Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 22:33, курсовая работа
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты . Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік , бюджеттік қарым- қатынастың ролі , орны мен мәні өте маңызды екені белгілі .
Қазақстан Респуликасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым- қатынасының , оның ішінде бюджеттік қарым қатынастың даму тәжірибелерін білу және дұрыс пайдалану қажет.
Кіріспе..........................................................................................................................2
1-бµлім:Жергілікті бюджетті жоспартлауды ұйымдастыру
1.1.Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу.................................6
1.2Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары....................... ..17
1.3.Алымдар мен төлемдерді жоспарлау................................................................25
2-бµлім Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау.
2.1 Бюджет кірісінің жіктемесі...............................................................................38
2.2 Бюджет шығысының жіктемесі........................................................................45
2.3. Әлеуметтік салаға бөлінетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау................52
2.4. Білім беруге арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру.........................62
Ќорытынды:...............................................................................................................77
Пайдаланылатын әдебиеттер:..................................................................................80
1.3. Алымдар мен төлемдерді жоспарлау.
Салықтан басқа Қазақстан Республикасы Салық Кодексінде белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер іс- әрекет етеді.
Алымдар
, баждар және төлемдер деп
әдетте заңда және жеке
Алымдармен
төлемдерді төлеу көбінесе
Алымдарды төлеудің қажеттігін тудыратын қызмет түрлерінің сан алуандығы олардың көбісін тиісті қызмет көрсетулерге көбінесе аралық сипат бере отырып, таза қаржы шеңберінен шығарып жібереді. Тіпті мемлекеттік органдардың көбінесе ақылы қызмет көрсетуге көшіп отырған және қаралып отырған операциялар қаржылықтан куәлігі- тауар ақша қатынастарына түрленіп отарған нарықтық қатынастар жағдайында бұл төлеушілердің физикалық және тарифтік бағалық сипатының ұштасуы өрістеді
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. [1,4-бет]
Салық кодексі және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін. Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мн төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу обьектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз. [5, 3-бет]
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын обьектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын обьектісі және салық салумен байланысты обьектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.;
Салық базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу обьектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.
Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсалютік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.
Салық кезеңі – бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп, белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.
Қазақстан Республикасындағы салық заңы – мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.
Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 63 «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 631 «Төленетін ағымдағы табыс салығы», 632 «Кейінге қалдырылған табыс салмағы», 633 «Қосылған құн салығы», 634 «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шоттары кіреді.
Корпоративтік табыс салығы. Корпоративтік табыс салығы бойынша бджетпен есеп айырысу 631 «Төлеуге жататын ағымдағы табыс салығы» деген пассивтік шотында жүреді.
Корпоративтік табыс салығын төлеушілер |
Салық салынатын обьектілер |
Салық мөлшерлемесі |
Салықтық кезең |
Заңды тұлға, Қ.Р. резиденттері (бұларға Ұлттық банкі мен мемлекеттік ұйымдар кірмейді) |
Салық салынатын табыс |
30% |
Календарлық жыл |
Төлем кезінде алынатын табысқа салынатын салықта |
15% | ||
Заңды тұлға, Қ.Р. резиденттері, олар үшін жер өндірістің негізгі құралы болып табылады. |
Салық салынатын табыс |
10% |
Календарлық жыл |
Қ.Р. тұрақты ұйымдар арқылы, қызметін жүзеге асыратын резиденттер емес заңды тұлғалар |
Салық салынатын табыс |
30% |
Календарлық жыл |
Таза табыс |
15% |
Календарлық жыл | |
Қ.Р.-да төлем кезінде табылатын резиденттер емес заңды тұлғалар |
Төлем кезінде алынатын табысқа салынатын салықтар |
15% марапаттау мен қатысу үлесімен алынған табыстар, дивиденттер; 10% тәуекелділіктің сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін сақтандыру пайдасы; 5% тәуекелділіктен қайта сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін, сақтандыру пайдасы. 5% - халықаралық тасымалдауда да транспорттық қызмет көрсету ден түскен табыс; 20% - басқа да табыстар |
Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі обьектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің (тұрақты мекемелер арықылы қызметін жүзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы арқылы анықтайды:
Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына ( алғанына) жататын ақшалай немесе басқа да қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жібрілген құжаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жаға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да заңды тұлғадардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т.б. жатады.
Салық төлеушілер жылдың табысының мыналарды шығарып тастау керек.
Заңды тұлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл- ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және арнайы қорларға салынған шығындар.
Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса, яғни жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің жасалған салықтық кезеңінен шегеріледі, бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары қосылмайды.
Жылдық табыс жиынтығынан келесі шегерімдер жасалады.
Қызмет бабымен іс –сапарға кеткен шығындары және өкілеттік шығыстары Қазақстан Республикасының Үкімет белгілеген нормалар шегінде шегеріледі:
Алынған сыйақы (мүдде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйақы қатарына алынған несие (кредит, займ), мүліктер, дисконттар мен депозиттер жатады.
- несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса (немесе орналастырылса), онда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен қайта қаржыландырудың 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесі бойынша шығарылған сомасы шегінде шегеріледі, ал ол шетел валютасында берілген (немесе орналастырылған) болса, онда ол Лондонның банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде шегерілуі тиіс.
Жоғарыдағы шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы да шегерімге жатады:
Заңды тұлға – Төлем көзінен ұсталатын
резиденттеріне Төлеу көзінен табыс салығының
төлейтін, марапаттау ұсталынған мөлшерлемесі (15%)
және шегерімге = марапаттау х ______________________
жатқызуға болатын сомасы Корпоративтік салығының
сомасы. мөлшерлемесі (30%)
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондонның банкаралық рыногының депозиттерді, бағалы қағаз қарыздарды, мүліктерді, сондай-ақ несиені (қарызды) рәсімдеу кезеңіндегі мөлшерлемесі пайдаланылады.
Келісім- шартқа сәйкес несие (қарыз) үшін марапаттау сомасын есептеу кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің (операцияның) нақты жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.
2. Салықтарды шегеріс жасау. Бұл жерде мемлекеттік бюджетке есептелген шегіндегі төленген салық шегеруге жатады, яғни жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейінгі салықтар; Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ үстеме пайданың салықтары (яғни кәсіпорын рентабельді болған сайын, одан ұсталатын салықтың да деңгейі төмендейді). Сонымен қоса, өткен кезеңдер үшін ағымдағы салық кезеңінде төленген салықтар да шегерілуі тиіс.
Ағымдағы салықтық кезеңде өткен кезеңдер үшін төленген салық қай кезеңде төленсе, сол кезеңнің шегеріміне жатқызылады.
3. Салық салынатын табысты анықтаған кезде жылдық жиынтық табыстан келесі шығыстар шегеруге жатпайды;
Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген нормадан жоғары, төлеуге (төленуге) жататын міндетті бюджет төлемдерінің басқа да сомасы;
Кәсіпкерлік қызметтен тартқан зияндар (егер шегерім түзетілген жылдық жиынтық табыстан асып кетсе), сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланған ғимараттардан, қондырғылардан тартқан зиянды салық төлеушінің келешектегі табысының есебінен өтеу үшін үш жылға дейін төлеу мерзімі кейінге қалдырылады.
Корпоративтік табыс салығын есептеген кезде 851 шоты дебеттеліп, 631 шоты кредиттеледі. Бұл салық жылдың соңында бір рет есептелінеді.
Корпоративтік табыс салығын бюджетке төлеген кезде оның ішінде аванстық төлемін қоса алғанда 631 шоты дебеттеліп, 441 шоты кредиттеледі.
851 шотының
дебеті бойынша және 632 шотының
кредиті бойынша кейінге
қалдырылған салықтың пайда
болғанын немесе ағымдағы кезеңде
уақытша айырмасының
Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар.
Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 632 «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында қаралған және есеп стандарттармен қарастырылған қағидасы бойынша қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.