Банк ісіндегі ақпараттық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:41, курсовая работа

Краткое описание

Сақтандыру — сақтандыру ұйымдары мен жеке заңды тұлғалар
арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе
сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге
қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері
(жауапкершілікті сақтандыру). Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен
өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады. Сақтандырушы сақтандыру қызметін өз агенттері мен делдалдары арқылы жүзеге асырады. Сақтандырылатын
болжалды оқиға сақтандыру тәуекелдігі (қатері) болып табылады. Сақтандыру тәуекелдігі ретінде қарастырылатын оқиғаның басталуында ықтималдық пен кездейсоқтық белгілер болуға тиіс. Ол белгілі болған жағдайда сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыдан сақтандыру өтемі түрінде немесе сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыруды қамсыздандыру түрінде сақтандыру төлемі төленеді. Сақтандыру шартында айқындалған немесе заңда белгіленген ақшалай сома
сақтандыру сомасы деп аталады, осы соманың негізінде сақтандыру
жарнасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері белгіленеді.
Мүлікті сақтандыруда сақтандыру сомасы оның шарт жасасу сәтіндегі шын құнынан (сақтандыру құнынан

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.жұмыс.docx

— 2.17 Мб (Скачать документ)

нарықтық  сұраныс сыртқы ортаның басты  элементтерінің бірі, оған

сақтандырушының нарықтық коммерциялық қызметінің негізгі  күш-қуаты 

бағытталған. Сақтандырушының шешім қабылдауы келесі экономикалық және

психологиялық алғы шапрттарға негізделеді:

- адам әрқашанда аз қаржы жұмсап, өзінің сақтық мүдделерін жоғары деңгейде қанағаттандыруға ұмтылады және жұмсаса бұрын, ол ең алдымен шарттағы осындай іс-әрекеттерді қамтитын қағидаларды оқып танысады.

- сақтандырушы әрқашанда тиімді жағын қарастырады, өте жақсы вариантты

таба алмағаннан кейін, адам өз тілегі мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктерінің

арасындағы  тиімді тепе-теңдікті тауып, келісімге  келеді.

Сақтандыру  компаниясының техникалық деңгей факторындағы нарықтың сыртқы ортасына – компьютерлік техникамен жабдықталуы, телефакстың 

болуын және электрондық байланыс каналдарының болуы жатады.Сондықтан да, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметтің сақтандырусыз алға баса алмайтын белгілі. Кәсіпкерлік қызметте ынталылық, табандылық

танытқан, дәстүрлі де, қарапайым да, емес жаңама шешімдер іздеген жан ғана көптеген табыстарға жете алады. Ондайда көп нәрсе  белгісіз болғанмен істің 

сәті түсуіне  есептен тәуекел етеді. Кәсіпкерлікті  сақтандыру нарықтың

зерттелген  кеңістігінде кезігетін жайсыздықтардан  қорғайтын кепілдікті

күтпеген  қолайсыздыққа қарсы қою арқылы ақырғы нәтижелерге қол жеткізуге  бағытталады. 
   Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық, биржалық, валюталық, техникалық, құқықтық, саяси тәуекелдіктер айырықша көкейтестілікке ие

болады. Бұл  арада сақтандыру қорғап қана қоймай, нарықтық қатынастарға қатысушылардың арасындағы қаржылық және заңдық өзара  байланыстардың

факторларын де реттейді. Кез-келген кәсіпкерлік қызметтің көздейтін түпкі

мақсаты пайда  табу, іске жұмсалатын капиталды көбейту. Сондықтан ақырғы нәтижедегі сақтандырудың маңызы мынаған саяды: күтілген кіріске немесе белгіленген пайданы түгел алмауға орай мүмкін болатын ысырапқа жол бермеу.

Пайданың  ысырабына (түгел алынбауы) апаарып  соқтыратын себептерді шартты түрде  үш топқа бөлуге болады:

1) дүлей апат, авария және өзге де соларға ұқсас оқиғалар кезінде өндіріс       үдерісінің бұзылуы;

2) нарықтық жағдайлардың өзгеруі, серіктестіктер тарапынан және

  технологиялық тәуекелдіктерді игеру;

3) жаңа техникалар мен технологияларды, өзге техникалық және технологиялық   тәуекелдіктерді игеру;

Факторлардың осы топтары сақтандырудың  саясына енгізілуге тиіс.

Көптеген  елдерде сақтандыру нарығында қаржы  ресурстарының тасқыны әлденеше есе көбейтетін кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру, сақтандыру

қызметінде  үлкен үлес салмақты иеленеді.Нарықты  экономика жағдайында

сақтандыру  коммерциялық қызмет саласына көбірек  айналады. Сондықтан 

белгіленген тәуекелдіктерді сақтандырған  кезде сақтандырушы ондай

мәміледен не алатынын алдымен ойлайды. Демек, ірі  тәуекелдктің қауіптілігін білген сақтандырушы сақтандыру шартын жасамайды.

Сақтандыру  қызметтің аясын кеңейту іздестіргенде  кәсіпкерлік қызметпен 

байланысты  жаңа объектілер тартылады. Қазіргі уақытта қордың қызметі жетілген. Кепілдік беру тәртібі депозитті сақтандыру жүйесімен басшылықтың тиімділігіне сәйкес келтіріледі және де қаржы тұрақтылығының форумымен

қабылданады.

Қор қызметінің мақсаты – заңды тұлғалардың  ақша қаражаттарын кері қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады және де екінші деңгейдегі банктердің депозиттік салымдарын тарату. Яғни белгілі бір мерзімге Қорға қатысушы банкке салынған халықтың ақшасы сақтандырлған болып есептеледі. Бұл дегеніміз қатысушы банк пен  осы банкте сақталған халықтың немесе кәсіпорынның есебін аударылады.

 

1.4 Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын функциялары

 

Сақтандыру  бұл сақтандыру ұйымы өз активтері  есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру нарығында  белгіленген, сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде  жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру нарығы сақтанушы мен сақтандырушының  сақтандыру нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастарының жиынтығын қамтиды.

Нарықтық  экономикада сақтандыру ісіне мемлекеттің  монополиясы бұзылған: мүліктік және жеке басты сақтандырудың барлық түрлерін жүргізген бір ғана органның – Мемлекеттік сақтандырудың  орнына сақтандыру

нарығында бірнеше  сақтандыру компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің түрлі  нысандарының қоғамдары құрылды. Қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де қамтиды: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді (валюталық бағамның өзгеруі, ереуілдер  кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы, соғыс қимылдары, жұмыссыздық, экологиялық  тәуекелдерді және т.б.) сақтандыру.

Сақтандыру  нарығы дегеніміз ақшалай қатынастардың  сферасы, онда сатып алу-сату обьектісі  «ерекше тауар» - сақтық қызметі  болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.

Сақтандыру  нарығының ішкі ережелері:

1. сақтандыру  нарығы бөлімшелерінің құрылымын,  міндеттерін,

    функциялары мен өкілеттіктерін  айқындауға тиіс;

2. ішкі  аудит қызметінің және басқа  тұрақты жұмыс істейтін органдардың

    құрылымын, мүшелерінің санын,  міндеттерін, функциялары мен 

    өкілеттіктерін айқындауға тиіс;

3. сақтандыру  нарығының техникалық, инвестициялық,  кредиттік,

    операциялық, нарықтық және басқа  тәуекелдерді басқару жүйесін 

    айқындауға тиіс;

4. құрылымдық  бөлімшелер басшыларының құқықтары  мен міндеттерін 

    айқындауға тиіс;

5. сақтандыру  нарығының лауазымды тұлғалары  мен жұмыскерлері оның

    атынан және оның есебінен  мәмілелерді жүзеге асырған кезде  солардың 

    өкілеттіктерін айқындауға тиіс;

Сақтандыру  нарығындағы функциялар: бөлу, бақылау, реттеуші,

коммерциялық, бағалық, сенімділік.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде

көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын

қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының бөлу мүмкіндігін жоюға 

бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті

түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Реттеуші функция дегеніміз  мемлекеттің тарапынан сақтандыру нарығын реттеуді қарастыруға негізделген. Сонымен қатар сақтандыру нарығындағы  операциялардың жүргізілуін ретке  келтіріп, кемшіліктерін жояды.

Коммерциялық функция сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін  табыстарды мейілінше жоғары деңгейге көтеру.

2 МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН  ҚҰРУДЫ ТӘЖІРБИЕЛІК НЕГІЗДЕУ              

 

        2.1 Есептің қойылу шарты

 

МҚБЖ Access ортасында «Емхана» мәліметтер қорын құру. Мәліметтер

қорында емхана қызметкерлері мен науқастар жайлы толық мағлұматтар және

көрсететін қызметтер туралы ақпарат қамтылуы тиіс.

«Емхана» мәліметтер қорын құру барысында «Дәрігерлер», «Науқастар»,

«Қосымша қызметкерлер», «Дәрігерлерге жолығу», «Дәрі-дірмек» атты

кестелер құрылып, олардың  әр кайсысына форма жасалынды  және сұраныс,

есеп беру командалары  орындалды.

 

 

сурет-2.1. «Дәрігерлер» кестесі

 

 

сурет-2.2. «Науқастар»  кестесі

 

 

 

сурет-2.3. «Қосымша қызметкерлер» кестесі


 

сурет-2.4. «Дәрі-дәрмек» кестесі

     

сурет-2.5. «Байланыс сұлбасы»

 

 

«Дәрігерлер», «Науқастар», «Дәрігерлерге жолығу» кестелері бір-бірімен бірдің көпке байланысы арқылы байланысқан. Сондықтан бір кестеге кіргізген

мәлімет екіншісіне автоматты  түрде жазылады(сурет-2.5).

 

 

сурет-2.6. «Дәрігерлер» сұранысы

 

Дәрігерлердің аты-жөні бойынша сұраныс жасау көрсетілген (сурет-2.6).

сурет-2.7. «Дәрігердің аты-жөнін енгізу»

 

 

 

сурет-2.8. «Сұраныс бойынша нәтиже»

 

сурет-2.9. «Науқастарға есеп беру»

 

2.2 Есепті шешу жолдарына сипаттама

 

Жұмыс ыңғайлы  болу үшін макрос командасын қолдану  арқылы барлық

формалар  басты формаға жинақталды(сурет-2.11).

 

 

сурет-2.10. «Макрокоманда»

 

 

 

сурет-2.11. «Басты форма»

 

«Дәрігерлер» формасында есеп беру, сұраныс жасау, жаңа дәрігерді

енгізу, барлық дәрігерлердің тізімін шығару командалары орындалды

(сурет-2.9).

 

 

 

сурет-2.12. «Дәрігерлер» формасы

 

 

сурет-2.13. «Науқастар» формасы

 

 

сурет-2.14. «Қосымша қызметкерлер» формасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Курстық жұмысты қорыта келе,алдымен әрбір  бөлімнің түйінің айта

кетсем. Бірінші бөлімде, сақтандыру дегеніміз не және оның даму тарихы,

экономикалық-әлеуметтік негіздерін және сақтандырудың мақсатын,

категорияларға  бөлінуіне байланысты белгілерін, функциялары  ашып

көрсетілді. Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша

сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі.Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты  себеп – бұл өндіріс пен  адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Мүлікті сақтандыру, жеке басты сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру , кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру , әлеуметтік сақтандыру түрлеріне бөлінеді және міндетті, ерікті сақтандыру нысандарында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бұл курстық жұмыста сақтандыру нарығы мен сақтандырудың экономикалық мәні және оның қалыптасу жағдайы қарастырылды.

Сақтандыру  нарығы дегеніміз ақшалай қатынастардың  сферасы, онда сатып алу-сату обьектісі  «ерекше тауар» - сақтық қызметі  болып табылады

және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.

Екінші бөлімде, МҚБЖ Access ортасында «Емхана» мәліметтер қоры

құрылды және қызметкерлері мен науқастар жайлы толық мағлұматтар және

көрсететін қызметтер  туралы ақпарат қамтылды. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер қорының көмегімен іске асырылды.

Мәліметтер қоры белгілі бір арқаулы ауқымға қатысты мәліметтерді

баяндау, сақтау мен амал – тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.

Мәліметтер базасы дегеніміз  ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Электронды МБ-ның басты қасиеті – ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау, сондай – ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру мүмкіндігі. Қазіргі заманда ақпараттық

технологиялардың дамуына байланысты кез келген мекеме, жеке кәсіпорын,

фирмалардардың т.б.ұйымдардың мәліметтер қорының болуы, жұмысты

жеңілдетуге мүмкіндік беретіні анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1. Сақтандыру қызметінің қазіргі  жағдайы мен даму ерекшеліктеріне  талдау //

    Ізденіс. – 2009.   – № 2 (2). – 18-23 бб.

2. Қазақстан Республикасында сақтандыру  қызметін ұйымдастырудың 

     басымды бағыттары // ҚазЭУ хабаршысы. – 2009. – № 4. – 25-30 бб.

3. Место и роль страхования  в социально-экономической системе  общества

4. С. Құлпыбаев, Қаржы: оқулық. – Алматы: 2007.-489-504 беттер.

5. Сатимова Е.Г. Проектирование баз данных. Методические указания к

Информация о работе Банк ісіндегі ақпараттық жүйе