Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 21:41, курсовая работа
Менеджерлер, инвесторлар, кредиторлар, қаожылық органдар т.б пайдалана алады. Біздің республикамызда жұмыс істеп тұрған бухгалтерлік есептің халықаралық бухгалтерлік стандарттқа сай келеді.
Есептік мәліметтер шаруашылық субъектілер және олардың структуралық бөлімдерін оперативті басқару, мемлекеттік қаржылық есеп беру, экономикалық болжамдар және ағымдағы жоспар, және де мемлекетіміздің экономикалық дамуын зерттеу үшін пайдаланады.
Кіріспе ………………………………………………………………………2
1 Меншік капиталының есебі
Меншік капиталының экономикалық мәні ...........................................3
Меншік капиталын қалыптастырудың жолдары...................................5
Жарғылық капиталының есебі................................................................8
Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі ...............17
Резервтік капиталдың есебі...................................................................25
Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі........28
Меншік капиталының аудиті
Меншік капиталынның аудиттеу көздері…………………………….33
Жарғылық капиталының аудиті………………………………………34
Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті..39
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) аудиті……………………...43
Қорытынды……………………………………………………………….45
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................46
1.6 Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп-жоспарындағы 56 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі. 5410-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)». 5430-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)». Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік. Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған 5410 шоты пайдаланады.
Есеп берілетін жылдың соңында 5410-шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады: жыл ішінде алынған табыс сомасына 571-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты дебеттеліп,5410-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян соиасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады. Сонымен қоса, 5410 шоттың кредит және 551 шотының дебеті – есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді: 561 шоттың кредиті және 5320 шоттарының дебеті – есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудың сомасы, қызмет барысында бұрындары таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын көрсетеді; 5410 шоттың кредиті және 521 шоттың дебеті - өз акцияларын қайтып сатып алған кезде, номиналдық құнынан төмен болған соманың айырмасы көрсетіледі. 5410-шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылық операциялары көрініс табады: 551-ші «Заңмен белгіленген резервтік капитал», 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотының кредиті қолданылып жүрегн заңдарға сәйкес құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік капиталға аударылған сомасы; 621-ші «Жай акциялар бойынша есеп айырысулар», 4430-ші «Басқа да кредиторлық қарыз және есептесулер» шоттарының кредиті – жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерге, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын бөлінбеген табыстың сомасы; 521-ші «Қайтарылып алынған капитал» шотының кредиті – акционерлерден өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) құнынан жоғары бағаға сатып алғаннан түскен айырма сомас. Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы (зияны) есептен былайша шығарылады: бөлінбеген табыс сомасына: 5410-шот дебеттеледі, 5430-шот кредиттеледі; бөлінбеген зиян сомасы: 5430-шот дебеттеледі, 5410-шот кредиттеледі. Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5410-ші шот бойынша қалдық қылмауы керек,сондықтан ол міндетті түрде 571 шотымен жабылады. Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) есеп берілетін жылдан бұрынғы жылдары пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомаларының қолда бао және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған, ол 5430-шота жүргізіледі. 5430 шоттың кредиті бойынша келесідей шаруашылық операциялары: өткен жылдардың белгіленген тәртібінде таратылмаған табыстың сомасы 5410 шоттың дебетінде; өткен жылдардағы өтелмеген зиянды өтеу үшін бағытталған резервтік капиталдың сомасы 551,52 шоттарының дебетінде көрініс табады.
5430 шоттың дебеті бойынша
- өтенк жылдардың белгіленген тәртібінде жабылмаған (өтелмеген) зиянның сомасы 5410 шоттың кредитінде; шаруашылық серіктестіктерінің қатысушыларының табыстар мен жай және айрықша акциялар бойынша төленетін дивидендтердің есепті жылдағы алынған табыстың есебінен өтеуі 621,622,4430 шоттрының кредитінде; жарғылық капиталды толықтыру үшін өткен жылдарда алынған табыстан аталған мақсатқа бағытталған сомасы 501,502,5010 шоттарының кредитінде көрініс табады.
Жиынтық табыстың
(зиянның) есебі. Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе
зиянын есепке алу үшін 571 «Жиынтық табыс
(зиян)» шотын пайдаланады. Егер де кәсіпорын
табысы болса, онда шот активті болуы мүмкін.
Жыл ішіндегі әртүрлі қызмет түрлерінен
түскен табыстар 70-ші «Негізгі қызметтен
түскен табыстар» бөлімшесінің 6010-709 шоттарында,
72-ші «Негізгі емес қызметтен түскен табыс»
бөлімшесінің 6210-6280 шоттарында, 80-ші
«Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің)
өзіндік құны» бөлімшесінің шоттарында,
оған 7010-808 шоттар кіреді, сондай-ақ 7110,7210,7410,7470,7700,861,
Жыл аяғында 80-бөлімшенің 7010-808-ші,7110,7320,7410-
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялардың мазмұны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акцияонерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капиталға бөлінген сома |
5410 |
551 |
2 |
Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акцияонерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капиталға бөлінген сома |
5410 |
552 |
3 |
Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі немесе алдыңғы жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы |
551,552 |
5410,5430 |
4 |
Есепті кезеңнің соңында кәсіпорынның бөлінбеген табысына жатқызылатын таза табысы сомасы |
571 |
5410 |
5 |
Есепті кезеңнің соңында анықталған кәсіпорынның шеккен зиян сомасы |
5410 |
571 |
6 |
Ағымдағы жылғы шеккен зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы |
551,552 |
5410 |
7 |
Негізгі құралдардың белгіленген әдісіне сәйкес есептелген амортизация сомасының қайта бағалауға байланысты бөлінбеген табысқа жатқызылады |
5320 |
5410 |
8 |
өткен жылғы акционерлерге дивиденд төлегеннен қалған бөлінбеген табыс сомасы ағымдағы жылдың бөлінбеген табысына аударылды |
5410 |
5430 |
9 |
Кәсіпорынның өткен (алдыңғы) жылдағы жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы |
551,552 |
5430 |
10 |
Кәсіпорынның есепті жылы шеккен зиянының сомасы алдағы кезеңде өтелуге қалдырылды |
5430 |
5410 |
11 |
Кәсіпорынның ағымдағы жылда өнімдерді (тауарларды) сатудан, қызметтерді көрсетуден, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, құнды қағаздарды сатудан және дивидендт түрінде алған табыстарының сомасына |
6010, 6210-6280 862-864 871 |
571 |
12 |
Кәсіпорынның ағымдағы жылда көрсеткен қызметтерінің, сондай-ақ сатқан тауарларының, негізгі құралдарының, материалдық емес активтерінің, құнды қағаздарының өзіндік құнына |
571 |
6030 7110 7210,7320 7410-7470 7700,871 |
2.1 Меншік капиталының аудиттеу көздері
Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруашылық жүргізуші субъектінің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байланысты. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: «Меншікті капитал – субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері». Меншікті капиталдың ерекшелігі – ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді (оны қолмен ұстауға болмайды). 30 «Қаржылық есеп беруді ұсыну» БЕС-де меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген : жарғылық резервтік қосымша төленген және қосымша төленбеген капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян).
Меншік капиталы отандық бухгалтерлік есептің жаңа объектісі болып табылады, яғни ол аудит үшін де жаңа. Жаңа бухгалтерлік есеп – 2-де «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашулар», меншік капиталына : жарғылық капитал, қосымша төленген және төленбеген капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) кіретіндігі көрсетілген. Бұл меншік капиталының элементтерінің әр қайсысы маңыздыболғандықтан,бұлардың әр қайсысының аудитіне жеке тоқталамыз.
