Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2015 в 20:37, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл — ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ........................5
1.1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі.....................................5
1.2. Сұраныс пен ұсыныс моделі (үлгісі)..................................................................5
1.3. Нарықтың тепе-теңдігі.......................................................................................10

2. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ МЕН САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
2.1. Баға бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі.........17
2.2. Табыс бойынша сұраныстың және ұсыныстың икемділігі............................21
2.3. Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі .........................................................................................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ.docx

— 70.24 Кб (Скачать документ)

1) баға белгілеу бағалардың  үстіңгі немесе төменгі шегін  немесе бағалар «коридорын» орнату. Тепе-теңді бағалардан төмен қылып  кесімді бағаны орнату тұтынушылардың  табысы аз топтарын қолдау  немесе инфляциямен күрес мақсатында  жасалады. Бұл шараның нәтижесінде  тепе-теңдік баға мен мемлекет  белгілеген баға арасындағы айырма  шамасына тұтынушы артығы өседі. Бірақ оның жағымсыз салдары  болуы мүмкін, олардың ең бастысы  – тауар тапшылығының пайда  болуы. Тепе-теңдік бағалардан жоғары  баға белгілеу өндірушілерді  қолдау немесе ерекше маңызы  бар тауарлардың өндіруін ынталандыру  шарасы болып табылады. Өндірушіде  шыққан артықты мемлекет сатып  алады.

2) сұраныс пен ұсынысқа  ықпал ету жолымен нарықты  реттеу тура немесе жанама  шаралар арқылы жасалады. Жанама  шараларға жәрдемақылар, дотациялар (кәсіпорындарға берілетін жәрдемақылар), салықтар жатады. Сұранысты жанама  шараларымен реттеу графикте  сұраныс қисық сызығының сұраныстың  өсуінде жоғары оңға немесе  азаюында төмен солға жылжумен  көрсетіледі. Сұранысты тура шаралармен (шектеу лимиттері, айыппұл санкциялары (шаралары) және т.б.) реттеу сұраныс  қисығы пішінін өзгертеді, ол  тік болып кетеді де (икемді  сұраныс), бағаның құбылуына әкеледі. Ұсынысты реттеу үшін қолданатын  жанама шаралар ұсыныс қисық  сызығының жылжыуына себеп болады (сұраныс қисық сызығының жылжуына  сәйкес). Ұсыныс реттеуінің тура шаралары нәтижесінде ұсыныс қисық сызығының сынық түрі көрінеді. Мысал ретінде импортқа квота (норма) енгізілуі қаралады: квота алдындағы ұсыныс қисық сызықтың еңкіштігі оңды жағымды (ұсыныс өседі), ал квота енгізгеннен кейін қисық сызық тік болып кетеді (ұсыныс бағасы икемді емес).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ МЕН САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ

 

2.1. Баға бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі

 

Икемділік – бір өзгеріспен шақырылған екінші өзгеріс. Экономика теориясында сұраныстың икемділігі жиі талданады. Икемділік тура және айқас болуы мүмкін. Сұраныстың баға бойынша тура икемділігі (сұраныстың баға икемділігі) – сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Икемділік бағаның пайыздық өзгеру нәтижесінде сұраныстың пайыздық өзгеру түрімен білінеді. Сұраныстың баға икемділік коэффициенті жалпы формула бойынша есептеледі:

Еd = сұраныстың пайыздық өзгеруі/бағаның пайыздық өзгеруі.

Баға бойынша сұраныс икемділігі теріс сан болып келеді, өйткені сұраныс пен ұсыныс араларындағы тәуелділік, байланыстылық кері. Бірақ, кей жағдайларда (ахуалдарда) сұраныс пен ұсыныс заңы әрекетсіз (олар өткен тақырыпта қаралды). Талдаудың жеңілдігі үшін алу белгісі жазылмайды. Есептеу тәсіліне байланысты икемділік коэффициентінің2 түрін айырады:

1. Нүктелі икемділік коэффициенті – бастапқы мағыналарына қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды да 2 формуланың біреуімен есептеледі:

Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р0 / Q0] немесе Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р1 / Q1],

мұнда Р0 және Р1 – өнімнің базистік және есепті нүктелеріндегі бағасы.

Q0 және Q1 – базистік және есепті нүктелердегі сұралатын өнімнің саны.

2. Доға тәрізді  икемділік коэффициенті – орташа мағыналарға қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды да мына формула бойынша есептеледі:

 Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [[(P0 + P1) / 2] / [(Q0 + Q1) / 2]] = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р / Q]

Сұраныс икемділігінің келесі түрлерін айырады:

1. Сұраныс баға бойынша икемді деп саналады, егер бағаның аз пайыздық өзгеруі сұраныстың көп пайыздық өзгеруіне әкелсе. Икемділік коэффициенті бұл жағдайда 1-ден көп. Осындай сұраныстың қисық сызығы 16 суретте көрсетілген.

2. Сұраныс баға бойынша икемді емес (икемсіз) деп саналады, егер бағаның көп пайыздық өзгеруі сұраныстың аз пайыздық өзгеруіне әкелсе, ал икемділік коэффициенті 1-ден аз (17 сурет). Ол сұраныс шамасы ұсыныс шамасымен қатал шектелген жағдайларда кездеседі.

3. Мүлде икемсіз  сұраныс – бұл жағдайда икемділік коэффициенті нөлге тең, өйткені бағаның ешқандай өзгерісі сұраныстың өзгерісіне әкелмейді (сұраныс бағадан тәуелсіз). Бұндай сұраныс өмірлік тұрмыста ең қажетті тауарларға жиі байқалады, оларды кейбір тұтынушылар бағасының өсуіне қарамастан сатып алады, мысалы, дәрі-дәрмектер. Сұраныс қисық сызығы баға қисық сызығының түрін алады (18 сурет).

 

P                                                            P


 

 

 

 

 

 

                                                  Q                                                        Q

16 сурет. Икемді сұраныс             17 сурет. Икемсіз сұраныс

 

4. Мүлде икемді  сұраныс – бағаның аз ғана өзгеруінде де сұраныс айтарлықтай өзгереді (сатып алу мүмкіндіктердің шегіне дейін). Бұндай сұраныс бәсекелестік нарығында немесе инфляция жағдайында мүмкін (ол сатып алу күтулермен байланысты). Икемділік коэффициенті шексіздікке ұмтылады, ал сұраныстың қисық сызығы абцисс осіне жарыспалы түзу сызығына ұқсайды.

5. Бірлікті икемділігі  бар сұраныс – бағаның пайыздық өзгеруі сұраныстың бірдей пайыздық өзгеруімен бірге жүреді, ал икемділік коэффициенті 1-ге тең (20 сурет).


P                                      P                                      P  

 

 

 

 

 

                                     Q                                      Q                                     Q

 

18 сурет. Мүлде             19 сурет. Мүлде            20 сурет. Бірлікті

икемсіз сұраныс               икемді сұраныс                            икемділік    

 

Сұраныс қисығының пішініндегі айырмашылықтарға қарамастан икемділікті тек қана соның негізінде талдау жеткіліксіз, себебі икемділік қисық сызықтың әр жерінде әр түрлі. Сұраныстың ең жоғары нүктесінде икемділік шексіздікке тең, ең төменгісінде – нөлге тең, қисық сызықтың орта нүктесінде – 1-ге тең (21 сурет). Сатушының табысы баға мен икемділікке байланысты екендігі (жеке икемділік жағдайында ол ең жоғары) суреттің төмеңгі графигінде көрсетілген.

 

 

 

            P


 

           (ED=∞)

    P*

                             ED>1

 

                                                      (ED=1)

 

 

                                                                                                  ED<1

                                                                                                     (ED=0)


 

 

          TR


 

 

 

 

 

 

 

   0

 

 

21 сурет. Сұраныс қисық сызығын бойлай қозғалыстағы  икемділік

коэффициентінің өзгеруі.

 

Баға бойынша икемділікке қатысты бірнеше ережелер:

1. Тауардың орнын алмастырушылары  неғұрлым көп, соғұрлым оған деген  сұраныс икемді, өйткені баға  өскен жағдайда оны арзандауымен  ауыстыруға болады.

2. Тауар неғұрлым қажетті  болса, соғұрлым оған сұраныс  икемділігі аздау.

3. Тұтынушының шығындар  құрылымында тауардың неғұрлым  көп меншікті салмағы болса, соғұрлым  оған деген сұраныстың икемділігі  жоғары. Мысалы, басқа тамақ өнімдеріне  қарағанда (яғни басқалардан қымбат) – ет, шығындар құрылымында үлесі  жоғары тамақ өніміне баға  өссе де, оған деген сұраныс  басқа (салыстырмалы арзан) тамақ өнімдерінің сұранысынан көптеу деңгейде қысқарады.

4. Қолға неғұрлым қиын  түсетін тауар болса, соғұрлым  сұранысы икемді. Солай, тауарлар  тапшылығы жағдайларында, сұраныс  икемділігінің көрсеткіштері көптеген  тауарлары бар дамыған нарық  жағдайларындағыдан аздау.

5. Қажеттіліктерді қанықтыру  деңгейі неғұрлым жоғары, оған  деген сұраныстың икемділігі  соғұрлым төмен.

Егер жанұя мүшелерінің әр қайсысында автомобиль болса, енді бір машина сатып алу тек оған бағаның түсу жағдайында ғана мүмкін.

6. Уақыт өткен сайын  сұраныс икемділеу болады. Жаңа  тауар пайда болғанда, оған деген  сұраныс баға бойынша икемділігі  аздау. Арада уақыт өткенде нарық  қанығып, субтитут – тауарлар  шығып, тауарға көптің қолы жетеді, бірақ баға түскен жағдайда, яғни  оған деген сұраныс бағаға  байланысты, одан тәуелді болады.

Баға бойынша сұраныстың айқас икемділігі – басқа тауарға бағаның өзгеруіне байланысты бір тауарға сұраныстың салыстырмалы өзгеруін сипаттайды. Баға бойынша айқас икемділік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

ЕXY = Х тауарға сұраныстың пайыздық өзгеруі / Y тауар бағасының пайыздық өзгеруі = [ ∆QХ / ∆РY] ∙ [РY / QХ].

Егер Х және Y тауарлары өзара ауыстырылатын (алмасатын) болса, айқас икемділігінің коэффициенті оң сан болады, себебі, бір тауар бағасы өскен жағдайда оны басқа, арзандауымен ауыстыруға болады. Майдың бағасы өскенде, тұтынушы оны арзан маргаринге ауыстырады. Неғұрлым айқас икемділік коэффициентінің шамасы көп, соғұрлым тауарлар өзара алмасушылығының дәрежесі үлкен. Х және Y тауарлары өзара толықтырушы жағдайда айқас икемділігінің коэффициенті теріс сан болады. Автомобильдерге бағаның өсуімен байланысты бензинге сұраныс азаяды. Айқас икемділігінің коэффициент шамасы неғұрлым көп, соғұрлым тауарлар өзара толықтырушылық дәрежесі үлкен. Х және Y тауарлары тәуелсіз болса, айқас икемділік коэффициенті 0 (нөлге) тең.

Сұраныстың айқас икемділігі симметриялы және бейсимметриялы (симметриясыз) болуы мүмкін. Шарикті қаламның бағасы өссе, капиллярлы қаламның да бағасы өседі (және керісінше).

Бұл сұраныстың симметриялық айқас икемділігінің мысалы. Егер етке баға төмендесе, кетчупке сұраныс өседі, бірақ, кетчуп бағасының өсуі етке деген сұранысты өзгертпейді – бейсимметриялы айқас икемділіктің мысалы.

 

 

 

 

2.2. Табыс бойынша сұраныстың және ұсыныстың икемділігі

 

Табыс сұраныс көлемін анықтайтын бағадан кем емес фактор. Сұраныстың табыс өзгеруіне деген сезімталдығын анықтау үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті есептеледі:

Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q, мұнда І – табыс. Кейбір тауарлар үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті өз белгісін өзгертеді. Бұған байланысты тауарлар нормаға сәйкес (стандартты) және сапасыз (сапасы төмен) деп бөлінеді. Микроэкономикада табыс бойынша сұраныстың теріс икемділігін көрсететін табыс бойынша икемділік коэффициенті 0 (нөлден аз), яғни табыстың өсуімен сұранысы төмендейтін тауарлар сапасыз деп саналады. Табыстың өсуімен сұранысы жоғарылайтын (табыс бойынша икемділік коэффициенті – оң сан) тауарлар нормаға сәйкес деп саналады. Нормаға сәйкес тауарлардың 3 тобын айырады:

1. Ең қажетті  тауарлар – табыстың өсуімен салыстырғанда, оларға деген сұраныс аздау, ал табыс бойынша икемділік коэффициенті тең: 0<E1<1;

2. Қажетті тауарлар – оларға деген сұраныс табыспен бірге өседі, икемділік коэффициенті E1 = 1

3. Сән-салтанат, әдемілік  тауарлары – оларға деген сұраныс табыстан жылдамдау, тездеу өседі, икемділік коэффициенті E1>1. Сұраныстың тура, айқас икемділігі коэффициенттері мен табыс бойынша сұраныс икемділігі араларында өзара байланыс бар: олардың сомасы 0 (нөлге) тең.

Ұсыныс икемділігі – бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс шамасының өзгеру дәрежесі.

Ұсыныс икемділігінің коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.

           P                        S2                   S1


 

 

 

 

 

                                                Q

                                                 

22 сурет. Икемді және икемсіз ұсыныс

«Қатаң» технологияларда, ағымдағы және қысқа мерзімді кезеңдерде ұсыныс икемді емес (22 суреттегі S2 қисық сызығы). Мүлде икемсіз ұсыныста ұсыныс қисық сызығы тік (23 суретттегі S1 қисық сызығы). Бұл жағдайда баға қалай өзгерсе де, ұсыныс өспейді, себебі: тауарлардың шектелген саны бар. Мысалы, көрнекті суретші суретінің ұсыныс қисық сызығы мүлде икемсіз: баға қалай өссе де, ұсыныс өсе алмайды, себебі: мұндай сурет біреу ғана. Мүлде икемді ұсыныстың қисық сызығы көлденең (23 суреттегі S2 қисық сызығы). Мұнда тек қана бір баға бар (Р0), тіпті осы бағамен де сатушылар тауардың қандай болса санын ұсынуға дайын. Мүлде икемді ұсыныс тек қана жорамалда болады, шын өмірде ондай жоқ.

Информация о работе Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі