Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:59, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: үстеме шығындар есебі. Курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебі және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар үстеме шығындар есебі туралы жазылған. Жұмыстың кіріспе бөлімінде жалпы шығындар туралы түсінік және олардың жіктелуі көрсетілген; 1-бөлімінде жалпы үстеме шығындар ұғымы мен есебі, оларды орналастыру қажеттілігі туралы жазылған; 2-бөлімінде үстеме шығындарды тарату ставкалары туралы түсінік, олардың түрлері және есептеу тәртібі сипатталған; 3-бөлімінде үстеме шығындарды есепке алуды жетілдіру жолдары қарастырылады; ал курстық жұмыстың қорытынды бөлімінде жалпы үстеме шығындарды есерке алу жолдары сипатталып кеткен.
Мысалға, құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп ұстау шығыстары 2775360 теңге құрған (оның ішінде жөндеуге-1206000 теңге, негізгі құралдың тозу орамасына 1129360 теңге, құрал-жабдықты күтіп ұстауға, пайдаланған материалдар құнына-440000 теңге шығындар жұмсалған). [4]
Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен нақты шығындарды таратқан кезде, оның сол тиесілі бөлігіне жататын ақаудың өзіндік құнын ескеру керек. Бұл шығыстар ақаудың өзіндік құнына сметалық (нормативтік) мөлшерлермен анықтаған кезде есептелінген нормативтік қатынас бойынша өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды енгізіледі. Ақауды жөндеумен айналысатын жұмысшының жалақысы 18 теңге болса, ал оның сметалық нормативтік мөлшерлемесі 7,5 теңге құраған, бұл соңғы құрал-жабдықтың күтіп ұстау шығысына ақаудың тиесілі сомасы арқылы анықталған.
Үстеме шығыстың талдамалық есебі номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді.
Мысал. Аяқ киім тігетін өнеркәсіп кәсіпорыны төрт өнім түрін шығарады делік:
Үстеме шығыстарын тарату кезінде мыналар қабылданды:
- алдымен құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп ұстау шығыстары бойынша таратылады, ол кезде құрал-жабдықтың жұмыс сағатына кеткен осы шығыстың деңгейі және тиесілі өнім түрін әзірлеген кездегі құрал-жабдықпен жұмыс істеу ұзақтылығы ескеріледі. Бұл үшін құрал-жабдықтың жұмыс істеуі туралы сандық мәліметтің негізінде нормативтік (сметалық) мөлшерлеме анықталады;
- содан соң жалпы үстеме шығыстары өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды түрде таратылады.
Сметалық нормативтік мөлшерлемені есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:
Н=СР
мұнда, Н – сметалық (нормативтік) мөлшерлеме; С – құрал-жабдықтың бір сағатына кететін сметалық шығыстың сомасы; Р – құрал-жабдықтың жұмыс істеу барысында жасалған сағатының саны.
Соңғы көрсеткіштің деңгейі
өнімнің бір түрін әзірлеуде
пайдаланатын әртүрлі топтағы құрал-
- цех құрал-жабдықтарының
шығындарын олардың
- құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша жылдық сметалық шығыс жасалған, оның жалпы сомасы 5985 мың теңге құраған;
- әрбір топ бойынша
жұмыс істеу сағаты, яғни машинаның
жұмыс істеу мерзімі
Жоғарыда келтірілген мысалда теріден тігілген ерлер аяқ киімін әзірлеуге арналған құрал-жабдықты күтіп-ұстауға кеткен шығыстың сметалық мөлшерлемесін есептеу жолы көрсетілген. Енді біз басқа бұйымдар үшін сметалық мөлшерлемені мына төменде келтірілген мәліметтер бойынша анықтаймыз. [7]
Есептеуді оңайлату мақсатында тек өздерінің конструкциясы, технологиясы және басқа параметрлері бойынша ұқсас типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесін алуға рұқсат етіледі. Бұл тапсырыс бойынша орындалатын құрал-саймандарға, запас бөлшектерге қатысты болып келеді. Олардың шығыс нормасы типтік бұйым түрлерінің сметалық мөлшерлемесінің негізінде белгіленеді, өздерінің бұйым топтарына сәйкес өндірістік жұмысшының жалақысына пайыздық қатынасының көмегімен оларға түзетулер енгізілуі мүмкін.
Бұл арада атап өтетін бір жайт, ол құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстау шығыстары оның калькуляцияланатын объектілеріне істелген машина сағатына пропорционалды түрінде сметалық (нормативтік) мөлшерлемесін пайдалана отырып таратады және ол өндіріс жұмысшыларының жалақысына тәуелді емес. Сондықтан, бұл шығындардың сметалық (нормативтік) мөлшерлемесі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пайыздық қатынасы арқылы есептелінеді және осы әдістің көмегімен өнімнің өзіндік құнына енгізіледі, демек, оларды таратудың техникалық әдісі болып табылады. Көмекші процестердің сметалық мөлшерлемесі де осыған ұқсас есептелінеді.
Көмекші өндірісте біртектес өнімдер әзірленсе, онда құрал-жабдықтар, машинаны пайдалану және күтіп ұстау шығыстары негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды таратылады. [6]
1.2 Үстеме шығындарды тарату ставкалары туралы түсінік, түрлері және есептеу тәртібі
Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және өздерінің көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатында көрсетілуі мүмкін:
Үстеме шығыстарды тарату базасы халықаралық және отандық тәжірибеде шығын тасмалдаушылар деп аталады. [8]
Шығын тасымалдаушылар – шығындар деңгейіне әсер ететін себептер. Шығын тасымалдаушылар шығындар көлеміне әсер етеді және олар үстеме шығыстарды ақырғы өнім арасында таратуға бағытталған. Шығын тасымалдаушылардың көп кездесетін түрлері:
Кәсіпорында қалыптасқан шығындардың нақты деректері негізінде шығындардың әр түрі бойынша шығын тасымалдаушылар мен үстеме шығыстарды тарату ставкалары анықталады. Бұл ставка таратуға негізделген шығындардың жалпы сомасын тасымалдаушы ретінде алынған факторға бөлу арқылы анықталады. [9]
Үстеме шығыстарды тарату ставкаларын есептеудің мынадай әдістері бар:
1. Үстеме шығыстарды таратудың бірегей ставкасы
Мысал: Үстеме шығыстардың жалпы сомасы-16350000 теңге, тарату базасы ретінде негізгі өндіріс жұмысшыларының жұмыс-сағаты алынған-550000 сағ.
Үстеме шығыстарды таратудың бірегей ставкасы=16350000:550000=29,73 теңге бір жұмыс-сағатқа.
1 бірлікті өндіруге қажет уақыт 30 сағат.
1 бірліктің өзіндік құнына енгізілетін үстеме шығыстар=29,73×30=891,9 тг.
Дебет 8114
Кредит 8410
Сома 891,9
2. Цехтық тарату ставкалары
Цехтық тарату ставкасы=Цехтық ҮШ сомасы:Цехтық тарату базасы.
Мысал:
Көрсеткіштер |
№1 Жабдықтық цех |
№2 Жабдықтық цех |
Құрастыру цехі |
Барлығы |
Үстеме шығыстар (мың теңге) |
6 823,8 |
5 665,1 |
3 861,1 |
16 350,0 |
Істеген жұмыс уақыты (сағ.) |
200 000 |
150 000 |
200 000 |
550 000 |
ҮШ Цехтық ставкасы |
34,12 |
37,77 |
19,31 |
29,73 |
1 өнім бірлігін өндіруге 30 сағат қажет, соның ішінде: №1 цехта-10 сағ., №2 цехта-15 сағ., құрастыру цехында-5 сағ.
1 өнім бірлігінің өзіндік құнына енгізілетін ҮШ сомасы:
№1 цех: 34,12×10 сағ.=341,20 тг;
№2 цех: 37,77×15 сағ.=566,55 тг;
Құрастыру цехында: 19,31×5 сағ.=96,55 тг.
Барлық ҮШ сомасы=1 004,30 тг.
Дебет 8114-1 004,3
Кредит 8410-1 004,3
3. Үстеме шығыстардың нормативтік тарату ставкасы
Үстеме шығыстардың жалпы нормативтік тарату ставкасы=ҮШ нормативтік жалпы сомасы:Нормативтік жалпы тарату базасы. [10]
ҮШ нормативтік цехтық тарату базасы=ҮШ нормативтік цехтық сомасы:Нормативтік цехтық тарату базасы.
1-мысал. Кәсіпорының нормативтік көрсеткіштері:
ҮШ нормативтік ставкасы=400 000:200 000=2 тг/1 сағат жұмысқа.
Нақты деректер:
Өнімнің өзіндік құнындағы ҮШ=2×180 000=360 000 тг.
Таратылмай қалған ҮШ сомасы=400 000–360 000=40 000 тг.
Үстеме шығыстарды нормативтік тарату ставкасы бойынша есептен шығару.
Үстеме шығыстардың нақты сомасы таратылған сомадан артық.
Дебет 8114-360 000
Дебет 7010-40 000
Кредит 8410-400 000
2-мысал.
ҮШ нормативтік ставкасы=400 000:200 000=2 тг/1 сағат жұмысқа.
Нақты деректер:
Өнімнің өзіндік құнындағы ҮШ=2×200 000=400 000 тг.
Артық таратылған үстеме шығыстар сомасы=380 000–400 000=-20 000 тг.
Әр түрлі тарату базасын пайдалана отырып ҮШ тарату ставкаларын есептеу.
Келесі есепті мерзімнің деректері:
Компанияда өнімді өндірумен тікелей байланысты өндірістік бөлімшелермен қатар, өндірістік бөлімшелерге секілді бір-біріне қызмет көрсететін қызмет көрсеткіш бөлімшелер орын алады. [8]
Негізгі өндіріске қызмет көрсету бөлімшелерінің шығындарын бөлудің кең тараған әдістері тікелей әдіс болып табылады. Осы әдіске сәйкес қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығыстары тікелей өндірістік бөлімшелерге жатқызылады. Мысалы,
Қызмет көрсетуші
Бөлімшелер | |
Қызмет көрсетуші |
Өндірістік |
Көмекші цех |
Машина цехы |
Материалдық-техникалық жабдықтау |
Жинау цехы |
4-кесте
Қызмет көрсетуші бөлімшелердің шығыстарын бөлу үшін бастапқы ақпарат
Қызмет көрсетуші бөлімше |
Өндірістік бөлімше | ||||
Көмекші цех |
Материалдық техникалық жабдықтау |
Машина цехы |
Жинау цехы |
Барлығы | |
Бөлуге дейінгі жоспарлы ӨҮШ, Қызмет көрсету, Көмекші цех |
600 000 |
116 000 |
400 000 |
200 000 |
1 316 000 |
Пайыздық қатынаста жоспарлы еңбек сағаттары |
1 600 20 % |
2 400 30% |
4 000 50 % |
8 000 100 % | |
Материалдық техникалық жабдықтау. Пайыздық қатынаста жоспарлы еңбек сағаттары |
200 10 % |
1 600 80 % |
200 10 % |
2 000 100 % |