S-12 автоматты телефон станциясын жобалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2014 в 11:41, курсовая работа

Краткое описание

Alcatel 1000 S -12 сандық станция болып табылады, барлық сандық мүмкіншіліктер орнатылған, сандық сигналдарды түрлендіруді іске асырады.Курстық жоба тақырыбы S – 12 автоматты телефон станциясын жобалау, К-АТС жүктемесін есептеу. Жоба 2 тараудан тұрады, бірінші тарау екі бөлімнен, ал екінші тарау жеті бөлімнен тұрады. Станцияның ерекшелігі болып: станцияның қосымша аппараттары арқылы каналдар санын тығыздап, ақпарат беру жолын кеңейтеді. S -12 жүйесінің сипаттамасы: абоненттердің саны 200 000 нан жоғары, 85 000 нан астам байланыс желісі бар,коммутациялық мүмкіншілігі 35 000 Эрл, желінің дабыл жүйесін №7 ОКС аппаратурасымен басқарылады, электр қорегі -48В -60В аралығында.

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursovoy_18.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Alcatel  1000  S -12  сандық  станция болып табылады, барлық  сандық мүмкіншіліктер орнатылған, сандық сигналдарды түрлендіруді  іске асырады.Курстық  жоба тақырыбы S – 12 автоматты телефон станциясын жобалау, К-АТС жүктемесін есептеу. Жоба 2 тараудан тұрады, бірінші тарау екі бөлімнен, ал екінші тарау жеті бөлімнен тұрады. Станцияның ерекшелігі болып: станцияның қосымша аппараттары арқылы каналдар санын тығыздап, ақпарат беру  жолын кеңейтеді. S -12 жүйесінің сипаттамасы: абоненттердің  саны 200 000 нан жоғары, 85 000 нан астам байланыс  желісі  бар,коммутациялық мүмкіншілігі 35 000 Эрл, желінің дабыл жүйесін  №7 ОКС аппаратурасымен  басқарылады, электр қорегі -48В -60В аралығында.

Жүйенің мүмкіншіліктері болып: кіші, үлкен, орташа жергілікті станциялар,халықаралық және қалааралық байланыс, желіге қызмет көрсетуші операторлар мен орталықтар, телефон трафигін орнату орталығы, ұялы телефон байланыс орталығы, дабыл жүйесінің транзитті пунктері болып табылады.Жүйе құрылымы: ішкі коммутациялық элементтері, ол   желінің жұмысын тездетіп, кілтке түсуден қорғайды, ақпарататы бір қалыпты түрде таратуына байланысты, микропроцессорлардың әр түрлі түрлерін қолдануға  болады, жәнеде модульдердің ЭЕМ арқылы жұмыс істеуі.

Станция бірнеше аппаратты және ақпараттық модульдерден тұрады. Жалпы 16 модулі бар, барлық модульдер біркелкі сұлба ретінде орналасқан. Осы 16 модульдің  ішінен менің таңдаған модулім ASM, аналогты абоненттік модулі.

 

 

 

1 ALCATEL-1000 S-12 САНДЫҚ СТАНЦИЯСЫ

    1. ASM аналогты абоненттер модулі

 

ASM аналогты абоненттік желілерді сандық коммутациялық өріспен байланыстырады (DSN). Әрбір ASM 128 абоненттік желіге дейін қосылу мүмкіндігін береді. ASM кіріс сигналдарын коммутациялық өріс арқылы жіберу үшін 32 каналды биттік ағынға түрлендіреді. Шығыс сандық сигналдары аналогты абоненттерге берілетін аналогты сигналдарға түрленеді. Әрбір абоненттік желі бір екі бағытта да тек қана сөз сигналдарын ғана емес, сонымен қатар коммутациялық сигналдарды да беретін бір абоненттік сұлбаға қатаң қатысты.

Терминалды басқарушы құрылғымен басқарылатын генератор шақыру тогын желілік сұлба арқылы жібереді.

ASM модулінің негізгі қызметтері:

  • абоненттік желілердің қоректенуі;
  • шлейф бақылауы;
  • шақыру тогының генерациялануы;
  • аналогты – сандық және сандық – аналогты түрлену;
  • 16 кГц жиілікте тарифтелген импульстың генерациялануы;
  • желілік және ішкі сынау жүргізу рұқсаты;
  • гибридті сұлбаларда ауыстыру үшін: 2-желіліктен 4-желілік режимге, 4-желіліктен 2-желілік режимге;

ASM бір модулі әрбірі 16 аналогты желіге келетін абоненттік  комплекттің 8 платасынан тұрады. 1 стативке 12 модульді немесе 1536 абоненттік желіні орналастыруға болады. RNGF шақыру құрылғысының бір платасы 128 абоненттік желінің шақыру тогының шақыру тогының жіберілуін қамтамасыз етеді. Шақыру тогының симметриялық және ассиметриялық жіберілуі де мүмкін.

Өлшеуіш және тесттеу құрылғысы мен сигналды плата RLMC арасындағы тесттеу интерфейсін қамтамасыз ететін TAUC тесттік рұқсат құрылғысының бір платасы. Модуль кросс – Овер қызметін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ASM-нің басқа модулімен программалық қамтамасыздандырады, осы тәсілмен жұп құрады. ASM-нің басқа модулінің процессоры істен шыққан жағдайда, кросс – Овер ASM-нің бір процессорына 256 желілік жұпқа қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. ASM-нен бас тартқан 128 абонент жаңа қоңыраулар шалу мен қабылдауды басқа жұптың процессоры арқылы жалғастыра береді.

Перифериялық құрылғының технологиясы:

  • ақырғы мәлімет машинасы (МКС);
  • жүйені қолдау машинасы(МПС);
  • виртуалды машина;
  • Перифериялық құрылғының жасалуы және құжаттама;

Перифериялық құрылғы машинасының базалық структурасы:

  • Перифериялық құрылғының жинақтық блоктары;
  • Перифериялық құрылғының қоңырауларының өңделуі.

Алкатель 1000 S12 қондырғысы бірыңғай шынайы реттелген өңдеу мен архитектураға ие. Бұл микропроцессорлы басқарумен тәуелсіз модульдермен қоршалған жүйе орталығында сандық коммутациялық өрістің (DSN) қолданылу жолымен қол жеткізіледі. DSN арқылы жалғасу қолданушы ақпараты мен сондай-ақ модульдер арасындағы қызметтік айырбас үшін қолданылады. Микропроцессорлар ақырғы мәлімет машинасы (FMM) және жүйені қолдау машинасы (SSM)программаларымен жүктелген. DSN арқылы басқа модульдермен мәлімет алмасу және операционды жүйе мен берілгендерді басқару жүйесіне рұқсатты қоса алғанда, әрбір модульді неге арналғанына байланысты функциялау жабдықтарымен қамтамасыздандырады. Ақырғы мәлімет машинасы (МКС) ПҚ-ның жоғары модульдік  иілгіш, жоғары структуралы жұмысымен қамтамасыз етеді. Әрбір МКС – бір толық МКС арсындағы интерфейс және ПҚ-ның негізгі жүйесі мәліметтерді қабылдау мен жіберуді жүзеге асырады. МКС структурасы  ПҚ қызметтерін үлкен басқару элементтері санымен реттеуге мүмкіндік береді. Жүйенің басқару элементтерінде орналасқан, операционды жүйенің бөлігі болып табылатын мәліметтерді өңдеуі, МКС арасындағы мәлімет берілуін басқарады. Мәліметтерді өңдеу мәліметтерді маршруттау кестесіне байланысты. Егер кесте өшірілген басқа элементіне көрсетсе, онда мәлімет жеткізілуін аяқтайтын желінің өңдеушісіне жіберіледі.

Басқару элементтері арасындағы мәліметтердің жүруі. Жүйені қолдау машинасы (МПС) – көбінесе интерфейстегі ПҚ модульдері құрылғымен бірге жүйені қолдау машинасын құрады.  Жүйені қолдау машинасы бір немесе бірнеше процедурадан тұрады. Жүйені қолдау машинасында келесі процедуралар болуы мүмкін:

  • интерфейсті;
  • таймерлі;
  • үзілуімен көрсетілетін;
  • оқиғаларды өңдеушілер.

Жүйені қолдау машинасыны және Ақырғы мәлімет машинасы жүйені мәліметтермен қамтамасыздандырылатындай жұмысты орындайды.

1.2 DSN  S – 12  жүйесінің коммутациялық  өрісі

Сандық коммутациялық өрісінің (DSN)  негізі болып  сандық коммутациялық элемент  DSE қызмет атқарады.Уақытша  тығыздалған ортақ шина мен уақытша тығыздалған 39 параллель өткізгіш өзара байланысқан 16 коммутациялық БИС түріндегі портта орналасқан. Бұл шина мәліметтерден,кірістен, кері арнадан, басқару және үйлестіру өрісінен тұрады. Әрбір кіріс 1 айналымда 32 рет шина қолданады. Коммутациялық функциясы  DSE орындай отырып  кез келген арнамен қалаған уақытында,кіріс арнамен және де шығыс арнамен  байланыс орнатуға мүмкіндк береді.DSE-уақытша- кеңістікті-уақытша (TST)сандық коммутациялық өріс түрі  қолданылады.DSN коммутациялық өрісі екіжақты коммутатор арқылы немесе біржақты коммутатор арқылы байланысуы мүмкін.

DSE-ге:

  • Қабылдағыш және таратқыш желісі;
  • Өзіндік коммутациялық элемент (SWEL);
  • Кернеуді басқару генераторының сұлбасы;
  • Қондырғының шығыс күйінің сұлбасы жатады.

Коммутациялық порт 2 бөліктен тұрады:

  • Қабылдау бөлігі- өзара әсерлер мен 39 өткізгіш шинаны орнатып, ұстап қалып және жіберу  үшін қоланылады.
  • Тарату бөлігі-уақытша коммутациялық баспа жолын орындап, жеке КИ шығысымен өзара байланысқан кіріс жадындағы сөзді басқарады. Нөлдік саты екі қолжетімді коммутатордан тұрады. ӘрбірТСЕ(басқару элементі) AS-ға 2 ИКМ-сызық арқылы қосылады (әрбір коммутаторға бір сызықтан).Мұндай байланыс DSN-ға екі бағытты таңдауға мүмкіндік береді. Кез келген AS-ға  12 СЕ-ге дейін қосылуы мүмкін; Максимал саты 512 жұпқа бөлінген 1024 қолжетімді коммутатордан тұрады.

AS коммутаторы келесі функцияларды  орындайды:

- ТМ-ге және DSN жүйелік модульге  қосылу;

- Өзге кеңістікті DSN-ға тарату  трафигі.

Қолжетімді коммутаторлық порттар келесі бейнемен қолданылады:

-0-7 порттар—ТМ-нын  DSN-ға қосылуы  үшін;

- 12 и 13 порттар — DSN жүйелік модульге  қосылуы үшін;

- 14 и 15 порттар — АСЕ-ге қосылу  үшін;

- 8-11порттар —AS-тың топтық коммутатордың  кеңістігіне қосылуға арналған шығыс порты.

DSN  үш бірдей сатылы топтық  коммутаторлардың әрбір кеңістігіндетөрт GS болады. Әрбір топтық блоктың  кеңістігіндегі бір DSE-ге төрт  жұптық AS-дан келеді. Мұндай  DSN конфигурациясы 125 мың абоненттік және 85мың қызметтікжелі трафигін өңдейді. Кіші мөлшердегі желілерге кіші іздеу сатылары және кіші қабаттағы DSN қажет. Екі сатылы GS кеңістігі бір қолжетімді AS коммутаторы  69 Эрл-ға дейін, үштен— 110 Эрлға дейін, төрттен— 159Эрлға дейін жүктемеде қызмет көрсетеді.

Көрсетілім станциясының қажеттілігіне сәйкес DSN шектеулі көлемге дейін жетуі мүмкін. Кеңістікті кеңею терминал және трафик санының үлкею кезінде қосымша DSN есебінен болады.                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ЖОБАЛАНАТЫН АТСТЫҢ ЖӘНЕ БАСҚАДА АТС ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҮКТЕМЕЛЕРІНІҢ ИНТЕНСИВТІЛІГІН ЕСЕПТЕУ

2.1 Торапты  АТСға жүктемені есептеу

Пайда болатын жүктемені, шақыруларды абоненттер және станцияның біраз уақытқа алып жатқан әр түрлі жалғағыш құрылым құрайды. Егер келесі параметрлер белгілі болса, оның негізгі қарқынды жергілікті пайда болатын жүктемені анықтауға болады:

- Nпәт , Nх/ш және Nт – халық шаруашылық секторы телефон аппараттарының саны, пәтер секторы және таксафондар.

- Cпәт, Cх/ш және Cт – І дәрежелі ЖЕС-ға бір деректің шақырылу қоңырауының орташа саны.

- Tпәт, Tх/ш және Tт – І дәрежелі ЖЕТ-ның абоненттерінің орташа сөйлесу ұзақтығы.

- Pр – сөйлесу уақытының аяқталу ұзақтығы.

Әртүрлі дәрежелі аппараттардың саны іздеулермен анықталады, Ci, Ti және Pр – параметрлері статикалық бақылаумен АТС жұмысымен анықталады.

αi коэфиценті аяқталмаған сөйлесу ұзақтығы құрылғылар желісінің бос еместігін ескереді. (бос емес, шақырушы абоненттің жауап бермеуі, шақыру абонентінің қателігі).

Оның шамасы негізінен орташа сөйлесу ұзақтығының ti және шақырылатын бөлікке, аяқталған сөйлесу және график бойынша анықталады.

                                                                              (2.1)

  

                                  с

                                 с

Жеке байланыс операция ұзақтығына байланысты келесілерді қабылдайды:

- станцияның жауабы зуммерін есту уақыты tтж=3 с;

- күй табағынан номердің n белгісін теру уақыты: n·tн=0,8·n, с.

- n саны нөмірлену арқылы анықталады, біздің жағдайда 6 санды нөміріне тастатуралық нөмірдің n белгісінің терілу уақыты: tн = 0,8 с;

Станциямен байланыста бағдарламалық немесе координатты басқарма қолданымы: – tу=2 с. Егер нөмір теру кезінде тастатуралық ТА шығыс байланыс орнаса АТС кез – келген түрі қолданылады. tу=2 с. Шақыру қоңырау уақыты болып, шақырушы абонентпен сөйлесуі болып табылады. tшк=7 с

АТС абоненттері санатынан ТА болса әрбір санатын анықтаймыз.

Ni =Nжб•жабаланушы АТС көрсеткіш көзінің жүктемесі                             (2.2)

                                   

                                   

                                   

І санаттағы жергілікті қорек жүктемесі мен интенсивтілік пайда болады, ЭРЛ мен өлшенеді, мына формула бойынша анықталады:

                                                                                                                               (2.3)

                               

                              

                             

мұндағы 3600 1сағаттағы секунд саны.

 

Есептеу нәтижелерін кестеге енгізу.

Кесте 2.1 Әр түрлі санаттағы қорек жүктемесінің өлшемдері мен интенсивтілігі

п/п

Аппараттар санаты

Рp

αi

Тi, с

Сi

Ni,ТА.

1

Халық-шаруашылық сектордың аппараттары

0.55

1.17

90

3

356.31

2

Пәтерлердегі аппараттар

0.55

1.14

120

1.1

7112.98

3

Таксофондар

0.55

1.15

110

8

0.5

Информация о работе S-12 автоматты телефон станциясын жобалау