Улттық банк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 20:29, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасың экономикасы жаңа қатынастардың қалыптасуына, нарықтық жүйені жетілдіруге, одан ары тереңдетуге бағытталған айтарлықтай шараларды жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуде. Сонымен қатар өз ұлттық валютамыз өзгеріп, экономикамыз күннен-күнге дамуда. Президентіміздің арнайы бұйрығы бойынша, 2006жылы, Ұлттық банк төрағасы Ануар Сайденовтің қол қойуымен енгізілді. Бұл экономикаиыздың дамуына да өз ықпалын тигізуде.

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ........... .. 3
I. ҰЛТТЫҚ БАНК
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат. 4
1.2. Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері . . . . 6
1.3. Банктің қызмет бағыттары . . . . . . .. . . . . . . . . 7
1.4. Меншік қаражаттары мен пайдасы . . . . . . . . . . . . . . . 9
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ДАМУ ДӘРЕЖЕСІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің қазіргі кезеңдегі жағдайын талдау 12
2.2. Банк жүйесіндегі Ұлттық банктің алынған орны .. . . . . . . . .14
2.3. Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары . . . 16

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................... 23

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 355.50 Кб (Скачать документ)

Ұлттық банк 1994 жылы көкек  айында мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің бірінші аукционын  өткізгенде Қаржы министрлігі бастапқы үш айда сату көлемін 1,5-2,3 млн. теңгеден, 2004 жылы желтоқсан айында – 171,7 млн., ал 2005 жылдың маусымында – 3 млрд. теңгеге дейін көтерді. Дисконттық баға 1994 жылы маусымда – 55,65%-дан 2006 жылдың ортасында 92,92%-ға дейін өсті.

 Аукциондық несиелер 1 айдан 3 айға, кейін 6 айға дейін берілді.

1995 жылы орталық несиелер  бойынша банктердің қарыздарын  қайта құру процессі басталды, бұл позитивті бағаланды, өйткені  1993-1995 жж. берілген қарыздары бойынша  айып-пұлдар мен пайыздың өсуі  түріндегі қарыздардың көбеюі  және жиналуы республикадағы жалпы экономикалық жағдайға кері әсерін тигізді, соның ішінде төлем жағдайына және есеп айрысу тәртібіне ықпал етті. 

Ұлттық банктің несиелік көрсеткіші бойынша, 2006жылы экономикадағы 

несиелер бұрынғы жылдарға қарағанда 2006жылы 4,5%тен, 2982,4 млрд.тенгені құрады. Ұлттық валютадағы несие 2006 жылы 4,6%тен, 1516,8млрд. тенгеге, ал шетел валютасындағы несие 4,4%тен, 1465,6млрд,тенгеге өсті.

 

 

 

 

 

 

2.2. Банк жүйесіндегі Ұлттық банктің алынған орны

Республикасының Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субьектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемлер  болды. Осыдан келіп, Ұлттық «банк банктердің бірі» деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.

    Ұлттық банк «банктердің банкі» қызметін атқару үшін :

  • коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды ;
  • коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді ;
  • жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады ;
  • банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

Ұлттық банкінің маңызды  қызметі – банктердің, жинақ және т.б. несиелік мекемелердің резервтер  деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы » және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.

Ұлттық банк – коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық-несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады.Шетелде орталық банктерді «соңғы сатыдағы несие беруші»деп атайды.Олар- коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді.Әрине бұл несиелер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздарымен немесе банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ұлттық банк банкаралық қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргізеді.

Ұлттық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпыхалықтық  шаруашылықтың  есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады.Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады:

  • қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналымының ауқымын бақылау;
  • бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай методологиялық негіздегі елдің бірыңғай есеп айырысу орталығы;
  • есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беру ережесін орнату және үйлестіру ;

Елімізде қолма-қолсыз есеп айырысудың екі ішкі жүйесі бар.Біріншісі- коммерциялық банктер арасында тіклей есеп айырысу,екіншісі- Ұлттық банкідегі  банктердің корреспондеттік шоттары  арқылы жасалатын ортлықтандырылған есеп айырысулар.Тұрақты байланыстары бар клиенттердің операциясы бірқалыпты корреспондеттермен тікелей есеп айырысу үшін LORO-NOSTRO орталықтандырылмаған корреспондеттік шоттары бойынша – коммерциялық банктер өзара есеп айырысуларды жүзеге асыра алады.

Ұлттық банк пен өзінің құрамдас бөлімшелері есеп айырбастау кассаық орталығы (ЕКО) клирингтік (қарама-қарсы  талаптардың өзара есептелінуі) режимде ашылған бюджеттің кассалық орындалуын бюджеттік банкіге беру және төлем жүйесінің нормасына дейін орталықтандырылған банкарлық есеп мөлшері міндетті қорлар (резервтер) нормативіне сәйкес келу керек.АҚШ-та федералды резервтік жүйесі банкаралық есеп айырысуларды міндетті резервтер сомасын реттеу арқылы жүзеге асырады.Оларда коммерциялық банктер корреспондеттік шоттарды ашпайды.

Төлем құжаттарының барлық түрлерін өңдеуді, төлемдерді өтеуді, республиканың бүкіл аумағында  есеп айырысуды іске асыруды қамтамасыз ететін Ұлттық банкінің облыстық басқармаларының  әрекетін кешенді «КУБАЖ» автоматтандыру жүйесін 1995 жылы ендіру аяқталды.

Ірі және ұсақ сомалардағы  төлемдер үшін пайдаланылатын гросс-есеп айырысу жүйесі 1995 жылдың 15 мамырында  Алматыда енгізілді.Бұл банкаралық клиенттік жүйенің қатысушылары: барлық банктер және олардың Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарындағы филиалдары,Алматылық клирингтік палатасы болып табылады.

Қатысушының кез-келген уақытта корреспондеттік шоттың  жағдайы туралы ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу  үшін, басқа коммерциялық банкілерден  оның атына келген төлемдерді қарау үшін сұрауы да мүмкін.Жүйенің қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілігін реттеуге мүмкіндік беріледі.Есеп айыру арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл алмаған, қамсыздандырылмаған төлемдер құны түрінде қайтарылады.

Төлем жүйесінің реформасы шегінде екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртұтас корреспондеттік шотты өңдеумен айналысады.Біртұтас корреспондеттік шотқа өту екі кезеңде жүреді.Бірінші кезеңде біртұтас корреспондеттік шотқа өту облыс деңгейінде, ал екінші кезеңдле- республика деңгейінде өту қарастырылған.

 

 

2.3. Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары

Ұлттық банкінің басқару  құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелерін «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы»  Заңы және «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі туралы» Ережесі  негізінде анықтылады.

Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарама, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар.

Ұлттық банкінің ең жоғарғы  басқару органы Ұлттық банк төрағасымен  басқарылатын басқарма болып табылады.

Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен  Президентімен бекітіледі (ҚР Ұлттық банктің құрылымының сұлбалық бейнесі  қосымша 1-сұлбада көрсетілген).

Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

  • мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
  • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерін бекітеді;
  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
  • Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;
  • Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
  • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық баласты қарастырады;
  • Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді жәнеҰлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
  • Банктер және олардың филиалдары үшінэкономикалық нормативтерін бекітеді.

Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың  үш мүшесінің талабымен өткізіледі.

Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.

Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.

Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл  және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар  жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.

Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің  қызметін басқарады және Ұлттық банкіге  жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар  кеңесі мүшелеріне жеке өкілетте бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.

Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай  алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан  босатылады.

Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.

Ұлттық банкінің жедел  басқару органы- Директорлар кеңесі (директорат), ол Ұлттық банк төрағасымен  басқарылады.

Директорат, «Қазақстан Республиканың Ұлттық банкі туралы»  Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағасының және басқарма қарауындағылардан  басқа барлық мәселелер бойынша  шешім қабылдайды.

Директорат құрамына- төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппаратарында келіседей (1997 жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша-несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалары бар. Ұлттық банк өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмысты қорытындылай келе I-тарау мен II-тараулардан байқайтынымызды және ҚР Ұлттық банкісінің дамыту жолдарын сарапқа салып өз ойымды білдірейін.

   Банк – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

  Банктік қызмет – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік операцияларды жүзеге асыру.  Мен осы курс жұмыстан мынадай ой түйдім: Қорытындыға келгенде, Қазақстан Республикасында халықтың әл-ауқаттылығын түбегейлі жақсарту мен экономиканы дамыту секілді шабыттандыратын Ұлттық банк басқару ісінің мақсатты да көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудың қажетті және өзекті мәселе екендігін атап өтуді жөн көріуміз керек. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі ретінде басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» рөлін атқарды, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын анықтайды.

   Ұлттық банк – оның жоғары үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және жарғылық қор иесі. Ол тек қана Қазақстан Республикасының Президеніне есеп береді. ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті ұлттық валюта – теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

   ҚР Ұлттық банктің негізгі қызметтері мыналар: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру және республикада қолма-қолсыз есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қадағалау, валюталық реттеу және валюталық резервін сақтау және т.б.

ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие  саясатының мақсаты ұлттық валютаның  тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция.

         Эмиссия – мемлекеттік банкнота, монета, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол түрінде де, қолма-қолсыз да болуы мүмкін. Бірінші формасы айналысқа нақты ақша шығаруды білдірсе, ал екіншісі депозитті-қарыздық операциялар процесінде іске асырылады.

Ұлттық банк эмиссиясы  алдағы жылдарға қарағанда 2006 жылы 54,9%тен, 491,7 млрд.тенгені құрады.

 ҚР Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені ұлғайта отырып, ҚР Ұлттық банкіден банктердің қарыз алуын ынталандыратын болса, ал есептік мөлшерлемені ұлғайта отырып, банк жүйесіндегі несиенің қысқаруын қолдап, соның негізінде жалпы республика бойынша ақша айналысын реттейді. Міндетті резерв нормасының мағынасы міндетті резерв сомасы мен несиелік операциялар көлемі арасында тығыз өзара байланыстың болуын, яғни оны ҚР Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасын өзгерту үшін қолданылатын түсіндіреді.

Информация о работе Улттық банк