Есеп берудің
мәліметтері |
Пайдалылығы |
Экономикалық ресурстары
(активтер құрылымы) |
Кәсіпорынның табыс алу
қабілітін бағалау және болашақта
болатын ақша қаражаты |
Қаржылық құрылымы
(кәсіпорынның қарызы
мен меншік капиталының ара
қатынасы) |
Қарыз қаражатының келешекке
қажеттілігін бағалау және болашақта
алынатын пайда мен ақша қаражатын
мүдделі тараптардың арасына
тарату: кәсіпорынның сырттан инвестицияны
тартудың потенциалдық икемділігін
бағалау |
Өтімділік пен төлем қабілеттілігінің
коэффициенті |
Өз міндеттемесіне жауап
беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа
мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін
бағалау |
Рентабельділік пен іскерлік
белсенділігінің коэффициенті |
Кәсіпорынның ресурстарды
пайдалану тиімділігін бағалау |
Қаржылық жағдайының өзгеруі |
Қаржылық, инвестициялық, оперативтік
қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның
алған ақша ағынын бағалау, келешекте
ақша қажеттілігін болжау. |
Аудитте есеп беру өзара байланысты,
өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана
операциясы әртүрлі фактімен көрініс
табады, әрбір есеп беру әртүрлі ақпартты
береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде
ШЖС пайдаланады. есеп пайдаланушылар
үшін айқын, түсінікті болуы және барлық
мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған
кезде түсініктеме хаттамасында баптардың
жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы
қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын
түсіндіру керек. Қаржылық есеп беруде
заңды тұлғалардың атауы, тұрған жерін,
есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі
тиіс. Сондай-ақ ұйымның қызмет түрі, заңды
нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.
Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің
мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру
ҚР-ның валютасында жасалады, өлшем бірлігі
– мың теңге. Жылдқ есеп берудің есептік
кезеңі болып толық, күнтізбелік жыл саналады,
ал жаңадан құрылған субъектілер үшін
– заңд тұлға ретінде статусын алған күннен
бастап есепті жылдң 31-ші желтоқсанына
дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің
басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы
бар.Аудит тәсілі мен
әдістеріпайдаланушыларға қаржылық
жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері
мен қаржылық жағдай, субъектінің қызмет
нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы
өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып
табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру
экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға
қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе
алмайды, өйткені есеп негізінде өткен
оқиғаларды бейнелейді.
Алайда, көрсетілгендерге пайдалы ақпарат
жинақтайды:
- несиелерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
- субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға;
- субъектінің ресурстары мен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;
- басшы органдардың жұмысын бағалауға.
Экономикалық шешімдерді
қабылдау үшін пайдаланушыға
субъектінің ақшалай қаражатты
генерациялайтын қабілеті, генерациялау
мерзімі мен алынған қорытындыларға
сенімділік туралы ақпарат керек. Бұл
үшін оларға субъектінің қаржылық жағдайын,
іс-әрекетін және өзгерістерін бейнелеп
көрсететін ақпарат қажет.Қаржылық жағдайда
ол бақылайты экономикалық ресурстар,
оның қаржылық құрылымы, өтімділігі, төлем
қабілеттілігі мен жұмыс істейтін орта
өзгерістерін қабылдауға қабілетттілік
әсер етеді.Өтімділік, төлем қабілеттілігі
– қаржылық міндеттемелерді осы кезеңде
өтегеннен кейінгі жақын арадағы ақшалай
қаражаттың бар болуы.Субъект қызметінің
көрсеткіштері, оның тиімділігіпайдалылығы
туралы ақпарат экономикалық ресурстарда
болатын ықтимал өзгерістерді бағалау
үшін керек.Ақшалай қаражаттың қозғалысы
туралы ақпарат субъектінің ақшалай қаржыны
алу қабілеттілігін бағалаған кезде пайдалы.Қаржылық
есептер өзара байланысты, өйткені олар
шаруашылық өмірдің бірдей фактілерін
бейнелейді.Түсініктеме жазбада пайдаланушыларға
қаржылық есеп баптары жөніндегі қосымше
мәліметтер болады.«Бухгалтерлік есеп
пен аудиттік есеп беру туралы» заңда
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің
негізгі мақсаттары белгіленген:
- субъектінің, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларды шаруашылық қызмет жайлы толы жне сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;
- субъектінің шаруашылық іс-әрекетін жүзеге асыруда ҚР заңдарын сақтауын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қойылған міндеттерді
орындау үшін қаржылық есеп
беру негізгі принциптерге және
саналық сипаттамаларға сәйкес жасалады.
Кезеңдік қаржылық есеп беру субъект жөніндегі
бухгалтерлік ақпаратты топтастырудың
негізгі құралы болып табылады.Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады.
Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық
және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге
асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат
ағыны туралы барлық деректері, қаржы
қызметінде пайдаланатын таза ақшалай
қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың
эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды
басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат
пен оның эквиваленттері көрсетіледі.4
БЕС стандартына сай субъекттер жасаған
«Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
беру» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы
өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді,
бұл оларды есептік кезең ішіндегі операциондық,
инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметі
тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі
мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз
етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп субъекттің есепті жылдың
ішіндегі қаржылық есебінің құрамында
беріледі.Ақша қаражаттарының қозғалысы
операциондық, қаржылық, инвестициялық
қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың
мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды
тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерін
ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық қызметтен
түсетін ақша қаражаттырының
қозғалысын ашып көрсеткен кезде
тура әдіс пайдаланылуы мүмкін,
бұл әдіс жағдайында ақшалай
түсім қаражаттары мен төлемдерінің
негізгі түрлері ашып көрсетіледі,
не жанама әдіс пайдаланылуы
мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай
түсім қаражаттары мен төлемдерінің
негізгі түрлері ашылып көрсетіледі.
Операциондық
қызмететегіақша қозғалысын анықтау үшін
тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.
Тікелей әдісте
ақша қозғалыстарының негізгі түрлері
ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен
түсімнен сатып алынған материалдардың
барлық төлем түрлерін, несие үшін пайыздық
төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін
шегереді. Операциондық қызметет тікелей
әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттарының
түсуі мен шығуының нәтижесі; өнімді, жұмысты,
қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған
аванстан, дивиденттерден, пайыздан, роялтиден,
шығыстарынан тұрады.Жанама әдістер
– бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген
ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне,
ақшасыз операцияларына, өткен жылдармен
салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық
қызметтердің нәтижесі болып табылатын
табыстар мен шығыстарға түзету жасалады.
Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық
қызметінің нәтижесі туралы есеп беру
мәліметтерін негізге алады. Бұл әдісте
қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету
енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс
сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы
есептік кезеңнің қкөрсеткіштеріне түзетулер
енгізіледі.
Таза табысты түзететін
операциялар |
Түзетуді жүргізудің тәртібі |
Материалдық емес активтер
мен негізгі құралдар бойыншаесептелген
амортизациясы |
Есептелген амортизация
сомасы таза табыс сомасына қосылады,
өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын
әкелмейді |
Ағымдағы активтердің
сомасының өзгерістері: дебиторлық
қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің
шығыстары, басқа да ағымдағы активтер |
Егер ағымдағы активтер өсетін
болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары
азаяды, ал егерде керісінше болса,
онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан
түскен табысы да көрсетіледі |
Ағымдағы міндеттемелердің
сомасының өзгерістері, кредиторлық
қарыздар, салық төлемдері, басқа
да ағымдағы міндеттемелер |
Ағымдағы міндеттемелердің
сомасы өссе, ақша ағынының сомасы да өседі,
егер міндеттемелер азайса, онда ақша
қаражаттары да азаяды, онда олардан
алынған шығысы да көрсетеді |
Аудит тәсілдеріне
– ұзақ мерзімді активтерді саиып
алу,сату және берілген несиені өтеу
және алу.Аудиттер қызметіне мыналар
жатады:
- Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;
- Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;
- Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.
Инвестицяилық қызмет
бухгалтерлік баланстың ұзақ
мерзімді активтерінің құрамына
кіреді. Оған қаржылық инвестицияға
әсер ететін операциялар да
кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық
қызметінің нәтижесі туралы есеп
беруінде көрініс табады, онда
ол акцияларды сатудан алынған
табыс немесе шығыс ретінде
көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды
және басқа да сатудың нәтижесі
көрініс табады.
Қаржылық қызмет меншік
капиталы мен қарыз капиталының
құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің
нәтижесі болып табылады:
Оған мыналар жатады:
- Шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;
- Алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.
Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық
және ақшасыз операцияларды жүзеге
асыруы мүмкін. Оларға: материалдық
емес активтерді және негізгі
құралдарды ұзақ мерзімді несиенің
есебінен алу, кредиторлық қарызды
кредиторға акцияны және басқа
да бағалы қағаздарды беру
жолымен өтеу, басқа кәсіпорынның
акцияларын сатып алынған тауарларға
және дайын өнімге айырбастау
жолымен алу жне т.б.
Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп беру
үшін арнайы әзірленген кестелерді
пайдаланады, онда келесі ақпараттар
келтіріледі:
- Өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады;
- Өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруышылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы салыстырылады;
Мәліметтерді салыстырудың
нәтижесінде қандайда қызмет
түріне сомалардың үлес салмағын
анықтауға болады. Осы әзірленген
кестелердің мәліметтеріне шолу
жасап, есеп беруге түзетулер
енгізу мүмкіндігі туады. Заңды тұлға
басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу
арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін,
егер де сол сатып алынған акциясы 50%-тен
астам болса, онда инвестицияланған объектіге
бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор
бақылауды белгілейтін болса, онда ол
кәсіпорын негізгі заңды тұлға болып танылады,
ал бақылайтын кәсіпорынды еншілес кәсіпорын
деп атайды. Негізгі кәсіпорында және
барлық еншілес кәсіпорында бірігіп, біріккен
заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың
мәліметі бойынша консолидалынған есеп
беруін жасайды. Аудитте есеп беруді пайдаланушылар
олардың топтасқан бөлігін емес, тұтас
бөлігін білуге мүддеі болып келеді. Бұндай
қажеттілік консолиданған есеп беруге
қойылатын талапты күшейтеді.Консолиданған
есеп берудің құрамына: консолиданған
бухгалтерлік балансы, консолиданған
қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есеп беру, консолиджанған ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.
13 БЕС сәйкес «Консолидалынған есеп беру
және еншілес серіктестіктегі инвестицияның
есебі» негізгі заңды тұлға жергілікті
және шетелдегі еншілес заңды тұлғалардың
консолиданған қаржылық есеп беруі енгізіледі,
тек мыналарды қоспағанда: егер де еншілес
серіктестік жақын арада сатуға арналса
және оларды бақылау уақытша сипатқа ие
болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді
шектеулі жағдайда әрекет етіп тұрса,
онда бұл аталған жағдайларда жүрген серіктістіктердің
мәліметі консолиданлынған есеп беруге
қосылмайды.Негізгі кәсіпорын өз кезегінде
еншілес кәсіпорын да болуы мүмкін, онда
ондай кәсіпорындар консолидалынған қаржылық
есеп беруі мүмкін, егер де оны негізгі
кәсіпорындар талап етпесе.Негізгі заңды
тұлға және оның еншілес заңды тұлғасы
қаржылық есеп беруді келесі жолмен жасайды:
- Есеп беруді өзара сәйкестендіреді;
- Активтер, міндеттемелер, меншік капиталы, табысы, шығысы туралы мәліметтердің әрқайсысы жолы мен бабы бойынша қосылады;
- Кейбір баптар бойынша қайталауға жол берілмейді.
Бірнеше заңды тұлғалардың
есеп беруінен бір ғана қаржылық есеп
беруді жасау үшін ішкі есеп, бағалы
қағаздар, меншік капиталы және т.б. мәліметтердің
негізінде тиісті түзетулер жасалынады.Түзету
жазбалары консолидалынған қаржылық
есеп берудің дайындау барысы оның
жұмысшы кестесінде жасалынады және
ол негізгі кәсіпорынның бухгалтерлік
есебінде көрсетілмейді.Толық есеп беру
жасау кезінде еншілес заңды тұлғаның
бухгалтерлік балансында бөлек көрсетіледі.
Баланста әрбір еншілес серіктестіктердің
және негізгі заңды тұлғаның үлесі бойынша
меншік капиталы қарастырылады. Бұл жерде
меншік капиталында негізгі заңды тұлғаның
үлесінен оған енген еншілес серіктестіктердің
үлесі көп немесе аз болуы мүмкін.Негізгі
заңды тұлғалар және оның еншілес заңды
тұлғалары консолидацияға кіретіндері
қаржылық есеп беруді бірлесіп жасайды,
ол үшін біртұтас есептік саясатын пайдаланып
аналитикалық операцияларын және қаржылық
шаруашылық қызметінің оқиғаларын дайындайды.
Егер де олардың есеп беруі әр кезде жасалатын
болса, ал оның айырмасы үш ай құраса, онда
олардың мәліметін консолидауға болмайды.
Егер топ мүшелерінің пайдаланатын есеп
саясаты әрқилы болса, есеп беруді консолидауға
қабылдаған есеп саясаты негізге алынады.
Еншілес заңды тұлғаның шаруагылық қызметінің
нәтижесі консолидалынған есеп беруге
олардың сатып алынған күнінен бастап
енгізіледі. Егер де сатып алу процесі
жыл бойы жүретін болса, онда сатып алынған
заңды тұлғаның қаржылық шаруашылық қызметінің
нәтижесі есептік кезеңде сатып алынғанға
дейін және сатыпалынғаннан кейін болып,
екіге жарып көрсетілуі мүмкін. Пайдаланушыларға қаржылық
жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері
мен қаржылық жағдай, субъектінің қызмет
нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы
өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып
табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру
экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға
қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе
алмайды, өйткені есеп негізінде өткен
оқиғаларды бейнелейді.Алайда, аудит әдістері
мен тәсілдерінде сонымен келесі көрсетілгендерге
пайдалы ақпарат жинақтайды: