Шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 21:05, реферат

Краткое описание

Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорытындыларды, шығындарды және олардың тиімділігін білу маңызды.
Қазіргі уақытта басқару ресурстарын жүйелеу мен өндіріс шығындары проблемасы көкейтесті, дегенмен әрбір қайта құрылған немесе қайта жасалған кәсіпорын көптеген жағдайларда мыналардың есебінен өндірістік емес шығындар болады:
• Өндірістік құжаттарды толық пайдаланбау;
• Айналымдық қаражаттың айналымдылығын өндірістік ресурстарға жоғары баға болуына байланысты азайту;

Прикрепленные файлы: 1 файл

өндірістегі құрамы мен жіктелуі.doc

— 284.00 Кб (Скачать документ)

Әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.

Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.

Өнімді (жоспарланатын) – тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.

Өндіргіш емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.

Реттелетін – егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды – цех тексерушісі реттейді).

Реттелмейтіндер – деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.

Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.

Орташалар - өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.

Өнімге - өнімнің өзіндік құнына (тікелей шығындар) кететін.

Мезгілге – мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар).

Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың құнын бағалау;
  • басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
  • жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.

Осылардың ішінен жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу үшін шығындарды жіктеуін қарастырып өтейік.

Шығындарды бақылау мен реттеу мақсатымен мынадай жіктеу қолданылады:

  • реттелетін және реттелмейтін;
  • тиімді және тиімді емес;
  • мөлшер (норма) шегінде және мөлшерден ауытқулар;
  • бақыланатын және бақыланбайтын.

Жауапкершілік орталықтары бойынша тіркелетін шығындар мен табыс жауапкершілік орталығының менеджерімен реттелетін және реттелмейтін болып жіктеледі.

Реттелетіндер – сомасы менеджер тарапынан болатын ықпалға байланысты, жауапкершілік орталықтарында тіркелген шығындар. Жалпы кәсіпорын бойынша барлық шығындар реттеледі, бірақ нақтылы атқарушы барлық шығындарға әсер ете алмайды. Егер атқарушы шығын деңгейін реттей немесе елеулі әсер ете алса, онда бұл шығындар осы орындаушы реттей алатын болып белгіленеді. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігі өндірістік қорлар алуды реттеуге, адамдарды жұмысқа жалдауға және т.б. құқығы бар, өндірістік бөлім басшысы мұндай шығындарға ықпал етпейді.

Деңгейіне қызметкер елеулі ықпал ете алмайтын шығындаросы қызметкер реттейтіндер болып белгіленеді. Көптеген шығындар толықтай жеке атқарушының қарауында болмайды. Мәселе шығындарды кім бақылайтындығында емес, кім шығын деңгейіне әсер ете алатын жағдайда екендігінде. Төменде шығын баптары мен оларды реттелетін және реттелмейтін деп бөлу келтірілген .

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Калькуляциялаудың жалпы түсiнiгi

 

Өнiмнiң өзiндiк құны – өндiрiске және өнiмдi сатуға кеткен ақшалай түрiндегi шығындарды айтамыз.

Калькуляциялау дегенiмiз - өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу немесе өнiмнiң бiр өлшемiнiң өзiндiк құнын есептеу болып табылады.

Калькуляциялау кезiнде төмендегiлердi дұрыс белгiлеу өте үлкен роль атқарады:

· шығындардың есеп объектiсi;

· калькуляциялаудың объектiсi;

· калькуляциялық бiрлiк.

Шығындардың есеп объектiсi болып сол шығындардың  аналитикалық есеп объектiсi болып табылады.

Калькуляциялаудың объектiсi болып кәсiпорында калькуляцияланатын өнiм түрлерi, жұмыстар, қызметтер жатады.

Шығындар есеп объектiсi мен калькуляциялау объектiсi әрқашанда сәйкес келе бермейдi. Мысалға, мал шаруашылығында шығындардың есеп объектiсi болып сүттi табын болып табылады, ал калькуляциялау объектiсi- сол табынның сүтi, төлi, қиы .

Әдетте, калькуляциялық бiрлiк  тиiстi өнiмнiң техникалық немесе  стандарттық құжаттарда белгiленген өлшем бiрлiгiне  сәйкес келуi тиiс. lс-жүзiндегi тәжiрибеде пайдаланатын калькуляциялық өлшем бiрлiктерiн келесi топқа бiрiктiруге болады:

· натуральды бiрлiктерi – дана, литр, килограмм, тонна, метр және т.б.

· iрiлендiрiлген (иесiздендiрiлген) бiрлiгi- тiгiн бұйымының прейскуранттақ нөмiрi, белгiлi бiр артикульдағы жүз жұп аяқ киiмi және т.б.

· өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау үшiн пайдаланылатын шартты – натуралды бiрлiк, ондағы пайдалы заттың құрамы әртүрлi тербелiсте болуы мүмкiн. (мысалға, спирт –100%)

· құндық бiрлiгi ;

· еңбек бiрлiгi( норма-сағат);

· орындалған жұмыс бiрлiгi(тонна-километр, машина-күнi, ай-күнi) ;

· пайдалы нәтиженiң бiрлiгi- қуаты, өнiмдiлiгi және т.б.

Өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау және шығындар есебiнiң әдiсi деп, кәсiпорын өнiмiнiң нақты өзiндiк құнын  және шығындар есебiн жүргiзу үшiн ақпараттарды  топтастыру және  жинақтау тәсiлдерiнiң жиынтығын атайды.

Өнiмнiң өзiндiк құнын қолданудағы әдiсiне әсер ететiн негiзгi факторлар ретiнде мыналарды атауға болады:

· өндiрiс типi;

· өндiрiстiң күрделiлiгi

· шығарылатын өнiмнiң номенклатурасы мен сипаты;

· өндiрiс циклының ұзақтылығы

· аяқталмаған өнiдiрiстiң қолда бары, құрамы және көлемi

 1.3  Қазақстанда қолданылатын өндiрiс шығындарын есепке алу әдiстерi

және өзiндiк құнның калькуляциялары

 

7 - Бухгалтерлiк есеп стандарт  шығынды есептеудiң 3 негiзгi әдiсiн  қарастырады: бөлiстiк, тапсырысты, нормативтiк  одан басқа iс- жүзiнде қарапайым  әдiсi де қолданалуы мүмкiн.

Бөлiстiк әдiс. Шығындар есебiнiң және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялаудың бөлiстiк әдiсi өнiмдi жаппай өндiретiн кәсiпорында қолданылады, онда бастапқы шикiзат дайын өнiмге дейiн рет-ретiмен технологиялық өңдеуден өтедi, яғни дайын өнiм немесе жартылай фабрикат шығарумен аяқталатын технологиялық процестi бөлiс деп атайды. Бұл әдiс металлургиялық, химиялық, мұнай өңдеу және басқа да салаларда қолданылады.

Әрбiр бөлiстен кейiн жартылай фабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде – дайын өнiм алынады. Мысалы, текстельдiк кәсiпорында 4 бөлiсi болады: шикiзатты дайындау, үйiру, тоқу, әрлеу.

Шығындардың есеп объектiсi әрбiр бөлiс болады, ал калькуляциялаудың объектiсi – әрбiр бөлiстiң өнiмi.

Бұл әдiсте  шығындар есебiнiң карточкалары жүргiзiледi, ол карточка әрбiр бөлiске ашылады. Мұнда тiкелей шығыстар (негiзгi материалдар, жартылай фабрикаттар, өндiрiстiк жұмысшылардың еңбек ақысы және т.б.) бөлiстер бойынша, ал әрбiр бөлiстiң iшiнде – дайын өнiм немесе  шалафабрикат түрлерi бойынша есепке алынады. Үстеме шығыстар бөлiстердiң арасында, ал әрбiр бөлiстiң iшiнде - шығарылатын  өнiм түрлерiнiң арасында қабылданған база негiзiнде бөлiп таратылады.

Тапсырыстық әдiс. Бұл әдiстi өндiрiстiк шығындарды белгiлi бiр өнiмге тiкелей жатқызуға болатын кәсiпорындарда қолдануға болады, яғни арнайы тапсырыс бойынша жиїазды дайындау, жөндеу жұмыстар, құрылыс, полиграфия, құбыр құрастыру, ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстардың орындау, аудиторлық және кеңестiк қызмет көрсетулер және т.б. аз сериялы және жеке- дара өндiрiстерде.

Шығындар есебiнiң объектiсi мен калькуляциялаудың объектiсi – жеке тапсырыс болады. өндiрiстiк бөлiмде әрбiр тапсырысқа өзiндiк код берiледi.

Аналитикалық шот саны (8110 “Негiзгi өндiрiс”) кәсiпорында орналастырылған тапсырыс берушiлер санына сәйкес келуi керек. Мұнда барлық тiкелей шығындар әрбiр  тапсырыс бойынша белгiленген номенклатура баптарының кескiнiнде есепке алынады, ал үстеме шығыстары пайда болған орны бойынша есептелiнедi және әбiр тапсырыстың өзiндiк құнына қабылданған бөлiп тарату базасына сәйкес жатқызылады.

Нормативтiк әдiсте iс-жүзiндегi өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құны және барлық өндiрiлген нормативтiк өзiндiк құнмен салыстырады, ол прогрессивтiк нормада материалдар шығынын, белгiлi технологиялық процестiң өндiрiсi үшiн еңбек және тағы басқа. Шығындарды анықтайды. Өндiрiстегi шығындарды есепке алу өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялаудың нормативтiк әдiстерi бойынша жұмыстардың технологиялық және нормативтiк карталар жасаудан басталады. Ол карталарда материалдардың, жалақының жұмсалуы және өнiм дайындауға қажеттi басқа да шығындар айқындалады. Нормативтiк карталардың негiзiнде өнiм бiрлiгiнiң нормативтiк өзiндiк құны көрсетiлген нормативтiк калькуляциялары жасалады.

Нормативтiк әдiстiң кезiнде әррекет етiп тұрған норма мен оның ауытқуы шығындар есебiнде бөлiп көрсетiледi. Мұндай шектеулер өндiрiстi ұйымдастырумен технологиядағы кемшiлiктердi дер кезiнде жөндеуге септiгiн тигiзедi. Нормативтiк өзiндiк құны шығыстың әрбiр бабының нормативiн шығарылған өнiмнiң нақты санына көбейту арқылы алынады. өнiмнiң нақты өзiндiк құнын анықтаған кезде есептiк айдағы ауытқуларды нормативтiк өзiндiк құнға қосады немесе одан ауытқуларды шегередi.

Қарапайым әдiс - өндiрiстегi шығындарды есепке алудың және өнiмнiң зiндiк құнын калькуляциялаудың қарапайым әдiсi бiртектi өнiм шығаратын кәсiпорында (су электр станциялары, кен, көмiр, мұнай мен газ өндiретiн кәсiпорындар) пайдаланылады. Оларда әдетте, аяқталмаған өндiрiс болмайды (егер олар болса, онда оның көлемi шамалы болады) және шалафабрикаттарды өзi өндiредi. Бiрақ бұл әдiс бухгалтерлiк есеп стандартта қарастырылмаған, егеррде кәсiпорын өзiнiң есептiк саясатында қарастырса, онда бұл әдiстi қолдануға рұқсат етiлуi мүмкiн.

Бұл әдiстiң мәнi бүкiл шығарылған өнiмге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құнын тiкелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейiн өндiрiстiң натуральды көлемiне немесе шартты-натуралды көрсеткiшiне жай бөлу арқылы табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.  Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындар есебі

 

2.1 Өндіріс шығындарының есебі  мен өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялаудың тапсырыстық  әдісі

 

Бұл әдiстi өндiрiстiк шығындарды белгiлi бiр өнiмге тiкелей жатқызуға болатын кәсiпорындарда қолдануға болады, яғни арнайы тапсырыс бойынша жиїазды дайындау, жөндеу жұмыстар, құрылыс, полиграфия, құбыр құрастыру, ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстардың орындау, аудиторлық және кеңестiк қызмет көрсетулер және т.б. аз сериялы және жеке- дара өндiрiстерде.

Тапсырыстық әдiсте қолданылатын 3 саланы айта кетуге болады:

  • арнайы және жеке тапсырыс бойынша жұмыс iстейтiн кәсiпорындар. Шығындар есебiнiң объектiсi мен калькуляциялаудың объектiсi  әрбiр тапсырыс болып табылады.
  • тауарлар партиясының өндiрiсi. Шығындар есебiнiң объектiсi мен калькуляциялаудың объектiсi өндiрiстiк наряд болады, ол өзiне өнiмнiң белгiлi бiрлiктерiнен тұрады.
  • контракт бойынша жұмыс iстейтiн кәсiпорындар. Шығындар есебiнiң объектiсi мен калькуляциялаудың объектiсi әрбiр контракт болады.

Тапсырыстық калькуляция келесiдей принциптер есебiн және шығындар жиынтығын қарастырады.

Бiрiншi принцип. Барлық тiкелей шығындар әрбiр тапсырыс, өндiрiстiк наряд немесе контракт бойынша есепке алынады.

Екiншi принцип. Қалған барлық шығындар туындау жерi бойынша және қабылданған бөлiп тарату базасына сәйкес калькуляция бiрлiгiнiң өзiндiк құнына енгiзiледi.

Тапсырыстық калькуляциялаудың орталық элементi және негiзгi есеп регистрi тапсырыс карточкасы болады .

Әрбiр тапсырсықа жеке карточка ашылады.Әрбiр тапсырысқа код берiледi. Ол код тапсырыстың шығындар есебi карточкасына, сондай-ақ материалдар шығысы, еңбек ақысы және т.б. шығындар бойынша барлық бухгалтерлiк құжаттарына қойылады.

Тәжiрибеде калькуляциялау мақсаты үшiн:

·бiрiншден, негiзгi өндiрiс шоты қолданылады. Аналитикалық шоттар саны кәсiпорында орналастырылған тапсырыстар санымен сәйкес болуы қажет;.

· екiншiден, аналитикалық есептiң регистрi ретiнде әрбiр тапсырыс бойынша журнал ашылады.

Тапсырыс карточкасын толтыру үшiн төмендiгiдей негiзгi құжаттар қолданылады:

· материалдарды босатуға талаптар;

· жұмыс талоны (наряд)

  

 

Тапсырыс есебiнiң карточкасы

 

 

 

                  Тапсырыс N_________________

Қорлар үшiн                                  Сатып алушы ____________________                             

 

Өнiм _______________________    жұмыстың                          Жұмыстың аяқталу

                                                 басталу мерзiмi ________     мерзiмi ____________

 

А цехы

Негiзгi материалдар

( тiкелей қатысты)

өндiрiстiң негiзгi еңбек ақысы

Жалпы өндiрiстiк шығындар

мерзiмi

құжат  түрi

(талаптамаN)

сомасы

мерзiмi

құжат  түрi

(наряд)

сомасы

мерзiмi

Сомасы

             

 

 

Б цехы

Негiзгi материалдар

( тiкелей қатысты)

өндiрiстiң негiзгi еңбек ақысы

Жалпы өндiрiстiк шығындар

мерзiмi

құжат  түрi

(талаптамаN)

сомасы

мерзiмi

құжат  түрi

(наряд)

сомасы

мерзiмi

Сомасы

               

 

Өндiрiс шығындарының тапсырыстық әдiсiнде келесiдей бухгалтерлiк проводкалар жүргiзiледi:

1. Жабдықтаушылардан негiзгi және көмекшi материалдардың келiп түсуi

Дт Шикізаттар мен материалдар    

Кт Банк шотындағы ақша қаражаты     

Алынған материалдардың құны қорлар шотына жазылады, себебi қоймашы олар үшiн есепте.

Информация о работе Шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi