Қолма-қолсыз есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 21:36, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Қолма – қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері». Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім: өзімнің болашақ «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығыма байланысты, қолма – қолсыз есеп айырысу – нарықтың экономиканың дамуына қатысты банктік және соған теңестірілген мекемелердің басты қызметін атқарады және Қазақстан Республикасының II деңгейлі банктердің базалық қызметін жүргізу мақсатындағы операциясы болып табылады.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................................ 2
I тарау. Қолма – қолсыз есеп айырысудың мәні, айналымы және
жүргізу тәртібі
1.1 Қолма – қолсыз есеп айырысудың мәні және жүргізу тәртібі..........................4
1.2 Қолма – қолсыз есеп айырысу айналымы ..........................................................6
1.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкідегі бірыңғай корреспонденттік шот арқылы қолма – қолсыз есеп айырысудың есеп тәртібі..............................8
II тарау. Қолма – қолсыз есеп айырысудың операцияларының классификациясы.
2.1 Қолма – қолсыз есеп айырысу операцияларының классификациясы............10
2.2 Төлем тапсырыспен есеп айырысу.....................................................................11
2.3 «Лоро» корреспонденттік шот арқылы төлем тапсырыс бойынша есеп айырысу............................................................................................................................13
2.4 «Ностро» корреспонденттік шот арқылы төлем тапсырыс бойынша есеп айырысу ...........................................................................................................................14
2.5 Чекпен есеп айырысу ..........................................................................................16
2.6 Аккредитивпен есеп айырысу ............................................................................20
2.7 Төлем карточкаларымен есеп айырысу .............................................................23
Қорытынды ..............................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..............................................................................30
Қосымшалар .............................................................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қолма-қолсыз е.а..DOC

— 256.00 Кб (Скачать документ)

 

 Бірыңғай корреспонденттік шот арқылы қолма – қолсыз есеп айырысу төлем құжатының айналым схемасы :

  Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі 6


5 7

 

Төлеушінің

банкі

 

Алушының

банкі


 3 4



  Сатып алушы –

       төлеуші

1

2

Жабдықтаушы

алушы


                    


 

1. Жабдықтаушымен сатып  алушының арасындағы келісім  шарттың толтырылуы.

2. Тауарды түсіреді  немесе қызмет көрсетеді.

3. Сатып – алушы  төлеуші төлем тапсырысты 4 дана  етіп, құрастырады да, өзінің банкіне  жібереді.

4. Банк қызметшісі  клиенттің банк шотын жүргізетін төлем тапсырыстың дұрыс толтырғанын тексереді, қол қояды, күнін және банк штампын қояды. 1 дана банкте құжат ретінде қалады.

5. Қазақстандық банкаралық  есеп айырысу орталығының жауапты  адам банктің корреспонденттік шотын жүргізетін төлеушінің банкіне электрондық төлем жібереді. Төлем тапсырыстың 2-3 даналары алушының банкіне жіберіледі.

6. Қазақстандық банкаралық  есеп айырысу орталығының электрондық төлемі негізінде төлеушінің банк шотынан алушының банк шотына ақша қаражаты аударылады.

7. Жабдықтаушының банкі  барлық керекті құжаттарды алған  кезде, жабдықтаушының шотына  келіп түскен ақша қаражатын  аударады.

8. Төлем тапсырыстың  3 данасы есеп айырысу жазбасына қосымша болады және жабдықтаушыға операция жасалғаны туралы құжат болып қалады.

 

 

II тарау. Қолма – қолсыз есеп айырысу операцияларының классификациясы

2.1. Қолма –  қолсыз есеп айырысу операцияларының  классификациялары.

Банктің есеп айырысу операциялары қатысушыларына қарай, екі басты тараптарына бөлінеді:

- клиенттің есеп айырысу  операциялары, орындалу барысында  банк сияқты басты субъект  ретінде клиент қатысады;

- таза банктік есеп  айырысу операциялары немесе  субъект болып шығатын банк ретінде банкаралық сеп айырысулар.

Есеп айырысудың басты  формалары негізінде банктің  келесі есеп айырысу операцияларын  бөліп шығаруға болады:

  • аккредиттік операциялары;
  • аудару операциялары;
  • клирингтік операциялары және т.б.

Ал, есеп айырысу операцияларының төлем нұсқауларының қолданылуына байланысты есеп айрысу операциялары келесідей классификацияланады:

  • төлем тапсырыспен есеп айырысу;
  • чекпен есеп айрысу;
  • аккредитивпен есеп айырысу;
  • пластикалық карточкалармен есеп айырысу.

2004 жылы 25 сәуір айындағы №179 «Қазақстан Республикасының территориясындағы төлем құжаттарын қолдану, қолма – қолсыз есеп айрысудың жүргізілуі және ақша аудару» ұйымының есеп айырысу операциялары банктік құрылымына сәйкестендіріледі. Бұл тәртіпте есеп айрысу құжаттары мен олардың орындалуы дұрыс жүргізілуі көрсетілген.

Аударым операцияларын  жүргізу үшін, банк – төлеушімен алушының арасындағы есеп айырысудың келесі формаларын қолданылады:

  • төлем тапсырыспен;
  • төлем – талап тапсырыспен; 
  • чекпен;
  • банктік карточкалармен.

2.2. Төлем тапсырыспен есеп айырысу

 

Төлем тапсырыс – ақша берушінің тапсырысын қызмет етуші  банк алушыға ақшаның белгіленген  бойынша бенефициардың пайдасына  аударылғаны көрсетіледі. Аударымның орындалуы үшін жіберуші өзінің қызмет етуші банкіне төлем тапсырысын бланкте бекітілген формасын көрсетеді. (қосымша 6)

Төлем тапсырыс құжатында  келесі реквизиттері көрсетіледі:

  • құжат атауы;
  • құжат номері, шығарылу күні, айы, жылы;
  • ақша жіберуші заңды тұлғаның толық атауы, банктік идентификациялық коды;
  • бенефициардың толық атауы және индивидуалдық коды;
  • төлемнің берілуі және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген код белгісі және төлемнің берілуі;
  • салық төлеушінің   бенефициардың және Ақшы жіберушінің коды.

Аударылған ақша –  резидент емес бенефициардың пайдасында болса, ақша беруші өзінің банкіне ақша аудару шетел валютасында бекітілген арызын көрсетеді. Мұндай арыз ақша жіберушінің қызмет ететін банк алушыға ақша аудары туралы төлемдік тапсырыс болып табылады.

Банк – алушы  төлем  тапсырысын немесе ақша аудару туралы арызын қабылдайды. Банк Қазақстан Республикасының заңына сәйкес төлем тапсырысымен ақша аудару туралы арызынан басқа, басқа да белгіленген төлемді куәландыратын құжаттарды талап етуге құқылы.

Банк жіберушінің төлем  тапсырысын орындау міндеті, төлем тапсырысын акцептеу үшін жіберуші берілген төлем тапсырыстың орындылауына өзінің банктің шотынан қажетті ақша сомасын қамтамасыздандыруға міндетті. Қажет ақша сомасынан қамту, ақша жіберушінің шотынан немесе келісім шартпен қарастырылған болса, банк – алушының  заем шотынан шығарылады. Егер, банк – алушы төлем тапсырысты акцептеуден бас тартса, онда ол жазбаша немесе электрондық хабарлаумен жіберушіге, алынған төлем тапсырыс күннен бастап, үш жұмыс күнінен кешіктірілмей сәйкестендіріп жүргізеді. Ол үшін банк – алушымен жіберуші арасындағы келіспеушілікті келісім шартпен міндетті түрде реттеп, ескерту жібереді. Сонымен қатар, акцептке келіспеген күніне ескерту жіберу мерзімі болып саналады.

Акцептелген төлем тапсырыстың  төлемін мына қатармен шығарылады: жіберушімен банк – алушы арасындағы келісім шартқа сәйкес, банк алушы төлемін, акцептелген төлем тапсырыс сомасын шығарылған және жұмсағанын араластыруға міндетті. Сонымен қатар, банк алушы да жіберушінің төлем тапсырысын, банк – алушы орындау кезінде, төлемді жүргізу мүмкіндігі пайда болады. Жіберушінің банк – алушыға төлемі, банк – алушы жіберушінің банктік шотын дебеттеу кезінде шығарылады. Жіберушінің акцептелген төлем тапсырысын банк – алушы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес төлем тапсырыста белгіленгендері бойынша талап етеді. Егер, банк алушы төлемнің орындалу барысында төлем құжаттарының қолдану тәртібі болған жағдайда, елдегі қолма – қол ақшасыз төлемдер мен ақша аудару орындалмаса, яғни осылардың кесірінен бенефициарға ақша аударуда кешіктірулер болса, онда банк кінәлі болғандықтан, ҚР заң актілеріне немесе келісім шартқа сәйкес қатысушыларына төлем төлейді.

Төлем құжатының бар  болуы қажетті жағдайда, ҚР заң  актілеріндегі бірінші кезекті  қатардағы талап етулерге сәйкес орындалуы тиіс. Сондықтан, жіберушінің банктік шотында тапсырысты орындау үшін, қажетті ақша сомасы болмайды, банк – алушы төлем тапсырысты орындамауға немесе оны акцептеуге келіспеуге құқылы. Сонымен қатар, ол жіберушінің алдында орындалмаған төлем тапсырыс міндеттемесінен босатылады.

Төлем тапсырыс жіберушінің  реквизиттеріне сәйкес келмейтін реквизиттерді  жазса, не қайталанып берілсе, онда төлем тапсырыс қате орындалған деп саналады. Жіберуші төлем тапсырыстың орындалу дұрыстығын анықтайды да,  оның қате жіберілген жағдайында, банк – алушыға қате табылғанын хабарлайды. Ақша жіберуші банк алаушыға барлық соқтырған шығыстарын, төлем тапсырыспен белгіленген шектеулі сомасы төлеуге жауапты болып табылады.

Төлем тапсырыс қате орындалған хабарына кейін, банк – алушы келесі шараларды қолданады:

Біріншіден, төлем тапсырысты бенефициардың пайдасына жібереді немесе жіберушіге барлық төлем сомасын  қайтарады.

Екіншіден, жіберушінің  төлем тапсырыс сомасы жоғарыланады, банк – алушы жіберушіге соманы қайтарады.

Егер, төлем тапсырыстың орындалу барысында жіберуші қате жіберсе, онда банк – алушы ешқандай жауаптылыққа міндеттенбейді.

Төлем тапсырыспен есеп айырысу келесі шоттарда жүргізілерді.

 

Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Ақша жіберуші мен бенефициар бір банктің қызметімен пайдаланатын болса

2203

2203

69 000

2

Ақша жіберуші мен бенефициар әр түрлі банктік қызметтен пайдаланса

2203

1051

69 000

3

Банк есеп айырысуды жүргізген үшін комиссиондар

2203

4601

42 000


 

 

2.3. «Лоро» корреспонденттік  шот арқылы төлем тапсырыс  бойынша есеп айырысу

 

Төлеушінің

банкі

5

Алушының  6

банкі


 3 4 7


 

  Сатып алушы –

       төлеуші

1

                                             2

Жабдықтаушы

алушы


 

Банк корреспондентте  төлем тапсырыс банктік шот  арқылы құжат айналым схемасы:

1. Тауарларды өткізу  немесе қызмет көрсету туралы  келісім шарт құрастырылады.

2. Тауарды түсіреді  немесе қызмет көрсетеді.

3. Банк корреспондентте төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша есеп шотынан 4 данада  төлем тапсырысты береді. Банк қызметшісі толтырылған төлем тапсырысты тексереді. Өзінің қолын, түскен күнін және барлық данаға банк штампын қояды. Операция жасалып болғаннан кейін, төлем тапсырыстың 1 данасы банк корреспондентте қалады. (Соңғы 4 дана төлеушіге қайтып беріледі және операцияның болуын растайды).

4. Төлем тапсырыстың  2-3 даналары жауапты орындаушыларға  беріледі.

5. Барлық жиналған  құжаттар негізінде жауапты орындаушы құжаттардың

тізбесін және барлық тапсырыстарды корреспонденттік шот  бойынша 2 данада дайындалады.

6. Жауапты орындаушы  тапсырыстың және құжаттар тізбесін  банк мөрімен, бас бухгалтердің  және төрағасының қолын қойдырып, операциялық бөлімшенің қызметшісіне тарсырылды. Ол келісіммен бекітілген мерзімде модем байланысы арқылы барлық мәліметтерді ақша алушының шотына жібереді.

7. Банк респондент  – жазбасын алады, барлық қажетті құжаттармен тапсырысты респондентің кодталған құжатын электрондық қолмен бекітеді. Содан кейін, төлем тапсырыс есеп операциялық қызметшіге беріледі.

«Лоро» корреспонденттік шот арқылы төлем тапсырыс бойынша  есеп айырысу негізінде құрастырылған  проводкалар:

 

Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Төлеушінің банкінде 1 дана негізінде

2203

2203

10 000

2

2 дана негізінде келесі бухгалтерлік өткізбе

1052

2203

22 000


 

 

2.4. «Ностро»  корреспонденттік шот арқылы  төлем тапсырыс бойынша есеп айырысу

«Ностро» корреспонденттік шот арқылы төлем тапсырыс бойынша  есеп айырысу құжат айналым схемасы:

 

Банк төлеуші        6

5

Банк алушы         7       


 3 4 8


 

Төлеуші

сатып алушы

1

2

Жабдықтаушы

алушы



Егер, төлеуші банк –  респондентте есебін жүргізсе, барлық операциялар жабдықтаушымен есеп айырысу бөлек болады:

1. Жабдықтаушымен сатып алушы арасындағы келісім шарт.

2. Келісім шарт негізінде  тауарды түсіру, қызмет көрсету.

3. Төлеуші сатып алушы  толтырылған төлем тапсырыс банкке 4 данасын толтырып, алып береді.

4. Есепті операция  қызметшісі төлем тапсырысты  қабылдаған кезде, оның дұрыс толтырылуын тексереді, қол қойып, барлық даналарға банктің штампын қояды. 1 дана төлеушінің банкінде қалады және банктің күнделікті құжаттарына қосылады. 4 данасы төлеушіге қайтарылады.

5. 2-3 даналары жауапты  қызметшіге беріледі.

6. Алынған электрондық құжатқа қол қойылады, есеп операциялық қызметшіге тапсырады.

7. Келіп түскен төлем  тапсырыстың данасы алушының  банкінде қалады.

8. Төлем тапсырыстың 3 данасы есеп айырысу шотының жазбасына қосылады және ақша алушыға беріледі.

 

«Ностро» корреспонденттік шот арқылы төлем тапсырыс бойынша есеп айырысу негізінде келесі өткізбелер жүргізіледі:

 

Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Төлем тапсырыстың 1 дана негізінде

2203

1052

74 000

2

Келіп түскен құжаттар бойынша алушының банкінде

2023

2203

74 000


 

2.5. Чекпен есеп  айырысу

Чек – заңды түрде  бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы институтындағы ағымдағы есеп шот иесінің, чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап  еткен жарлығы. Чек төлем айналымын  тездету мақсатында шығарылады. Ағымдағы шот иесі шоттағы сома көлемінде көптеген чектер толтырылуына құқы бар. Чектер бірнеше бөлінеді:

- атаулы чектер –  оны чек беруші белгілі бір  адамның аты-жөнін көрсетіп, толтырылады.  Ол чектерді екінші кісіге  «индоссамент» беруге болады.

- ордерлі чектер –  оларды заңды тұлға және жеке тұлғалар толтырады. Бұл чектер басқа кісіге «Индоссаментпен» беруге болады.

- иесі ұсынушы чектер  – олар бойынша көрсетілген  сома чек ұсынушыға төленеді. Ондай чектерді ешқандай жазумен  көрсетпей-ақ бір кісіден екінші  кісіге беруге болады.

1931 жылы Женевада халықаралық конвенциясында құжатқа қол қойылды. Оның талабы бойынша чекте алты міндетті элементтер болуы шарт. Олар:

- чектік белгі, яғни  «Чек» деген белгі болуы керек;

- чектік өтейтін төлеуші,  яғни банктің аты;

Информация о работе Қолма-қолсыз есеп айырысу