Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 17:38, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан да салықтар мен кірістерді бюджеттердің түрлері бойынша бөлу жүйесі біртұтастық принципіне (салықтардың мөлшерлемесімен түрлерін үйлестіру) және дербестікке иек артуға тиіс. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұнын қарастыру, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің топтарының арасында шығындар мен табыстарды бөлу, бюджет тапшылығының экономикалық мазмұнын, бюджет тапшылығының пайда болу тетіктерін, ашу болып отыр.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
I Бөлім Мемлекеттік бюджет мәні және мазмұны
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, мазмұны...................................4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің экономиканы басқару құралы ретінде.....................9
1.3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін бөлу.....................................12
II Бөлім Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі
2.1 Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі..............21
2.2 Мәдени салаларға жұмсалатын шығыстар......................................................24
2.3Шаруашылық саладағы мемлекеттік бюджеттердің қаржылық негіздері .........................26
Қорытынды.................................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі.doc

— 149.00 Кб (Скачать документ)

        Тапшылықтың   ұтымды   деңгейі   деп   елдің   жалпы    ішкі өнімге   қатысты 2-3%  мөлшері саналады. Мұндай   жағдайда  тапшылық  мемлекеттік    қарыздар   шығарудың   немесе   қарыз   ақшалар  эмиссиясының  көмегімен  біршама     жеңіл   жабуы   мүмкін.

Бюджеттің  едәуір   және   созылмалы   тапшылығы   кезінде    қарыздар   мемлекеттің    қажеттіліктерін   жаппайды,  олар  ақшаның қосымша  (яғни   тауар  айналымының қажеттілігінен  тыс)   эмиссиямен    қамтамасыз етіледі,  бұл   инфляцияның   дамуына,   ақша   айналысы   заңының  бұзылуына,    ақшаның құнсыздануына,  нақтылы табыстардың    және   халықтың    тұрмыс   деңгейінің   төмендеуіне    апарып   соғады.

  Бюджет   тапшылығы   экономиканың  жай-күйін  қамтып  көрсетеді, ал  оның   болуы мына   себептерге байланысты:

  1. Елдің  экономикасында өндірістің   жалпы   құлдырауы;
  2. Қоғамды   өндіріс  шығындарының  өсуі;
  3. Айналысқа   тауар  жиынымен   жабылмайтын ақшаны  шектен тыс   шығару;
  4. Бюджеттің   шығыстарында  экономиканың   даму   деңгейіне    сәйкес   келетін едәуір әлеуметтік  шығыстардың   басымдылығы;
  5. Әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға  жұмсалатын   әскери   шығыстарын   қаржыландырудың қомақты   ауқымы;
  6. «Көлеңкелі» экономиканың   ірі   ауқымды  айналымы;
  7. Ұлттық  шаруашылықтағы  өнімсіз   шығыстар мен  ысыраптар;

Бюджет   тапшылығының  екі  түрі   бар :

1. Құрылымдық   тапшылық - мемлекеттің  шығыстарының   салықтардан   өсуінен   көруге  болады.

2. Циклдық тапшылық - бюджет  тапшылығының   факталық  және  құрылымдық  тапшылықтардың   арасындағы  айырмашылық.

Бұл  тапшылық   өндірістің  циклдық  төмендеуінің  мынандай әдістері болады:

    1. Шығыстар   тұрақты, кірістер  өседі;

    2. Кірістер  тұрақты,  шығыстар  азаяды;

    3. Кірістер  өседі, шығыстар  азаяды;

Тапшылықты қаржыландыру - оны жабу үшін қосымша ақша   қаражаттарын  іздестіру.

Бюджет  тапшылығын  қаржыландырудың  жолдары :

1. Ақша  белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлеуметтік-экономикалық салдары  болатын  инфляцияға  жеткізеді. Өз  кезегінде  ақша эмиссиясы айналысқа  ақша белгілерін тікелей шығаруда, жанама түрде мемлекеттік   бағалы  қағаздар   шығару  және  оларды  коммерциялық  банктерге өткізу  арқылы да тұлғалану мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтеріне   көбейтуді және  банктік мультипликатордың арасында  айналыстағы  ақшаның   санын  көбейтеді.

2. Мемлекеттік қарыздар.  Бұл  жағдайда қаржыландыру бос ақша    қаражаттары бар  компаниялар,  банктер және т.б. қатысады.

3. Шетелдік қарыздар. Олардың Дүниежүзілік валюта қоры, басқа  халықаралық   қаржы  ұйымдары,  үкіметтер,  банкткер береді.

4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда  мемлекет  басқа субьектілерге өзінің  активтерін сатады.

Салықтардың мөлшерін көбейту бюджет тапшылығын   қаржыландырудың әдісі емес, оны қарастырудың амалы  болып табылады. Бюджеттің  кірістерін   көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге,  басқа  экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы  басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру   мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның   әлеуметтік-экономикалық дамуына  жәрдемдесетін болады.

Бюджет  тапшылығына  қатысты  фискалдық саясат үш тұжырымға   негізделеді.

1. Жыл сайынғы теңгерілетін  бюджет. Мұндай  бюджет   мұндайға   дейін фискалдық саясатың мақсаты деп есептеледі. Алайда бюджеттің   мұндай  жай-күйі фискалдық   саясаттың    тұрақтандырушы, циклге  қарсы   бағыттылығын  азайтады. Бюджетті  теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайту   мүмкін.  Жұмыссыздықтың  болуы   және  халықтың   табысының   құлдырауы   кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл  жағдайда  бюджетті   теңгеру үшін  мемлекетке  не   салықтардың   мөлшерлемелерін  арттыруы, не  мемлекеттік  шығыстардың қысқаруы, не бұл екі әрекеттерді жүзеге асыруы   қажет.

Қорытындысы   жиынтық  сұранымының   қысқаруы  және  өндірістің   одан сайын құлдырауы болып табылады.  Бюджетті   теңгеру  саясаты  сонымен   бірге инфляцияны  үдетуі  мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай   табыстардың артуы   автоматты   түрде  салық  төлемдерін көбейтеді.

 Бюджеттердің  артығын   жою   үшін  мемлекет    мына  шараларды   қолдануы  тиіс:  не  салықтардың   мөлшерлемесін   төмендету, не мемлекеттің   шығыстарын  көбейтуі,  не  бұл  шараның   ұштастырылуын   пайдалануы  тиіс.

2. Циклдық негізде теңгерілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес  бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдің барысында теңгеріледі, өндірістің  құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп   жасап отырып  салықтарды    азайтады  және  шығыстарды көбейтеді.

3. Қаржылық функциялық тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды  қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті  теңгеру болмашы мәселе  болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да бюджет артықшылығының да болуына рұқсат етіледі. Бұл жағдайға экономикалық  өсуге   қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде   қамтамасыз етеді, ал макроэкономикалық тұрақтылық  бұл   ынталандыратын   болады, мұның  нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп   шамалауға болады.

Циклдық негізінде және функциялық қаржы тұжырымдамасында    теңгерілетін  бюждеттің тұжырымдамасына   бағдарланған   фискалдық саясат  ақша  айналысының  жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының  қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарның бағыттары бойынша тиімді   шаралардың  негізделген   бағдарламасын  әзірлеуді   қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Бөлім. Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің  ролі.

 

2.1. Шаруашылық және  мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі.

 

Президент тапсырмасына сәйкес жаңа үшжылдық бюджет шаруашылық және мәдени салаға бюджеттен келесідей тапсырмалар қарастырылғаны баршамызға мәлім:

    • Тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерінен 2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы – 25%, 2010 жылы – 25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50%-ға дейін өсірілуге тиіс;
    • Мемлекеттік әлеуметік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9% арттыруды;
    • Сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2010-2011 жылдары кезең-кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерінен 2,5 есеге арттыруды;
    • 2010 жылдан бастап 4 және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшерін 2007 жылға карағанда 4 еседен асыра өсіруді;
    • бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы – 25%, 2010 жылы – 25%, 2011 жылы – 30% арттыру қамтамасыз етілуі тиіс;
    • тарихи атажұртына көшіп келу үшін оралмандарға бөлінетін жыл сайынғы квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына жеткізуіміз керек.

 Президент Жолдауында  айтқандай, әлеуметтік игілікті қамтамасыз ету өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ еліміздің адам ресурстарын ұлғайтумен қатар жүргізілуге тиіс. Еліміздің ғылыми, білім беру және денсаулық сақтау кешендерінің басты мұраты осы.

Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.

Бірінші. Үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік  беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтауымыз қажет.

Екінші. Кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыру.

Бұған, ең алдымен, жұмыс  берушілер мен олардың қауымдастықтары, яғни бірінші кезекте осындай  кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді түрде тартылуы қажет.

Үшінші. Елбасы Үкіметке «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуді тапсырды. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

Төртінші. Халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде мәселенің шешімін әзірлеу.

Елбасы Жолдауында атап кеткендей, бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы азаматтарымыздың талаптарына әзірше сай емес. Бұл денсаулық сақтау саласының басты мәселесі.

Бірінші. Үкіметке денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруы тапсырылды.

Екінші. Елбасымыз көрсеткендей, басымдықты аурудың алдын алуға, яғни алдын-ала диагностика жүргізу, ауруды анықтау мен емдеу сияқты қолданыстағы бағдарламаларды қайта саралауға бағыттау қажет.

Үшінші. Медицина қызметкерлерін қосымша даярлау мен қайта даярлау, оларды сертификаттау мен лицензиялау жолымен біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеу.

Төртінші. Елбасы ерекше назар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге аударды. Елге әкелінетін медициналық препараттардың сапасына қатаң бақылау орнатып, белсенді түрде отандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға қажетті инвестиция тартуды тапсырды.

Бесінші. «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылым дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек.

Осыған орай жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бойларын сергек ұстауына, сөйтіп өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауымыз қажет.

Біздерге салауатты  өмір салтын кеңінен насихаттау жұмыстарын жандандыру қажет. Президент айтқандай, бұл мемлекеттік маңызды мәселе, сондықтан біздер оған барынша ауқымды дәрежеде көңіл бөлуіміз керек.

Демографиялық ахуалды  түбегейлі жақсарту жөніндегі кешенді  шараларды белгілеу қажет.

Дені сау ұлт – жалпыұлттық міндет. Оны жүзеге асыру мәселесіне отандық бизнес-қауымдастық белсенді қатысуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Мәдени  салаларға жұмсалатын  шығыстар.

 

Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты  әлеуметтік-мәдени шараларға – оқу ағартуға, ақпараттық қызметтер көрсету (баспасөз, радио, теледидар), өнерге, денсаулық сақтауға, мемлекеттік әлеуметттік сақтандыруға жұмсалатын шығындарды  қаржыландыру  болып табылады.

     Соңғы уақытта елімізде әлеуметтік – мәдени  шараларды қаржыландырудың жаңа қағидаттары еңгізілді: әлеуметтік сфераның мекемелері ішінара қаржыландырудың шаруашылық есеп негіздеріне, сақтандырудың қағидаттарына көшуде. Білім беру сферасында – бұл кепілдірілген бюджеттік нормаларға  қосымша білім және кәсіби машық үшін  ақылы оқуды қолдану, денсақлық сақтауда – ақылы медициналық қызмет  көрсетуді дамыту.

Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға, жалпы білім беретін мектептерге, мектептен тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму  мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған  арнаулы білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік  білім беру орындарына  бөлінеді.  Аталған барлық шығыстар  мемлекеттік кепілдендірілетін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен  жабылады. Білім беру мекемелерін қаржыландыру  бұл мекемелердің түрлері мен тұрпаты бойынша әр оқушыға аңықталатын мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

        Қызметкерлер  мен өндірістегі  басқа кадрларды даярлау  және  олардың біліктілігін арттыруға  жұмсалатын  шығыстар өнімінің  өзіндік құнына кіріктіріледі.

Білім беру мекемелері  бюджеттен тыс  қаражаттарды және ресурстарды, соның ішінде волюталық ресурстарды, ақылы оқыту кәсіпорындар мен ұйымдар – демеушілер береді.

      Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңына сәйкес  гранттар және  кредиттер негізінде жоғары білім беруді қаржыландырудың  жаңа механизмі  қолданылады: бірінші жағдайда  қаражаттар қажетті профильдің  мамандарын даярлау үшін мемлекеттік бюджет есебінен өтеусіз бөлінеді, екіншісінде оқитындарға келісімшарт негізінде коммерциялық банк құрылымдары тарапынан ұзақ мерзімді несие беріледі.

Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет  үйлерін, мұражайлар мен  көрмелерді, театрларды,  филармонияларды, сазгерлік ұйымдарды, ансамбльдерді, киностудияларды ұстауды қамтиды; олар бюджеттен, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық  ұйымдардың  қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Мәдениет  пен шығармашылықтың бірқатар мекемелері  шаруашылық  есепте тұрады және  олар бойынша меншікті  табыстарымен жабылмайтын шығыстардың мөлшерінде бюджеттен демеу қаржының  сомасы  белгіленеді.

Информация о работе Шаруашылық және мәдени саладағы мемлекеттік бюджеттің рөлі