Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 19:02, реферат
Aдам Даму Индексі (АДИ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттерді салыстыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму дамымағандығы өлшенеді. Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді дамыған, дамушы және дамымаған болып бөледі.
АДИ адамның өмір ұзақтығын, білімін, әріп тану және адам басына шаққандағы ЖІӨ өлшемдерін біріктіреді. Индекс адамның жалпы даму деңгейін көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы АДИ-дың даму деңгейін адамдардың таңдау қыбілеті, білім алу мүмкіншіліктері, денсаулық сақтауға арналған, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке алатын үрдіс деп атайды.
Гендерлік факторды (ГФДИ) ескере отырып АДИ
Гендерлік факторды (ГФДИ) ескере отырып адам дамуының индексінде АДИ-дегідей көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың арасындағы айырмашылық мынада, ГФДИ шеңберінде әрбір ел үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы, білім алу мен табыстың қол жеткізілген деңгейі саласындағы көрсеткіштердің орташа мәні ерлер мен әйелдердің жетістіктерінің деңгейі арасындағы алшақтық шамасына сәйкес түзетіледі. Жыныстардың жағдайындағы айырмашылыққа осы түзетуді жүзеге асыру үшін, мән аз болған сайын соншалықты мән аз қабылдайтын байыпты орташа функция қасиетіне негізделген безбендеу (орташаның мажорлылық ережесі) формуласы пайдаланылады.
Гендерлік бөліктегі табыс индексінің есебі неғұрлым күрделі сипатта болады. Елде өндірілген табыс ерлер мен әйелдердің арасында олардың алатын жалақысының үлесіне үйлесімді бөлінетіні алдын ала ескеріледі. Табылған табыстағы әйелдер мен ерлердің үлесін есептеу кезінде деректердің екі түрі: әйелдердің орташа жалақысының ерлердің орташа жалақысына қатынасы мен экономикалық белсенді халықтың 15 және ересек жастағы әйелдер мен ерлердің пайыздық үлесі пайдаланылады. Әйелдердің орташа жалақысының ерлердің орташа жалақысына қатынасы туралы деректер болмаған жағдайларда, барлық елдер үшін жалақы туралы мәліметтер бар жалақы көрсеткіштерінің безбенделген орташа қатынасы 75 пайыз мөлшерінде пайдаланылады.
Гендерлік теңсіздік индексін есепке
алумен АДИ (ГТАДИ)
ГФДИ (оның үш индексінің орташа арифметикалық құрамдаушысы) есебі мынаны көрсетеді, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өндірісінің және туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығының көлемі бойынша гендерлік теңсіздік Қазақстанның АДИ-ін соңғы жылдары бар-жоғы төрт-алты мың пунктке төмендетуге алып келеді, бұл басқа елдердің арасында еліміздің адам дамуының деңгейі бойынша бір-екі орынға төмен жылжуымен салыстыруға келеді.
Тұрғындардың қайыршылық (кедейлік) индексі (ТҚИ, ТКИ)
Жекелеген елдердің әлеуметтік-экономикалық
жағдайына байланысты халықтың кедейлігінің
көрсеткішінің индексінде әртүрлі іріктелуі
жүзеге асырылуы мүмкін. Дамушы елдерге
(ТҚИ-1) ұсынылған 1997 жылғы Адамның дамуы
туралы дүниежүзілік баяндамада ТҚИ-да
адам өмірінің
барлық үш аспектісі көрсетілген, олар
қазірдіңөзінде АДИ-де көрініс тапқан
– ұзақ өмір сүру, білім,
өмірдің баламалы деңгейі.
Қазақстанның өңірлері бойынша АДИ
АДИ-ды пайдалану оны кішірейту арқылы
жақсаруы мүмкін. Елдің жалпы индексі
адамдардың әртүрлі топтары елдің ішінде,
мейлі айырмашылық өңірлерге, жынысқа
немесе жердің тұрпатына
(қалалық немесе ауылдық) байланысты болсын
адам дамуының әртүрлі деңгейіне ие бола
алатын сол фактіні жасыра алады.
Халықтың ресурстарға қол
Лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін ресурстарға қол жеткізуді сипаттайтын көрсеткіш есебінде халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ-ні пайдалану сынын ескере отырып, адамның дамуы туралы ұлттық есептер үшін өңірлік тұрғыда деректер дайындау және АДИ-ды есептеу кезінде осы көрсеткішпен қатар халықтың ақшалай табысының көрсеткіші пайдаланылды.
Республикалық деңгейде халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ-нің шамасы мен ақшалай табыстың 1993-2008 жылдары 2,9-4,1 есе өзгеше болғанын атап өту қажет. Бұл үш себепке байланысты.
Біріншіден, үй шаруашылықтарын тексеруден
түскен ақшалай табыс оларды кемітіп
көрсетумен байланысты жүйелік қатені
қамтиды. Бағалау бойынша үлкен
деңгейде кеміту 1999-2008 жылдары мәлімделген
ақшалай табыстың төрттен бірінен үштен
біріне дейін құрады. Екіншіден, ЖӨӨ халықтың
ақшалай табысының төрттен біріне дейін
құрайтын заттай нысандағы, сондай-ақ
үй шаруашылығында олардың иелері ретінде
қолданылатын жеке игілікті бағалау құнын
қамтиды.
Оларға, атап айтқанда, жеке меншік тұрғын
үйде тұрудың шартты бағасы жатады. Үшіншіден,
ЖӨӨ оны түпкілікті пайдалану тұрғысынан
қарағанда тұтынуға ғана емес, қор жинауға
да пайдаланылатын
табысты қамтиды. Бұдан басқа, облыстар
бойынша ЖҚҚ сомасы өңірлер бойынша бөлінбейтін
ЖІӨ
ЖҚҚ шамасына маңызды болмайтынын атап
өту керек.
Жоғарыда көрсетілген
Пайдаланылған әдебиет
1. Алисов Н. В. – Экономическая и социальная география мира (общий обзор): учеб. для вузов / Н. В. Алисов, Б. С. Хорев. М., 2001.
2. Аширова Г. Т. – Современные проблемы оценки человеческого капитала//Вопросы статистики, 2003. - №7. – С.12
3.
Материал из Википедии — свободной энциклопедии
- Файл: UN Human Development Report 2007 (2).svg// [Электронный
ресурс] – Режим доступа: http://ru.wikipedia.org/wiki/%
4.
Развитие потенциала: расширение прав
и полномочий людей и институтов. Ежегодный
отчет 2008 / Программа развития Организации
Объединенных Наций / One United Nations Plaza – New
York, NY 10017// [Электронный ресурс] – Режим
доступа : http://www.undp.org/
5. Самуэльсон Пол Э., Нордхаус Вильям Д. – Экономика: Пер. с англ.: 16-е изд.: - М.: Издательский дом «Вильямс», 2001 – С.484