Улттық банк

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 20:29, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасың экономикасы жаңа қатынастардың қалыптасуына, нарықтық жүйені жетілдіруге, одан ары тереңдетуге бағытталған айтарлықтай шараларды жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуде. Сонымен қатар өз ұлттық валютамыз өзгеріп, экономикамыз күннен-күнге дамуда. Президентіміздің арнайы бұйрығы бойынша, 2006жылы, Ұлттық банк төрағасы Ануар Сайденовтің қол қойуымен енгізілді. Бұл экономикаиыздың дамуына да өз ықпалын тигізуде.

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ........... .. 3
I. ҰЛТТЫҚ БАНК
1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат. 4
1.2. Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері . . . . 6
1.3. Банктің қызмет бағыттары . . . . . . .. . . . . . . . . 7
1.4. Меншік қаражаттары мен пайдасы . . . . . . . . . . . . . . . 9
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ДАМУ ДӘРЕЖЕСІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің қазіргі кезеңдегі жағдайын талдау 12
2.2. Банк жүйесіндегі Ұлттық банктің алынған орны .. . . . . . . . .14
2.3. Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары . . . 16

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................... 23

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 355.50 Кб (Скачать документ)

 

 -Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субьектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте  алады,

Сирек жағдайларда мемлекеттік  бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын  несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді

Ұлттық банк – заңды  төлем құралын, яғни банкноталарды  шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге  сатып, қолма –қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

Ұлттық банк банкноталар  мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу,жою және қолма-қол  ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.

Қазақстан Республикасында  шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен  монеталардың көрсетілген сипаттамалары  баспасөзде жариялануы тиіс.

Валютаны өзгертуге  тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.

Ұлттық банк Қазақстан  Республикасының валютасын шет  ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасында  ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізуімен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолда алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.

Эмиссия - бұл мемлекетпен  банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол  түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.Қолма-қол  ақша түріндегі эмиссия- айналысқа  банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайы.

 

       1.4. Меншік қаражаттары мен пайдасы

Ұлттық  банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, бақа да материалдық құндыпықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Негізгі Ұлттық банк унитарлық  орган болып табылады. Мемлекет-жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор  – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа д қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып,ол өзіндік табыс есебінен толтырады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға  жатқызылатын табыстар мен шығындардың  айырмасы ретінде анықталады. Ондай  шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және мекемелері барлық салықтар ментөлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының  ұлттық банкінің негізгі міндеті  – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық банк – заңды  төлем құралын, яғни банкноталарды  шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма –қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

Ұлттық банк банкноталар  мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу,жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.

Қазақстан Республикасында  шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен  монеталардың көрсетілген сипаттамалары  баспасөзде жариялануы тиіс.

Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.

Ұлттық банк Қазақстан  Республикасының валютасын шет  ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.

Қолма-қол ақшаның  айналымы, олардың банкінің кассасына  үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

Екінші деңгейдегі банктер  корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолда алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.

Эмиссия- бұл мемлекетпен  банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол  түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

Қолма-қол ақша түріндегі  эмиссия- айналысқа банкноталар  мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайы.

Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі  себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма- қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.

Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара  бастады, бұл кассалық түсімдердің  кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде  қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың  үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.

Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет  потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банк арқылы қарызға берілуі мүмкін. Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл – сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолымен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбеюі орын алады.

Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау  арқылы жүреді.

Ақша базасы – бұл  Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие кореспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).

Артық резервтер дегеніміз  банктердің Ұлттық банкідегі корреспондеттік  шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы  қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі коррепондеттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына  байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.

Бұл – айналымдағы  қолма-қол ақшалардың банктерден тыс  орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффиценттік жылдамдығы азаяды.

Экономикадағы ақша айналысының  жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшлардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді.

Ақша айналысының жылдамды экономикалық монетаризация деңгейіне  байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.

 

 

 

 

II . ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІСІНІҢ 

      ДАМУ  ДӘРЕЖЕСІН ТАЛДАУ

       2.1. ҚР Ұлттық банкінің қазіргі кезеңдегі жағдайын талдау.

Ұлттық банкінің қазіргі  кезеңдегі ақша –несие саясатының құралдары. Пайыздық саясат ақша – несие саясатының құралдарының бірі болып табылады.Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзініңасыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.

Соңғы кездегі көрсеткіштер бойынша 2005-2006 жылғы көрсеткіштер бойынша  айта кетер болсақ, соңғы жылдары  Қазақстаның қаржылық секторы тұрақты  дамуда. 2005жылғы көрсеткіштер бойынша, бұрынғы жылға қарағанда елдің ішкі саудадағы таурлық айналымы 33,8%тен, 55,4 млрд. долл., таурлық экспорт және қызмет-34,5%тен, 30,4млрд. долл., ал импорттік тауар 32,9% дан, 25,0млрд. долл. өскен.

Ал 2004 жылмен салыстырған 2005 жылы ЖҰӨ көлемі 9,4% құраған. Төлем  балансы 2006 жылы 7,5 млрд, долл. құраған. Ал экспорттан   түсетін кіріс 2006 жылы 8млрд. долл. құраған. 2006 жылы тікелей инвестиция операциясындағы капитал 1,9 млр. долл құраған.Сонымен қатар 2006 жылы коммерциалық несиелер бойынша республикалық банк, ссудалық және еурооблгация 2,1млрд.долл., 2005жылға қарағанда,құрады. Ұлттық Банк 2006 жылы ақша базасын 1,7 %тен, 1059,0млрд тенгеге ұлғайтты.

Мемлекеттік казыналық  міндетемелер, банаралық несиелер сауда  мәніне сай келеді. Жалпы барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 2004 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.

Ұлттық банкінің ноталы және казыналық вексельдер бойынша  табысы Ұлттық банкінің банк аралық несие бойынша табысынан төмен жағынан несиелреге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.

Резервтік талаптар банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы» Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен 30% мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ға дейін төмендеді.

2005 жылдың басында жалпы банктер арасында баламалы резервтерден құрылған банктердің үлес салмағы 1645%-ын құрады, ал жыл аяғында – 48,4%.

2005 жылы банктердің 38,5%-ы резервтік талаптардың орындалуын бұзды. Мұндай банктерге айып-пұл санкциялары қолданылды.

Ұлттық Банкте қолма-қол ақша айналысы 8,8%ден, 503,4млрд. тенгені, ал банктік жүйедегі депозиттер 8,3%тен, 2010,5 млрд. тенгені құраған.Ақша массасындағы  қолма-қол ақша айналысы 20,0% құраған.

Несие операциялар Ұлттық банкі пен Қазақстан Республикасының  Министрлер Кабинеті арасындағы, 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгіленген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер.

1994 жылы Министрлер  Кабинетінің қарамағына Ұлттық  банк ұсынған (27,5 млрд. теңге) несиелердің  75%-ы несиеге берілген. Сонымен  бірге, бюджеттің кірісіне бөлінбеген  пайда және 16,5 млрд. теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17% несиесін құрады.

Информация о работе Улттық банк