Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2012 в 17:39, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың діңгегі - энергетика. Еліміздің әлеуметтік ахуалының жақсаруы, экономикасының дамуы - тікелей энергетикалық әлеуеттке байланысты. Қазақстан келесі жылы электр энергетикасына қаржы салуға ең ыңғайлы нарықтың бірі болады. Сондай-ақ қазір Қазақстанда энергетика саласына инвестиция тартумен қатар, қалпына келетін энергия көздерін дамыту ісіне де көп көңіл бөлініп отыр.
ӘОЖ 332.33:338.436.33 Қолжазба құқығында
ШОМАНОВА БОТАГОЗ АЛТЫНБЕКОВНА
Электрэнергетикалық кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын бағалау
(Қызылорда облысының мәліметтері негізінде)
6 М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Рефераты
Кызылорда, 2012
Ғылыми жетекші
Ресми оппонент
Диссертацияны қорғау 2012 ж. ____ маусымда ____ сағатта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі, 29А. ( бас оқу ғимараты, Экономика факультеті, № 308 дәрісхана)
Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100.)
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың діңгегі - энергетика. Еліміздің әлеуметтік ахуалының жақсаруы, экономикасының дамуы - тікелей энергетикалық әлеуеттке байланысты. Қазақстан келесі жылы электр энергетикасына қаржы салуға ең ыңғайлы нарықтың бірі болады. Сондай-ақ қазір Қазақстанда энергетика саласына инвестиция тартумен қатар, қалпына келетін энергия көздерін дамыту ісіне де көп көңіл бөлініп отыр. Еліміздегі энергияның 75 пайызы көмірдің көмегімен, 12 пайыздан астамы газды-мазуттан, 9 пайызы су электр стансалары арқылы өндіріледі. Электр қуатын өндіру ісінде экологиялық жағынан таза технологиялардың үлесі артып отыруына байланысты қалпына келетін энергия көздері 2014 жылға қарай 1 миллиард киловатт сағатты құрауы қажет. Бұл энергия тұтыну көлемінің 1 пайыздан астамы. Ал 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 3 пайызға жетеді. Қазақстанда 2010 жылдың қорытындылары бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 82 миллиард киловатт сағатты құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 миллиард киловатт сағаттан асатын болады. Қазақстанның ұлттық электр торабы (ҰЭТ) электр энергиясының 2020 жылға дейінгі болжамдық теңгеріміне сәйкес 2015 жылы электр энергиясын тұтыну 100,5 млрд киловатт сағатты құрайды, электр энергиясын өндіру - 103,4 млрд киловатт сағат. Сондай-ақ, 2020 жылы электр энергиясын тұтыну - 116 млрд киловатт сағат, электр энергиясын өндіру - 120 млрд киловатт сағат.
Қазақстанда электр энергиясын өндіруді меншік нысаны әртүрлі 60-тан астам электр стансасы жүзеге асырады.
Ел басының «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3 миллиард доллар тұратын Балқаш ЖЭС – інің бірінші модульнің құрылысы басталатындығын және жеделдетіп іске асырылатындығын ерекше атап өтті [1].
Электр энергиясы
Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржылық тұрақтылық жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақстанда электр энергетика саласы кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығы проблемаларын жан-жақты зерттеуді қажет ететіндіктен туындаған ғылыми ізденістер мен жұмыстар баршылық. Солардың ішінде А.Кошановтың, Ұ.Ж.Шалболованың, Б.Хисаровтың, Ш.Шокинның, Э.Түркебаевтың, О.Баймұратовтың, Н.Мамыровтың, К.Дүкенбаевтың, А.Әшімовтың, Б.Жапаровтың, Б.Алияровтың, О.Егоровтың, Ә.Әлімбаевтың, А.Түкеновтың, Ж.Давильбекованың, Г.Даукеевтің, А.Жакуповтың, А.Қазыбайқызының және т.б. отандық ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Сөйте тұра, электр энергетика кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығының тиімді жүйесін қалыптастыруға байланысты мәселелер терең зерттелмеген. Осы проблемалардың жеткіліксіз зерттелуі және өзектілігі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдап алуға, оның мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттудің негізгі мақсаты электр энергетика кәсіпорынның қаржы ресурстарын, қаржылық тұрақтылығын кешенді түрде талдау негізінде оларды тиімді пайдалану бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер шешу қарастырылады:
- қаржы ресурстарының мәнін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып «қаржылық тұрақтылық» түсінігінің тұжырымын нақтылау;
- кәсіпорында қаржылық тұрақтылықты талдаудың тиімді әдістерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасында электр энергетика саласының қазіргі даму жағдайын зерделеу;
- электр энергетика кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайына талдау жасауды қамтамасыз ететін сатистикалық материалдарды жинақтап, жүйелік сараптама жүргізу арқылы келелі түйіндер жасау;
- әдістемелік негіздерді пайдалана отырып электр энергетика кәсіпорынның капиталының оңтайлы құрылымын анықтау;
- кәсіпорын табысын
арттыруды перспективалық
- Қазақстан Республикасында электр энергетика саласын дамытудың басым бағыттарын айқындау.
Зерттеу нысаны ретінде Қызылорда облысының электр энергетикасы саласының кәсіпорыны алынды.
Зерттеу пәні ретінде электр энергетика кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қаржылық тұрақтылығы, төлем қабілеттілігі қарастырылды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін отандық экономист-ғалымдардың электр энергетика нарығының даму мәселелері бойынша еңбектері құрады. Диссертациялық жұмыста ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы, ҚР-ның Статистика жөніндегі агенттінің ресми статистикалық деректері, қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарияланған талдамалық материалдары, зерттеліп отырған кәсіпорынның қаржылық есеп мәліметтері пайдаланылды. Диссертациялық жұмыста логикалық, монографиялық, статистикалық–экономикалық және жүйелік әдістер және қаржылық– экономикалық талдау әдістері, экономикалық-математикалық моделдер пайдаланылған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы келесі мәселелермен анықталады:
- «қаржылық тұрақтылық» түсінігіне қатысты теориялық дәлелдеулер ұсынылған;
- кәсіпорында қаржылық
тұрақтылықты талдаудың
- электр энергетика
кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық
қызметін талдау арқылы
- қаржылық тұрақтылықты бағалау әдістемесі жетілдіріліп, меншікті және қарыз капиталын бағалаудың тиімді жолдары ұсынылған.
- электр энергетика кәсіпорындағы табысты болжаудың моделі ұсынылған.
Диссертацияның қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдары:
- қаржылық тұрақтылықтың мәні мен маңызы және теориялық негіздері
- қаржылық көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау әдістері;
- электр энергетикасы
кәсіпорынның капиталын
- электр энергетикасы
кәсіпорынның табыстылығын
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы
Зерттеу жұмысы электр энергетика кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын негіздеудің
теориялық-әдістемелік негізін
Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі мен жариялануы. Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары, қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалған. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 1,0 шартты баспа табақ 3 ғылыми мақала жарияланды. Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу нәтижелері «Қызылорда облыстық электр энергиясын тарату компаниясы» АҚ - да экономика бөлімінде есептік баяндамаларында және іс-шаралар жоспарын жасақтауда пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 95 бет көлемінде баяндалған және ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 22 кестеден тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығының мәні мен
Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын бағалау – бұл уақыттық көрсеткіштердің өзгеруінің динамикасын және тенденциясынанықтауға мүмкіндік беретін, басқарушылық, кадрлық және қаржы-экономикалық қызмет қорытындыларын мінездейтін әрекеттер кешені.
Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын бағалау келесілерді шешуді мақсат етіа санайды.
Біріншіден, банкрот болуды мойындау үшін істі озғауда алғы шарттары бар жоқтығы.
Екіншіден, кәсіпорынның меншіктік қатынастардағы міндеттерінің қаншалықты орындалғандығы, анықтырақ: бюджеттің барлық деңгейіндегі салықтарды төлеу бойынша, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдердің бар немес жоқтығы, барлық меншік түрлеріне байланысты қабылданған мемлекеттік деңгейде кәсіпорынды қалыптастырудағы шешімдердің орындалуы.
Үшіншіден, қызметті уақытылы және сапалы орындау үшін айналым құралдарын толтыру үшін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілік деңгейінің жеткіліктілігін анықтау.
Төртіншіден, тапсырысты өз уақытында орындау үшін, басқару шешімдерді қабылдау негізіне, бухгалтерлік есептің сапасын, толықтығын, дұрыстығын анықтау.
Бесіншіден, кәсіпорынды
басқару органдарынң
Қысқаша айтсақ, кәсіпорынның
экономикалық тұрақтылығын бағалау
процесінде нарықтық қатынастар жағдайында
тұрақты қызмет ету мүмкіндігі айқындалады,
немес қалыптасу процесіне
Тұрақтылықтың әрбір түрінің мазмұнын жеке-жеке 1- сурет бойынша қарастырайық:
- ішкі тұрақтылық - қызмет
етудің жоғары нәтижелігін
- сыртқы тұрақтылық - мемлекет шегінде сәйкесінше басқару жүйесімен жүзеге асырылатын, ұйым әрекет ететін экономикалық орта тұрақтылығын білдіреді;
- «мұраланған» тұрақтылық
- кездейсоқтықтан және сыртқы
жағымсыз, тұрақсыз факторлардың
шұғыл өзгерісінен сақтап
- жалпы тұрақтылық - инвестициялық
жобалардың тиімділігін;
Ескерту – Абрютина М.С. Современные подходы к оценке финансовой устойчивости и платежеспособности компании. // Финансовый менеджмент. -2006. - №6. - С. 14-17.
1сурет - Кәсіпорынның тұрақтылығының түрлері
- қаржылық тұрақтылық
- табыстың шығыстан тұрақты
Информация о работе Электрэнергетикалық кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын бағалау