Еңбекті қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2014 в 18:30, реферат

Краткое описание

Еңбекті қорғау — жұмыс барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар.
Еңбекті қорғау ережелерін бұзу — қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудын өзге де ережелерін, осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы, абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруі немесе абайсызда адам өліміне апарып соқтырса, ол адамның және азаматтардын конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Енбекти коргау.docx

— 27.24 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ЖЕЗҚАЗҒАН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

Реферат

 Еңбекті қорғау

 

 

Қабылдаған: Кульсейтова Л.К

Орындаған: ВТ- тобының студенті

Сұлтанбек Тоғжан

 

 

 

 

 

 

 

Жезқазған 2014 ж

Еңбекті қорғау — жұмыс  барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар.

Еңбекті қорғау ережелерін бұзу — қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудын өзге де ережелерін, осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы, абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруі немесе абайсызда адам өліміне апарып соқтырса, ол адамның және азаматтардын конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс болып табылады.

Енбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары. Қазақстан Республикасының  Конституциясында адамдардың еңбегі мен  денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.

Еңбекті қорғауды кең және тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Кең мағынада еңбекті қорғау құқықтық, медициналық, техникалық және экономикалық құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас бөлігі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.

Мысалы, еңбекті қорғаудың  техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз. Немесе егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтерде тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстаған, газданған болса не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас бөлігінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылған, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген.

Еңбек қауіпсіздігі ұғымымен қызметкердің, еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті  әсерлерді болдырмайтын іс-шаралар  кешенімен қамтамасыз етілген қорғалу жағдайы түсініледі.

Қауіпсіз еңбек жағдайларына жұмыс беруші жасаған, қызметкерге  зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын немесе олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын еңбек жағдайлары жатады.

Бұл ретте өндірістік құрал- жабдықтардың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың ол тапсырылған функцияларды нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасымен белгіленген жағдайларда орындаған кезде еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.

Өндірістік үрдістің қауіпсіздігі- өндірістік үрдістің нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген шарттарда еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі.

Қауіпсіздік пен еңбекті  қорғау саласындағы негізгі қағидалар:

өндірістік қызметтің нәтижесіне қатысты қызметкерлер өмірі мен денсаулығының басымдылы;

қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік фактордың зиянды әсерінің орны толмас зардабын болдырмау ;

ішікі актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында бірегей талаптар қою;

қауіпсіздік пен еңбекті  қорғау мәселелерін өндірістік реттеу

уәкілетті орган мен оның территориалды бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында қауіпсіздік пен  еңбекті қорғау саласындағы үйлесімді  іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;

қауіпсіздік пен еңбеті қорғау жағдай туралы ақпараттың жариялғы, толықтығы және дұрыстығы;

қызметкерлер өкілдерінің  қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша ведомстволық бағдарламалар  қалыптастыруға, қауіпсіздік пен  еңбекті қорғау нормалары бар  ішкі актілерді әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қауіпсіздік  пен еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізуге қатысуы.

«SEMSER SECURITY» ЖШС (бұдан  әрі-Серіктестік) еңбек қызметі үрдісінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сонымен қатар қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында саясаттың негізгі қағидаларын орнатуға бағытталған еңбекті қорғау саласындағы қатынастарды реттеу қазіргі уақыттың басты мәселесі.

Серіктестік өз дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес қызметкерлері  үшін қауіпсіз және салауатты еңбек  жағдайын құруға тырысады, бұл жағдай компаниядан еңбекті қорғау мен  техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жаңа қағидалы концептуалды қатынасты құру мен қолдануды талап етумен қатар алдыңғы қатар тәжірибесі мен аталған салада халықаралық тәжірибені ескере отырып құруы мен қолдануы да талап етіледі.

Осы Тұжырымдама жоғарыда аталған факторларды ескере отырып әзірленді және еңбекті қорғау тиімділігі мен Компания қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейту және дамытудағы нақты мақсаттар мен келешегі бар бағыттарды қамтиды.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасындағы  қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың заманауи даму тенденцияларын, сонымен қатар осы саладағы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ айқындаған басты бағыттарды ескереді.

Осы құжат Серіктестікте  қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша  бұдан арғы барлық ішкі стандарттарын  жасақтау мен қабылдаудың негізгісі  болуы керек.

1.Компаниядағы еңбекті  қорғау және техника қауіпсіздігі жағдайының қазіргі қалпы мен оны саралау

Серіктестік 2001 жылы құрылды  және қазіргі уақытта ұйымдары кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кең ауқымды қызмет түрлерін көрсететін салалы холдингті компания.

Серіктестік қызметі төмендегілерге бағытталған:

«ҚазМұнайГаз»ҰҚ» АҚ активтерін заңға қайшы әрекеттер мен  жаңадан төнген, сонымен қатар  лаңкестікпен байланысты, қауіп-қатерден қорғаудың тиімді жүйесін құру;

«ҚазМұнайГаз»ҰҚ» АҚ активтерін заңға қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасы ету саласында бірыңғай саясат құру;

құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу және болдырмау, мүмкін зиянды барынша азайту үшін Қазақстан  Республикасының Заңнамасына, озық халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру мақсатында «ҚазМұнайГаз»ҰҚ» АҚ корпоративтік қауіпсіздік жүйесін құруға, басқаруға және жетілдіруге бірыңғай стандарттар әзірлеу және енгізу.

Қолданыстағы ережеге  сәйкес Серіктестік тек қане «ҚазМұнайГаз»ҰҚ»АҚ мен онымен аффилиирленген заңды тұлғалар үшін күзет қызметін көрсетеді.

Серіктестіктің құрамы барлық аумақтарда Компанияның өндірістік қызметін іске асыратын 14 аумақтық бөлімшеден тұрады.

Қазіргі уақытта «Semser Security»  компаниялар тобына(бұдан әрі-Компания) кіреді:

«Semser Security»ЖШС;

«Семсер - Өрт Сөндіруші»ЖШС;

«Семсер» Арнаулы оқу  орталығы» ЖШС.

Компания штатында 7500 ден  астам кәсіби күзет, өрт сөндіру  қызметі қызметкерлері мен техникалық мамандар жұмыс жасайды, олар арқылы өндірістік және техногенді, өрт қауіпсіздігі жағынан 40-тан артық нысан өрт күзеті қызметімен қамтылған өндірістік қиындықтың әртүрлі деңгейіндегі 550 нысандағы күзет- режимдік іс-шаралар қамтамасыз етіледі .

Серіктестік қызметкерлерінің жұмыс ерекшелігі қылмыстық көріністері бар заңға қайшы қауіп-қатерлермен, апаттарды жоюмен, табиғи және техногенді төтенше жағайлармен тығыз байланысты. Бұл ретте көптеген қызметкерлер өз кәсіби жұмыстарының шама-шарқына қарай психологиялық шиеленіс пен экстремалды тәуекел жағдайында болады.

Серіктестік тарапынан қызметкерлердің  функционалды еңбек міндеттерінің  артқарылуы үшін тиімді жағдай жасауға маңызды күш салынуда.

Ол үшін қолданыстағы мемлекеттік  стандарттарға негізделген Серіктестіктің еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саладағы Саясаты шеңберінде бөлімшелерде аталған әлеуметтік-еңбек қатынастары саласын реттейтін нормативтік құқықтық база құрылды. Еңбекті қорғауды басқарудың деңгейі мен құрылымы анықталды. Осы салада ұйымдастырушылық және білім беру сызбалары белгіленіп, жүзеге асырылуда. Әр жұмыс орнында еңбек туралы заңнаманың сақталуына қажет бақылау жүргізіледі. Қаржыландыру жүргізіледі.

Әсіресе бұл жағдайда қызметкерлердің  жарақаттануымен байланысты персоналмен  көлікте орын алған оқиғалар ерекше қиын.

Еңбекті қорғауды басқару  жүйесін талдау әкімшілік, құқықтық, ұйымдастырушылық тәсілдермен қатар  еңбекті қорғауды басқарудың экономикалық тетігін барынша белсенді қолдану  қажеттілін көрсетеді.

Еңбекті қорғау еңбек үрдісі кезіндегі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету жүйесі ретінде әлеуметтік – экономикалық жай-күйден бөлініп қарастырылмайды, себебі ол экономиканың, негізгі қорлардың, қоршаған ортаның қазіргі заманғы жай-күйімен, емдеу-сауықтыру қызметінің деңгейімен, қызметкерлердің жеке және ұжымдық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етумен, білім беру мен оқытудың сапасымен, ғылыми және ақпараттық шамасымен тығыз байланысты.

Осыған орай дамудың заманауи кезеңінде еңбек күзетінің барлық деңгейі саласында, ал ең бастысы  өндірістегі жай- күйі мен еңбекті қорғаудың бейнесін беретін басты үдерістерді болжау әдісін құру мен енгізу бағытындағы шешімдердің экономикалық және алдын алу бағыттарын күшейту талап етіледі.

Қазіргі уақытта белсенді жұмыс атқарылып, дамудың ұзақ мерзімді стратегиясы көрініс алған басымды бағыттар арасында персоналдың қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайына, қызметкерлердің даярлық сапасының жақсаруына, олардың жұмыс атқаратын жерлерінде қажетті жағдайлардың жасалуына, материалдық -техникалық қорды нығайтуға, алдын алу шарасын арттырып, ал бөлімшелерде апаттықты және жарақаттануды болдырмауға басты назар аударылуы тиіс.

Еңбек қорғауды басқарудың ұйымдастырылуын жетілдіру, оны  бірін қалдырмай барлық қызметкерлермен қолданылуы үшін қол жетімді қылу,бизнесті жүргізудің заманауи ахуалына және Серіктестік дамуының жаңа қажеттіліктеріне бейімдеу, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы ішкі нормалар мен стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру негізінде маңызды.

Басты мақсат- қызметкерлердің өмірін қорғауға, денсаулығын сақтауға, әр жұмыс орны мен жалпы Компания бойынша кәсіптік тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін енгізу арқылы олардың еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, Серіктестіктің тұрақты дамуы бөлігінде әлемдік компаниялар деңгейіне жету үшін қажетті ахуал мен алғышарттар жасау.

Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған нақты ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру ұйғарылады:

қызметті басқарудың барлық деңгейіндегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында жұмысты ұйымдастыруды жақсарту;

еңбектің қауіпсіз жағдайы  мен барлық санаттағы персоналдың  өмірін қорғауды, денсаулығын сақтау қамтамасыз ету;

қызметкерлерді қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

персоналмен жеке жұмыс жасаудың жүйесін құру;

жарақаттануды сақтандырудың  деңгейін, оның ішінде Клиенттердің еңбекті  қорғау қызметімен әрекеттесуді және еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының бірлескен аттестациялауының деңгейін арттыру;

персоналды жеке қорғаныс заттармен қажет қамтамасыз етуі;

жарақаттану мен кәсіби сырқат бойынша есептілік жүйесін, оларды болдырмау бойынша қосымша шаралар әзірлеумен бірегейлендіру;

қауіпсіздік пен еңбекті  қорғау саласында отандық және шетелдік озық тәжірибе енгізу;

жаңа басшылық нормативтік- техникалық құжаттар әзірлеу және қолданыстағыларды қайта өңдеу.

Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесін дамытудың басымды бағыттары:

еңбекті қорғауды басқарудың экономикалық әдісіне көшуді қамтамасыз етуге байланысты нормативтік- құқықтық қорды жетілдіру, сонымен қатар ішкі нормативті актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру және олардың құқықтық қолданылуын қарапайымдандыру;

кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесін құру;

еңбек қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарын енгізу;

заманауи оқыту технологиялары негізінде қызметкерлерді еңбекті  қорғау бойынша үздіксіз оқыту жүйесін  арттыру. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы оқыту бойынша тиімді бағдарламалар әзірлеу;

еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыратын техникалық құралдар мен технологиялар енгізу;

жоғары қауіпті нысандарға қызмет көрсететін қызметкерлерді дайындау құрылымы мен деңгейін дамыту және техникалық жабдықталуын жетілдіру,

Информация о работе Еңбекті қорғау