Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:23, курсовая работа

Краткое описание

Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау, сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................2-3
І. Нарықтық экономика жағдайындағы бюджет кірістерінің экономикалық мазмұны мен мәні
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі …………………..4-5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы…….…...6-7
1.3Бюджет кірістері және олардың көздері.......................................................8-9
1.4 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы……………………...…………9-12
II. Қазақстан республикасының бюджет кірістерін талдау
2.1 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы ……………...……………12-16
2.2 2009-2012 жж. Бюджет түсімдеріне талдау ............................................16-21
III.Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары......22-24
3.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
Қорытынды.............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

мемл бюджет кірісі.docx

— 186.50 Кб (Скачать документ)

Инвестициялық саясаттың алдында  тұрған міндеттерді жедел шешу Қазақстанды  индустрияландыру картасын  әзірлеу  негізінде шешілетін болады, онда ірі инвестициялық жобалардың салалық  ерекшеліктері ескеріле отырып, оларды іске асырудың оңтайлы орындары айқындалады.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ инвестициялық  жобаларды іске асыру жоспарланып  отыр.

Бұл ретте компаниялардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету  мақсатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ төмен рентабельді  әлеуметтік маңызды жобалар бойынша 4 жыл ішінде 573,8 млрд. Теңге сомаға республикалық бюджеттен капиталдандыру жоспарланып отыр ол осы жобалар бойынша облигациялық қарыздарды мерзімінен бұрын өтеуге жұмсалатын болады.

2010-2012 жылдары Қазақстан республикасы  мемлекеттік бюджет кірістері  көлемінің серпінін қарастырғанда,  келесі жағдайлар орын алды:

2010 жылы мемлекеттік бюджет  кірістері 2 887 873,9 млрд. Теңгені құраса, 2011 жылы бұл шама 39,7%-ке өсіп, 4 034 410,5 млрд. Теңгені құрады. Алайда 2010 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда, 13%-ке төмендеп, 3 505 3470,7 млрд теңгені қамтыды.[Қосымша-1,2][11]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары

    1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары

 

Бюджет жүйесін одан әрі  жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан  Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  заңы қабылданды.

Бюджет заңнамасын және тұтастай алғанда, бюджет жүйесін жетілдіру  саласында осы заң жобасының  негізгі міндеттері мыналар болып  табылады:

  • мұнай емес түсімдер есебінен теңгерімді бюджетке қол жеткізуге біртіндеп көшу.

Ұлттық қордың тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жаңа ұғымдар  – «шоғырландырылған бюджет» және «мұнай емес тапшылық» енгізіледі. Шоғырландырылған бюджет республикалық бюджеттен, облыс бюджетінен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден және оларды Ұлттық қорға аударудан тұрады. Бюджеттің мұнай емес тапшылығы Ұлттық қордан түсетін түсімдерден басқа, бюджет шығыстарын шегергендегі бюджетке түсетін түсімдердің сомасына тең;

2) инвестициялық жобаларды  (бағдарламаларды) әзірлеуге қойылатын  талаптарды қатаңдату.

Инвестициялық жобалар (бағдарламалар) егер олар қабылданған мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың және Мемлекет басшысының жыл сайынғы  жолдаулары ережелерінің іс-шараларына сәйкес келген жағдайда басым бюджеттік  бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесіне енгізілетін болады. Салалық  сараптаманың оң қорытындысының болуы, олардың бекітілген Бағдарламалардың іс-шаралар жоспарына сәйкес келуі, экономикалық сараптаманың оң қорытындысы  бар техника-экономикалық негіздемесінің болуы жоғарыда аталған тізбеге  енгізудің міндетті шарты болады;

3) бюджет процесіне барлық  қатысушылардың бюджет заңнамасының  талаптарын сақтауы.

Жоғарыда аталған заң  жобасын іске асыру үшін қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін  болады. Қазақстан Республикасының  алдында тұрған басым міндеттердің бірі экономиканың шикізат емес салаларында  бәсекеге қабілетті өнім өндіруге қабілетті  экономиканы дамытудың жаңа сапалық  деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет жүргізіп отырған экономикалық саясат индустриялық дамуды, экономиканы  әртараптандыруды, оның өсу көзін  шикізат емес секторға ауыстыруды ынталандыруға  бағытталған.

Соңғы бірнеше жылдар бойы экономикаға салық жүктемесін азайту және бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық  өндірістердің дамуын ынталандыратын нормаларды енгізу арқылы салық заңнамасын жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді.

Мәселен, салық жүктемесін азайту жөніндегі міндеттерді іске асыру экономиканың жаңа салаларын  әртараптандыруды ынталандыру және дамыту мақсатында 2009– 2011 жылдары салық саясатының негізгі бағыттары:

  • әлеуметтік салық пен қосылған құн салығының мөлшерлемелерін азайту, бұл өндірістің одан әрі дамуына және кеңеюіне бағытталған;

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында халықтың әл-ауқатының өсуі кезінде  салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың  кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне  біртіндеп қайта бөлу мүмкіндігін  қарастыру;

  • жеке тұлғалардың кірістерін жалпыға бірдей декларациялауға көшу мүмкіндігін қарастыру;
  • салықтық әкімшілендіру бөлігінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, одан әрі заңнаманы жетілдіру болады деп күтілуде.

2003 – 2012 жылдары экономиканың мұнай және мұнай емес секторлары кәсіпорындарынан түсетін түсімдердің арақатынасы орта есеппен тиісінше 23 % және 77 % болады деп болжанды.

Ұлттық қордың тұжырымдамасына  сәйкес мұнай түсімдері қорға, ал мұнай емес – бюджетке есепке алынады.

Сондай-ақ ведомстволық тіркеуді жүзеге асыратын органдарға халықтан түсетін құжаттарды өңдеудің мониторингін, дұрыстығын, толықтығы мен уақтылығын жүзеге асыратын бірыңғай жүйенің болмауы, сондай-ақ серверлік және коммуникациялық  жабдықты орналастыру үшін бөлінген жеткілікті жабдықталмаған үй-жайлар бөлігінде.

Сондықтан бірінші бағыт  ретінде қаржы ресурстарын жұмылдыру  бөлінді, оның мақсатына нәтижелік  көрсеткіштеріне, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің  толық түсуін қамтамасыз ету кіреді.

Осы бағытты іске асыру  үшін салықтардың жиналуын арттыру  және олардың бюджетке барынша түсуін қамтамасыз ету, салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің  түсуін электрондық бақылауды енгізу және уәкілетті органдармен өзара  іс-әрекет ету кезінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану  қажет.

Жыл сайын экономиканы  дамытуға бағытталған бюджет қаражатының  көлемі өсіп отырғандығын ескере отырып, оларды пайдалану нәтижелері және басқару  барынша тиімді және айқын болуы  тиіс, осыған байланысты екінші стратегиялық бағыт болып мемлекеттік қаржы  ресурстарын тиімді пайдалануды  және басқаруды қамтамасыз етуді  анықтау шешілді.

Осы бағыттың шеңберінде ішкі бақылау қызметінің жұмысын жақсарту, мемлекеттік активтерді, мемлекеттік  және мемлекет кепілдік берген борышты, үкіметтік талаптар мен міндеттемелерді  тиімді басқаруды қамтамасыз ету, нәтижелік  көрсеткіштеріне, бюджеттердің атқарылуы  туралы есептілікке және т.с.с. әсер ететін факторларына талдау жүргізу арқылы бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы жоспарланады.

Көрсетілген бағыттың мақсаттарына бюджеттің атқарылу нәтижелігінің  көрсеткіштеріне әсер ететін факторларды  талдау енеді.

Осы бағытты іске асыру  үшін республикалық бюджеттің уақтылы  және тиімді атқарылуын қамтамасыз ету, бюджеттің атқарылу мониторингі  процесінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-әрекет ету, бюджеттің атқарылу бөлігінде бюджет заңнамасын жетілдіруді қамтамасыз ету қажет.

Айталық, бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы бөлігінде мынадай  мәселелер бар:

- бюджеттік бағдарламаларды  тиімсіз іске асыруға әкеп  соқтыратын бюджетті атқару кезінде  бюджеттік рәсімдердің көп сатылығы  мен күрделігі (бюджеттік бағдарламалардың  іс-шаралары бойынша шешімдер  қабылдаудан түпкі есептеулерге  дейін);

- бюджеттік бағдарламаларды  уақтылы орындау проблемасы күрделі  болып қалып отыр. Мемлекеттік  органдарға әкімшілік әрекет  ету шараларын күшейту арқасында  осы мәселеде бюджеттік тәртіпті  кейбір арттыруға қарамастан, бюджеттік  бағдарламалардың іс-шараларын іске  асыру үшін мерзімдер мен ресурстарды  жоспарлауда жетіспеушіліктер орын  алып отыр.

Қазіргі уақытта қаржылық бақылаудың тиімділігіне әсер ететін жекелеген мәселелер бар. Ең алдымен, бұл соманы өтеуге анықтау өлшемдеріне  қатысты, өйткені заңнамада заңсыз пайдаланылған қаражатты өтеу ұғымдары мен рәсімдері нақты анықталмаған.

Қазіргі уақытқа дейін  екінші шешілмеген мәселе бақылау объектілерінің анықталған жолсыздықтарды жою жөніндегі  өкімдерді уақтылы орындамауы болып  отыр. Осыған байланысты, Қазақстан  Республикасының Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы кодексіне тиісті бап енгізу жолымен мемлекеттік  қаржылық бақылау органдарының шешімдерін орындамағаны үшін жауапкершілік шараларын  белгілеу қажет.

Бұдан басқа, бүгін  мемлекеттік  қаржы ресурстарының жеткілікті үлкен көлемі қайта құрылған даму институттарына, сондай-ақ елдің стратегиялық даму жоспарларын іске асыру шеңберінде аралас капиталы бар корпорацияларға  жіберіліп отыр, бұл оларды Үкімет тарапынан бақылаудың шеңберінен іс жүзінде шығарып жібереді, соның  салдарынан көрсетілген активтер «бұлыңғыр  аймақта» болуы мүмкін. Бұл қаржылық бақылаудың жаңа құралдарын құру және тиісті органдардың өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігін туындатады. [2.3.4]

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін  бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар өз бюджеттің кірістері  мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Санаттардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті  ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды  жалпымемлекеттік қажеттіліктерге  сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері  кірістер, бюджеттік несиелерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан  түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік  қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі  борышты өтеу болып табылады.

Бюджеттің кірістерін көбейтуге  және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды  әзірлеу және дәйекті іске асыру  мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды.

Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің  қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар  болып табылады.

Әрбір мемлекеттің басты  мақсаты бюджет жүйесін құрғанда, осы бюджеттік кірістер бөлігіне жыл сайын еселенген сипатта  түсімдердің келіп түсуін барынша  мол көлемін қамтамасыз ету болып  табылады. Осыған орай көптеген міндеттер  мен қажетті шараларды орындау  жағдайы туындайды. Яғни тиісті кірістерді арттыру жолдарын іздестіру, тиімді әрекеттерді орындау, т.с.с істерді  жасау қажеттілігі туындайды.

Бұл курстық жұмыста жоғарыда аталғанның барлығын орындау үшін, ең алдымен Қазақстан Республикасының  соңғы үш жылдық бюджет жағдайына  талдау жасалды. Бірқатар мәселелер  тобы анықталды және оларды шешу үшін бағдарламада бекітілген белгілі шаралары сипатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:

 

  1. Қ.Қ.Ілиясов,С.Құлпыбаев,Алматы 2005
  2. Мемлекеттік бюджетС.М.Өмірбаев,С.Ж.Ынтықбаева,Адамбекова,

Парманова,Алматы 2012

  1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
  2. Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
  3. ҚР мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіндегі бюджеттің орыны,Астана 2010
  4. http://www.government.kz – ҚР Үкіметінің сайты
  5. http://www.minfin.kz – ҚР Қаржы Министрлігінің сайты
  6. http://www.afn.kz-ҚР ұлттық банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
  7. http://www.minplan.kz – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сайты
  8. http://www.salyk.kz – ҚР Салық комитетінің сайты
  9. http://www.stat.kz - ҚР Статистика агенттігінің сайты
  10. http://www.nationalbank.kz - ҚР Ұлттық банктің сайты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша-1

 

 

 

 

2011-2012 жылдардағы  республикалық бюджет кірістері, млн. теңге

     

 
 

             
                       
                 
                 
                       
                     
                 
                     
                       
                 
       

 

       
               
       

 

       
                       
                       
 

2011

       

2012

 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары