Шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 21:05, реферат

Краткое описание

Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорытындыларды, шығындарды және олардың тиімділігін білу маңызды.
Қазіргі уақытта басқару ресурстарын жүйелеу мен өндіріс шығындары проблемасы көкейтесті, дегенмен әрбір қайта құрылған немесе қайта жасалған кәсіпорын көптеген жағдайларда мыналардың есебінен өндірістік емес шығындар болады:
• Өндірістік құжаттарды толық пайдаланбау;
• Айналымдық қаражаттың айналымдылығын өндірістік ресурстарға жоғары баға болуына байланысты азайту;

Прикрепленные файлы: 1 файл

өндірістегі құрамы мен жіктелуі.doc

— 284.00 Кб (Скачать документ)

“Шикізаттар мен материалдар” шотының регистр ең кем дегенде материалдардың келiп түсуiне, босату және қалдықтары үшiн 3 бөлім болуы қажет.

2. Өдiрiске негiзгi және көмекшi материалдардың  жiберiлуi

Дт Негiзгi өндiрiс      

Кт Шикізаттар мен материалдар      Жазбаның негiзi материалдарды босатуға арналған талаптамалар болып табылады. Босату талаптамаларында көрсетiлген негiзгi материаладар тiкелей тапсырысқа жатқызылады. Қосымша материалдар әрбiр цех журналында арнайы графасында жазылады.

3. Еңбек ақының есептелуi:

Дт Негiзгi өндiрiс (негiзгi    өндiрiс жұмысшалырының

     еңбек ақысы)       

  Кт    Еңбек ақы бойынша  шот      

Еңбек ақыны есептеу үшiн жұмыс талоны (нарядтар) немесе жеке (арнайы) табельдер негiз болады.

4.Бiр айға еңбек ақыны төлеу

Дт Еңбек ақы бойынша есеп айырысу  

Кт Кассадағы ақша қаражаты        

5.Басқа да жалпы өндiрiстiк  шығындар жазулары:

Дт  Жалпы өндiрiстiк шығындар  

        Кт Банк шотындағы ақша қаражаты     

6.Тапсырыс бойынша жалпы өндiрiстiк  шығындарды бөлiп тарату

Дт Негiзгi өндiрiс    

Кт Бөлiп таратылған жалпы өндiрiстiк шығындары   

Жалпы өндiрiстiк шығындар әрбiр тапсырысқа алдын ала есептелген үстеме шығындарды бөлiп тарату ставкасы негiзiнде жатқызылады. Бұл сұрақ “Үстеме шығындар есебi”  тақырыбында арнайы қарастырылды.

7.Тапсырыстың аяқталуы:

Дт  Дайын өнiм  

Кт  Негiзгi өндiрiс    

Тапсырыстар дайын болысымен, тапсырыс карточкасында шығындар қорытындылайды. Карточкада iс-жүзiндегi негiзгi материалдар шығыны, iс-жүзiндегi есептелген еңбек ақы және бөлiп таратылған жалпы өндiрiстiк шығындары көрсетiледi.

8. Өткiзiлген өнiмiнiң өзiндiк құнын жазып шығару (списание)

Дт Өткiзiлген өнiмiнiң өзiндiк құны   

Кт Дайын өнiм [2].           

Контракт бойынша өзiндiк құнның калькуляциясы – бұл өндiрiсi әдетте көп уақытты талап ететiн салыстырмалы үлкен өнiм бiрлiктерiнде қолданылатын тапсырыстық калькуляциялау жүйесi болып табылады.  Мысалы мұндай өндiрiске құрылыс, iрi машина құрылысы, су құрылысы және тағы басқа. Бұл кәсiпорындар бiр жалпы сипаттары:

· жұмыстың орындалу мерзiмi бiрнеше айларды немесе жылдарды құрайды;

·  әдетте, орындаушының ғимаратында емес жұмыс құрылыс объектi орналасу жерiнде орындалады.

Әрбiр контракт шығындар есебi объектiсi мен калькуляциялаудың жеке бiрлiгi ретiнде қарастырылады. Бас кiтапта әрбiр контрактқа жеке шот ашылады.

Контракт бойынша жұмысты жүзеге асырудың төмендегiдей ерекшелiктерi бар:

· өндiрiстiк жабдықтар және субподряд бойынша тiкелей шығындарының болуы;

· эксперттiң немесе архитектордың қорытындысына (инспектордың сертификатымен) сәйкес тапсырыс берушiлерден аралық төлемдерiн алу мүмкiндiгi.

· өндiрiстегi кемшiлiктердi (дефектердi) жою кепiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн қабылданған жұмыс құнының белгiлi бiр бөлiгiн тапсырыс берушi тарапынан  ұсталып қалу мүмкiндiгi.

Әрбiр контракт шотында шығындарды есепке алудың принциптерi келесiдей:

1) контракт бойынша барлық тiкелей  шығындар – негiзгi материалдар  және негiзгi өндiрiс жұмысшыларының  еңбек ақысы- дебеттеледi. Сонымен  қатар контракт бойынша еңбек  ақы қатарына қосылатындар:

· жоспарды және құжаттарды қарастыру бойынша офис жұмыстары

· құрылыстық участоктағы жұмысшылардың еңбек ақысы.

2) Белгiлi бiр контракт үшiн арнайы  сатып алынған  өндiрiстiк жабдықтар  және құрылғылар сатып алу  өзiндiк құны бойынша дебеттеледi. Егерде өндiрiстiк жабдықтар бiр контракттан екiншi контрактқа ауысатын болса, онда алғашқы контракт кредиттелiп келесi контракт дебеттеленедi.

3) Субподяд (мердiгерлердiң) жұмыстары  тiкелей шығындар ретiнде қарастырылып, контракттың шотында дебеттеледi;

4) үстеме шығындар қабылданған бөлiп тарату базасына сәйкес бөлiп таратылады және контракт шотының дебетiнде есепке алынады;

5) контрактының бағасы контракт  шотының кредитiне жазылады.

Сонымен әрбiр контракт шоты табыс және зиян шоты көрiнiсiне ұқсас келедi.

Аяқталмаған контракт бойынша пайданы мойындауда сақтық концепциясын қолдана отырып келесiдей рекомендацияларды үстану қажет:

  1. Аралық пайданы мойындаудан бұрын бұл контрактының ұтымды, табысты болатыны нақты, тура белгiлi болуы қажет.
  2. Контрактының алдыңғы орындалу этаптарында пайданы есептемеу. Контракт бойынша табыстар жеткiлiктi дәрежеде анықталып бағаланғаннан жағдайда пайданы есептеу керек.
  3. Кез келген пайда белгiлi мерзiмде контрактының аяқталу деңгейiне пропорциональды есептелу қажет.
  4. зияндар пайда болған кезеңде мойындалуы қажет.
  5. контракт аяқталуына жақындағанда пайданы толық нақтылықпен бағалау қажет.

Аяқталмаған контракт бойынша пайданы есептеудi 5 қадам арқылы жүргiзсе болады:

1 қадам. Контрактының өткiзу жалпы  құны немесе контракт бағасы  анықталады.

2 қадам. Контрактының орындалуына шығындар сомасы есептеледi. Бұл сома 2 элементтен құралады:

  • есептi мерзiмге дейiн iс-жүзiндегi шығындарға қосамыз
  • контрактының аяқталуы үшiн қажеттi болашақ шамалау шығындарын.

3 қадам. шамалау пайда контракт  құнынан (1қадам) жалпы шығындарды (2 қадам) алу жолымен анықталады.

4 қадам. Белгiлi уақытта мойындалатын  пайда мына формуламен анықталады.

5 қадам. Аяқталмаған контракт бойынша  ағымдық кезеңдегi пайда тең 4 қадамдағы  есептелген пайдадан аламыз алдыңғы  кезеңдегi контракт бойынша алынған пайда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       2.2 Шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк құн

                            калькуляциялаудың процестiк әдiсi

 

Өзiндiк құнды калькуляциялаудың процестiк әдiсi сериялық, және  жаппай өнiм өндiретiн кәсiпорындарында қолданады.  Бiр тектi бұйымдар белгiленген реттiлiкпен барлық өндiрiс этаптарынан өтедi, сондай-ақ бұл этаптар процестер деп аталады. Осы әдiс химиялық, цемент, мұнай өңдеу текстильдi және басқа да өндiрiс салаларында қолданылады. Сонымен қатар процестiк калькуляцияны әртүрлi  өнiм дайындайтын кәсiпорындар да қолдану мүмкiн, бiрақ  өндiрiс процесi тұрақты қайталанатын операцияларға бөлiну керек.

Шығындар есебiнiң объектiсi жеке өндiрiстiк процесi, ал калькуляциялаудың объектiсi – шығарылатын өнiм болады.

Бiр өнiмнiң өзiндiк құны белгiлi кезеңдегi жалпы өндiрiстiк шығындарды осы кезеңде өндiрiлген  бұйымдар санына бөлу арқылы анықталады.

Әрбiр процес үшiн ''Негiзгi өндiрiс'' жеке шоты ашылады, онда бұл процестiң тiкелей немесе үстеме шығындары жиналады.

Үш технологиянық процестен тұратын өндiрiстiк циклды қарастырайық, сондай-ақ өндiрiс процесiнде өзiндiк құнның қалай өзгеруiн қадағалайық.

1 суретте процестiк калькуляциялаудың  схемасы, ал 2 суретте – шығындарды есепке алу мен шығындардың жинақталуы көрсетiлген.

 

Негiзгi материалдар

 

А процесi

   

Аяқталмаған

Тiкелеi еңбек ақы

Жалпыөнiрiстiк шығындар

 

Дайын

өнiм

АӨ

   

өндiрiс (АӨ)

           
   

В процесi

     

 

Дайын

өнiм

АӨ

     

           
   

С процесi

     

 

Дайын

өнiм

АӨ

     

         

 

Дайын өнiм

             

         

 

Өнiмдi өткiзуден  түскен табыс


 

1 сурет. Процестiк калькуляциялаудың схемасы

 

 

“Негiзгi өндiрiс” шоты

А процесi

 

“Негiзгi өндiрiс” шоты

В процесi

А процесiнiң меншiктi шығындары:

Материалдар      1000

Еңбек ақы         1000

ЖӨШ               1000

                        3000

АӨ кезең

соңына              0

В процесiне жiберiлдi       3000

 

А процесiнен      3000

В процесiнiң меншiктi шығындары:

Материалдар       1000

Еңбек ақы         2000

ЖӨШ                  500

                         6500

АӨ кезең

соңына               0

С процесiне жiберiлдi        6500

 

 

                    6500                      

       

“Негiзгi өндiрiс” шоты

С процесi

 

“Дайын өнiм” шоты

В процесiнен  6500

С процесiнiң мен-шiктi шығындары:

Материалдар      2000

Еңбек ақы        3000

ЖӨШ               1000

                      12500

АӨ кезең

соңына               0

Дайын өнiм

қоймаға

жiберiлдi      12500

 

                   12500      

 

С процесiнен

жiберiлдi          12500

 

2 сурет. Процестiк калькуляциялауда шығындардың жинақтаулауы

мен  өзiндiк құнның өзгеруi

 

Суреттерде көрiнiп тұрғандай, процестiк калькуляциялауда бұйым толығымен дайын болғанша бiр процестен [бөлiмше, цех] келесi процеске ауыса бередi. Әрбiр бөлiмше жалпы өндiрiстiк процестiң бiр бөлiгiн жүзеге асырады және бұйымды осы операциядан кейiн келесi бөлiмшеге жеткiзедi, онда ол келесi  операцияда өңделедi. өндiрiстiң  аяқталуынан кейiн соңғы бөлiмше дайын өнiмдi қоймаға жiбередi.

Өндiрiс процесiне қатар шығындардың жинақталуы мен өнiмнiң өзiндiк құнының өзгерiсi жүргiзiледi. өндiрiс процесiнде өзiндiк құн жинақталады және соңғы бөлiмшенiң шығындары жалмы шығындар сомасын  анықтайды.

 Ақауы жоқ процестегi шығындарды  бөлiп таратуды келесi үлгiде қарастырамыз.

Мысал.1 В өнiмi 2 процес ағымында өндiрiледi. Материалдар 1 процестiң басында, ал қосымша материалдар – 2 процесте өңдеу дәрежесi 70 процентке тең болғанда енгiзiледi. өңдеудiң құны 2 процес ағымында бiртiндеп қосылады.

Белгiлi бiр кезең мәлiметтерi төмендегiдей:

 

                                                               1 Процесс               2 Процесс

 

Кезең басындағы Аө саны.                         1000 бiрлiк               400 бiрлiк

өңделген дәрежесi                                     60%                         4/5

Материалдар                                             4000$                       700$

өңдеудiң құны                                          2550$                        2100$

Алдыңғы кезең өзiндiк құны                        -                             5100$

Кезеңде қосылғандар:                               

Саны                                                       2500 бiрлiк                3000 бiрлiк

Материалдар                                             10600$                      3400$

өңдеу құны                                              12500$                      14400$

Кезеңдегi дайын өнiм                                2800 бiрлiк                 2000 бiрлiк

Кезең соңындағы Аө:

Саны                                                       700 бiрлiк                1400 бiрлiк

өңделген дәрежесi                                        75%                      1/2

 

В өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құнын есептеу талап етiледi:

  • орташа есеп әдiсiмен;
  • FIFO әдiсiмен.

 

Өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құнын есептеу

1 Процес – орташа есеп әдiсiмен

 

Өзiндiк құн элементтерi

АӨ кезең басына, теңге

Кезең шығын-дары, теңге

Жалпы шығын-дар, теңге

(гр.2+гр3)

Дайын өнiм, бiрлiк

Шалафаб. эквивален бiрлiктерi кезең соңына

Жалпы экивалент-тiк бiрлiктер

(гр.5+гр.6)

Бiрлiктiң өзiдiк құны, теңге

(гр.4/гр7)

1

2

3

4

5

6

7

8

Материалы

4000

10600

14600

2800

700*100%=700

3500

4,1714

Стоимость обработки

 

2550

 

12500

 

15050

 

2800

700*75%=525

 

3325

 

4,5263

Всего

6550

 

29650

     

8,6977

Информация о работе Шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi