Тауар - материалдық қорларды түгендеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 17:34, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүләнген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлек сауда бағасымен өндіріледі.
Кәсіпорын басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу оның басталуы және аяқталуы мерзіміне жауапты адам тағайындалады. Түгендеу жұмысы материалдарға жауапты адамның жауапкершілігінде материалдардың түрлері және олардың сақтаулы тұрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ оның өз меншігіне жатпайтын , яғни басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдарында түгендеу керек.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 бөлім. Тауар - материалдық қорларды түгендеу...............................................5
Тауар - материалдық қорларды түгендеу ережелері..................................5
Тауар - материалдық қорларды түгендеудің мақсаты, міндеттері және түрлері.....................................................................................................................10
Тауар - материалдық қорларды түгендеу жүргізу тәртібі.......................13
2 бөлім. Тауар - материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін есепке алу....16
2.1. Тауар-материалдық қорлардың №2 ХҚЕС..................................................16
2.2. Тауар - материалдық қорлардың қоймадағы есебі........................................
2.3. Таурлы- материалдардың бухгалтериядағы есебі.......................................
2.4. Тауарлы –материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары..........................
Қортынды.................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 48.75 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

1 бөлім. Тауар - материалдық  қорларды түгендеу...............................................5

    1. Тауар - материалдық қорларды түгендеу ережелері..................................5
    2. Тауар - материалдық қорларды түгендеудің мақсаты, міндеттері және            түрлері.....................................................................................................................10
    3. Тауар - материалдық қорларды түгендеу жүргізу тәртібі.......................13

2 бөлім. Тауар - материалдық  қорларды түгендеу нәтижелерін  есепке алу....16

2.1. Тауар-материалдық қорлардың №2 ХҚЕС..................................................16

2.2.  Тауар - материалдық  қорлардың қоймадағы есебі........................................

2.3.  Таурлы- материалдардың  бухгалтериядағы есебі.......................................

2.4. Тауарлы –материалдық  қорлар есебін жетілдіру жолдары..........................

Қортынды.................................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тауарлы - материалдық  қорларды түгендеу ережелері

Қазақстан Республикамызда  осы күнгі қолданылып жүрген ереже  бойынша кәсіпорындар жылына кем  дегенде бір рет өздерінің  менщігіндегі материалдық қорларына  түгендеу жұмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:

  • жылдық есеп беру алдында маусыммен жұмыс істейтін қайта

өндіруші ұйымдар, сондай-ақ дайындаушы және басқа да ұйымдар  материалдар мен шикізатқа олардың  қалдығының азайған кезінде түгендеу жұмысын жүргізе алады;

  • материалдық қорларды міндетті түрде түгендеу материалдарға

жауапты адамның ауысуына байланысты, ұрлық және қиянат жасағанда, сондай-ақ материалдық қорлар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда, ұйым таратылғанда (қайта құрылғанда) т.б. жағдайларда  жүргізіледі.

Түгендеу жүргізу үшін кәсіпорын басшысының бұйрығымен орталық  түгендеу комиссиясы құрылады. Бұл  комиссияны кәсіпорын басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен  қатар әрбір цех, бөлімше бойынша  жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып және басқарып отырады.

Кәсіпорын басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу оның басталуы және аяқталуы мерзіміне жауапты адам тағайындалады. Түгендеу жұмысы материалдарға  жауапты адамның жауапкершілігінде  материалдардың түрлері және олардың  сақтаулы тұрған жерлері бойынша  жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ оның өз меншігіне  жатпайтын , яғни басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдарында түгендеу керек.

Түгендеу – бұл барлық материалдардың әрқайсысын біртіндеп  санап шығып, одан кейін материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығымен салыстыру. Түгендеу жұмысы материалдардың түгел сақталуын қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады. Жергілікті түгендеу комиссиясы материалдардың қалдығын өлшеу және санау арқылы олардың сақталып тұрған жерлері жіне материалдарға жауапты адамдар бойынша түгендеу тізімін жазып (үлгілі түрі инв-3), кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырады. Түгендеу тізіміне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қоюлары тиіс. Басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдық игіліктеріне бөлек тізім жасалады. Ұйым бойынша түгендеу нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесі жасалады. Салыстыру тізімдемесі түгендеу кезінде анықталған нақтылы қалдығы, оның бухгалтерлік есептегі қалдығына сәйкес келмейтін тауарлық-материалдық қорлар бойынша жасалады. Салыстыру тізімдемесеінде артық немесе кем шыққан материалдық құндылықтар бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасымен есептеледі. Түгендеу комиссиясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнінде оларға жауапты тиісті адамдардан жазбаша түсінік алуы тиіс.Ол жазбаша түсінік негізінде тұрақты жұмыс атқаратын түгендеу комиссиясы кем шыққан, жоғалған, бұзылған материалдардың қандай себептен болғанын анықтайды және де келешекте қайталабас үшін шара қолданады. Сондай-ақ комиссия түгендеу кезінде материалдадың артық шығу себебін де анықтайды. Белгіленген кемі мөлшері тек қана кем шыққан материалдарға ғана қоладнылады. Егер кейбірматериалдар бойынша кему мөлшері бекітілмеген болса, онда ол материалдардың кем шыққаны мөлшерден тыс болып саналады. Материалдық қорлардың белгіленген мөлшерден артық-кем шыққаны, сондай-ақ олардың бұзылуынан пайда болған шығын кінәлі адамдардан өтелуі керек. Материалдардың бекітілген табиғи кему мөлшерінен артық-кем шығуы және олардың бүлінуіне байланысты шығын, егер оған кінәлі адам табылмаған жағдайда орталық комиссияның шешімімен шығындарына қосылады. Қай жағдайда материалдаардың артық шығуының себебі материалдық қорлардың, өндіріс шығындарының басынан қате есептелуі салдарынан болуы мүмкін. Ондай жағдайда материалдық қорлардың құны өндіріс шығындарынан алып тасталынып, қайтадан кіріске алады. Сондай-ақ қателіктен аттары, сорттары, өлшемдеріалмасып кеткен материалдардың өзара бірімен-бірін жапқаннан шыққан сомалық айырмашылыққа да өндіріс шығындары азайтылады. Қателесіп алмасып кетуден артық немесе кем шыққан материалдардың сандарын өзара жабуы тек осы тексеріліп жатқан мерзім аралығында алмасып кеткен және тек бір адамның өзінің жауапкершілігіндегі аттас материалдар бойынша тепе-тең санға ғана рұқсат етіледі. Материалдарға жауапты адам материадардың өзара алмасып кетуінен артық немесе кем шыққаны жайлы толық түсінік беруге тиіс. Егер кем шыққан материалдарды артық шыққан матриалдар жапқан кезде, кем шыққан материалдар құны артық шыққан материалдардың құнынан көп болса, екеуінің арасындағы айырмашылық сомасын кінәлі адам төлеуі керек.

Кәсіпорындағы материалдық  қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүләнген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша  бөлек сауда бағасымен өндіріледі.

1-кесте. Тауарлық-материалдық  қорлар шоты бойынша жүргізілетін                                                                                                                                             операциялар

Операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

1

2

3

4

 

1

Жабдықтаушылар мен жеткізушілерден  келген материалдар есеп айырысу  құжатының келгеніне қарамастан кіріске алынды.

1300

3310

2

Сатылып алынған материалдардың құны кассадан төленді.

 

1310-1315

1010, 1020

3

Есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы сатылып алынған материалдық  құндылықтардың құны.

1310-1315

1250

4

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан өтеусіз келіп түскен материалдар

1310-1315

6160

5

Негізгі құралды бұзғаннан, істен шығарғаннан алынған материалдық  құндылықтар

1310-1315

6210

6

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз өндірісінде өндіріліп, дайындалып өз қажетіне пайдалануға арналған материалдарды  кіріске алу.

1310-1317

8010 8030

7

Алынған материалдар және олар үшін кеткен шығындар арнайы банктердегі  шоттардан төленеді.

1310-1315

1070

8

Пайдалануға болатын өндірістік ақаулардан алынған материаларды кіріске  алу.

201-208 1310-1317

900 8010

9

Түгендеу кезінде артық  шыққан материалдарды кіріске алу.

1310-1315, 1317

6160

10

Еншілес және тәуелді серіктестермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан  келіп түскен кіріске алынған  материалдар.

1310-1315, 1317

3320

11

Материалдық құндылықтарды  дайындайтын жұмыскерлерге есептелінген еңбекақы.

1310-1315,

3430

12

Өдіріс пен шаруашылыққа пайдалану үшін жіберілген материалдар:

  • негізгі өндіріске;
  • қосалқы өндіріске;
  • цехқа (үстеме шығын);
  • ұйымның әкімшілік шығындары.

 

 

8011 8031

8041 7210

 

 

1300

13

Салынып жатқан (аяқталмаған) құрылысқа жіберу мақсатымен есептен  шығарылған материалдар.

2418

1310-1315, 1317

14

Өндірістік ақауды жөндеу үшін есептен шығарылған материалдар.

8011, 8031

1310-1315

15

Түгендеу барысында бүлінген және жетпей қалған материалдарды есептен  шығару.

7210

1310-1315, 1317

16

Басқа ұйымға әріқарай жөндеуге берілген матералдар.

1316

1310-1315, 1317

17

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жөндеуден алынған материалдарына

1310-1315, 1317

1316

18

Жөндеуден алынған материалдар  үшін есептелінген сома.

1310-1315, 1317

3310, 3320


 

 

 

 

2- бөлім. Тауар-материалдық қорлардың есебі

                        2.1  Тауар-материалдық қорлардыңң №2 ХҚЕС

             №2 ХҚЕС мақсаты қосалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады. қосалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді.  №2 ХҚЕС қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз: «Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS Халықаралық стандарты);(b)қаржы құралдарын; Ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады.         (b)  ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда және залалдар туралы есепте танылады.           (b)  сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде өзінің босалқыларын әділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері және трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда және залалдар туралы есепте танылады. 3(а)-параграфында айтылған босалқылар өндірістің белгілі бір кезеңдерінде өткізудің ықтимал таза құны бойынша бағаланады. Бұл, мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау немесе пайдалы қазбалар өндірілген кезде, бұл болашақтағы келісім-шарт немесе мемлекеттің кепілдік беруі арқылы сатуды растайды немесе белсенді нарық пен сату тоқтап қалатын тәуекелдің алдын алу мүмкіндігі болған жағдайда болады. Мұндай босалқылар №2 ХҚЕС бағалау бойынша талаптардан ғана алынып тасталады.  Брокерлер және трейдерлер - тауарларды басқалар үшін немесе жеке өз есебіне сатып алатын немесе сататын тұлғалар. 3(б)-параграфында айтылған босалқылар негізінен жақын болашақта сату және бағаның немесе брокерлер мен трейдерлер маржасындағы ауытқулардан пайда табу мақсатында сатып алынады. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде олар осы Стандарттың бағалау бойынша талаптарынан ғана алынып тасталады. төменде көрсетілген мәндерінде мынадай терминдер пайдаланылады: Босалқылар - бұлар:  Қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;осындай сату үшін өндіріс процесіндегі; (c)  өндіріс процесінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер. Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома. Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді. Біріншісі нақты ұйымға тән болып табылатын құн; соңғысы ондай болып табылмайды. Босалқыларды өткізудің ықтимал таза құны сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнға тең болмауы да мүмкін. Босалқыларға қайта сату үшін сатып алынған және сақталатын тауарлар кіреді. Оларға, мысалы, бөлшек саудамен айналысатын сатушының алған тауарлары, немесе қайта сатуға арналған жер немесе басқа мүлік кіреді. Сонымен қоса босалқылар дайын немесе ұйым шығарған және шикізат пен өндіріс процесінде одан кейінгі пайдалануға арналған материалдар кіретін жартылай дайын өнім кіреді. Қызмет көрсету аясының ұйымы 19-параграфта сипатталғандай, ұйым тиісті түсім шамасын осы уақытқа дейін танымаған қызмет көрсетудің құны босалқыға кіргізілген жағдайда (18-«Түсім» ІAS Халықаралық стандартын қараңыз). Босалқылар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнында өлшенуге тиіс.Босалқылардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және босалқыларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады.     Босалқыларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары мен басқа да салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан басқалары), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстар және объектіні сатып алумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай баптар сатып алуға жұмсалған шығындарды анықтаған кезде шегеріп тасталады. Босалқыларды қайта өңдеу шығындарына еңбекақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар сияқты өнім бірліктерімен тікелей байланысты шығындар кіреді. Сонымен қоса оларға шикізаттан дайын өнім жасап шығару кезінде орын алған тұрақты және ауыспалы үстеме өндірістік шығыстарды жүйелі түрде бөлу кіреді. Тұрақты үстеме өндірістік шығыстар амортизация мен үйлерге қызмет көрсету және жабдықтар мен әкімшілік-басқару шығыстары сияқты өндіріс көлемінен тәуелсіз салыстыра алғанда өзгеріссіз болып қалатын жанама өндірістік шығындар болып табылады. Ауыспалы үстеме өндірістік шығыстар шикізаттың жанама шығындары мен еңбектің жанама шығындары сияқты өндіріс көлемінің өзгеруінен тікелей немесе тікелей дерлік тәуелді жанама өндірістік шығыстар болып табылады.  Тұрақты және үстеме өндірістік шығыстарды қайта өңдеу бойынша шығындарға бөлу қалыпты жағдайда жұмыс істеу барысында ұйымның өндірістік қуаттылығына негізделеді. Қалыпты өндірістік қуаттылық - жоспарлы техникалық қызмет көрсету нәтижесінде қуат ысырабын есепке ала отырып, істің қалыпты орындалуы барысында жұмыстың бірнеше кезең немесе мезгілінде орташа көрсеткіштер негізінде есептелетін өндірістің күтілетін көлемі. Өндірістің нақты деңгейі қалыпты жағдайдағы қуаттылыққа жуық мәнде сәйкес келгенде ғана пайдаланыла алады. Өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы өндіріс деңгейінің төмендеуі немесе ұйымның тоқтап қалуы салдарынан өспейді. Бөлінбеген үстеме шығыстар оның пайда болуы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылады. Өндіріс деңгейі ерекше жоғары болған кезеңде өнімнің әрбір бірлігіне қатысты тұрақты үстеме өндірістік шығыстар сомасы босалқылар өзіндік құнынан жоғары бағаланбайтын мөлшерде азаяды. Өндірістік қуаттылықты шын мәмінде пайдалану негізінде ауыспалы өндірістік үстеме шығыстар өнімнің әрбір бірлігіне жатқызылады. Өндірістік процесс нәтижесінде бір мезгілде көп өнім шығарылуы мүмкін. Мысалы, бұл бұйымды бірігіп шығару жағдайында, немесе негізгі өнімнің өндірісі қосымша өнімді өндірумен қатар жүріп отырған жағдайда болады. Әрбір өнімге жұмсалған шығындарды бөлек анықтай алмаған жағдайда, оларды өнімдердің арасында теңбе-тең және бір ізді бөледі. Бөлу, мысалы, не өндіріс процесі кезеңінде өнімдер ұқсас болғанда, не дайын өнім шығарылған кезде анықталатын әрбір өнімді сатудың салыстыра алғандағы құнына негізделуі мүмкін. Қосалқы өнімдердің көбісі табиғатынан мардымсыз. Осындай жағдайларда оларды көбінесе сатудың ықтимал таза бағасы бойынша бағалайды және бұл шама негізгі өнімнің өзіндік құнынан шегеріледі. Нәтижесінде негізгі өнімнің баланстық құны оның өзіндік құнынан аз ғана ерекшеленеді.

Басқа да шығындарға босалқыларды қазіргі  орналасқан жеріне дейін жеткізуге  және жай-күйіне байланысты деңгейдегі олардың өзіндік құны ғана жатады. Мысалы, босалқылардың өзіндік құнына өндірістік емес үстеме шығыстарды немесе нақты клиенттерге арналған өнімді әзірлеу жөніндегі шығындарды жатқызу  орынды болуы мүмкін.Төменде босалқылардың  өзіндік құнынан алынып тасталатын және олардың пайда болуы кезеңінде  шығыстар ретінде танылатын шығындардың  мысалдары келтірілген: (а)  шикізаттың, жұмсалған еңбектің нормативтен тыс ысырабы немесе басқа да өндірістік шығындар;егер олар тек өндірістік процестің келесі кезеңіне көшу үшін осы өндірістік процесте қажет болмағанда ғана сақтауға жұмсалатын шығындар;босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне және жай-күйіне дейін жеткізуге байланысты емес әкімшілік үстеме шығыстар;сатуға жұмсалатын шығындар. 23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандарты босалқылардың өзіндік құнына заем бойынша шығындар кіретін сирек жағдайларды анықтайды. Ұйым босалқыларды төлем мерзімін кейінге қалдыру шартымен сатып ала алады. Осындай келісімде іс жүзінде қаржыландыру элементі болғанда, бұл элемент, мысалы, әдеттегі сауда кредиті шартымен сатып алу бағасы және төленген сома арасындағы айырмашылық қаржыландыру кезеңіндегі пайыздар бойынша шығыс ретінде танылады.    Қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың босалқыларының өзіндік құны. Қызмет көрсету саласының ұйымдарындағы босалқылардың болу дәрежесінде оларды өндіруге жұмсалған шығындар бойынша бағалайды. Бұл шығындарға, ең алдымен, жалақы төлеу және қызметтер көрсетуге, оның ішінде бақылауға тікелей қатысатын қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар, сондай-ақ тиісті үстеме шығыстары жатады. Жалақы және сауда және жалпы әкімшілік қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар босалқының өзіндік құнына кіргізілмейді, бірақ олар туындаған кезеңдегі шығыстар ретінде ескеріледі. Қызмет көрсету саласы ұйымдарының босалқылардың өзіндік құнына көп жағдайда ұйымдар көрсететін қызметтердің бағасына кіретін пайда немесе үстеме шығыстарға жатпайтын нормалар кірмейді.Биологиялық активтерден алынған жиналған ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны 41-«Ауыл шаруашылығы» (IAS) ХҚЕС-на сәйкес ұйым биологиялық активтерден жинаған ауыл шаруашылығы өнімдерінен тұратын босалқылар бастапқы тану кезінде жинау орнында сатуға жұмсалған шығындары шегерілген әділ құны бойынша бағаланады. Бұл осы Стандартты қолдану мақсатында босалқылардың сол күнгі өзіндік құны болып табылады. Нормативтік шығындар бойынша есепке алу әдісі және бөлшек баға әдісі сияқты босалқылардың өзіндік құнын айқындаудың әр алуан әдістері, егер олардың нәтижелері өзіндік құнға жуықтап сәйкес келетін болса, қолайлылық үшін пайдаланылуы мүмкін. Нормативтік шығындар шикізаттар мен материалдарды, еңбекті пайдаланудың, тиімділік пен қуаттың қалыпты деңгейін ескереді. Оларды ұдайы тексереді және қажет болған жағдайда, ағымдағы жағдайларға қарай қайта қаралады. Бөлшек саудада тез арада өзгеретін көптеген бұйымдардан тұратын, олар үшін өзіндік құнды бағалаудың басқа әдістерін пайдалану орынды болып табылмайтын босалқыларды бағалау үшін көбінесе бөлшек баға әдісі пайдаланылады. Босалқылардың өзіндік құны сатылған босалқылардың жалпы құнын жалпы маржаның тиісті пайызына азайту арқылы анықталады. Пайдаланған пайыздың шамасында бағасы бастапқы сату бағасынан төмен бағаға азайтылған босалқыны ескереді. Бөлшек сауданың әрбір бөлімшесі үшін пайыздың орташа мәні жиі пайдаланылады. Бірін-бірі алмастырмайтын босалқылардың жекелеген баптарының, сондай-ақ арнаулы жобалар үшін өндірілген және оларға арналған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны оларға жұмсалатын жеке шығындарды ерекше сәйкестендіру арқылы анықталуға тиіс. Іс жүзіндегі шығыстардың нақты анықтамасы белгілі бір шығындар босалқылардың белгілі бір баптарына жататынын білдіреді. Есепке алудың бұл тәртібі, олардың сатып алынғанына немесе өндірілгеніне қарамастан, арнаулы жобаларға арналған бұйымдар үшін сәйкес келеді. Алайда, іс жүзіндегі шығындардың нақты анықтамасы босалқылардың бір-бірін алмастыра алатын бірліктері аса көп болған жағдайда бұған лайықты болмайды.

Информация о работе Тауар - материалдық қорларды түгендеу