Адам даму индикаторы АДИ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 19:02, реферат

Краткое описание

Aдам Даму Индексі (АДИ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттерді салыстыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму дамымағандығы өлшенеді. Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді дамыған, дамушы және дамымаған болып бөледі.
АДИ адамның өмір ұзақтығын, білімін, әріп тану және адам басына шаққандағы ЖІӨ өлшемдерін біріктіреді. Индекс адамның жалпы даму деңгейін көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы АДИ-дың даму деңгейін адамдардың таңдау қыбілеті, білім алу мүмкіншіліктері, денсаулық сақтауға арналған, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке алатын үрдіс деп атайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дам Даму Индексу.doc

— 91.50 Кб (Скачать документ)

Еликбаева Алтынай

 

Aдам Даму Индексі (АДИ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттерді салыстыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму дамымағандығы өлшенеді. Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді дамыған, дамушы және дамымаған болып бөледі.

АДИ адамның өмір ұзақтығын, білімін, әріп тану және адам басына шаққандағы ЖІӨ өлшемдерін біріктіреді. Индекс адамның жалпы даму деңгейін көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы АДИ-дың даму деңгейін адамдардың таңдау қыбілеті, білім алу мүмкіншіліктері, денсаулық сақтауға арналған, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке алатын үрдіс деп атайды.

 
АДИ үш басты қағидалардан тұрады:

  • Өмір Ұзақтығы - Халық денсаулығы мен ұзқтығын өлшейді
  • Білім деңгейі мен білім бері жүйесі
  • Өмір сүру стандарты, адам басына шаққандағы жалпы ішкі өніммен өлшенеді

Бұл адам даму индексіне қарасты алдер тізімі. 2011 жылдың желтоқсанның 18 шыққан тізім 2009 жылдағы статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған. Тізім 177 елден құралған.

Елдер АДИ негізінде үш кең категорияға  бөлінеді: жоғары, орташа және төмен адам дамуы. 2011 жылдың 18 желтоқсанында жаңа тізбек шықты. Халық арасында статистикалық жаңарту деп аталып кеткен тізбе осы жолы қосымша түіндірмесіз шыққан. Жаңарған тізбек аларман қабілет тепетендігінің (АҚТ) жаңадан шыққанына байланысты басылды. [1] Осы жаңарған тізбекте Қазақстан бірнеше қадам көтеріліп, АДИ индексіне сәйкес орташа дамыған елдері арасынан жоғары дамыған елдері қатарына қосылды.

Даму индикаторлары

Адам дамуының интегралдық көрсеткіштері

1987 жылы БҰҰ-ның дамуды жоспарлау  жөніндегі комитеті құрылымдық  қайта құрудың адам шығынын  1988 жылғы өз баяндамасында қарауға  шешім қабылдады. Осы баяндаманы дайындау кезінде М.Уль-Хаканың басшылығымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін «Адам әлеуетінің дамуы: даму стратегиясының ұмытылған өлшемі» деген тақырыппен жарияланған баяндаманың жобасы түрінде К. Гриффин дайындаған еді. Кейін К. Гриффин Джон Найтпен (Griffin K. and Knight J.) бірге жұмыстың нәтижелерін 1989 жылы «Дамуды жоспарлау журналының» арнайы нөмерінде басып шығарды және 1990 жылы кітап түрінде қайта басып шығарды. Бұл жұмыстар адамның дамуына тұжырымдамалық тәсілдеменің негізіне жатқызылды.

Адам әлеуетінің дамуын қазіргі  заманға сай ұғынуға принципті  әсерін 1989 жылы «Мүмкіндіктерді кеңейту  ретінде дамыту» жұмысын жариялаған экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Амартьи Сеннің (Sen A.) теоретикалық әзірлемесі көрсетті. Сен даму процесін материалдық немесе экономикалық әл-ауқатты көтеру ретінде емес, адамның «мүмкіндіктерін» кеңейту процесі, яғни ұзақ өмір сүру мен салауатты өмір салты мүмкіндіктері, білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі, көп жұмыс жасау мүмкіндігі және тағысын-тағылар ретінде қарады. Бұл ретте мүмкіндікті кеңейту процесі адамның таңдау еркіндігін кеңейтуге байланысты. Сонымен адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың мақсаты ретінде ЖҰӨ өсуін емес, адамның өзінің даму, оның таңдау еркіндігін кеңейту мүмкіндіктерін қойды.

БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылар тобы әзірлеген адам дамуының тұжырымдамалық тәсілдемесі (ағылшынша human development, сондай-ақ ағылшын тілінен «адам әлеуетін дамыту» ретінде аударылатын), алғаш  рет бірінші бүкіл дүниежүзілік 1990 жылғы адамның дамуы туралы баяндама-1. Адам дамуының интегралдық көрсеткіштері 1987 жылы БҰҰ-ның дамуды жоспарлау жөніндегі комитеті құрылымдық қайта құрудың адам шығынын 1988 жылғы өз баяндамасында қарауға шешім қабылдады. Осы баяндаманы дайындау кезінде М.Уль-Хаканың басшылығымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін «Адам әлеуетінің дамуы: даму стратегиясының ұмытылған өлшемі» деген тақырыппен жарияланған баяндаманың жобасы түрінде К. Гриффин дайындаған еді. Кейін К. Гриффин Джон Найтпен (Griffin K. and Knight J.) бірге жұмыстың нәтижелерін 1989 жылы «Дамуды жоспарлау журналының»  арнайы нөмерінде басып шығарды және 1990 жылы кітап түрінде қайта басып шығарды. Бұл жұмыстар адамның дамуына тұжырымдамалық тәсілдеменің негізіне жатқызылды.

Адам әлеуетінің дамуын қазіргі заманға сай ұғынуға принципті әсерін 1989 жылы «Мүмкіндіктерді кеңейту ретінде дамыту» жұмысын жариялаған экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Амартьи Сеннің (Sen A.) теоретикалық әзірлемесі көрсетті. Сен даму процесін материалдық немесе экономикалық әл-ауқатты көтеру ретінде емес, адамның «мүмкіндіктерін» кеңейту процесі, яғни ұзақ өмір сүру мен салауатты өмір салты мүмкіндіктері, білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі, көп жұмыс жасау мүмкіндігі және тағысын-тағылар ретінде қарады. Бұл ретте мүмкіндікті кеңейту процесі адамның таңдау еркіндігін кеңейтуге байланысты. Сонымен адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың мақсаты ретінде ЖҰӨ өсуін емес, адамның өзінің даму, оның таңдау еркіндігін кеңейту мүмкіндіктерін қойды.

БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылар тобы әзірлеген адам дамуының тұжырымдамалық тәсілдемесі (ағылшынша human development, сондайақ ағылшын тілінен «адам әлеуетін дамыту» ретінде аударылатын), алғаш рет бірінші бүкіл дүниежүзілік 1990 жылғы адамның дамуы туралы баяндамада жарияланды. Бұл баяндамада адамның дамуы «адамның таңдауын кеңейту процесі қалай болса, адамдардың әл-ауқатының жеткен деңгейі де солай» деген тұрғыда анықталды. Мұндай таңдаулардың біреуі ғана табыс болып табылады, бірақ денсаулықтың, білімнің, тұратын ортасының, іс-әрекет еркіндігі мен сөз бостандығының да маңыздылығы кем емес. Баяндама әлеуметтік-экономикалық прогресті: күтілетін өмір сүру ұзақтығын, ересек тұрғындардың білім алу деңгейі мен табысын өзіне біріктіретін адам дамуының индексін (АДИ) өлшеу үшін жаңа аспапты берді.

Адам дамуының мұндай анықтамасы адам дамуын бағалауға және талдауға мүмкіндік  туғызатын cтратегиялық көрсеткіштердің  кең және тармақтанған жүйесін алдын  ала айқындайды. Адамның дамуын көрсететін стратегиялық көрсеткіштердің жалпы жіктелуі көрсеткіштердің мынадай үш тобымен берілуі мүмкін: Адам дамуының жалпы бағасын беретін интегралдық көрсеткіштер, адам дамуының негізгі интегралдық құрамдауыштарын сипаттайтын базалық көрсеткіштер, адам дамуының өзге де аспектілерін сипаттайтын басқа көрсеткіштер, адам дамуының базалық және интегралдық көрсеткіштері. Адам дамуының базалық көрсеткіштері адам дамуының үш негізгі компонентіне – көп жасау, білімділік және тұрмыс деңгейіне сәйкес келеді.

Тұтас алғанда адам дамуының осы  компоненттерінің әрқайсысы адамның бірнеше маңызды мүмкіндіктерін қамтиды. Мәселен, көп жасау - ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін білдіреді, білімділік – білім алуды, араласуды, қоғам өміріне қатысуды, тұрмыс деңгейі – лайықты тұрмыс құрып, салауатты өмір сүруге, аумақтық және әлеуметтік икемділік үшін жағдайдың болуына, да жарияланды. Бұл баяндамада адамның дамуы «адамның таңдауын кеңейту процесі қалай болса, адамдардың әл-ауқатының жеткен деңгейі де солай» деген тұрғыда анықталды. Мұндай таңдаулардың біреуі ғана табыс болып табылады, бірақ денсаулықтың, білімнің, тұратын ортасының, іс-әрекет еркіндігі мен сөз бостандығының да маңыздылығы кем емес. Баяндама әлеуметтік-экономикалық прогресті: күтілетін өмір сүру ұзақтығын, ересек тұрғындардың білім алу деңгейі мен табысын өзіне біріктіретін адам дамуының индексін (АДИ) өлшеу үшін жаңа аспапты берді.

Адам дамуының базалық және интегралдық көрсеткіштері

Адам дамуының базалық көрсеткіштері  адам дамуының үш негізгі компонентіне – көп жасау, білімділік және тұрмыс деңгейіне сәйкес келеді. Тұтас алғанда адам дамуының осы компоненттерінің әрқайсысы адамның бірнеше маңызды мүмкіндіктерін қамтиды. Мәселен, көп жасау - ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін білдіреді, білімділік – білім алуды, араласуды, қоғам өміріне қатысуды, тұрмыс деңгейі – лайықты тұрмыс құрып, салауатты өмір сүруге, аумақтық және әлеуметтік икемділік үшін жағдайдың болуына, қоғамөміріне және т.б. қатысу үшін қажетті ресурстарға қол жеткізуді білдіреді.

Адам дамуының осы үш компоненті үшін іс жүзінде әлемнің барлық елдеріне арналған тұрақты есептелетін және салыстырмалы көрсеткіштердің жүйесі ұсынылды. Бұл ретте базалық көрсеткіштердің сандық мәндері адам дамуының белгілі бір аспектісінде таңдау мүмкіндігін кеңейту туралы айтады. Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер. Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіш қызметін атқарады. Ықшамдық үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы туралы жиі айтады. Бұл көрсеткіш халықаралық статистиканың ең көп тараған көрсеткіштерінің бірі болып табылады және «өлім кестесі» деп аталатын шеңберде есептеу барысында анықталады. Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы - ұрпақтың бүкіл өмірінің бойында әрбір жастағы өлім деңгейі оның туған жылындағыдай болып қалатын жағдайдағы ұрпақтың бір адамының алда тұрған орташа өмір сүретін жасының саны.

Көрсеткіш тұтас алғанда екі  жыныс үшін де, еркек пен әйел үшін жеке-жеке де есептеледі. Тұрғындардың қайыршылық индексін есептеу кезінде  пайдаланылатын және ұзақ өмір сүру мен  салауатты тұрмыс мүмкіндіктерін айыру дәрежесін сипаттайтын белгілі бір жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесінің көрсеткіші осы көрсеткішті толықтырушы болып табылады. Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші даму деңгейі орташа елдер үшін балалардың 5 жасқа дейінгі өлім-жітімі көрсеткішімен, ал жоғары дамыған елдер үшін – ананың өлім-жітімі коэффициентімен толықтырылуы мүмкін.

Білімділікті сипаттайтын көрсеткіштер 
 

Білімділік 15 жастағы және одан жоғары сауатты халықтың үлесімен, сондай-ақ халықтың оқытумен 
қамтылу көрсеткішімен бағаланады. Сауаттылық – адамның күнделікті өміріне қатысты шағын мәтінді оқу, түсіну және жазу қабілеттілігі. Сауаттылық дамушы елдер үшін білімділіктің ең маңызды көрсеткіші болып табылады, сондықтан АДИ-ді есептеу кезінде оған оқытумен қамту көрсеткішіне қарағанда екі есе көп салмақ қосылады. 1995 жылға дейін адамның дамуы туралы дүниежүзілік баяндамаларда оқыту мен қамту көрсеткішінің орнына 25 жастағы және одан жоғары адамдар үшін есептелетін оқудың орташа ұзақтығы көрсеткіші пайдаланылды. Алайда бұдан былайғы 1995 жылғы адамның дамуы туралы баяндамада нөміріне және т.б. қатысу үшін қажетті ресурстарға  қол жеткізуді білдіреді. Адам дамуының осы үш компоненті үшін іс жүзінде әлемнің барлық елдеріне арналған тұрақты есептелетін және салыстырмалы көрсеткіштердің жүйесі ұсынылды. Бұл ретте базалық көрсеткіштердің сандық мәндері адам дамуының белгілі бір аспектісінде таңдау мүмкіндігін кеңейту туралы айтады.

Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер           

Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіш қызметін атқарады. Ықшамдық үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы туралы жиі айтады. Бұл көрсеткіш халықаралық статистиканың ең көп тараған көрсеткіштерінің бірі болып табылады және «өлім кестесі» деп аталатын шеңберде есептеу барысында анықталады. Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы - ұрпақтың бүкіл өмірінің бойында әрбір жастағы өлім деңгейі оның туған жылындағыдай болып қалатын жағдайдағы ұрпақтың бір адамының алда тұрған орташа өмір сүретін жасының саны. Көрсеткіш тұтас алғанда екі жыныс үшін де, еркек пен әйел үшін жеке-жеке де есептеледі. Тұрғындардың қайыршылық индексін есептеу кезінде пайдаланылатын және ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндіктерін айыру дәрежесін сипаттайтын белгілі бір жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесінің көрсеткіші осы көрсеткішті толықтырушы болып табылады. Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші даму деңгейі орташа елдер үшін балалардың 5 жасқа дейінгі өлім-жітімі көрсеткішімен, ал жоғары дамыған елдер үшін – ананың өлім-жітімі коэффициентімен толықтырылуы мүмкін.

Тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер   

Адам дамуының бұл аспектісінің бұдан бұрынғы екеуінен айырмасы тек қана адамда бар мүмкіндікті  ашады, бірақ оларды пайдалануды  анықтамайды. Яғни ол таңдаудың өзін емес, тек қана таңдау мүмкіндігін кеңейтетін құрал болып табылады. Тұрмыс деңгейінің мінсіз сипаттамасы адамның мынадай қабілеттіліктерін: жеке табысы; қоғамның топтары арасында табысты бөлу; бұрын жинақталған жеке меншік; жер ресурстары мен кредиттерге қол жеткізу; инфрақұрылым мен қоғамдық тұтыну қорларына қол жеткізу тетігінің өркендеуі (денсаулық сақтау, білім беру, көлік, коммуналдық қызметтер және басқалары); жеке өмір сүру дағдысы; отбасының көлемі мен құрылымы; үй шаруашылығында жасалатын игілік; тұратын жердегі табиғат-климаттық және экологиялық жағдайларды және т.б. дамыту мен іске асыру мүмкіндіктерін айқындайтын толып жатқан факторларды ескеруі керек.

 
Тұрмыстың материалдық деңгейін бағалау  үшін қандай да бір тікелей көрсеткішті  таңдаудың қиындығына байланысты жанама базалық көрсеткіш – халықтың жан басына шаққанда жалпы ішкі 
өнімнің (ЖІӨ) шамасы пайдаланылады. Бұл ретте халықаралық деңгейде салыстыру мақсатында 
халықтың жан басына ЖІӨ ұлттық валютаның АҚШ долларына қатынасы бойынша сатып алу қабілетінің тепе-теңдігінің (СҚТ) көмегімен халықтың жан басына нақты ЖІӨ-де АҚШ долларына айырбасталуы тиіс. СҚТ-дан Америка Құрама Штаттарында 1 АҚШ долларына сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің ұқсас көрнекі себетін сатып алу үшін қажетті ұлттық валюта бірлігінің саны түсініледі. Экономикалық дамуына байланысты әртүрлі топтарға кіретін елдер елді топтың ішінде материалдық тұрмыс деңгейіне байланысты неғұрлым объективті саралауға мүмкіндік туғызатын қосымша көрсеткіштерді пайдалану арқылы салыстырылуы мүмкін. Мәселен, онша дамымаған елдер үшін халықтың жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ лайықты өмір сүруге қажетті ресурстарға қол жеткізу негізінде қалыптасқан барлық жағдайды біршама парапар көрсетеді. Даму деңгейі орташа елдер үшін бұл көрсеткішті негізінен біршама артта қалған елдерге тән проблемалардың кең таралған деңгейін сипаттайтын табысы кедейлік шегінен төмен адамдардың үлесінің көрсеткішімен толықтыру орынды. Экономикалық дамыған елдер үшін бұл екі көрсеткішті табысы бойынша теңсіздік деңгейін ескеретін көрсеткішпен толықтырған жөн:

Y = (1 – G) * Yr, мұнда G – Джини  коэффициенті; Yr – халықтың жан  басына нақты ЖІӨ. 
Халықтың жан басына нақты табысы тең болған кезде Джини коэффициенті елді тұрмыс деңгейі 
бойынша саралауға жағдай жасайды. 

Адам дамуының индексі (АДИ)

Адам дамуының индексі басқа  үш индекстің: туу кезіндегі күтілетін  өмір сүру ұзақтығы, білім алу және жан басына табыс деңгейінің орташа арифметикалық шамасы ретінде есептеледі. Білім алу деңгейінің индексі  сауаттылық деңгейінің (үштен екі  салмағымен) және білім алудың қол жетімділік 
(үштен бір салмағымен) индекстерінің негізінде есептеледі. Индекстерді есептеу негізінде төрт көрсеткіш жатыр, олардың мүмкін болатын мәні мынадай шектерде:

Көрсеткіштер

Ең азы

Еі көбі

Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жас

25

85

Ересек тұрғындардың сауаттылығы, %

0

100

Оқытумен қамтылу, %

0

100

Халықтың жан басына нақты ЖІӨ, СҚТ бойынша А

100

40000

Информация о работе Адам даму индикаторы АДИ