Жергілікті бюджет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 22:33, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты . Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік , бюджеттік қарым- қатынастың ролі , орны мен мәні өте маңызды екені белгілі .
Қазақстан Респуликасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым- қатынасының , оның ішінде бюджеттік қарым қатынастың даму тәжірибелерін білу және дұрыс пайдалану қажет.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................2
1-бµлім:Жергілікті бюджетті жоспартлауды ұйымдастыру
1.1.Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу.................................6
1.2Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары....................... ..17
1.3.Алымдар мен төлемдерді жоспарлау................................................................25

2-бµлім Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау.
2.1 Бюджет кірісінің жіктемесі...............................................................................38
2.2 Бюджет шығысының жіктемесі........................................................................45
2.3. Әлеуметтік салаға бөлінетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау................52
2.4. Білім беруге арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру.........................62
Ќорытынды:...............................................................................................................77
Пайдаланылатын әдебиеттер:..................................................................................80

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Жергілікті-бюджет.doc

— 433.00 Кб (Скачать документ)

Бұл арада  мынаны  ескерген жөн: салық (жедел)  есебінде  жиынтық жылдық табыстан (негізгі  құрал-жабдықтарды амортизациялау,  негізгі  құрал-жабдықтарды жөндеу, проценттер  және  тағы  басқалары  бойынша) ұстап  қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ  табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды)  сату кезіндегі  құнның,  сондай-ақ  ақша  құнсыздануына   түзетулерді   есепке ала  отырып амортизациялауға  жатпайтын  алашақтардың  өсуі; кәсіпкерлік   қызметті шектеуге  келіскені  және кәсіпорынды жапқаны үшін  тағы  басқалары жөнінде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары  және бюджетке  төленуге  тиісті  заңды тұлғалардан алынатын  табыс салығының   сомалары  туралы  бухгалтерлік  әрі салық есебі  деректері  арасындағы  алшақтыққа  әкеп соғады.

Бухгалтерлік  және  салық  есебі  арасындағы  мәліметтердің   теңдігін  сақтау оңай  шара емес,  өйткені  олардың  арасында тұрақты және уақытша   сипаттағы  айырмашылықтары болады.

Осының   нәтижесінде  уақытша  және тұрақты  айырмашылықтар, сондай-ақ  уақытша  айырмашылықтардан  салықтық  тиімділік  туындайды.

Тұрақты айырмашылықтар – бұл  ағымдағы  есепті  кезеңде  туындайтын  және  бұдан  кейінгі  есепті  кезеңдерде  жойылмайтын (бухгалтерлік  есеп деректері  мен  заңды  тұлғалардан  алынатын  табыс  салығы  жөніндегі  мағлұмдамада  көрініс  табатын  деректер  арасындағы  айырмашылықтар)  салық  салынатын  және  бухгалтерлік  табыстар  арасындағы   айырмашылықтар.

Тұрақты   айырма  ретінде  келесі  мысалды  келтіруге  болады:

  • жылдық жиынтық табыспен де,  шаруашылық  жүргізуші  субьектінің 

кәсіпкерлік  қызметімен де байланысты  емес шығыстр (демалыс  үйлеріне жолдама алу, бассейінге абономенттерді алу,  спорт құрал-жабдықтарын  алу және т.б.)., бұл аталған шығыстар  бухгалтерлік  есепте  шығысқа жатқызылады,  ал салық есебінде   олар    шегерім ретінде танылмайды;

  • бюджетке  төленетін айыппұл санкциялары  бухгалтерлік  есепте жылдық  табыстан  шегеріледі, ал  салық  есебінде  ол шегерілмейді;
  • нормадан  жоғары  белгіленген іс-сапар  мен өкілділік  шығындары  бухгалтерлік  есепте  кезең  шығыстарына  жатқызылады,  ал салық  есебінде  ол шегерім  құрамына  енгізілмейді;
  • қоршаған  ортаны  ластаудан  тазартуға  кеткен  шығындар бухгалтерлік  есепте кезең  шығыстарына  жатқызылады,  ал салық есебінде  ол жылдық жиынтық табыстан  шегеруге  жатпайды;
  • марапаттау  бойынша  шығыстар толық  көлемде  бухгалтерлік  есепте  шығысқа  жатқызылады, ал  салық  есебінде – белгіленген  шектеулер шегінде ғана  ескеріледі;
  • несие  бойынша,  соның  ішінде  қаржылық  лизингі бойынша  да, депозит  бойынша да, сондай-ақ сенімді  басқаруға  алынған  мүліктер  бойынша да  Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісінің  белгілеген қайта  қаржыландыру  коэффициентінің  1,5 есе  еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал  егер ол  шетелдік валютада  орналастырылса, онда Лондондық   банкаралық  нарықтың 2-есе еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.

- сақтандыру  пайдасы  бухгалтерлік  есепте  ешқандай  шектеусіз  шығысқа жатқызылады,  ал  салық   есебінде – ол  шегеруге жатпайды, егер  ол шегеруге жатқызылған  жағдайда  класы  бойынша  өкілетті  органдардың  белгілеген   шегінде  ғана  жүзеге  асуы  мүмкін;

  • кәсіпкерлік  қызметінде  пайдаланбайтын обьектілердің  пайдалануы  мен  күтіп-ұстау  шығыстары  бухгалтерлік  есепте  толық көлемінде  шығыс  ретінде  есептелінеді, ал ол  салық есебінде  шегерімге жатпайды.
  • және  басқа да  шығыстары.

Уақытша  айырма   бухгалтерлік  табысты  есептеген  кезде  кейбір табыс пен шығыс  баптарының  бір бөлігі  бір  есептік  кезеңде, ал салық  салынатын  табысты есептеген кезде басқа  есептік  кезеңде  есептелінеді. Сондықтан бірінде болған айырма, екіншіде  жойылады. Мысалы:

- материалдық  емес  активтер мен    негізгі  құралдар  бойынша  жасалатын  амортизациялық  аударымдар.

Бухгалтерлік  есепте  амортизациялық аударымдар  үшін әртүрлі  тәсілдер мен  нормалар  пайдаланылады  және  ондағы  есептелген  сома  шығын  ретінде  қабылданады. Салық  есебінде  тек қалдығын азайту  тәсілі  пайдаланылады. Сондай-ақ  екі  есептің  пайдаланатын  нормасы да  әрқилы  болуы мүмкін,  нәтижесінде  салық  есебі  бойынша  обьекті  толық амортизациялануы  мүмкін, ал бухгалтерлік  есепте  ол жалғасуы  мүмкін.

- бухгалтерлік  есепте  негізгі  құралды  жөндеу  шығындарын  толық  көлемде  алады,  ал  салық есебінде  оның құндық  балансының 15% тең  сомасын   ғана алады;

- 15% асқан сомасы  негізгі құралдың  құндық  балансына қосылып, одан амортизация срмасы  есептелінеді,  яғни  салық салынады. Бухгалтерлік   есепте  тап бұндай  операциялар көрініс таппайды.

- бағалы  қағаздарды  сатудан  жабылмаған зиян оларды сату  кезінде  пайда  болады, сол пайда  болған  кезінде  бухгалтерлік  есепте  есептеу  әдісі  бойынша   көрініс  табады.  Салық  есебінде  аталған  зиянды  құнның  өсімінің   есебінен  жабады (компенсацияланады),  ал егер  де ол  жабылмаса, онда оның  жабу мерзімін үш  жылға  дейін  созады;

- салық бойынша  шығыстар (корпоративтік  салығын,  табыс  салығын  қоспағанда  бухгалтерлік  есепте  есептеу  тәсілі бойынша   көрініс  табады,  ал салық  есебінде – шегерімге   тек  төленген   салық  қана  алынады;

- теріс бағамдық   айырма  бухгалтерлік  есепте толық көлемінде алынады,  салық есебінде   шегерімге   жатқызу үшін  шектеулер қойылады,  ал  шектеулердің  сомасын мынадай жолмен  анықталады:

 

Салық салынатын  табыстың  сомасынан 50% 

алынады, ал ол  жылдық жиынтық  табыс пен 

Он бағамдық  +     шегерімнің  (табыс  пен  шығыстың  бағамдық

айырмасы  айырмасы  есепке  алынбайды)  айырмасынан 

шығады.

 Айырма  сомасы  негізінен  шектеудің  салдарынан  пайда болады, ал  ол келесі  салықтық кезеңдердің  іздестіру   барысында  компенсацияланады.  Құрылыс салуға  алған несие (қарыз) бойынша бағамның  теріс айырмасы  оны жүргізудің  кезеңдік   төлеміне  байланысты пайда болады  және салық есебінде  оның обьективтік құны  ескерілсе,  бухгалтерлік  есепте  ол шығыс ретінде танылады;

және басқа да .

Тұрақты және уақытша  айырма  шаруашылық  жүргізуші  субьектісінің   есеп  саясатына  бухгалтерлік  есептің де,  салық  есебінің  де енгізген өзгерістерінің   (түзетулерінің)  салдарынан  болуы  мүмкін.  Бұл  арада  тұрақты  айырманы   келесі  есептік  кезеңде  жоюға  болмайды,  ал  уақытша  айырма  жойылады. Тұрақты  айырманы да,  уақытша  айырманы  да  өте  жеңіл  түрде   табуға  болады,  егер де тиесілі  бухгалтерлік  регитрлеріне   салықтық  есеп  қағидасының  зерттеулерін  жүргізсе. Уақытша  айырма  сомасынан   салықтық эффектіні  бухгалтерлік   есепте  көрсету  және анықтау  жолымен  оның  уақытша  айырмасын  табады. Салық эффектісі  төлеуге  жататын   немесе  кейінге  қалдырылатын   төлем  болып  саналады.

Халықаралық  практикада  жалпы  қабылданған пікір  бойынша  табыстан  алынатын  салықты  сол  табысты  табу үшін жасалатын   шығыс  деп санайды,  ал ол   шығыс  есептеу  қағидасына   сәйкес, өз  кезеңіне  қарап,  тиесілі   пайда болған  табыстармен   бірге  танылады.

Есептік  кезеңде  уақытша   айырамынң  салдарнан  пайда болған  салық эффектісі  632 «Кейінге  қалдырылған  табыс  салығы»  шотында  көрініс   табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім. Жергілікті бюджеттің  шығыстарын жоспарлау.

2.1. Бюджет  кірісінің жіктемесі.

   Жергілікті  қаржылық билік пен басқарудың жергіілкті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рол беріледі.

   Жергілікті бюджет- бұл ұлттық табысты аумақтық  тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік  жасайтын және билік пен басқарудың  жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.

  Жергілікті бюджеттерді  қалыптастыру мен пайдалану өндіріс  пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда : кәсіпорындармен  мемлекет арасындағы, меншікті  барлық нысандарындағы макроэкономикалық өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері бюджет буындары арасында , мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

  Жергілікті бюджеттердің  экономикалық мәні олардың мынадай айналымында көрінеді: билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру.

  Бұл қорларды жергілікті  деңгейдегі инфрақұрылым салалары  мен халықтың арасында қайта  бөлу.

 Жергілікті  бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып , олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомостваға қарасты аумақтарды оларға инфрақұрылымды дамытуға , аумақтың экономикалық әлеуетін кеңейтуге , қаржы ресурстары резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.

  Сөйтіп , жергілікті  бюджеттер жергілікті деңгейдегі  экономикалық және әлеуметтік  міндеттерді жүзеге асыруда елеулі  рол атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық  қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік  бюджет қаражаттарының  басым  бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады. 

   Дүниежүзілік  және отандық тарих жергілікті  шаруашылығы дамыған , әкімшілік-  аймақтық бөліністерді абаттандыру  мен олардың санитарлық жағдайын  жақсартуға , сондай-ақ әлеуметтік  сфера мекемелерін ұстаудағы  жергілікті қаржының маңызын дәлелдеп отыр.

   Дамыған  нарықтық экономикасы бар елдерде  биліктің жергілікті органдарының  бюджеттері мемлекеттің бүкіл  қаржы ресурстарының 30 пайыздан 60  пайызға дейін қайта бөледі  және аймақтық өндіргіш күштерін , бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда , нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рол атқарады.

   Олар  арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға  жұмсалатын шығындардың үлкен  бөлігі өтеді(жергілікті өнеркәсіпті,  ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы  , көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады);

 Жергілікті  бюджет арқылы өндірістік емес  ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп қоғамдық өндіріске жанама  ықпалы жасалады:

Тұтынудың қоғамдық қорларын  бөле отырып жергілікті бюджеттер  жұмыс күшін ұдайы молайтып отыруға  мүмкіндік туғызады.

  Қазақстан  Республикасының жергілікті бюджетінің  құрамы облыстық бюджеттерді,  қалалардың және аудандардың  бюджетін қамтиды. Қазіргі кезде  қазақстандағы жергілікті бюджеттер  кірістер мен шығыстары бойынша  мемлекеттік бюджеттің қаражаттар  көлемінің 50 пайыз аралығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджеттің жиынтығын құрайды.

Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бюджет түрінде екі  тенденция қатар өмір сүреді:

  • дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда  орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағұрлым ортақ процесінің қамтып көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен әдістерінің жүйесін орталықтандыру;
  • қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билікпен басқарудың жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны орталықсыздандыру.

Екінші тенденция  жергілікті орындардың жергілікті жағдайларға  жуықтығымен дәлелденеді.

 Дүниежүзілік  қаржы теориясы мен практикаыс жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігін айқындайды.

   Бюджеттің  дербестігі деп аймақтың басқару  органы бекітіліп берілген кіріс  базасының негізінде бюджеттің  көлемін, баптар бойынша кірістер  меншығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұғынылады. Оның атқарылуыбасқарудың аймақтың органдарының бұл саласындағы құқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады.

Сондықтан басқарудағы  централизмнің қажеттілігін орынды , өндірістің нақтылы жай күйімен шарттасылған шектерде қажет етеді. Ол әрдайым салыстырмалы және аймақ неғұрлым кіші болса , бұл дербестіктің  көріну шегі де аз болады. Оның үстіне аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуының қазіргі деңгейі , бюджеттің өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты , нарықтық экономикаға көшу кезеңінің күрделілігі республика жергілікті бюджеттердің көпшілігінің нақтылы дербестігі туралы аз айтуға

мүмкіндік бермейді.Сондықтан  әлеуметтік инфрақұрылымдық халықты  әлеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен қамтамасыз ететін мөлшерде қаржыландыру үшін қаражаттардың жеткілікті қағидаттары жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік- шаруашылық белгілі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бұл деңгейдің критерийі осы аймақтың экономикалық мүдделерінің ең жоғарғы мүмкіндікте іске асыруда болып келеді.

  Аймақтардың  экономикалық дербестігінің маңызды  шарттарының бірі оларда аймақтық  ресурстарды жаңарту табиғатты  қорғау  жөніндегі шараларды қажыландыруға  қажет қаражаттардың кепілдікті көздерін жасау болып табылады.

   Оперативтік-  шаруашылық дербестігі жергілікті  буынды шығыстардың 50 пайыздан  кем емесін жабатын кірістердің  оқшаланылған, бекітіліп берілген  жүйесін жасауды, бюджетке ұзақ  мерзімге кірістердің қатаң бекітіліп  берілуін қажет етеді.

  Республикалық  бюджеттің кірістері олар мыналардын  тұрады:

А) салықтар, алымдар  және басқа да міндетті төлемдердің  түсімдерінен;

ә) салыққа жатпайтын  түсімдерден;

б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістерден.

 

N

      Кіріс аттары.

2005 жылғы 12- айлығы

2006 жылғы 12- айлығы

Жоспар

(+)(-)

Нақты

(+)(-)

 

Жоспар

нақты

%

(+)

(-)

Жоспар

Нақыт

%

(+)

(-)

1

Салық түсімдері

633440

638350

100,8

<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-family: 'KZ Times New Roman', 'Arial'; font-size:

Информация о работе Жергілікті бюджет