Жарғылық капитал меншік капиталының негізгі элементі болып табылады,өзімен қатысушылардың (иелік етушілердің) субъект құруда оның қызметін қамтамасыз ету үшін салымдарын білдіреді. Жарғылық капиталдың орындалатын функциялары мен құрылуы өндірістің ұйымдастырушы-құқықтық формаларына байланысты. Шаруашылық субъектілердің үш негізгі функцияларын белгілеуге болады. Біріншіден, ол субъектінің қызметінде меншіктің негізі болып табылады, яғни бастапқы капиталы. Екіншіден,жарғылық капиталының құрылуы құрушылардың (акционерлердің) субъекттідегі қатысу бөлігін (процентін) анықтайды, оған жалпы жиналыстағы қатысушылардың дауыс көлемі және оның табыс көлемі (дивиденді) сай. Үшіншіден жарғылық капитал үшінші жаққа міндеттердің орындалуына кепіл береді, сондықтан заң бойынша оның минималды мөлшері белгіленген. Толық көлемде жарғылық капитал бұл функцияларды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде және акционерлік қоғамдарда орындайды, яғни жарғылық капитал қатысушылардың салымдары мен акцияға жазылуларына байланысты құрылады. Жарғылық капитал толық және командитті серіктестіктектерде бір ғана функцияны орындайды – меншік негізі болып табылады. Меншік салымы өндіріс кооперативінің бастапқы капиталы және қызметті ұйымдастыру және оны құруда кететін шығыстарды жабу үшін арналған. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы – бұл мүлік сомасы, меншік иесімен бекітілген (республикалық немесе жергілікті басқару органымен) өндірістік қызметтердің орындалуы үшін. Бұл меншік бөлінбейді,салымдар бойынша үйлестірілмейді, сәйкесінше бұған жұмыс коллективі де,бөлек еңбек өндірістерінің де құқы жоқ.
Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы, өндіріс кооперативі сияқты, екі функцияны орындайды – мүліктік және кепілдік.
Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдайларды қарастырады :
1) Бас кітап бойынша баланстық көрсеткіштерді тексеру;
2) синтетикалық және
3) жарғылық капитал құрылуының дұрыстығын тексеру;
4) құрушының салымдары толық және уақытылы келуін жазуды тексеру;
5) жарғылық капиталының
6) мүлікті түгелдеу және басқа
мүліктік құқық, өндірістің жарғылық
капиталына жарна ретінде
7) жарғылық капиталы есебінде
табылған қателіктерді,
8) жарғылық капитал көлемінің
құқықтық-нормативтік акті
9) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;
10) бухгалтерлік есепте жарғы капиталының шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған корреспонденциялардың дұрыстығы, көбінесе олардың ішінде төменгідей өткізбелерге ерекше көңіл бөлінеді :
Дт 5020 «Төленбеген капитал» шотына және Кт 5010 «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына; жарғы капиталы мөлшері ұлғайғанда Кт 5010 «Салымдар мен пайлар» шотына, 12 «Негізгі құралдар», 20 «Материалдар», 22 «Тауарлар», 42 «Банктердегі аккредитивтегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шотардағы ақша», 44 «Ұлттық валюта ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша» және 45 «Кассадағы қолда бар ақшалар» бөлімшелердің шоттарына жазу түседі.
Жарғылық капиталды тексеру бағдарламасына мынадай аудит процедуралары кіреді.
Аудит процедуралары |
Ақпарат көздері |
1 баланс көрсеткіштерінің Бас
кітап мәліметтеріне |
Баланс, 501,502,5010,5020,521 шоттары бойынша Бас кітап |
2 Жарғылық капитал қозғалысының
синтетикалық және |
Бас кітап, 13 журнал-ордер, акционерлердің тізілімі, акционерлердің есеп карточкалары, құрылтайшы құжаттар, НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, төлем тапсырмалары кірістік кассалық ордерлер және т.б |
3 Жарғылық капиталды |
Қолданылып жүрген заңнама құрылтайшы құжаттар, бухгалтерлік анықтама |
4 құрылтайшылардың жарнасын (салымдарын) кіріске алудың толықтығы мен мерзімділігін тексеру |
НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, ТМҚ қабылдау актілері, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары, кірістік кассалық ордерлер, бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазуларжәне т.б |
5 Жарғылық капитал өзгерісінің негізділігін және оны құрылтайшы құжаттарға енгізудің мерзімділігін тексеру |
Құрылтайшылардың (меншік иелерінің) және акционерлерінің жалпы жиналысының шешім хаттамалары,эмиссия жобасы мен құрылтайшылық шарты |
6 кәсіпорынның жарғылық капиталғ |
Түгендеу актілері, түгендеу тізімдемесі, салыстыру тізімдемесі (ведомость) және с.с |
7 қолданыстағы заңнамамен |
Аудитордың тұжырымдары, есептеулері және ұсыныстары |
Информация о работе Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті