Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 15:34, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде келькуляциялаудың (немесе калькуляциялық процестің) негізі Шаруашылық Серіктестігінде немесе жауапкершілік орталықтарында қабылданған жоспарлардың орындалуын бақылауда жатыр. Ол өзіндік құн бойынша жоспарлы тапсырмалардан ауытқулардың себептерін талдау үшін қажет. Нақты калькуляциялаудың мәліметтері негізінен өзіндік құнді келесі кезектегі жоспарлау үшін: жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу, қазіргі кездегі технологиялық процестерді талдау, өнімнің сапасын арттырудың шараларын жүргізу, кәсіпорынның реконструкциясын және құрылыс жобасын тексеруде қолданылады. Калькуляциялау нәтижесі бойынша жөндеу жұмыстарын дербес жүргізу немесе басқа да ұйымдардың қызметтерін пайдалану тұрады деп шешім қабылдауға болады.

Содержание

Кіріспе
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.
1.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі.
1.2. Калькуляциялаудың принциптері және оның объектісі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. 12.doc

— 100.50 Кб (Скачать документ)

Өзіндік құнның тапсырысты калькуляциясы – өнімді арнайы тапсырыс бойынша орындау немесе уникальды (өте сирек) өнімді даярлау кезінде қолданылатын және өнімнің бірлігінің орташа емес, тек қана дербес (индивидуальды) өнім бірлігінің өзіндік құны туралы ақпаратты беретін әдіс. Шығындардың бұл тәсілінде өндірістік материалдар (1), өндірістегі жұмысшылардың еңбекақылары (2), жалпыөндірістік (жанама) шығыстар (3) әрбір индивидуалды тапсырысқа (П) немесе өнімнің партиясына (І) жатқызылады. / (1+2+3) – П (І) /. Бұйымның өзіндік құнын анықтау кезінде  әрбір тапсырысқа жұмсалған жалпыөндірістік шығыстарын осы тапсырыс бойынша дайындалған өнім бірлігінің санына бөледі.

   Осы тәсілдің  кейбір ерекшеліктері:

  • Барлық шығарылған шығындар туралы мәліметтерді шоғырландырып және оларды жеке жұмыс түрлері мен дайын өнім партияларына жатқызу;
  • Уақыт аралығындағы емес, аяқталған әрбір партия бойынша шығындарды шоғырландыру;
  • Тек бір ғана шоттарды жүргізу «аяқталмаған өндіріс» (батыс есебінде барлық өндірістік шығындарды жинақтау «аяқталмаған өндіріс» шотында көрсетіледі.) Осы шот өндірістегі әрбір тапсырыс бойынша  шығындар есебінің жекелеген карточкаларын енгізуді ұғындырады.

Тапсырыс бойынша шығындар калькуляциясы (немесе шығындардың  тапсырысты калькуляциясы) өте жай  процедура болып табылады, өйткені  ол нақты физикалық өндірістік процеспен салыстыруға болады. Бірақ, тапсырыстар бойынша  шығындар калькуляциясы процестері бойынша шығындар калькуляциясына қарағанда мәліметтерді өңдеу, нәтижелерді салыстыру және бақылау бойынша жұмыстарының едәуір үлкен көлемін талап етеді.

Шығындардың тапсырысты  калькуляциясын мынадай әр түрлі өндірістік жүйелерде кең түрде қолдануға болады, мысалы:

  • Автокөліктерді жөндеу шеберханаларында;
  • Тапсырыс бойынша жиһаз өндіруде;
  • Кітаптар шығаратын басылымдық, өндірістік процестерде;
  • Химиялық өнімдерді өндіруде.

Бұл барлық келтірілген процестерді дискретті жұмыс деп санауға болады, өйткені олар уақыт диапазонымен реттелген, себебі басталуы мен аяқталуы белгіленіп қойылған. Осыдан әр түрлі өндірістік жүйелерде қолданылатын жоспарлы-есептік бірлігіне басты назар аударады, ал ол өнімді шығаруға кететін шығындарды топтастыру мен локализациялау арқылы анықталады.

  Тапсырыстар бойынша  шығындарды калькуляциялаудың басты  тетігі (құжаты) болып, белгілі бір  өндірісте немесе көмекші қызметтерде  орындалатын міндеттер немесе  әрбір жұмыс түрі үшін арналған карточкасы (немесе тапсырысты ашу, наряд-тапсырыс) саналады. Жұмыс карточкасына белгілі бір жұмыстарға жатқызылатын шығындардың барлық элементтері жазылады: запастан (қордан) алынған материалдар, пайдаланылған жұмыс күштері, басқа топтардың жұмыстары және көп жағдайда машиналар мен басқа да тұрақты құрал-жабдықтары пайдылынуға кеткен тұрақты шығындар. Жұмыс карточкалары  толтырылғаннан кейін олар жалпы жұмыстық кестеге жиналады, онда оның әрбір құн бойынша жасалған шығындардың әр түрлі элементтері ажыратылып беріледі.

  Сонымен кез-келген  өндірістік жүйеде белгілі бір физикалық нүкте жүйесі бар, олар арқылы ресурстар жүйеге келіп түседі.  Шығындарды  калькуляциялау кезінде бұл нүктелер «шығындар орталығы» деп аталады. Дегенмен де бұл қызмет (іс-әрекет)  әрқашан табыс әкелмесе де, ол міндетті түрде анықталуы және тіркелуі тиіс, демек шығындарды талап етеді.

  Кәсіпорынның қаржылық  қызметін жоспарлау міндетті  түрде шығындардың негізгі элементтерін  атап айтсақ: материалдарды, жұмыс  күшін, ғылыми және техникалық  білімін, бухгалтерлік қабілетін,  әр түрлі айнымалы мен тұрақты шығындарын енгізеді. Мұндай шығындардың жиынтығы жекелеген шығын элементтерін біріктіру нәтижесінде пайда болады  (материалдардың белгілі бір күндерінің шығындары, жұмыс күшінің  біліктілік деңгейі және т.б.) және олар ШС ішіндегі әр түрлі шығын орталықтарында жұмсалады.

   Шығындардың осы  типін суреттеуде үлкен бір  автокөлік жөндеу шеберханасының  қызметін қарастырамыз.

   Автокөлік шеберханаға  келіп түскенде оған бірнеше  данада қажетті құжаттар толтырылады.  Осы толтырылған құжаттардың  бір бөлігі жабдықтаушының счет-фактурасы болады, ал екінші бөлігі жұмыстардың

дың калькуляциялық карточкасы ретінде қолданылады. Автокөлік  автоматтандырылған жұмыс орнына келіп  түссе, механик қажетті диагностикалық тексерулерді орындайды, сосын  жөндеуді немесе техникалық қызмет көрсетуді бастайды. Осы жұмыстарды орындау барысында механик қажетті қосалқы бөлшектерді, майлау материалдарын және т.б. заттарды алады. Әрбір алынған запастарға екі жазу қарастырылады.

  • Қорлар (запастар ) карточкасына кредиттік жазулар жазылады, онда осы субьектінің қорлар есебінің жүйесімен анықталып алынған қосалқы материалдар мен басқа да нақты деректер көрсетіледі.
  • Жұмыс карточкасына тиісті жазулар жазылады, онда осы жұмыс барысында қолданылған элементтер саны көрсетіледі (сөйтіп сәйкесінше дебеттік жазулар алынады).

Демек, инженердің осы  жұмысқа жіберген уақыты да екі жазу түрінде: біреуі — оның күнделікті жұмыс карточкасына, екіншісі —  белгілі бір жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс  карточкасында көрсетіледі.

  Шығындардың тапсырысты калькуляциялау процедурасы жұмыс карточкаларындағы жазуларға негізделеді. Қазіргі кездегі есептік жүйеде шығындар элементтерін де, жұмыс карточкаларын да кодтауға болады және шығындарды талдаудың компьютерлендірілген жүйесіне енгізуге болады — яғни тиісті автоматтандырылған жұмыс орындарында тікелей бекітілген компьбтер терминалы арқылы да іске асырылуы мүмкін.

 Бірақ, ақпаратты  енгізу әдісіне қарамастан, «интелектуалды»  карточка болуы тиіс және ол  тиісті операторлардың қолдануына  арналады (мысалы: механиктің). Мұндай арнайы дайындалған картойка өндірістік процесті жақсарту үшін, жұмыс ағындарын максималды бақылау үшін қажет. Сонымен идеалды жұмыс карточкасы бақылауды қажет ететін жұмыс тізімдерін және шығындардың жіктелуін көрсетеді.

  Демек, бұл әдістің мәні мынада: өндірістің жекелеген жұмыстары «сыртқы ынталандыруға» тәуелді болып келеді, яғни тапсырыстың түсуімен анықталады, содан соң  жоғарыда баяндалған іс-әрекеттердің жүйелілігі басталады. Барлық тікелей шығындар (негізгі материалдар шығындары және негізгі өндірістік қызметкерлердің еңбекақылары) жекелеген өндірістің тапсырыстарын жекелеген калькуляциялық баптары бойынша белгіленген кескінде есепке алады. Қалған шығындар олардың  пайда болу орындары бойынша ескеріледі және белгіленген бөлу (тарату) базасына (ставкасына) сәйкес жекелеген тапсырыстардың өзіндік құнына енгізіледі.

  Осы әдіс кезінде  жекелеген өндірістің тапсырысы  шығындар есебі мен калькуляциялау  обьектісі болып табылады, оның  нақты өзіндік құны тапсырыстың  аяқталу деңгейімен анықталады.

  Тапсырыс әдісі  бойынша материалдарға, еңбекақы  және үстеме шығындарға байланысты  нақты шығындардың бірқатар операциялары  жүргізіледі. Осыф жазулардың  бухгалтерлік регистрлерде жазылуы  мен мәнін ШС — кәсіпорында  қарастырып көрейік. 

Негізгі материалдарды да, көмекші материалдарды да есептеу үшін, ШС-нің активті «Материалдар» шоты пайдаланылады. Бұл шоттың дебеті бойынша материалдардың қоймаға келіп түсуі мен сатып алынғандары, ал кредит бойынша- өндіріске босатылған материалдардың шығысы көрсетіледі.

  ШС   45600 ақша  бірлігіне (а.б.) тең қаржыға негізгі  материалдар, 4100 ақыға көмекші материалдар  алды делік.Өзіндік құн бойынша  қабылданған материалдар «Материалдар»  шотына кіріске алынады.

  «Материалдар»                                                             45600.

«Төленуі тиісті шот  немесе касса»                               45600.

«Көмекші материалдар»                                                4100.

«Төленуі тиісті шот  немесе касса»                               4100.

       Қоймадан материалдарды босату жөнінде келіп түскен талап бойынша 94000 а.б-не негізгі материалдар және 4800 а.б-не көмекші  материалдар

босатылады. Босатылған негізгі материалдар құнын «негізгі өндіріс» немесе «аяқталмаған өндіріс»  шотына жатқызып және осы заматта тапсырыс карточкаларына 16 Ғ - 51900 а.б. және 23 Н - 42100 а.б. жазылады. Көмекші материалдар құнын «үстеме шығыстар» шотына жатқызады.

«Негізгі өндіріс» немесе «Аяқталмаған өндіріс»       94000.

«Үстеме шығыстар»                                                      48000.

«Материалдар»                                                              98800.

   Өндірістің жұмысшыларына  және басқару әкімшілік персоналдарына  есептелген еңбекақы үш жазумен  (проводкасымен)  көрсетіледі.  Ең  алдымен ШС еңбекақысы және оған салынатын салықтардың жалпы мөлшерін, яғни берешегі мен борышын жазады.

   «Еңбекақы»                                                                 120000.

«Салық бойынша берешегі»                                         6360.

«Табыс салығы  бойынша берешегі»                          16000.

«Еңбекақы бойынша берешегі» 120000 – (6360 + 16000)  97640.

 

Тиісті еңбекақы чек  бойынша төленсе:

«Еңбекақы» бойынша  берешегі                                      97640.

«Касса»                                                                             97640.

      Бұл  аталған шығындардың да есебі   «Материалдар»  шығындары сияқты                                                           

«Негізгі өндіріс» немесе «Аяқталмаған өндіріс»  шоттарына  жатқызылады. Цехтардың  және басқа да  бөлімшелердің басқару персоналының еңбекақылары сияқты шығындардың (жанама шығындар) жалпы сомасы   «Үстеме шығыстар» шотына жатқызылады.                                                        «Негізгі өндіріс» немесе «Аяқталмаған өндіріс»                       82000.

«Жалпы өндірістік шығыстар»                                                    38000.

«Еңбекақы  қоры»                                                                           120000.

   Осы сәтте еңбекақы  шығындарын  тапсырыс карточкаларына ІБР – 66000 а.б. және 23 Н – 16000 а.б. тіркейді. Қарастырылып отырған ШС-нің есептік кезеңіндегі үстеме шығыстары мынадай болды делік: электр энергиясына төленген ақы – 9100 а.б, құрал-жабдықтарды ұстау мен жөндеуге- 8400 а.б, сақтандыру-7300а.б, мүлікке салынатын салық – 1600 а.б.

  Барлық төленген  шығындар:

«Үстеме шығыстар»                                               26400.

«Төленуі тиісті шот  немесе касса»                       26400.  

         Үстеме шығыстары нормативтік коэфициенттердің көмегімен есептен шығарылады. Үстеме шығыстарын негізгі өндіріске жатқызу үшін, өндірістің жұмысшыларының тікелей еңбекақысының 85 % алынады (шын мәнінде ол 84,39 % құрайды): (26400 + 3800 + 4800 ) / 82000

«Негізгі өндіріс» немесе «Аяқталмаған өндіріс»  69700 (69200).

«Үстеме шығыстар» (есептеп  шығарылып 

«Негізгі өндіріске  жатқызылғаны)                           69700 (69200).

 Есептеп шығарылған  үш бірдей тапсырыс карточкаларында: 16 Ғ – 56100 а.б. (0,85*66000 а.б.)  және 23 Н -13600 а.б. (0,85*16000 а.б.) көрсетіледі.

    Сөйтіп өндірілген  өнім дайын өнім ретінде қоймаға  түседі де, ол «Дайын өнім»  шотының дебетінде көрсетіледі.  Тапсырыс орындалғаннан кейін  тапсырыс карточкасы алынып тасталады,  оның мәліметтері  «Дайын өнім»  шотына көшіріледі.

      16 Тапсырыс   аяқталды, оның құны 194000:                   

   «Дайын өнім»                                                                    194000.

  «Негізгі өндіріс» немесе «Аяқталмаған өндіріс»        194000.

     Шаруашылық  жүргізуші субьект сатып алуға 16 Ғ тапсырыстағы 11 бұйымнан 10 бұйымды ғана тиеп жөнелтті. Оларды өндірудің өзіндік құны – 176364 а.б. болды, ал сатудан түскен түсім 260000 а.б. құрады.

  «Алынуы тиісті  шот немесе касса»                         260000.

  Сатулар немесе өткізулер                                           260000.

  Сатылған өнімнің өзіндік құны                                  176364.

  «Дайын өнім»                                                               176364.       

    Есеп беру  кезеңінің аяғында «Үстеме шығыстар» және «Есептен шығарылған үстеме шығыстар» шоттары бойынша түпкі нәтижесі (қалдығы) шығарылады. Бұл шоттар содан соң жабылады ( ҮШ – нормативті коэффициенттеріне сәйкес есептеу мәліметтері бойынша).

    Оның айырмасы 500 а.б. ( 69700-69200 ) құраған, ал бұл артық есептен шығарылған үстеме шығындары  «Өткізілген өнімнің өзіндік құны» шотының кредитіне жатқызылады, яғни өзіндік құн осы сомаға төмендетіледі деген сөз.

    Егер де  үстеме шығындар толық емес  ішінара есептен шығарылса,  («Есептен шығарылған үстеме шығындар» шотындағы қалдық «Үстеме шығынтар» шотындағы қалдықтан аз болған жағдайда) онда айырманы   «Өткізілген өнімнің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша жазу керек.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері