Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 21:41, курсовая работа

Краткое описание

Менеджерлер, инвесторлар, кредиторлар, қаожылық органдар т.б пайдалана алады. Біздің республикамызда жұмыс істеп тұрған бухгалтерлік есептің халықаралық бухгалтерлік стандарттқа сай келеді.
Есептік мәліметтер шаруашылық субъектілер және олардың структуралық бөлімдерін оперативті басқару, мемлекеттік қаржылық есеп беру, экономикалық болжамдар және ағымдағы жоспар, және де мемлекетіміздің экономикалық дамуын зерттеу үшін пайдаланады.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………2

1 Меншік капиталының есебі
Меншік капиталының экономикалық мәні ...........................................3
Меншік капиталын қалыптастырудың жолдары...................................5
Жарғылық капиталының есебі................................................................8
Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі ...............17
Резервтік капиталдың есебі...................................................................25
Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі........28

Меншік капиталының аудиті
Меншік капиталынның аудиттеу көздері…………………………….33
Жарғылық капиталының аудиті………………………………………34
Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті..39
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) аудиті……………………...43

Қорытынды……………………………………………………………….45
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................46

Прикрепленные файлы: 1 файл

Меншік капиталының есебі аудиті 2 курсовая.doc

— 216.00 Кб (Скачать документ)

Акциялардың сатылатын құнына, оларды номиналдық құнының мөлшеріне 6210 «Бағалы қағаздарды сатудан алған табыстары бойынша» шоты кредиттеледі де, 2940 «Басқа да» шоты дебеттеледі. Егер де акцияның құны номиналдық құнынан жоғары болса, алынған айырма сомасына 2940  шоты дебеттеледі де, 531 «Қосымша төленген капитал» шоты кредиттеледі.

Акционерлерден сатып алған акцияларды сатқан кезде қоғамның жарлық капиталы өзгермейді.

Қоғам келесі жағдайларда акцияны қайтып сатып алуға құқығы жоқ:

  • қоғамның эмитенттелген акциялары толық төленгенге дейін;
  • қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық  капиталы қайтып сатып алынған нәтижесінде, тиесілі қоғам типтері үшін шығарылғаны (төленген)жарғылық  капиталының   минималды деңгейінен кем болса;
  • қоғам акцияны қайтып сатып алған шақта төлем қабілеттілігі жоқ болса, немесе акцияны сатып алған соң сондай жағдайға тап болатын болса;
  • акцияны сатып алатын кезінде қоғамның меншік капиталының   көлемі  қоғамның жарғылық капиталына  шығарылған (төленген)капиталдан  кем болса.

Қайтып сатып алынатын акцияның саны  бүкіл қоғамның шығарған  акциясының   25%-нен  немесе қоғамның меншік капиталының  10%-нен аспауы керек. Қоғам акциясын  саиып алу мәселесі сол қоғамның жалпы жиналысында шешіліді, осындай шешім шыққан  соң отыз күннің ішінде аталған шешімді жүзеге асыруына болады. Сатып алынған акцияны қоғамның ұстаушы реестіріне енгізіді. Қосымша  төленген капитал дегеніміз- акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы  (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы). Мұндай капиталдың (табыстың) есебі 531-ші «Қосымша төленген капитал» шотында жүргізіледі. Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 531 кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 1050,432,1040,1010,1020. Сатылған акциялар бойынша шоттарды төлеуге ұсынған кезде сатылған акциялардың тұрақты құны 2940-шоттың дебеті мен 6210-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Қосымша төленген капиталдың  есебі.    Капиталдың бұл түрінің есебі үшін 54-ші «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшенің қатарына мынандай синтетикалық шоттар кіреді: 5320-шот «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал» ; 1020-шот «Инвестицмяларды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал»;  5320-шот «Басқа да қосымша төленбеген капитал». 54-ші «Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттарында құнсыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және босқа активтерді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат жинақталады.

Негізгі  құралдарды қайта бағалау операциялары. Негізгі құралдарды, ұзақ  мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда қайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге құқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады. Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2412-2417, 2930 шоттары дебеттеліп, 5320  шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалануына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5320 шоты дебеттеліп, 2421-2429 шоттары кредиттеледі.

Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізеді.

Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын көшірілуі қажет және осы есептің дұрыстығын тексеру үшін мынадай есептеулер жасалынады:

 

 

 

 

 

Жазбалар мазмұны

Сомасы теңге

1

Кәсіпорын 1994 жылы жол тегістегіш сатып алды делік. Пайдалану мерзімі 8 жыл.

Амортизация нормасы 12,5%:

  • машинаның бірінші қайта бағалануына дейінгі құны
  • 1-ші қайта бағалануына дейінгі есептелінген тозу сомасы

12000

2000

2

Қайта бағалау нәтижесінде (01.10.94 ж.,01.07.97 ж.) машинаның құны мен тозу сомасы төмендегідей болады:

  • жол тегістегіш машинаның құны
  • машинаның тозуына байланысты есептелген сомасы
  • машинаның қайта бағаланған сомасы (236390 – 12000)
  • машинаның қайта бағаланғаннан кейін, қалыптасқан тозу сомасы (103 539 – 2 000 =101 539), енді осыдан машинаны пайдалану кезінде есептелген тозу сомасын шегереміз (64 339 тенге)
  • машинаның индексацияланған сомасы (224 390 – 37 200)

 

 

236 390

103 539

224 390

 

37 200

 

187 190

3

Машинаны одан әрі қарай пайдалану барысында, яғни 1997 жылдың 1 қаңтарынан 2002 жылдың маусымына дейінгі кезенді жыл сайын бөлінбеген табыстарға көшірілетін соманың деңгей мынаған  тең (187 190 теңге /4,5 жыл)

41 597,78




 

       Сонымен, кестеде көрсетілген есептеулердің қайта бағаланған негізгі құралдың сомасы мына төмендегі шоттарда көрініс табады, яғни 3 466,48 мың теңгесі  5320  шотының дебетінде және 5410  шотының кредитінде көрсетіледі. Қайта бағалаудың сомасы тек негізгі құралдардың объектісі есептен шыққан кезде ғана себебіне байланыссыз бөлінбеген табыстың сомасына көшіріледі.

Инвестицияны қайта бағалаудың операциялары бойынша. Инвестицияларды қайта бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша есептеу сомалары 542-ші «Инвестицияларды қайта есептеуден алынған қосымша төленбеген капитал» шотының кредиті бойынша көрініс табады:

 

Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын, және басқа да шаруашылық серіктестіктердің жарлық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестицияның сомасына 

2310

5320

Қаржылық инвестицияларын қайта бағалаудан түскен сомаларына

1150

5320

Есептен шығарылғн ұзқ мерзімді қаржылық инвестиция бойынша қайта бағаланған сомасы:

5320

5410,6210


 

5320  шотының дебеті ұзақ мерзімді инвестицияның құнының төмендегенін және олардың баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта бағаланған сомасының шегінде мына шоттар корреспонденцияланады:

  - ұзақ мерзімді инвестицияның  төмендеген құнына 1150  шоттары  кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі;

  - инвестицияның баланстық құнының  азайған сомасына 2310  шоттары  кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі.

Басқа да активтердің қайта бағалануымен байланысты операциялары. Активтердің басқа түрлерін (шикізаттарды, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, отынды, дайын өнімді, тауарларды және басқаларын) қайта бағалау операциялары үшін 5320 - ші «Басқа да қосымша төленбеген капитал» шоты пайдаланылады. Шын мәнінде бұл шот инвестиция – неттосы бойынша бағамның есептен шығарылатын кезеңіне дейінгі айырмасы есепке алу үшін пайдаланылады. Егер де инвестиция – неттосы шет елдегі бөлімшелерге берілсе, бағамдық айырманың жиынтық сомасы табыс ретінде  6250 шоттың кредиті бойынша көрініс табады, ал егер де ол шығыс ретінде танылсы, онда ол 7430  шоттың дебеті бойынша көрініс табады. Мысалы: «Восток» ААҚ-ның нетто – инвестициялары шетел бөлімшелерінде 35% құрайды (шетел бөлімшелеріндегіменшікті капиталы 20 млн. теңгені құрайды, қаржылық инвестициялары «Восток» ААҚ–ның – 7 млн. тенге). 2002 жылдың қаңтарында «Восток» ААҚ-мы шетел бөлімшелеріне 49000 АҚШ  доллар, 5 жыл көлемінде  бір  АҚШ долларына 150 тенге курстық бағамы бойынша қарыз берді. Бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша № 9  «Шетел валютасы бойынша операцияның есебі» (СБУ 9) әр есеп беру кезеңіне  құралдарды есептеу (қарыздық міндеттемелерді қоса), валютамен көрсетілген  соңғы есеп беру кезеңінің бағамы бойынша теңгемен қайта бағаланады.

Сөйтіп біздің мысалымыз бойынша курстық бағам өзгеріп 31 қаңтар  бойынша 152 теңге бір АҚШ долларына, курстық айырмашылық  80 000 тенге сомасын құрайды (40 000 * (152 - 150) «Восток» ААҚ қаржылық  инвестицияларының кеңейгендігін білдіреді, және меншік капиталының көбейгендігін білдіреді., 5320 «Басқа да» шотының кредиті бойынша. Ал егер доллардың бағамы теңгеге шаққанда азайса, онда оның бағамдық айырмасы қаржылық инвестицияның қысқарғандығы ретінде бағаланады және ол  543 «Басқа да» шотының дебеті бойынша  көрініс табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5  Резервтік капиталдың  есебі 

Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 55-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 551-ші «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 552-ші «Басқа да резервтік капитал».

Заңдармен белгіленген  резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық  жүргізуші серіктестіктің  (ЖШС, Акционерлік қоғам және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгілінеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза тбыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған  жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құрған) кезде 5410 шотты дебеттеледі де,551 шоты кредиттеледі.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 551-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде  көрініс табады:  621,622,4430 – артықшылығы бар акцилар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5410-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»,5430-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шота жүргізіледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы резервтік капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялардың мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

Акционерлік  қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасының қалыптасуы

5410

551

2

Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы

5410

552

3

Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына  немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты артықшылығы бар акциялар бойынша дивидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы

551,552

621,622

4430

4

Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы  (өткен) жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы

551,552

5410,5430

5

Ағымдағы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы

551,552

5410

6

өткен (алдыңғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы

551,552

5430

7

Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субъектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома

552

501,502,

5010


 

Басқа да резервтік капитал есебі, 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шоттан заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді. 552-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 551-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.

Информация о работе Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті