Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2014 в 01:59, реферат
Жабдықтаушы мердігер - бұл жеткізіп беруші,жеткізіп тұрушы қамтамасыздандырушы. Белгілі бір бұйымды,тауарды жеткізіп тұрушы адам немесе мекеме. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат,материал және тауарлы материалдық қорды жеткізушілер жатады,сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр қуатын,буды,суды,газды және т.б.босатушы) және әр қилы жұмыс орындаушылар (күрделі жөндеу, жай жөндеу және т.б.) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады. Жабдықтаушы-мердігерді кәсіп орынның төмен қабілеттілігімен шоттарды уақтылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады. Жабдықтаушы ұйымдар өз өнімдерімен тауарларын жөнелте отырып ,жұмыстар орындап, қызметтер көрсетіп, жөнелтілген өнімдер,т.б үшін ақшаның түсетіндігіне толық сенім білдіре алмай тәуекелшілікке түсуі де мүмкін. Осыған байланысты ұйымдар дайын өнімдерді (тауарлар,жұмыстар,қызметтер) сату есебінен болашақтағы күмәнді қарыздарды жабу резервін құруына болады.
Жоспары………………………………………………………………………..1
Кіріспе………………………………………………………………………….2
1 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі…………
2 Фактураланбаған жабдықтар есебі………………………………………
3 Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуда жүргізілетін проценттік және процентсіз вексель скачать бесплатно………………………………………
4 Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу аудитінің бағдарламасы тегін…………………………………………………………………….
Қорытынды………………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер……….…………………………………………….
Кіріспе……………………………………………………………
1 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі…………
2 Фактураланбаған жабдықтар есебі………………………………………
3 Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысуда жүргізілетін проценттік және процентсіз вексель скачать бесплатно………………………………………
4 Жабдықтаушы және мердігерлермен
есеп айырысу аудитінің бағдарламасы
тегін…………………………………………………………………
Қорытынды………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер……….…………………………………………
Кіріспе
Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау эканомикалық және әлеументтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасалады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық–техникалық базасын жасайды,яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен шартқа отырады.
Жабдықтаушы мердігер - бұл жеткізіп беруші,жеткізіп тұрушы қамтамасыздандырушы. Белгілі бір бұйымды,тауарды жеткізіп тұрушы адам немесе мекеме. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат,материал және тауарлы материалдық қорды жеткізушілер жатады,сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр қуатын,буды,суды,газды және т.б.босатушы) және әр қилы жұмыс орындаушылар (күрделі жөндеу, жай жөндеу және т.б.) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады. Жабдықтаушы-мердігерді кәсіп орынның төмен қабілеттілігімен шоттарды уақтылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады. Жабдықтаушы ұйымдар өз өнімдерімен тауарларын жөнелте отырып ,жұмыстар орындап, қызметтер көрсетіп, жөнелтілген өнімдер,т.б үшін ақшаның түсетіндігіне толық сенім білдіре алмай тәуекелшілікке түсуі де мүмкін. Осыған байланысты ұйымдар дайын өнімдерді (тауарлар,жұмыстар,қызметтер) сату есебінен болашақтағы күмәнді қарыздарды жабу резервін құруына болады.
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу-не тауарлы материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың кәсіпорынмен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырады. Кәсіпорынның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электрэнергиасын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар,сенкассо, аккредетивтер,чектер тәртібімен жүзеге асырылады .Жабдықтаушылар мен мердігерлерден алынған тауарлы материалды құндылықтар және айналыстан тыс активтер, қабылданған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін (бұларды тасмалдап жеткізу және өңдеу шығындарын қосып есептегендегі) ұйымның берешек қарыздары болып саналады. Кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 671 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімде әрбір шот фактурасы немесе төлем талап тапсырмасы бойынша жүргізіледі
Демек, кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша — есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады./3,383/
Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бакылап отыруға мүмкіндік береді.Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіптүскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылыктардың түсуіне карай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірунен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың деректерін 3510 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдыктау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне карай жазып отырады.»Ескерту» бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.
Есеп журналы бойынша тіркеу номірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді.
Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фақтура жөне баска да есеп айырысу қүжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бүл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларыңық (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.
Екінші кезенде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізіңде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік нсмесе келісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны жөне тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары; есебі бойынша жекелегсн щоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша керсетіледі.
Үшінші кезеңде кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бқзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 3310-шоттың кредитінен 1260-шоттың дебитіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін анықталатын болса, онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық борыш» және 4110 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық борыш» шоты қарастырылған. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлық-материалдық қорларды жеткізушілер немесе әр түрлі қызметтер көрсететін және әр түрлі жұмыстар орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізіледі. Есеп айырысу түрі келісіммен немесе шартпен анықталады. Есеп айырысудың негізгі түрлері мыналар: акцепті, аккредитивті, төлемдік тапсырыс бойынша, чектермен, төлемдік тапсырыспен жоспарлық төлемдер ретінде, өзара талаптарды есепке жазу ретінде, вексельдермен.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар жөніндегі ақпараттарды көрсету үшін 3310 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарызы», 4110 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарызы» шоттары арналған. Бұл шоттың кредиті бойынша алынған тауарлық – материалдық қорлар, айналымнан тыс активтердің құны 1310, 1330, 2410, 2730, 7110, 7210, 8410 шоттарының дебетімен корреспонденциясында көрсетіледі. Алынған бағалықтар бойынша ҚҚС сомасы 3310, 4110 шоттардың кредиті және 1420 «ҚҚС» шотының дебеті корреспонденциясында бейнеленеді. /2,372/
Жабдықтаушылармен және мердігерлер шотын төлеу 3310, 4110 шоттардың дебеті және ақша қаражаттарын есептеу бойынша шоттардың кредитімен (1010, 1030) көрсетіледі. 3310, 4110 шоттар бойынша операциялардың есебі үшін №6 журнал – ордер арналған. Шоттардың кредиті бойынша жазулар жабдықтаушылармен көрсетілген және төлемге қабылданған шот- фактуралар негізінде, жүкке ере жүретін құжаттар негізінде жүргізіледі.
Тауарларды жеткізуге не жұмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша, сондай-ақ ішінара дайындығына қарай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өніммен атқарылған жұмыстар өтемақысы бойынша есеп айырысулар үшін келесідей шоттар пайдаланады:
3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар»,
4110 «Ұзақ мерзімді алынған аванстар».
Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды дайындау кезінде алынған төлемақы сомасына
Дебет шот 1030
Kредит шот 3510, 4410
Алынған аванстардың және толық дайын бұйымдарды, материалдарды жеткізгені және орындалған жұмыстар үшін, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде, есепке алынған ішінара дайын өнімдер мен жұмыстар бойынша төлем ақы сомасына
Дебет шот 3510, 4410
Kредит шот 1210
Егер алдағы уаққытта тауарлар жеткізуге, не жұмыстар мен қызметтерді орындауға, авансқа алынған төлемақы сомасын жабдықтаушы пайдаланбаған болса, бұл сома сатып алушыға қайтарылып берілуі тиіс, сонда шоттар корреспанденциясы
Дебет шот 3510, 4410
Kредит шот 1030
3510, 4410 шоттар бойынша операцияларды тіркеу №9 журнал –ордер кредиттік айналымдары үшін, №9 тізімдеме дебетттік айналымдары үшін қолданылады.
Дивидендтер дегеніміз-акционерлер иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне сәйкес оларға тиесілі акцияларына табыс түрінде жыл сайын акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам табысының бір бөлігі.
Дивидендтер бойынша есеп айырысулар 3030 «Дивидендтер бойынша және қатысушылардың табысы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» шотында жүргізіледі.
Дивидендтерді есептеген кезде 3030 шоттар кредиттеледі және мына шоттар дебеттеледі:
5510, 5520 – есепті жылдың және бұрынғы жылдардың бөлінбеген табысы есебінен акция ұстаушыларға дивиденттер есептегенде;
5410, 5460 – артықшылығы бар акциялар бойынша есептелген дивидендтер сомасына, бөлінбеген табыстың болмауы немесе жетімсіздігі кезінде.
Акциялар бойынша дивидендтер төлемін көрсеткенде
Дт 3030
Кт 1010, 1030 – дивидендтің заттай төлемінде.
Төлемнің қайнар көзінен ұсталынған табыс салығының сомасына 3030 шот дебеттеледі және 3120 «Жеке табыс салығы» шоты кредиттеледі. Дивидендтер салық салуға 15 пайыз ставкасы бойынша жатады және одан кейін салық салуға жатпайды. Жеке табыс салығын бдюжетке аударуда 3120 шот дебеттеліп, 1010, 1030 шоттар кредиттеледі.
3030 «Дивидендтер бойынша және қатысушылардың табысы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» шоты бойынша кредиттік айналымдар №9 журнал- ордерде бейнеленеді.
Кәсіпорынның есепті айда алған, бірақ кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары болашақ кезеңдерінің табыстары болып есептеледі (жал төлемі немесе пәтерақы төлемі; коммуналдық қызметтер үшін төлемдер; жол билеттерін сатудан алынған табыстар; баспалық жазылымдарға жазылу құны; байланыс қызметтерін пайдаланғаны үшін абоненттік төлемдер). Алдағы кезең табыстарының есебі 3520 және 4420 шоттарда жүргізіледі. Бұл шотта айлық және тоқсандық билеттер бойынша кәсіпорынға алдын-ала төленген ақылары, автомобиль тасымалдары және басқалары үшін күні бұрын төленгені ескеріледі. Осындай төлемдер түскенде
Дебет шот 1010, 1030, 1060
Kредит шот 3520, 4420
Алдағы кезеңнің кірістерін есептегенде 1210, 1220, 1230, 1230 шоттар дебеттеледі және 3520, 4420 шот кредиттеледі.
Есепті айға жататын ертеректе алынған табыстар тізімі
Дебет шот 3520, 4430
Kредит шот 6010, 6210, 6280 бойынша көрсетіледі.
Өткен жылдарда анықталған жетіспейтін ақша қарыздарының алдағы кездегі түсім қаражаттары сомасына:Дт шот 1250 Kт шот 3520, 4420.Өткен жылдар ішінде анықталған жетпейтін ақша бойынша қарыздар үшін төлемдер түскенде: Дт шот 1010,1030 Kт шот 1250
Сонымен бір мезгілде тиісті сома 3520, 4420 шот дебетіне және 6010 шот кредиті бойынша жазылады. 3520, 4420 шоттарының кредиттік айналымдары №9 журнал –ордерде көрсетіледі. Дивиденттер дегеніміз – акционерлердің иелігінде болатын акциялардың саны (сомасы) мен түрлеріне карап, жыл сайын олардың акционерлерінің арасында табыс түрінде бөлінетін акционерлік коғамының табысының бір бөлігі.
Дивиденттер бойынша есеп айырысулар есебі үшін 3031 «Жай акциялар бойынша есеп айырысу», 3032 «Артыкшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» шоттары пайдаланылады.
3031 «Жай акциялар бойынша есеп айырысу» шотында жай акциялар бойынша акционерлік коғамның (АҚ) есеп айырысуы есептелінеді, ол бүкіл акционерлік коғамның шығарған акциясынын, басым бөлігін кұрайды (75% және оданда жоғары). Жай акцияның иелері жалпы жиналысына катысуға, дивиденд алуға құқығы бар. АҚ жойылған кезде жай акциялардың иелері, осы акциялары үшін салынған каражаттарын олардың номиналдык бағасы бойынша кайтарып алуға құкылы, бірақ артыкшылығы бар акциялардын иелерін қанағаттандырғаннан кейін.
3032 «Артыкшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» шотында артықшылығы бар акциялар бойынша акционерлік коғамның есеп айырысуы есептелінеді. Оның үлесі жалпы жарғы капиталының 25%-нен аспауы керек. Артықшылығы бар акицялардың иелері бірінші кезекте дивиденд алуға құқылы, сондай-ак акцияға салған қаражаттарын, егер АҚ жойылса, номиналдық бағада кайтарып алады. Артықшылығы бар акциялардың иелері 10% деңгейінде, дивидендті алдын ала алуға кұкығы бар. Артықшылығы бар акциялар бойынша бұндай кепілденген дивиденд төлемдері акицяны шығармастан бұрын олардың жобасында карастырылады және дивидентті телеудің осындай тәртібі де онда тіркеледі. Артыкшылығы бар акцияларға төленетін дивиденттердің мөлшері жай акцияларға төленетін дивиденттерден кем болмауы тиіс, егер де ондай каражаттар болмай қалса, онда ол резервтік капиталдың есебінен төленеді.Занды және жеке тұлғаларға төленетін дивиденттердін төлем көзінен 15% мөлшерлеме бойынша табыс салығы ұсталынады. Қазақстан Республикасында бұрын төлем көздерінен дивидент салықтары ұсталынған болса, онда оны ескеруіне құкығы бар, бірақ оны растайтын құжаттары болуы керек.Жай және артыкшылығы бар акциялар бойынша дивиденттерді төлеген кезде, әрбір акционер (жеке немесе занды тұлға) бойынша есеп айырысу жекетізімдемеде жүргізіледі.
Информация о работе Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу