Үстеме шығындар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:59, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: үстеме шығындар есебі. Курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебі және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар үстеме шығындар есебі туралы жазылған. Жұмыстың кіріспе бөлімінде жалпы шығындар туралы түсінік және олардың жіктелуі көрсетілген; 1-бөлімінде жалпы үстеме шығындар ұғымы мен есебі, оларды орналастыру қажеттілігі туралы жазылған; 2-бөлімінде үстеме шығындарды тарату ставкалары туралы түсінік, олардың түрлері және есептеу тәртібі сипатталған; 3-бөлімінде үстеме шығындарды есепке алуды жетілдіру жолдары қарастырылады; ал курстық жұмыстың қорытынды бөлімінде жалпы үстеме шығындарды есерке алу жолдары сипатталып кеткен.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстык жумыс.doc

— 255.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: үстеме шығындар есебі. Курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебі және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар үстеме шығындар есебі туралы жазылған. Жұмыстың кіріспе бөлімінде жалпы шығындар туралы түсінік және олардың жіктелуі көрсетілген; 1-бөлімінде жалпы үстеме шығындар ұғымы мен есебі, оларды орналастыру қажеттілігі туралы жазылған; 2-бөлімінде үстеме шығындарды тарату ставкалары туралы түсінік, олардың түрлері және есептеу тәртібі сипатталған; 3-бөлімінде үстеме шығындарды есепке алуды жетілдіру жолдары қарастырылады; ал курстық жұмыстың қорытынды бөлімінде жалпы үстеме шығындарды есерке алу жолдары сипатталып кеткен.

Басқару есебінің негізгі  мәселелеріне мыналар жатады: 
бірінші бағыт - жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін табыс (қызметтерден, тасымалдаудан, сатудан) және өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар (тікелей және жанама) туралы есептік мәліметтерді алу болып табылады; 
екінші бағыт - өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды болашақ өндірістік шығындар 
мақсатында пайдалану және дұрыс шешімдер кабылдау үшін барлық деңгейдегі басшыларды (цехтардың, өндірістің; ШС) осы ақпараттармен қамтамасыз ету; үшінші бағыт — шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар орталықтары бойынша да, жауапкершілік орталықтары бойынша да есепті ұйымдастыру. 
Осы келтірілген мәселенің әрқайсысын шешуде шығындардың өзіңдік жіктелуі жасалады.  Шығындардың   тікелей  және жанама болып бөлінуі, материалдардың қозғалысы мен олардың өндірісте қолдануының есебін ұйымдастыру, өндірістік жұмысшылардың  еңбекақысын төлеу  шығындарының  есебі,  өндірістік үстеме  шығындар есебі және олардың жеке  өнім  түрлерінің   өзіндік   құнына  жатқызу   тәртібі,   сонымен   қатар шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын кальқуляциялаудың  жеке әдістерін қолдану (тапсырыстық, процестік, қайта  бөлу т.с.с) сұрақтарында қарастырылады. Сонымен қатар, кешенді өндірістің жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялау және қысқартылған (тұрақты шығындарсыз) шығындарды  толық тарату калькуляциясын қарастырады.

Шығыстарды талдау олардың  тиімділігін анықтауға, олардың  шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Сондықтан, шығын басқару  есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң нарықтық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, олардың іске асуын уақтылы қаржымен қамтамасыз ету, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Үстеме шығындар құрылымының теориясын зерттей отырып шаруашылық субъектідегі үстеме шығындар есебін  талдау.

Курстық жұмыстың міндеті: 

- үстеме шығындар есебін талдау; үстеме шығындарды орналастыру  қажеттілігі мен оларды бөлудің  әдісін зерттеу, осы курстық  жұмысты орындаудың басты міндеттеріне  жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Үстеме шығындар есебі

 

 

1.1 Үстеме шығындардың түсінігі және олардың түрлері

 

Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыстарын ұйымдастырумен байланысты шығыстар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) түрлеріне (бірлігіне), өндірістік процеске, сату көлеміне сатып алатын топқа жатқызуға болмайды. Басқаша айтқанда, үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар: цехтарды басқару аппараты жұмысшыларына есептелген еңбекақы; негізгі материалдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы; үйлерді, ғимараттарды және жалпы өндірістік бағыттағы инвентарларды ұстау және жөндеу шығындары; өндірістік сипаттағы ойлап табушылыққа, зерттеуге, тәжірибе жасауға кеткен шығындар, еңбек қорғау бойынша шараларға және өндірісті басқару мен қызмет көрсетумен байланысты басқа да цехтық шығындар.

Нақты үстеме шығындардың  құрамына ішкі себептер бойынша тұрып  қалудан болған жоғалтулар, цехтарда (бөлімшелерде) материалдық құндылықтарды сақтау кезіндегі бүлінуден болған жоғалтулар, сонымен бірге басқа өндірістік емес шығындар және өндірістегі жоғалтулар кіреді. [1]

Үстеме шығындар  екі топқа бөлінеді:

1. Жалпы өндірістік шығындар:

  • Жалпы өндірістік персоналды ұстау шығындары (еңбекақы, іс-сапар шығындары т.б.);
  • Өндірісті ұйымдастыру мен даярлау шығындары;
  • Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдардың амортизациясы;
  • Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарды жөндеу;
  • Өндірісте пайдаланылған коммуналдық шығындар;
  • Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарға төленетін жалгерлік ақы.

2. Өндірістік жабдықтарды пайдалану шығындары:

  • Жанар-жағар майлардың құны;
  • Өндірістік құрал-жабдықтың амортизациясы;
  • Өндірістік құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеуден өткізу;
  • Жабдықтарды күтіп ұстайтын, жүргізетін жұмысшылардың еңбекақысы;
  • Еңбекақыдан аударымдар;
  • Электр қуаты, бу мен судың құны;
  • Көмекші өндірістің қызметі;
  • Басқа да шығындар. [2]

Үстеме шығындар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады. Кешендік сипаттағы шығыстар құрамында шығынның барлық экономикалық элементтері көрініс табады: екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар бір жағынан дайын өнімдердің және аяқталмаған өндірістердің арасында таратылады, екінші жағынан бұйымдардың арасында жанама тәртіппен таратылады. [1]

 

1-кесте

Техника және т.б. ерекшеліктеріне  қарап, үстеме шығындарына өзгерістер енгізілуі мүмкін [3]

 

Қатар р/с

Шығындар баптарының атауы

А. Құрал-жабдықтарды  пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары бойынша

1

Өндіріс жабдықтары мен  көлік (танспорт) құралдарының амортизациясы

2

Жөндеу қорына қаржы  бөлу немесе өндіріс жабдықтары мен  көлік құралдарын жөндеу жөніндегі  шығындар

3

Жабдықтар мен көлік  құралдарын пайдалану жөніндегі  шығындар

4

Аспаптар мен ыңғайластырылған  құрылғыларды (тетіктерді) жөндеу және қалпына келтіру 

5

Құрал-жабдықтармен байланысты басқа да шығыстар

Б. Үстеме шығыстары

6

Өндірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен қамтамасыз ету бойынша шығындары

7

Цех аппараттарын ұстау, еңбекақыдан аударылатын аударымдарды қоса алғанда

8

Ғимараттардың, қондырғылардың, және басқа да мүліктердің амотризациясы 

9

Ғимараттардың, қондырғылардың жөндеу қорына аударымдар жасау немесе оларды жөндеу бойынша шығындары

10

Ғимараттарды, қондырғыларды, инвентарларды күтіп ұстау шығындары

11

Сынақтар, тәжірибелер, зерттеулер жүргізу жөніндегі шығындар

12

Рационализаторлық пен  өнертапқыштық жөніндегі шығындар

13

Цехтар қызметкерлерінің еңбегін қорғау: қауіпсіздік техникасының құралдарын пайдалану және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындар; санитарлық тұрмыстық құрылғыларды күтіп ұстауға арналған шығындар; арнаулы киім мен бейтараптандырушы құрылғыларға арналған шығындар; еңбекті қорғау жөніндегі басқа да шығындар.

14

Басқа да үстеме шығындары (өндіріс құралдары үшін жалға ақы төлеу, іс-сапар шығыстары, берілген кепілдіктер үшін қызмет көрсету шығындары және өнім өндіру бойынша құрал-жабдықтарды жөндеу)

15

Өнімсіз шығындардың барлығы, оның ішінде: ішкі өндірістік себептері  бойынша тоқтап қалудан болған шығындарды, цехтарда сақтау кезінде материалдық игіліктердің бүлінуінен болған шығындарды; табиғи кему нормаларының шегінде материалдық игіліктердің жетіспеуінен және аяқталмаған өндірістен болған шығындары; басқа да өнімсіз шығындары.


 

Үстеме шығындарды өнімдердің құнына екі сатылы процедураны қолдану  арқылы апаруға болады. Бірінші сатының  мақсаты – барлық өндірістік шығындарды өндірістік шығын орталықтары бойынша  тарату. Бұл алғашқы саты екі мақсатты көздейді. Біріншіден, шығын орталықтары бойынша жазылған шығындар, шығын дәрежесін бақылау және қызмет нәтижесін бағалау үшін пайдаланады. Екіншіден, өндірістік шығын орталығымен шоғырландырылған шығыстар, қаржылық есеп талаптарына сай, босалқыларды бағалау бойынша өнімдерге таратылады.

Екінші сатыда өнімдерге үстеме өндірістік шығыстарды тарату үшін негіз таңдалады. Бұл негіз шығындарды тарату базасы деп аталады.

Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және өздерінің көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатынд көрініс табуы мүмкін:

  • өндіріс жұмысшыларының орындаған нақты уақыты;
  • өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына парапар;
  • тікелей материалдар шығыстарына парапар;
  • цех құнына парапар етіп немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына парапар етіп;
  • белгіленген шығындарды таратудың тұрақты коэффиценттері бойынша;
  • басқа да тарату базалары бойынша.

Үстеме шығындар есебі  бухгалтерлік есептің жұмысшы шоттар жоспарында 8440 «Үстеме шығыстар»  шотында есепке алынады:

8411 – «Материалдар» шоты үстеме шығындардағы материалдардың барлық түрлерін есепке алу үшін арналған;

8412 – «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» шоты жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен  айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке алуға арналған;

8413 – «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар» шоты есептелген еңбекақыдан жасалатын аударымдарды есепке аударуға арналған;

8414 – «Негізгі құралдарды жөндеу» шоты өндіріс қызметінде пайдаланылатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;

8415 – «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» шоты өндіріс қызметінде пайдаланылатын материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;

8416 – «Коммуналдық қызметтер» шоты тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе сыртқы ұйымдардан да көрсетілуі мүмкін;

8417 – «Жалгерлік төлем» шоты өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;

8418 – «Басқалар» шоты әлеуметтік сфера аясына негізгі және көмекші өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.

8410 «Үстеме шығыстар» шоты есепті кезеңнің соңында 8411-8418 шоттардағы шығындарды жинақтауға арналған. Демек онда 8410 шот дебеттеледі, ал 8411-8418 шоттары кредиттеледі. [1]

Үстеме шығыстың талдамалық есебі келесі номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді.  Төменде 8410 – «Үстеме шығындар» бөлімшесінің шоттары бойынша жасалатын шоттардың корреспенденциясы келтірілген:

 

2-кесте

8410-«Үстеме шығындар» бөлімшесінің шоттары бойынша жасалатын шоттардың корреспенденциясы келтірілген

 

р

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы, теңге

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

А. Негізгі және көмекші өндірістердің үстеме шығындарын есепке алу

1

Негізгі және көмекші  цехтарының жалпы цехтық мұқтаждықтарына  босатылған материалдар

1420000

8412

1310

2

Цех қызметкерлерінің жалақысы есептелінді

300000

8413

3350

3

Еңбекақыдан әлеуметтік салық есептелген (300000-(10% жиынтық зейнетақы қорына міндетті жарнасы)х21%)

56700

8414

3140

4

Сыртқы ұйымдардың көмегімен  негізгі құралдарды жөндеумен байланысты шығыстары есептен шығарылды

1206000

8415

3310

5

Өндірістік ағымдардағы негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептелінеді

1129360

8416

2420

6

Сыртқы ұйымдардың тұрғын-үйге көрсеткен қызметінің құнын есептеген шығару

232000

8417

3310

7

Негізгі құралдардың ағымдағы жалға берілген жал ақысының сомасы көрсетілді, ағымдағы кезеңге қатысты

112000

8418

3397

8

Сақтандырылған мүліктері  бойынша сақтандыру төлемі есептелінеді

1780000

8419

3410

 

Жиыны

6236060

   

Б. Шығындарды жинақтаушы (шолушы) шотқа есептен шығару

9

Жинақтаушы (шолушы) шотта есептен шығарылды:

  • материалдық шығындары;
  • еңбекақы шығындары;
  • еңбекақыдан аударылған аударымдары;
  • жөндеуге кеткен шығындары;
  • тұрғын-үй қызметіне кеткен шығындар;
  • жал бойынша жасалған шығындары;
  • сақтандыру бойынша есептелінген   шығындары.

1420000

 

300000

56700

1206000

 

129360

232000

 

112000

 

1780000

8411

 

8411

8411

8411

 

8411

8411

 

8411

 

8411

8412

 

8413

8414

8415

 

8416

8417

 

8418

 

8419

   

 

Жиыны

6236060

   

     В. Үстеме шығыстарын тарату

10

Негізгі өндіріс

4098448

8310

8411

11

Көмекші өндіріс

2131635

8410

8411

12

Ақауды жөндеу бойынша  кеткен шығындары

5977

8510

8411

 

Жиыны

6236060

   

Информация о работе Үстеме шығындар есебі