайын құруға бағытталған іс-шараларды  басымды қаржыландыруды қамтамасыз етуге, ол үшін қажетті қаражат пен  ресурстар іздестіріп бөлуге;

тұрақты негізде Серіктестік  қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған сәйкес ынталандыру мен жігерлендіру шараларын іске асыруға міндетті.

 Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың озық тәжірибесін енгізу

Компания қауіпсіздік  пен еңбекті қорғау саласындағы  жұмысын Қазақстан Республикасының  уәкілетті органдарының нормативтік-құқықтық актілері мен нормалары және ережелері , «ҚазМұнайГаз»ҰҚ»АҚ ішкі ведомстволық стандарттарының талаптарын ескере, халықаралық талаптар мен стандарттарды ескере құруға тиісті.

Қауіпсіздік пен еңбекті  қорғау саласындағы қызметке халықаралық  стандарттар, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, озық тәжірибе енгізу және халықаралық сапа стандарттарына сай жүргізу келешекте:

өндірістік қызметпен байланысты қауіп-қатерлерді азайуға;

персоналдың өз қызметінің нәтижесіне қанағаттануы мен жауапкершілігін арттыруға;

күзет қызметін көрсетудің экономикалық тиімділігін арттыруға;

қауіпсіздік пен еңбекті  қорғау саласындағы қызметті үнемі жетілдіруге;

Қазақстан Республикасының  уәкілетті органдары, жоғары тұрған ұйымдар мен күзет қызметіне тапсырыс берушілер тарапынан наразылықтарды болдырмауға;

тапсырыс берушілердің көрсетілетін күзет қызметтеріне қанағаттануын қамтамасыз ету;

әлеуметтік серіктестік  деңгейін арттыру, бөлімшелерде сау  әлеуметтік ахуал қалыптастыру, қауіпсіздік  пен еңбекті қорғауды басқару  жүйесінің жұмысына барлық пероналдың қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік  береді.

Еңбек қорғауды басқару жүйесін  жетілдіру және дамыту

Серіктестегі қауіпсіздік  пен еңбек қорғауды басқару жүйесінің (ҚЕҚБЖ) негізгі міндеті орын алған  оқиғаларға әрекет етуден тәуекелдерді басқару мен қызметкерлер денсаулығын зақымдаудың алдын алуға ауысу болып табылады. Бұл мақсатқа кәсіптік тәуекелдерді басқаруды тегіс қамти алатын, толассыз, еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын, қызмет көрсететін Клиентке тәуелсіз барлық жұмыс орындарын қамтып, сақтау жүйесін басқарудың негізі жүйесін құру арқылы жету мүмкін.

Еңбекті қорғау –бұл ілеуметтік-техникалық ғылым, өндірістік қауіпті жағдайларды және кәсіптік зияндарды зерттейді, оларды болдырмау шараларын жасайды немесе оқыс жағдайлардың, кәсіптік аурулардың алдын алу тәсілдерін қарастырады. Толық қаіупсіз не зиянсыз кәсіпорындар мүлдем жоқ.

 Еңбекті қорғаудың  мақсаты – жұмыс істеушінің  қауіпсіздігіне және ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өнімділігін барынша жоғары көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігі адамның денсаулығы мен жұмыс істек қабілетін сақтау, адам еңбегін жұмыс мезгілін үнемдеу,оның белсенді жұмыс істеу периодын ұзарту, өнімнің жоғары сапасын көтеріп, қоғамдық еңбекті үнемдеу, негізгі өндірістік қорларды қолдануды жақсарту апаттар санын азайту және тағы басқалары арқылы артады.

 


Информация о работе Еңбекті қорғау