Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 15:34, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде келькуляциялаудың (немесе калькуляциялық процестің) негізі Шаруашылық Серіктестігінде немесе жауапкершілік орталықтарында қабылданған жоспарлардың орындалуын бақылауда жатыр. Ол өзіндік құн бойынша жоспарлы тапсырмалардан ауытқулардың себептерін талдау үшін қажет. Нақты калькуляциялаудың мәліметтері негізінен өзіндік құнді келесі кезектегі жоспарлау үшін: жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу, қазіргі кездегі технологиялық процестерді талдау, өнімнің сапасын арттырудың шараларын жүргізу, кәсіпорынның реконструкциясын және құрылыс жобасын тексеруде қолданылады. Калькуляциялау нәтижесі бойынша жөндеу жұмыстарын дербес жүргізу немесе басқа да ұйымдардың қызметтерін пайдалану тұрады деп шешім қабылдауға болады.

Содержание

Кіріспе
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері.
1.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі.
1.2. Калькуляциялаудың принциптері және оның объектісі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. 12.doc

— 100.50 Кб (Скачать документ)

 

МАЗМҰНЫ:

 

Кіріспе

Өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялау әдістері.

1.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың  өндірісті басқарудағы ролі.

1.2. Калькуляциялаудың принциптері және оның объектісі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау әдістері.

1.1.  Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті

        басқарудағы ролі.

       Калькуляцияның  мәнін сипаттауда біз оның  негізгі айналымын атап өтсек  – табыс алуға басшының бағдарламасын дайындау мен жетілдіру және де қолданыстағы калькуляциялау процесін барынша мақсатына бағыттау мен оны сынақтан өткізу болып табылады.

    Қазіргі кезде келькуляциялаудың (немесе калькуляциялық процестің) негізі Шаруашылық Серіктестігінде немесе жауапкершілік орталықтарында қабылданған жоспарлардың орындалуын бақылауда жатыр. Ол өзіндік құн бойынша жоспарлы тапсырмалардан ауытқулардың  себептерін талдау үшін қажет.  Нақты калькуляциялаудың мәліметтері негізінен өзіндік құнді келесі кезектегі жоспарлау үшін: жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу, қазіргі кездегі технологиялық процестерді талдау, өнімнің сапасын арттырудың шараларын жүргізу, кәсіпорынның реконструкциясын және құрылыс жобасын тексеруде қолданылады. Калькуляциялау нәтижесі бойынша жөндеу жұмыстарын дербес жүргізу немесе басқа да ұйымдардың қызметтерін пайдалану тұрады деп шешім қабылдауға болады.

Өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялау мен шығындар есебінің техникасы мен әдістемесінің  барлық айырмашылықтарына қарамастан, жалпы алғанда, олар экономикалық тұрғыдан «шығындар-өндіру-табыстар» қағидасын жүйелі түрде жүзеге асыруға негізделген. Бұл процес өзіндік құнды басқару мәселелерін шешуге, яғни өндірістің тиімділігін анықтауға, ресурстардың барлық түрлерінің қолданылуын бақылауға, оларды үнемдеу резервтерін іздестіруге бағытталған.

ШС  өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау процесі негізінен  келесі кезеңдерден тұрады:

  • калькуляциялау мен шығындар есебінің объектілері бойынша калькуляциялық баптар шеңберінде бастапқы шығындарды жинау, топтастыру және талдап тексеру.
  • Ақаудың түпкілікті өзіндік құнын анықтау;
  • Жанама өнім мен өндіріс қалдықтарын бағалау;
  • Аяқталмаған өндірісті бағалау;
  • Дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс шығындарының арасын айыру;
  • өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу.

Шаруашылық субъектілерінде  калькуляциялау процесі өнімді сату мен өндіріс шығындарының есебін және жоспарлаудың жалпы әдістемесін  жасау үшін ұйымдастырылады. Ол өнімнің  өзіндік құнын есептеудің әдістемелі біртұтастығын қамтамасыз ететін  жалпы қағидаларды сақтауды және  калькуляциялаудың мәліметтерін талдау үшін бар мүмкіндіктерді пайдалануды, сондай-ақ кәсіпорынның да және оның жекелеген ішкі өндірістік буындарының да жұмыстарын да бағалауды талап етеді.

Ондай қағидалар болып  мыналар саналады:

    • ғылыми негізделген өндіріс шығындарының жіктемесі;
    • шығындар есебінің объектісін калькуляциялау және  калькуляциялық бірлестіктерін белгілеу;
    • Жанама шығындарды тарату әдістерін таңдау;
    • Кезеңдер бойынша шығындарды айыру;
    • өзіндік құнның  калькуляциялық бірлігін есептеудің әдістерін таңдау.

Бұл қағидалар жекелеген  кәсіпорындарда өндірістің ерекшелігі мен саланың спецификасын (өзгешелігін) ескере отырып айқындалады.

  ШС-де болатын калькуляциялау  процесінің негізгі міндеттері:

  • жекелеген өнім (жұмыс, қызмет) түрлерінің бірліктерінің нақты   өзіндік құнын анық есептеу;
  • шығындар нормативтері мен әрекет етуші нормаларды сақтау және өзіндік құнның деңгейіне бақылау жасау;
  • Өнімдердің рентабельділігін және оның деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау;
  • шығындарды   алынған нәтижемен салыстыру жолымен, кәсіпорынның да, жекелеген ішкі өндірістік құрылымның да (өндіріс, цех, бөлімше, бригадалар ) жұмыс тиімділігін бағалау;
  • өнімнің  өзіндік құнын төмендететін резервтерді анықтау және пайдалану.

Өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялау мен өндірістік шығындар есебінің әдістері деп өнімнің  калькуляциялық бірлігін есептеу үшін қолданылатын әдістер жүйесін айтады.

Шығындар есебі әдістерінің  жіктелуі:

  1. Өндірістік процеске қатысуы бойынша:
  • тапсырыстық;
  • процестік (бөліністік);
  • жай (бір-екі сатылы жай, көпсатылы жай);
  • баптары бойынша; кешенді.
  1. калькуляциялау объектілері бойынша:
  • өнім (бұйым, тауар, қызмет, жұмыс);
  • процесс;
  • бөлініс;
  • тапсырыс.
  1. Шығындарды бақылау жеделдігі бойынша:
  • нақты;
  • нормативті;
  • жоспары (болжамды).

Экономикалық әдебиеттерде, «Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың толық әдісі» термині туралы көптеген пікірлер бар. Сонымен бірге шын мәнінде, «калькуляциялаудың нақты әдісі» деген де ұғым жоқ, ол типтік әдіске жатпайды. Ал типтік әдіс үшеу- тапсырыстық, процестік, нормативтік. Толық сөзі тек шығындарды сіңіруді (тарату) білдіреді, бірақ ол да калькуляциялау әдісі емес. Калькуляциялаудың кез-келген  әдісі не нақты, не жоспарлы, немесе екеуі де бір мезгілде болып келеді,бірақ осы «будандастырылған» әдіс басшының ұсынысымен ғана жасалынады. Сондықтан, «толық» деген сөз бар болғаны қағида ғана, яғни ол өзіндік құнның толық есебі, шығындарды ұтымды басқару үшін және ақпараттық деңгейін көтеру үшін жасалынатын қызмет. 

Сөйтіп келгенде, калькуляциялау трансферттік  бағаны жасаудың негізі болып табылады. Трансферттік бағаны қалыптастыру мәселесінің айрықша өзекті екені баршаға белгілі, ол тек ШС бөлімшесінің өз бетімен сыртқы ортаға шығу құқығы бар болса ғана іске асады. Бұл жағдайда дұрыс трансферттік бағаны қалыптастыру ұйымның жалпы қаржылық жағдайына тәуелді болып келеді. Егер де өнім ШС ішінде толығымен өз қажетіне жұмсалса, онда трансферттік баға ШС ішкі бөлімшелерінің арасындағы шаруашылық байланыстарын қамтамасыз ету үшін қажетті есептік баға категориясы болып табылады, демек бұл кезде ол ұйымның түпкі нәтижелеріне әсер етпейді.

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің)өзіндік  құнын калкуляциялауды шартты түрде  үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші  кезеңде жалпы шығарылған барлық өнімнің өзіндік құны есептелінеді, екіншісінде - әрбір өнім бойынша нақты өзіндік құны (немесе «шығындарды тарату») , үшіншіде - өнім (орындалған жұмыс не көрсетілген қызметтің)  бірлігінің өзіндік құны. Осыдан «өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау,- деді Ф.П.Васин – ол жалпы шаруашылық субьектісі бойынша да , өнымның түрлері мен оның бірліктері бойынша да өндіріспен және оны сатуға байланысты шығындарды есептеп шығару» деп түсінджіреді.

Шын мәнінде калькуляциялау процесі күрделі болып табылады шығындардың есеп процесімен алмасады. Осыдан келіп, шығындар есебі мен өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің бөлінбейтіндігін  және ажыратылмайтындығын айтуға болады. Бірінші кезекте негізгі өндірістің шығындары таратылады, содан соң көмекші өндірістің өнімдері калькуляцияланады. Бұл кезеңде калькуляциялау қиындай түседі, өйткені өзара көрсеткен қызметтерді ескере отырып есептеу қажет.

Шығындар есебі мен  өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау негізгі өндірісте де алмасуы  мүмкін. Мысалы қайта өңдеу (попередельный) әдісі жағдайында алдымен бірінші  бөліністе (өңделеді) жартылай фабрикаттардың өзіндік құны калькуляцияланады, сосын бұл екінші бөліністің шығындарына жатқызылып, біріншісінің есебі шығарылады және осыдан кейін екінші бөліністе жартылай фабрикаттардың өзіндік құны калькуляциялануы мүмкін.

  Сайып келгенде, калькуляция шығындарды топтастыру мен құжаттаудан басталады, бұл кезде өндірістік есептің мәліметтері қолданылады, сосын алынған өнімнің саны (көлемі, мөлшері), содан соң ғана өнімді нақтылы өзіндік құны бойынша бағалау аяқталады. Яғни калькуляциялаудың өндірістік шығындар есебімен тығыз байлансыта болатыны алдын-ала анықталып қойылған шаралары бойынша жүргізіледі.

Сөйтіп, калькуляциялаудың  түпкі нәтижесі калькуляцияны жасау  болып табылады. Калькуляциялау мақсаттарына байланысты халықаралық тәжірибеде : сметалық, нақты (қорытынды) және жоспарлы калькуляция болып бөлінеді.

Сметалық калькуляция  тапсырысты алғанға дейін және өндірісті  бастамай тұрып жасалады. Бұл шығындарды бағалау көрсеткіштерімен  немесе жоспарлаудың негізінде жасалынады. Алдын-ала калькуляциялау әрқашанда клиенттердің сұранысы  бойынша немесе жекелеген тапсырмалар бойынша жасалады. Бірлік және жалпы тапсырыстар (позаказной) әдәсәмен жұмыс істейтін өндірістерде сметалық калькуляциясы ұсыныс бағаларын анықтау үшін, сондай-ақ тапсырысты қабылдау немесе бас тарту  туралы шешімдер үшін қажет. Келісім-шарттар бойынша тиісті дайындықтар жасау үшін, яғни жиыфнтық шығындарсыз – ақ  өзіндік құнның сметалық шегін анықтауғы және оның негізінде бағаның төменгі шегін есептеуге болады.

  Қорытында калькуляциясы негізінен өндіріс процесі аяқталған соң жасалады және онда өнім (тапсырыс) бірлігіне келетін барлық нақты шығындар көрсетіледі. Бірлі – жарым жеке тапсырысты әдісімен жұмыс істейтін өндірістерде  қорытынды калькуляциясы сметалық пен орындаудан алынатын табысты анықтау үшін қажет. Одан басқа қорытынды калькуляциясының ақпараттары – болашықта ұқсас тапсырыстар бойынша  сметаларды жасау үшін нысана ретінде пайдаланылады.

Жоспарлы калькуляция  аясында белгілі-бір жоспарлы кезеңде  өнім бірлігінің шығындарын есептеуге  нақты (тура) келетіндер алдын-ала есептелінеді. Қажетті ақпараттар ШС –дегі жоспарлы шығындар жүйесінің есебінен алынады. Калькуляциялауға жататын  барлық шығындардың мәліметтері: өнімнің спецификациясы, қажет материалдар саны (көлемі, мөлшері) , технологиялық процестердің  графигі және т.б. жоспарлы кезең басталғанша белгілі болуы қажет. Сондықтан жоспарлы калькуляцияны жасау стандартты, сериялық өндірісте іске асырылады.  Бірлі –жарым тапсырыс бойынша жұмыс істейтін өндірісте мұндай калькуляциялар қолданылмайды, өйткені қажетті мәліметтер белгілі-бір жоспарлы кезеңге емес, жекелеген тапсырыстың әрқайсысына беріледі. Осыдан келіп, сметалық калькуляцияның жоспарлыдан айырмашылығы көрінеді.

  Жекелеген тапсырыстың  сметалық калькуляциясы белгілі-бір кезге жасалады, ал жоспарлы калькуляцияда белгілі-бір кезеңде стандартты өнім бірлігіне сәйкес келетін шығындарды есептейді. Жоспарлы калькуляция мәліметтері бойынша мезгіл ішінде нақты және жоспарлы көрсеткіштер арасындағы айырмашылықты  өнім бірлігіне тарату жолымен шығындардың қорытынды калькуляциясы әрбір өнім түрлеріне жасалынады.

  Сөйтіп, өзіндік құнды  калькуляциялау өндіріс шығындарын  шоғырландыру мен оларды дайын  өнімге жатқызуды көрсетеді.

 

 1.2. Калькуляциялаудың принциптері және оның обьектісі.

  «Триумф - Ач» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі қолданымдағы  Қазақстан Республикасы Азаматтық  Кодексіне (жалпы бөлім) және 22 сәуір 1998 жылғы «Жауапкершілігі  шектеулі және қосымша жауапкершілігі  бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде коммерциялық қызметтен табыс алу үшін ұйымдастырылады.

  «Триумф-Ач» жұмысшыларының  саны елуден аспайтын және  бір жалпы активтерінің құны 60 мың рет есептелген көрсеткіштен  аспайтын шағын кәсіпкерлік субьектісі  болып табылады.

       Серіктестіктің  құрылтайшылары:

  1. ҚР азаматы – Ахметова Нафиса Алтынбековна жеке куәлік № 011554433, ҚР ІШ-де 09.10.2000 ж. Берілген. Тұратын жері: Қазақстан Республикасы, Жамбыл ауданы, Тараз қаласы, Ташкентская көшесі 324.
  2. Ресей Федерациясының азаматы – Чжен Владимир Васильевич паспорт ҮІІ-4-С №702986. Андижан облысы, Бозск акиматының ішкі істер бөлімінен 1993 ж. 16.07. берілген. Тұратын жері: Ресей Федерациясы, Владимирская облысы, Локомотивная көшесі, 1-а үй.

Серіктестіктің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 273 үй, 52 пәтер. «Триумф-Ач» өзінің аты жазылған дөңгелек мөрі мен бұрыштама белгісі бар.

«Триумф-Ач» мақсаты: Қазақстан Республикасы нарығын  тауарлармен және қызмет көрсетумен толықтыру және пайда табу.

Серіктестік қызметінің негізгі түрі:

  • Көтерме және бөлшек сауда.
  • Делдалдық сауда қызмет.
  • Жалпы коммерциялық қызмет.
  • Халық тұтынатын тауарларды өндіру, сатып алу, сақтау және сату.
  • Коммерциялық сауда нүктелерін ашу, сондай-ақ делдалдық сауданы ұйымдастыру.
  • Заңдарға сәйкес келетін сыртқы экономикалық қызмет.
  • Халық тұтынатын тауарлар және тамақ өнімдерін өндіру және сату.
  • ҚР заңдарында тиым салынған қызметпен: ойын және шоу бизнеспен айналысуға құқығы жоқ.

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері