Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 17:38, курсовая работа
Сондықтан да салықтар мен кірістерді бюджеттердің түрлері бойынша бөлу жүйесі біртұтастық принципіне (салықтардың мөлшерлемесімен түрлерін үйлестіру) және дербестікке иек артуға тиіс. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұнын қарастыру, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің топтарының арасында шығындар мен табыстарды бөлу, бюджет тапшылығының экономикалық мазмұнын, бюджет тапшылығының пайда болу тетіктерін, ашу болып отыр.
Кіріспе...........................................................................................................................3
I Бөлім Мемлекеттік бюджет мәні және мазмұны
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, мазмұны...................................4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің экономиканы басқару құралы ретінде.....................9
1.3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін бөлу.....................................12
II Бөлім Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі
2.1 Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі..............21
2.2 Мәдени салаларға жұмсалатын шығыстар......................................................24
2.3Шаруашылық саладағы мемлекеттік бюджеттердің қаржылық негіздері .........................26
Қорытынды.................................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мемлекеттік радио хабарын таратуды, теледидар баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.
2.3 Шаруашылық саладағы мемлекеттік бюджеттердің қаржылық негіздері.
Шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстардың негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық байлықты – халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы қаржы жүесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық материалдық емес игіліктер жасалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар – ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструментті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыландырусыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші
субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық
– пайдалы қызметтің сан
алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда,
дайындау, геологиялық барлау, жобалау
қызметі, халыққа тұрмыстық
қызметтерін, түрлі қаржы, несие,
сақтық, ғылыми, білім, медицина,
ақпарат, маркетинг және басқа
қызметті жүзеге асыратын
кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың,
концерндердің, ассоциациялардың,
салалық, кооперативтік ұйымдардың,
мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Қорытынды.
Нарыққа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық арақатынастарын жақсартуға ықпал етеді , нарықтық инфрақұрлымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысын қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғарғы тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы қаржылық өзара қарым - қатынастарды одан әрі демократияландыру мен жетілдіруді қажет етеді .
Республикалық бюджеттердің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді ішкі бақылау жөніндегі ортақ уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік қаржы бақылаудың стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына, республикалық бюджеттің және төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына, бақылау іс – шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жузеге асырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Информация о работе Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі