Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:23, курсовая работа

Краткое описание

Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау, сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................2-3
І. Нарықтық экономика жағдайындағы бюджет кірістерінің экономикалық мазмұны мен мәні
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі …………………..4-5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы…….…...6-7
1.3Бюджет кірістері және олардың көздері.......................................................8-9
1.4 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы……………………...…………9-12
II. Қазақстан республикасының бюджет кірістерін талдау
2.1 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы ……………...……………12-16
2.2 2009-2012 жж. Бюджет түсімдеріне талдау ............................................16-21
III.Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары......22-24
3.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
Қорытынды.............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

мемл бюджет кірісі.docx

— 186.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе...................................................................................................................2-3

І. Нарықтық экономика жағдайындағы бюджет кірістерінің экономикалық мазмұны мен мәні

1.1 Мемлекеттік бюджеттің  экономикалық мәні мен рөлі  …………………..4-5

1.2 Мемлекеттік бюджеттің  кірістерінің құрамы мен құрылымы…….…...6-7

1.3Бюджет кірістері  және олардың көздері.......................................................8-9

1.4 Бюджет жүйесі және  бюджет құрылысы……………………...…………9-12

II. Қазақстан республикасының бюджет кірістерін талдау  
2.1 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы ……………...……………12-16 
2.2 2009-2012 жж. Бюджет түсімдеріне талдау ............................................16-21

III.Қазақстан Республикасының  бюджет кірістерін арттыру жолдары......22-24 
3.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары  
Қорытынды.............................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Мемлекеттің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі — қоғамның қаржы жүйесі.

      Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы — мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.

    Бюджеттің рөлі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету  және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау, сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.

     Мемлекттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаражаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, территорияаралық қайта бөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.

Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы  әртүрлi саяси, әлеуметтiк, мәдени бағдарламаларын  жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т.б. сұрақтарын шешедi.

      Бюджет мемлекеттiң және мемлекеттегi барлық мемлекеттiк органдардың өмiр сүруiнiң қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттiк аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттiк мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар сәйкес бюджет есебiнен өмiр сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүргiзу үшiн, қорғанысты, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бюджет мемлекеттiң қолындағы мықты басқарушы механизм болып табылады. Ол мемлекеттiң қаржылық саясатын жүргiзiудегi жолсапаршысы. Экономикадағы кризистiк жағдайлар және қаржылық жүйедегi ауытқушылық бюджет алдындағы тұрған мiндеттердiң толық көлемде  орындалуына кедергi жасайды. Сондықтан, мемлекет бюджеттегi келеңсiз оқиға – бюджет тапшылығының болуына жол бермеу шараларын, оның зиянды салдарларын болдырмаудағы мүмкiн деген  шараларын жасап отырады.

     Бюжетті дұрыс пайдалану — қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды камтамасыз етілуіне, ғылыми — техникалық прогресті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан, шаруашылық механизмінің бюджеттік қаты-настарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай, дұрыс жұмыс істеуге болмайды. Сол сияқты, біздің еліздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болатынына, мемлекеттің бюджеттік саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.

      Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.

Қалыптастыру өз кезегінде  мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Нарықтық экономика жағдайындағы бюджет кірістерінің экономикалық мазмұны мен мәні

                      1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

 

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ  ерекшеліктерімен көзге түсетін  оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге  болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары  жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің  ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын  қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет»  ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің  орталықтандырылған ақша қорын жасау  және оны ұдайы өндіріс пен  қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен  қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен  қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі  мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен  бірге, бюджет қатынастарына белгілі  бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің  шеңберінен шықпайды.

     Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру мен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттары мен қамтамасыз етеді,шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар болып табылады.

    Кірістер мен шығыстардың  құрамы мен құрылымы нақты  әлеуметтік-экономикалық және тарихи  жағдайларда жүзеге асырылатын  мемлекеттік бюджет және салық  саясатын жүргізудің бағыттарына  байланысты болады. Бұл кезде  мемлекет белгілі бір жағдайларда  кірістерді қалыптастырудың және  шығыстарды жұмсаудың қолайлы  нысандары мен әдістерін пайдаланады.[1]

 Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бюджеті кірістерінің  құрамы мен құрылымы салық  төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен  және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

   Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:

1)кірістер:

  • салықтық түсімдер;
  • салықтық емес түсімдер;
  • негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
  • ресми трансферттер түсімдері;

2)  шығындар;

3)  операциялық сальдо;

4) таза бюджеттік кредит беру:

  • бюджеттік кредиттер;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу;

5)  қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:

  • қаржы активтерін сатып алу;
  • мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

6)  бюджет тапшылығы (профициті);

7)  бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):

  • қарыздар түсімі;
  • қарыздарды өтеу;
  • бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.[3]

Мемлекеттің бюджеттің сан қырлы  маңызын ескере отырып, оны тек  экономикалық категория және мемлекеттің  орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттің втомат қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Бюджеттің негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады [1]

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамы мен құрылымы

 

 

 Бюджетке алынатын түсімдер-бұл мемлекеттік қызметтердің жүзеге асуына қажетті мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорларының бір бөлігі.Олар ҚР заңдарына сәйкес түрлі деңгейдегі билік органдарының  иеленуіне өтеусіз және қайтарымсыз тәртіпте берілетін ақша қаражаттары болып табылады.Олар ақша қаражаттары қорларының қалыптастырылуы үдерісінде пайда болатын экономикалық қатынастарды айқындайды.

      Бюджеттің  түсімдері мемлекет табыстарына  қарағанда әлде қайда тар ұғымды  білдіреді.Алайда,оған қарамастан  республиканың мемлекеттік табыстары  құрылымында бюджеттің табыстары  шешуші мағынаға ие болады.

      Бюджет  табыстарының басты материалдық  қайнар көзі-ұлттық табыс болып  саналады.Ұлттық табыстың өсуі  мемлекеттің  табыс көлемі  мен мемлекеттік бюджет табыстарының  үнемі көбеюін қамтамасыз етеді.Мемлекеттік  табыстың басым бөлігі өндіріс  пен айналым салаларында ,жеке  меншіктік түрлі формаларындағы  кәсіпорындарда пайда болатын  қоғамның таза табысын білдіреді.Сонымен  бірге, мемлекет өз табыстарына  жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін өндірістік  және өндірістік емес салаларында  жұмыс істейтін,сондай-ақ кез  келген кәсіпкерлік 

қызметпен айналысатын азаматтар  табыстарының бір бөлігін шоғырландырады.

      Бюджетке  енгізілетін табыстар жиынтығы, оларды жұмылдыру әдістері мен  формалары мемлекеттік бюджетке  алынатын түсімдер жүйесін құрайды.Мұндай  түсімдер Бюджет кодексімен бекітілген  белгілі  бір мөлшерде  және  белгіленген мерзімде бюджетке  алынатын міндетті төлемдерді  айқындайды.

      Бюджет  түсімдерінің негізін салық және  алымдар түрінде жұмылдырылатын  төлемдер құрайды . ҚР аумағында  орналасқан барлық заңды тұлғалар,жекеменшік,және  бағынушылық түріне тәуелсіз ,сондай-ақ  әрекеттегі заңдарға сәйкес азаматтар  салық төлеуге,бюджет алымдары  мен міндетті төлемдер жасауына  тартылады.

      Салық,алымдар  мен төлемдерді төлеуші-заңды  және жеке тұлғалардың басқа  төлемдерге қарағанда,олардың   бюджетке төлену басымдылығын  қамтамасыз етуі және ҚР заңына  сәйкес оларды дер кезінде  және толық түрде төленуіне  жауапты екені анықталған.

       Мемлекеттік  бюджеттің табыстары экономикалық  дамудың салыстырмалы тұрақты  кезеңінде бюджетке алынатын  түсімдер жиынтығының ең көп  бөлігін құрайды.Ұзақ экономикалық  құлдырау кезеңдерінде жалпы  бюджеттік түсімдердегі табыстардың  үлесі ішкі және сыртқы зймдарға,сондай-ақ  қаржы активтерінің сатылуынан  қарағанда әлде қайда төмен  болуы мүмкіндігін атап өткен  жөн.  

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет кірістерін арттыру жолдары