Қолма-қолсыз есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 21:36, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Қолма – қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері». Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім: өзімнің болашақ «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығыма байланысты, қолма – қолсыз есеп айырысу – нарықтың экономиканың дамуына қатысты банктік және соған теңестірілген мекемелердің басты қызметін атқарады және Қазақстан Республикасының II деңгейлі банктердің базалық қызметін жүргізу мақсатындағы операциясы болып табылады.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................................ 2
I тарау. Қолма – қолсыз есеп айырысудың мәні, айналымы және
жүргізу тәртібі
1.1 Қолма – қолсыз есеп айырысудың мәні және жүргізу тәртібі..........................4
1.2 Қолма – қолсыз есеп айырысу айналымы ..........................................................6
1.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкідегі бірыңғай корреспонденттік шот арқылы қолма – қолсыз есеп айырысудың есеп тәртібі..............................8
II тарау. Қолма – қолсыз есеп айырысудың операцияларының классификациясы.
2.1 Қолма – қолсыз есеп айырысу операцияларының классификациясы............10
2.2 Төлем тапсырыспен есеп айырысу.....................................................................11
2.3 «Лоро» корреспонденттік шот арқылы төлем тапсырыс бойынша есеп айырысу............................................................................................................................13
2.4 «Ностро» корреспонденттік шот арқылы төлем тапсырыс бойынша есеп айырысу ...........................................................................................................................14
2.5 Чекпен есеп айырысу ..........................................................................................16
2.6 Аккредитивпен есеп айырысу ............................................................................20
2.7 Төлем карточкаларымен есеп айырысу .............................................................23
Қорытынды ..............................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..............................................................................30
Қосымшалар .............................................................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қолма-қолсыз е.а..DOC

— 256.00 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар:

 

Кіріспе ........................................................................................................................ 2

 

I тарау. Қолма – қолсыз  есеп айырысудың мәні, айналымы  және

 жүргізу тәртібі

    1. Қолма – қолсыз есеп айырысудың мәні және жүргізу тәртібі..........................4
    2. Қолма – қолсыз есеп айырысу айналымы ..........................................................6
    3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкідегі бірыңғай корреспонденттік шот арқылы қолма – қолсыз есеп айырысудың есеп тәртібі..............................8

 

II тарау. Қолма – қолсыз  есеп айырысудың операцияларының  классификациясы.

2.1 Қолма – қолсыз есеп айырысу  операцияларының  классификациясы............10

2.2 Төлем тапсырыспен есеп айырысу.....................................................................11

2.3 «Лоро» корреспонденттік шот  арқылы төлем тапсырыс бойынша  есеп айырысу............................................................................................................................13

2.4 «Ностро» корреспонденттік шот арқылы төлем тапсырыс бойынша есеп айырысу ...........................................................................................................................14

2.5 Чекпен есеп айырысу ..........................................................................................16

2.6 Аккредитивпен есеп айырысу ............................................................................20

2.7 Төлем карточкаларымен  есеп айырысу .............................................................23

 

Қорытынды ..............................................................................................................28

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..............................................................................30

 

Қосымшалар .............................................................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Қолма – қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері». Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім: өзімнің болашақ «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығыма байланысты, қолма – қолсыз есеп айырысу – нарықтың экономиканың дамуына қатысты банктік және соған теңестірілген мекемелердің басты қызметін атқарады және Қазақстан Республикасының II деңгейлі банктердің базалық қызметін жүргізу мақсатындағы операциясы болып табылады.

Қазіргі уақытта  II деңгейлі банктер және банктік операцияларды  жүзеге асыратын мекемелер, клиентке банктік  шот ашпай-ақ қолма - қолсыз  есеп айырысу операциялармен, ақшаны аудару операцияларын жүзеге асырады. Қолма – қолсыз есеп айырысу – клиенттердің банкте ашқан шоттар көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші шотқа аударылатын төлемдер жиынтығы. Мұндағы,  қолма – қолсыз есеп айырысу – чектер, төлем тапсырыс құжаттары, төлем карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, елдің  қаржы, ақша айналымының ең маңызды бөлігін қолма – қолсыз есеп айырысу айналымы құрайды. Қолма – қолсыз есеп айырысу айналымы ( төлем айналымы ) – ол банктегі иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін ( 90%-ға дейін жуығын ) құрайды.

Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент – қолма-қол ақшаны пайдалану аясын тарылту болып табылады. Қазір бұл мәсілі біздің елде кәсіпорындар арасында өзара есепке қолма – қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселеген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек сауда мен есеп айрысу үшін, есептесу чектерін, төлем құжаттарын, төлем карточкаларын енгізумен шектелуде. Экономикасы  дамыған мемлекеттерде ақша айналымын басқаратын  экономикалық әдістерді енгізумен процестері кең тараған. Мысалы, АҚШ-та халықтың барлық төлемдерінің тек ¼ бөлігі ғана қолма – қол ақша  төлеумен жүргізілсе, қалған төлемдер чектермен, төлем карточкаларымен және т.с.с. жүргізіледі. Қолма – қол ақшасыз есептесуді жетілдірудің, қаржының айналмалылығын жеделдетуге, айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.

Қолма – қол ақшасыз  есеп айырысуды ұйымдастыруға әр елдің тарихи және экономикалық дамуының ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, ең алғаш 1775 жылы Ұлыбритания чекті, вексельді, кейін АҚШ-та чекті қолдана бастаған, ал Германия – жирашотты, ТМД-ға мүше-мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданады. Қазірде кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма – қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивті құрал екенін әлемдік тәжірибе дәлелдейді. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесі  бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Банктердің есептесу операциялары: инкассо, аудару және аккредитив болып бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау. Қолма  – қолсыз есеп айырысудың мәні, айналымы және жүргізу тәртібі

 

1.1. Қолма – қолсыз есеп айырысудың мәні және жүргізу тәртібі.

 

Қолма – қолсыз есеп айырысу  Қазақстан Республикасындағы II деңгейлі банктердің базалық қызметін жүргізу  мақсатындағы операциясы болып табылады. Яғни, банк өз клиенттеріне банктік қызметтерді ұсынады. Әртүрлі шотты аша отырып (депозиттік, ағымдық және т.б.) клиенттеріне банктер олардың тапсырысы бойынша төлем құжаттарына, клиенттің шотына белгіленген сомасы алады, иә болмаса есеп шотынан сол соманы салады. Клиент банктен шот алу үшін, арыз толтырады. (қосымша 1)

1998 жылы 29 маусымда Қазақстан  Республикасының  «Төлемдер және  Ақшаны аудару туралы» заң  актілері бойынша банктік шотты  банктен клиенттің арасында депозитті  қабылдау және сол шотпен есеп айырысу жүргізілетін операциялардың есебін жүргізу жүзеге асырылады. Банктік шоттар банктік шот туралы келісімі бойынша ашылады. (қосымша 2.1, 2.2 )

Банктік шоттар ағымдық, сақтау және корреспонденттік болып  реттеледі. Ағымдық және сақтау шоттары  заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттары. Ал, корреспонденттік шоттар – банктердің немесе банктік емес мекемелердің жүргізетін банктік операциялары. Егер, есеп айырысқан кезде банк клиентінің шоты болмаса, онда клиент арыз жазып, шот ашуға құқылы болып келеді.

Есеп айырысу –  төлем айналымында нақты ақшамен  немесе қолма – қолсыз есеп айырысуда қызмет етеді. Төлем айналымы кәсіпорындар мен мекемелер арасында қолма – қолсыз есеп айырысу  банктік шоттар жүйесі арқылы жүргізіледі. Банктегі шоттар жүйесі арқылы жүргізіледі. Банктегі шоттар теңгемен немесе шетел валютасында ашу және жүргізуге құқылы.

Банк құжаттарды қайта  тапсыруға құқылы. Егер клиент, бір  банкте бірнеше шоттарды ашқысы келсе, онда банктікі шотты ашқан жағдайда, банк салық органдары күнтізбелік үш күн мерзімінде ескертуі тиіс. Қазіргі уақытта II деңгейлі банктер, банктік операцияларды  жүзеге асыратын мекемелер клиентке банктік шотты ашпай-ақ  қолма – қолсыз есеп айырысу операцияларымен ақшаны аудару операцияларын жүзеге асырады. Яғни, банктік операциялық бөлімшелерінің түрлерін жүргізетін II банктер және ұйымдар клиенттерге банктік шотты ашпай-ақ, қолма – қолсыз ақшасыз төлемдерін және аударымын шығарады.      

2004 жылы 13 қазан айынан  бастап, Қазақстан Республикасының  №395 шотын ашпай-ақ қолма-қол ақшасыз тәртібінде: мұндай төлемдермен ақша аударымдары банктік шотты қолданбайтын бенефициар немесе ақша жіберушілерге қатысты екендігі көрсетілген.

Қолма-қол ақшасыз  төлем және ақша аударымдарды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және олардың  бөлімшелері арқылы банктік шот ашу, салық төлемдерінен басқа да бюджеттегі міндеттемелеріне және зейнетақы қорынан шығарылады.

Қолма – қолсыз есеп айырысу  – клиенттердің  банкте ашқан  шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір  шотқа аударылатын төлемдер жиынтығы. Мұндағы, қолма – қолсыз есеп айырысу  негізіндегі ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары.

Есеп айырысу шотының  операциялары бойынша банк клиентіне шоттан жазбасын ұсынады. (қосымша 3)

Оның келесі реквизиттері:

  • клиенттің аты-жөні;
  • соңғы операция күні;
  • корреспонденттік шот номері;
  • құжат номері;
  • сомасы.

Клиенттерге жазбалар сенімхат негізінде беріледі. (қосымша 4)

Банктен шот ашпай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдермен ақша аударулар квитанциялар негізінде жүргізіледі. Сондықтан, құжаттар төлем құжаттары деп есептеледі.

Есеп айырысу құжатын  толтыру тәртібі:

  • есеп айырысу құжатының аты;
  • құжаттың номері;
  • төлем төлейтін банктің аты;
  • төлеушінің аты-жөні, банктегі шот номері;
  • алушының аты-жөні, шот номері;
  • төлем міндеті;
  • төлем мөлшері;
  • екі тұлғаның қолы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қолма –  қолсыз есеп айырысу айналымы

 

Қолма - қолсыз есеп айырысу  айналымы (төлем айналымы) – ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін (90-ға дейін жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілермен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде, не олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Қолма - қолсыз есеп айырысу  төлем айналымы: тауарлы операциялар  бойынша және қаржа міндеттемелері бойынша болып екіге бөлінеді.

  Тауарлы операцияларға: тауарлар мен қызметтер үшін қолма – қолсыз есеп айырысулар жатады.

Қаржы міндеттемелеріне: бюджетке төленетін төлемдер (пайда  салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы және басқа да міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік  борышты өтеу, несие үшін өсімді өтеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.

Айналыстағы ақша алма-кезек, біресе айналыс құралы, біресе төлем  құралы қызметтерін орындайды. Тауар  сатудан түскен ақша қарыз өтеуден түскен ақша, тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Қолма – қол ақша және қол – қолма ақшасыз айналымдары өзара тығыз байланысты және бір-біріне тәуелді. Өйткені, ақша үнемі бір айналыс аясынан екіншісіне өтіп, бірақ айналыс аясынан кетпей оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал, банктегі шотқа қаржының аударылуы – қолма – қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан, қолма - қолсыз есеп айырысу төлем айналымы қол –қол ақша айналысынан ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп, мемлекеттің бірыңғай ақша айналымын құрайды.

 

Қолма – қолсыз есеп айырысу айналымы елдің  қаржы, ақша айналымының ең маңызды бөлігін құрайды. Қолма – қолсыз есеп айырысу жиі қолданылса, қолма-қол ақшаға деген талап төмендейді, яғни ақша айналым сферасында және ауыл шаруашылығында ұсталымдар төмендейді.

Қолма – қолсыз есеп айырысу  ауыл шаруашылық субъектілері арасында шаруашылық шеңбер айналым қорларының соңғы этапы орындалады. Банктік шотқа ақшаның түсуі өндірілген өнім шығарылған, қоғамдық шешімін алған, оның шығарылу шығыстары қайтарылған, ол кірістерін кәсіпорынның банктегі шотын қолданады, өнім өндіру процесстерін жалғастыруды куәландырып, түсіндіріледі. Мұндай есеп айырысу банктегі ақша ресурстарының концентрацияларына қолданылады. Кәсіпорындармен мекемелердің уақытша бос ақша қорлары банкте сақталатын несиелендірудің бірі болып табылады және несиелік қатынастардың дамуына мүмкіндік береді. Мекемелер арқылы қолма – қолсыз есеп айырысу жүйесі шаруашылық органдармен өз уақытына және есеп айырысудың жылдам орындалуына байланысты, олардың қаржылық жағдайы және де елдегі төлем жағдайлар тәртібі орындалады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты қолма – қолсыз есеп айырысу мекемелердің басты қағидаларын шығаруға болады:

1-қағидасы – шоттар бойынша қолма – қолсыз есеп айырысудың орындалуы, қорларды сақтау және аудару үшін клиенттердің банктік шоттары ашылады. Банк арқылы жүргізілген шоттары клиенттердің экономикалық қабілеттеріне сәйкес келу керек және олардың жауапкершілігі.

2-қағидасы – кәсіпорын лауазымының  мінездемесі артынан есеп айырысу  түрлерін таңдауға құқының қалуы  және шаруашылық келісім шарт  бекітілуі.

3-қағидасы – кәсіпорын шоттарына қорларды аудару, төлеушінің тапсырысы бойынша шоғырланады. Мұнда, кәсіпорын сатып алушыға жабдықтаушымен келісімнің негізгі шарттарының орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Егер, сол шоттарды бұзған жағдайда, төлем акцептінен толық немесе жартылай бермеуі мүмкін.

4-қағидасы – клиенттің шотынан  ақша қорларын көшірілу кезектілігі.

Ақша айналымын реттеудегі маңызды  элемент – қолма-қол ақшаны пайдалану  аясын тарылту болып табылады. Қазіргі уақытта бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасында өзара есепке қолма – қол ақшаны тек төменгі жалақының төрі еселенген мөлшер көлемінде пайдаланумен, банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде  ақша айналымын басқаратын экономикалық әдістерді енгізу процессі кең таралған. Қолма – қолсыз есеп айырысуды жетілдірудің, қаржылық айналымдығын жеделдетуге, айналыстағы қолма – қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкіндегі  бірыңғай корреспонденттік шот  арқылы қолма – қолсыз есеп  айырысудың есеп тәртібі.

   

Қазақстанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі арқылы бірыңғай корреспонденттік шот бойынша банктер арқылы банкаралық төлемдер жүргізеді. Банкаралық төлемдер әрбір банкке бірыңғай корреспонденттік шот ашылады. Оның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің облыстық басқармасының бөлімшесінде  корреспонденттік шот ашылады. Бірыңғай корреспонденттік шотының жұмысы, корреспонденттік қатынас туралы келісімде белгіленеді. Барлық Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін банктер Ұлттық банкте шот ашуға міндетті.

Орындалған  бірыңғай корреспонденттік шот арқылы қолма – қолсыз есеп айырысу операциялары негізінде құрастырылған праводкалары:

 

Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Төлемдік тапсырыс 1дана негізінде

2203

1051

10 000

2

Жабдықтаушылардан түскен ақша

1051

2203

180 000

3

Жабдықтаушыға құжаттардың бірі

2203

2203

70 000

Информация о работе Қолма-қолсыз есеп айырысу