Тауар - материалдық қорларды түгендеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 17:34, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүләнген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлек сауда бағасымен өндіріледі.
Кәсіпорын басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу оның басталуы және аяқталуы мерзіміне жауапты адам тағайындалады. Түгендеу жұмысы материалдарға жауапты адамның жауапкершілігінде материалдардың түрлері және олардың сақтаулы тұрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ оның өз меншігіне жатпайтын , яғни басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдарында түгендеу керек.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 бөлім. Тауар - материалдық қорларды түгендеу...............................................5
Тауар - материалдық қорларды түгендеу ережелері..................................5
Тауар - материалдық қорларды түгендеудің мақсаты, міндеттері және түрлері.....................................................................................................................10
Тауар - материалдық қорларды түгендеу жүргізу тәртібі.......................13
2 бөлім. Тауар - материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін есепке алу....16
2.1. Тауар-материалдық қорлардың №2 ХҚЕС..................................................16
2.2. Тауар - материалдық қорлардың қоймадағы есебі........................................
2.3. Таурлы- материалдардың бухгалтериядағы есебі.......................................
2.4. Тауарлы –материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары..........................
Қортынды.................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 48.75 Кб (Скачать документ)

                      2.2 Тауарлы- материалдық қорлардың қоймадағы есебі

Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын  қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық қорлардың  қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы  жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың  әрбір түрлері, сорттары бойынша  бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, наменклатуралыцқ номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, т.б.  көрсеткіштері  картон немесе фанерге жазылып, материалдарға  байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтегі материалдардың аналитикалық есебі белгілеген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың  тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық  номері бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық  номері және есетеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске  алған материалдарға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін  кіріс ету ордерімен тізілім  бірге қоймаға беріледі. Қойма  қызметкері немесе қойма меңгерушісі  алынған карточкаға материалдық  қорлардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға жауапты  адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға  жауапты адамның келісімі бойынша  қойманың карточкалық есебін жүргізу  жұмысы басқа басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық  номері аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қомашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын және есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазөып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.

Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген  материалдардың алынғанына немесе алынып болмағанына қарамастан шектік-заборлық карточкасының барлығы тапсрылуы  керек. Толық алынып болмаған материалдар  үшін келесі айға жаңа лимиттік-заборлық карта жазылып беріледі. Қоймашы  материалдардың қоймалық-сорттық  есеп карточкасының деректері негізінде  жабдықтау бөліміне материалдардың  әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар  жайлы деректер беріп отырады. Қоймалық-сорттық  карточканың дұрыс жүрпгізілуін бухгалтерия бақылау керек. Бухгалтерия  қызметкері жиі-жиі  (апта сайын, он күнде) қомашымен қоймадағы операцияларды  жүргізуге негіз болған алғашқы  құжаттардың дұрыс жазылуын,  қоймалық-сорттық карточканың дұрыс  жүргізілуін және карточкадағы материалдар  қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы  бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының  тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық-сорттық  карточкадағы жазуды тексеру, қойма  меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды  кіріске алуы кезінде тапсыратын есептердің негізінде жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтиреяға  тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М-18А  «Құжаттарды қабылдау-өткізу құжатына»  тіркеледі. Материалдарға жауапты  адамның келісімі бойынша бухгалтерия  қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталынуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізу орталық бхгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары берілген уақыт тіркелімдермен бірге бухгалтерияға табыс етілуі керек. Кәсіпорынның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме құрамында өзгеріс (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты тотырушы қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі М-20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма меңгерушісі карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы соммасы анықталады. Егер пайдаланылатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек бір айға ғана ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық-сорттық карточканың орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі М-А санды карточкасын толтырып есеп бріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.

 

                  2.3 Тауарлы- материалдардың бухгалтериядағы есебі

Материалдардың бухгалтерияда  аналитикалық есебі сандық және ақшалай  өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің  өте ұтымды жаңа түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсарылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа  да түрлері қолдануда. Соңғы кезгі  уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында материалдардың талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келді. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр номенклатуралық номеріне бөлек  карточка ашылады. Материалдардың кіріс  етілуіне, босатылуна жасалған әр құжат  деректері тиісті карточкаға жазылуы  керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы мен шығыс етілуінің  қорытындысы шығарылып, олар материалдардың айналым тізімдемесіне жазылады. Сөйтіп, бухгатериядағы карточкаларда  қоймадағы карточкаларда жазылған деректер қайталанады. Айырмашылығы: Қоймадағы карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкада сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықта да бухгалтерияда карточкалар мен айналым тізімдемелерін толтыру кейде кешігіп отырады. Осыған байланысты сандық карточкалардың орнына кейінгі кезде сандық, сорттық, сомалық айналым тізімдемесін пайдаланатын болды. Есептің бұл әдәсән қолданған кезден бастап кәсіпорындардың бухгалтерияларында сорттық, сандық, бағалық карточкасын пайдаланбайтын болды. Шығыс етілген материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта тікелей жинақталып қалдығы шығарылады. Ай біткеннен кейін 10-15 күн ішінде материалдардың айналымы мен қалдығы сорттық, сандық, сомалық айналым тізімдемесіне жазылады. Бұл әдісті пайдаланған бухгалтерлердің жұмысы сәл жеңілдегенімен кемшіліктер де кездесіп отырады. Ол кемшілікке ұйымдағы материалдардың сандық есебінің бухгалтери мен қоймада қатар жүргізілуін жатқызуға болады. Материалдардың бұл екі есебі көбіне бірөбірімен еш байланыссыз жүргізілетін. Материалдардың есебін одан әрі жетілдіру негізінде оперативтік-бухгалтерлік әдісі пайда болады. Бұл әдіс бойынша материалдардың есебі тек қоймалық сорттық, сандық есеп карточкаларында жүргізіледі. Оперативтік-бухгалтерлік есептеу әдісін қолдану үшін міндетті түрде керек жағдайлардың бірі есептеу жұмысына жоспарлы есептеу бағасын енгізу қажеттілігі болып табылады.  Материалдардың ағымдағы, яғни аналитикалық есебі осы бағамен жүргізіледі. Материалдард синтеттикалық шотта нақтылы өзіндік құнымен есептелінеді. Материалдардың есебін оперативтік-бухгалтерлік тәсілмен жүргізуге жоғарыда аталған қоймадағы материалдардың қалдығын есептеу үшін жүргізілетін үлгілі түрі М-20 тізідемесі пайдаланылады. Бұл тізімдемеде әр қойма бойынша бөлек және бір жылға ашылады. Ай соңында қойма меңгерушісі осы тізімдемеге қоймадағы карточкалардан материалдардың тексерілген, келесі айдың басына қалған сандық қалдығын көшіріп жазады. Кей жағдайларда кәсіпорынның қоймасы цех немесе бөлімшеден алыс жерде орналасқан жағдайда тізімдемеге материалдарды қалдығын көшіріп жазу бухгалтерия қызметкерлеріне немесе есептеу операторына жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда материалдарға жауапкер  адам олардың қалдықтарының тізімдемеге дұрыс көшірілуін тексеріп шығып, қол қояды. Егер есепті ай бойы кәсіпорында материалдар кіріске алынбаған және шығыс етілмеген болмаса онда олардың бұрынғы қалдық саны мен сомасы жаңа айға көшіріліп жазылады.  Материалдар қалдығының қоймалық карточкаларынан үлгілі түрі М-20 түрлі тізімдемеге дұрыс толтырылуын бухгалтерия қызметкері міндетті түрде тексеріп қол қояды. Ай сайын үлгілі түрі М-20 санды тізімдемесінде көрсетілген материалдар қалдығы олардың жоспарлы бағасына көбейтіліп, материалдардың есептеу топтары және синтетикалық шоттары бойынша сомалары есептеліп жазылады. Жоғарыда айтылғандай бухгалтерияда материалдардың сомалық есебін синтетикалық шоттар бойынша олардың ішінде әрбір қоймадағы материалдардың топтары бойынша бөлек жүргізіледі. Сонымен қатар кәсіпорында материалдардың кіріске алынғандары мен шығыс етілгендердің сомасын тапқаннан кейін оларды материалдардың әрбір есептеу топтары ббойынша біріктіріп және ол сомалардың жиынтығын материалдардың кіріс-шығысымен қатар қалдығын есептейтін тізімдемеге көшіріп жазады. Бұл тізімдеме екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде кіріске  алынған материалдардың жиынтық  өзіндік құны жайлы деректер көрсетіледі. Сонымен қатар бұл бөлімде  кіріске алынған материалдардың нақтылы өзіндік құны мен есептеу  бағасымен есептелген құнның арасындағы ауытқу мөлшері көрсетіледі.

Екінші бөлімде әрбір  қойма мен материалдарға жауапты  тұлғалар юойынша материалдардың қозғалысы (айдың басындағы және айдың аяғындағы  қалдығы, кірісі мен шығысы) тиісті шоттар бойынша көрсетіледі.

    1. Тауарлы –материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары.

Біріншіден ТМҚ есебін  жетілдіру мен қарастыруым бойынша  бухгалтериялық есепті жүргізуде қолданылатын бағдарламаларды көрсетемін. Яғни, бухгалтерлік жұмысты жеңілдету, тездету  және шығын аз келтіріп қызмет жүргізуді таңдаймын. Қазір мен ПК Компьютерленген бухгалтерия «Алтын» бағдарламасында, жабдықтаушылар мен жұмыс  жасау және тауарлы – материалдық қорларды қоймаға қабылдау жөнінде айтып кетемін.

Негізгі жұмыс «Қойма»  есебінде жүргізіледі, «Алтын» бағдарламасында  аналитика қандай да болмасын балансттық шотта бес баспалдақты болады. «Қойма» есебінде келесі функциялар жүзеге асады:

  • өндірілген цех өнімдері, материалдар, тауарлар, дайын өнімдер

қоймаға түскенде бірінші  ретті құжаттар өңделеді, жабдықтаушылардан  қабылданған қызметтер құжаттамасы  өңделеді,олар шығыс қа апарылады, ал ҚҚС олар бойынша есепке алынады;

  • Тауарлы- материалдық қорларды ішкі қозғалысына накладной мөрмен

рәсімделеді, мысалға өндіріске  немесе сату нүктесіне;

  • Материалдарды есептен шығару бойынша накладной мөрі және

рәсімделуі;

  • Шығу құжаттарды құру: қалдық есеп кітабы, материал қозғалысы

бойынша айналым ведомосі, шығыс және кіріс ведомостарі, инвентарлық  ведомостер;

  • Автоматты  түрде ҚҚС-ң электронды салық есебі ақпараты құрылып,

НК МФ програмасына аударылады.  

Сонда автоматты  түрде бухгалтерлік корреспонденция құрылып, «Балансқа» аударылады. Карточка қалдықты жыл басына көрсетеді және тауарлы – иатериалдық қорлардың әрбір қозғалыс ерекшелігін көрсетеді.

  • Жинақтаушы мінездегі карточка..

Меню → Документы →  «Материалдарды қабылдау» мұнда қоймадағы материалдар кірісі өңделеді. Бұл үшін кіріс құжатының келесі мәліметтері енгізіледі: нөмірі, күші, кіріс сомасының жиынтығын және корреспонденттік баланс шотын. Бұл кезде жабдықтаушы аты сұралады, бұған терезеде пайда болған жабдықтаушылар тізімінен керек атты таңдаймыз. Егер біз тауарды бірінші рет алып тұрсақ, оған карточка ашылу тиіс. (Вставка → таза орынға атын жазу) және содан кейін оның аты жабдықтаушылар тізімінде болады. «Номенклатура» справочнигін қолданып, тауар атын таңдаймыз, тауар көлемін көрсетеміз, бұл тауар есептелетін және қойма нөмірі көрсетілетін баланстық шотты көрсетеміз.   

Бағдарламада тауарлы –материалды қорлар есебі мен есепті шығару тәсілдері: Фифо, Лифо, орташа өлшенген болып табылады. Бір накладной бойынша қабылданған тауарлар қоймада бөлек-бөлек қабылдануы мүмкін. Құжатты өңдегенде салық сомасы қосымша құнда ерекшеленеді, ол кіріс- счет фактура реестріне түседі.

Керек мәліметті енгізе отырып, біз автокөлік кәсіпорны бойынша ақпарат аламыз.(журнал-ордерде 3310 шот), ал 8040 шотта 10000 теңге сомасына келесі шот шығыны көбейеді «көліктік шығын» және жаңа жол пайда болады 307.00

Салық есебіне керекті счет-фактура реестрі электронды түрде құрылады, НК МФ программасында формат бойынша. Жабдықтаушы карточкасында оның РНН және ҚҚС есеп қойылым куәлігінің нөмірі болады. Олар 307.00 формасына түседі.

Тәжірибелік жұмыс барыснда бағдарламаны пайдалану тиімділігіне, сервистік мүмкінділіктеріне көз жеткіземіз. Бұл бағдарлама бухгалтерге өз жұмысын әрә тез әрі сапалы түрде жүргізуге көмектеседі.

Ендігі, бухгалтердің жұмысын жеңілдететін программаларға 1С: «Бухгалтерия и оклад» бағдарламасы жайлы жазып өтемін.

«Сату және қойма» бағдарламасында біріктірілген тауарлар, ол туралы ақпараттар «Номенклатура» справочнигінде болады. Біріктірілгендердің тізімі, комплемент тұратын құрамы, қоластындағы справочникке «Комплемент құрамы» енгізіледі, онда «баға коэффициентіне» коэффициент енгізіледі.баға коэффициентін қолмен енгізуге болады немесе біріктірілгендердің бағасына сәйкесті қойылуы мүмкін. Біріктіру операциялары «Тауарлы – материалдық қорлардлың комплектациясы» құжатымен рәсімделеді,онда комплект атын таңдау және көлемін көрсетуден кейін кестелік бөлімін автоматты түрде толтыруға болады, соған байланысты комплемент құрамын оперативті құжат әзірлеу кезінде өзгертуге болады. Құжатты тіркегеннен кейін біріктірілгендер белгіленген қоймадан өзіндік құн бойынша шығарылып тасталады.

Ақпарат анализі «Сату және қойма» көптеген  әртүрлі есеп берулерден тұрады, олар икемді құрылымдарға және мәліметті топтауға мүмкіндік береді. Сату – шаруашылық іс-әрекет нәтижелеріне анализ жасау үшін, сонымен қатар келешектегі операцияларды жоспарлау мен бақылау үшін аналитикалық есеп берудің кең спектрі қолданылады. Меню → отчеты → аналитикалық.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылардың тауарлар бойынша жинақталған ақпарат алу үшін (клиенттер бойынша есеп  беру) қолданылады. Ал сатып алушылардың проект жөніндегі өтініш бойынша ақпараттарды жабдықтаушыларға заказдар бойынша тауарлы материалдық қорлардың түсуі мен кетуін «Проект бойынша есеп беруде» топтастыруға болады.

«Сату динамикасы» анализ жасауға белгілі бір мерзімдегі таңдалған түрлі тауарлардың сату динамикасын есеп беру көмегімен жасауға болады.

«Айналым құралдардың динамикасы» есеп беруі компанияның активі мен пассивінің құрылымын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар олардың өзгеру тенденцияларын көруге болады. Ал «Сату анализі» бойынша сату іс - әрекетінің пайдалылығын бағалауға болады. Егер тауарлар жақсы сатылған жабдықтаушыны анықтау керек болса, онда топтастыру тәртібін қою керек «Жабдықтаушы  - «Номенклатура», ал егерде жабдықтаушының тауарын алудан түскен максималды табысты анықтау керек болса, онда «Номенклатура» - «Жабдықтаушы» топтастырылып қою керек.

«Үлгі жоспар» справичнигі бухгалтерлік операцияларды шаруашылық іс - әрекет бойыншаь дұрыс қолдану үшін қолданылады. Бағдарлама, сонымен қатар, әрбір құжат құрылған бухгалтерлік проводкалар жөнінде мәлімет алуға мүмкіндік береді. Ал байланыстары белгілі мерзімдегі  шаруашылық операциялар бойынша  файлға апаруға болады. Сонымен қатар кассалық құжаттар ақпаратын, сату және сатып алу кітаптарындағы жазуларды жинақтап файлға апаруға болады. Осылайша, топтастырылған файлдар «1С: Бухгалтерия» бағдарламасына апарылады.

Сонымен, екі бағдарламаны қарастырып өттім. Екі бағдарламада да өз ерекшеліктері мен кемшіліктері болады. Әрбір ұйым өз қызметіне байланысты, өзінеқажет, тиімді деген бағдарламаны қолданады. Мысалға, «1С: бухгалтерия» бағдарламасы аз мөлшердегі қызметкерлер, қатысушылар саны аз болған кәсіпорындарда көбінесе қолданылады. Мысалға, Қарағанды Экономикалық университеті бағдарламасы Лука про бағдарламасы қолданылады. Себебі ол бағдарлама іс - әрекетті бухгалтерияда жасауға ыңғайлы. Әр кәсіпорын өзіне ұнайтын барлық жағынан жақсы бағдарламаны таңдап, соған сәйкес жұмыс атқарады.

Қазақстандық стандарт бухгалтерлік есеп жүргізудің бірдей принциптері мен әдістеріне негізделген өтпелі кезең экономикасына бейімделген болып саналады.

Жалпы ХҚЕС 2006 жылы жүзеге толығымен асырылады.

Келесі қарастырылып өтетін мәселе ХҚЕС мен БЕС 7 «Тауарлы материалды қорлар есебі» арасындағы айырмашылықты анықтаймын.

                     ХҚЕС   «Қорлар»

БЕС 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» методологиялық әдістеме.

ХҚЕС бағалау тәртібін айқындайды және оларды актив түрінде қарастырады:

1.сатуға арналған (тауарлар, дайын өнімдер)

2.өндіру процесіне (аяқталмаған өндіріс)

3.өндіріс прцесіне арналған шикізат пен материалдар түрінде сақталады.

ХҚЕС  сәйкес қор бағалау кем дегенде екі көлемде: өзіндік құн немесе мүмкін сату бағасы.

Қордлың өзіндің құн орташа өлшенген құн бойынша, немесе Фифо, Лифо әдісі бойынша анықталады. Бұл кезде Лифо әдісі альтернативті әдіс ретінде қарастырылады қордың құны шығынға сәйкесінше табыс деп танылған кезде апарылады.

Қор шығыны бухгалтерлік тәсілмен немесе инвентаризация нәтижесімен анықталады.Кәсіпорныда қаржылық есеп беру келесілерге алынуы тиіс:

1.қорларды бағалау бойынша есеп саясаты;

2.қорлардың балансының құны;

3.өндіріс процесінде қолдану үшін қорларды бағалау.

ХҚЕС  мен халықаралық стандарт өзгешілігі нақты шығын тізімін бермейді. ХҚЕС жалпы өзіндік құнды анықтау принциптерін береді, оның құрылуы кәсіпорынның саясатынна сәйкесті ХҚЕС-та  шығын регламентациясы жоқ, бұл қазақстандық бухгалтерлерге үйреншіксіз, олар нормативті құрылымды құжаттарға үйреніп қалған.

Бірақ ХҚЕС -да өзіндік құнды анықтауда көп еркіндік беріледі, ол прфессионалды ойларымен нақтыланады. Нақты шығын тізімі жоқ болса, ол өзіндік құн өз бетінше, қалай болса солай құрылмайды. Шығын деп танылу үшін ол өзіндік құн міндетті түрде принциптеріне сүйене отырып  жазу керек.

БЕС 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бір тәртібін анықтауды өзіне тауарлы – материалдық қорлар классификациясын және бағалауын, тауарлы – материалдық қорлар өзіндік құнын өндіріске сәйкесті шығын есебін қосады.

БЕС 7 тауарлы – материалдық қорлар  ең төменгі баға өзіндік құнынан және реализациядан таза баағасын анықтайды.

БЕС 7 және медологиялық әдістеме нақты  шығын тізімін береді., тауарлы – материалдық қорлар өзінді құнын құрайтын өзіндік құн өзіне сатып алу шығындарын, тасымаладау – дайындау шығындарын, өнімді қайта өңдеуді қосады. Өзіндік құн бағалаудың тәсілдермен жүзеге асырылады. Фифо, Лифо орташа өлшенген және спецификалық идентификациялау.

Реализациялаанытын тауарлы – материалдық қорлар өзіндік құны сол есеп берушілеріне шығыс түрінде келістіріледі, соған сәйкесті оларға табыс.

Қаржылық  есеп беруде келесілерді ашу керек:

1.есеп саясатын, тауарлы – материалдық қорлар бағалау үшін құру;

2.тауарлы – материалдық қорлар  классификацияны бойынша баланстық расшировка құны;

3.тауарлы – материалдық қорлар  реализация таза бағасы бойынша себеп көрсетуге байланысты есептен шығару.

4.Реализацияланған тауарлы – материалдық қорлар өзіндік құны және т.б. Методолгиялық әдістеме дешығын тізімі беріледі, ол өнімнің өзіндік құнын құрайды және мерзімде шығыс болады, бұл БЕС ХҚЕС-дан ерекшеленеді.

БЕС 7 ХҚЕС секілді өзіндік құн мен мерзім шығындарын анықтау жалпы принциптерді ұсынады, бірақ метологиялық әдістеме. Олардың нақты тізімін көрсетеді. Берілген тізім шығын құрамын регламенттейді, олар өзіндік қосылады, ол белгілі бір дәрежеде кәсіпорынның бухгалтериясына ыңғайлы, бірақ ол өзіндік құнының еркіндікті шектейді. Сонымен қатар «Басқа шығындар» сөз тіркемесі бухгалтерияда методонологиялық әдістемені дұрыстығына сенім артпайды.

Информация о работе Тауар - материалдық қорларды түгендеу