Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 14:06, дипломная работа
Жоғарыда келтірілген шарттар бір-бірімен тығыз байланысты және оны іске асыру заңдық және нормативтік шараларды қолдануды талап етеді, теориялық және әдістемлік жұмыстарды қоса алғанда.
Еңбекақының жұмыс күшінің бағасы ретіндегі жанама түсінігі оның объективті және дәлелденген өзгешелігін анықтауға жаңа нұсқау жасуды талап етеді.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен қағидалары.............6
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың нысандары мен жүйелері..................11
Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу.......22
2 «АРЫСТАН» ЖШС-ДЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау.................29
2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы.......................36
2.3 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау...............44
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі............................56
3.2 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.....................................................................................................................65
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ...................................................................77
*ҚР-ның статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде
Жоғарыдағы мәліметтерге қарап Қазақстан Республикасында ең төменгі орташа еңбек ақы орман және балық шаруашылығы саласында. Бірақ бұған қарамастан жылдан жылға еңбек ақы көлемі өсіп келе жатыр. Мысалы, 2003 жылы мемлекеттік басқару саласында еңбек ақы 18045 тенге болса, 2005 жылы бұл 32 323 теңгеге жетті. Яғни бұл өте жақсы.
2005 жылы бір жұмысшыға шаққанда орташа айлық еңбек ақы 35 367 тенгеге тең болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,4 %-ға жоғарылады, яғни нақты көріністе – 15,3%-ға жоғарылады. 3 – сурет - Экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа номиналды жалақы
Жалданбалы жұмысшылардың еңбек ақысының жоғарылауы экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша анықталады.Ауыл шаруашылық жұмысшылаындың еңбек ақысы 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 47,9 %-ға артты, өнеркәсіп жұмысшылардның-39,8 %-ға, қаржылық қызмет жұмысшыларының – 23,4%-ға, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет жұмысшыларының – 39,5%-ға артты [19].
2005 жылы жалақының жоғарғы
Көрсеткіштер |
2003 ж. |
2004ж. |
2005ж. |
2004ж % 2003 ж-ға |
2005ж % 2004 ж-ға |
Қазақстан |
17303 |
20323 |
23128 |
117,4 |
113,8 |
Ақмола облысы |
10170 |
12332 |
14954 |
121,2 |
121,2 |
Ақтөбе облысы |
18125 |
21078 |
23848 |
116,2 |
113,1 |
Алматы аблысы |
11683 |
14278 |
15933 |
122,2 |
111,5 |
Атырау облысы |
35484 |
41570 |
48338 |
117,1 |
116,2 |
Шығыс Қазақстан облысы |
16832 |
18816 |
20099 |
111,7 |
106,8 |
Жамбыл облысы |
10750 |
13437 |
19779 |
124,9 |
147,1 |
Батыс Қазақстан облысы |
20124 |
27122 |
29876 |
134,7 |
110,1 |
Қарағанды облысы |
16222 |
18032 |
19962 |
111,1 |
110,7 |
Қызыл-Орда облысы |
12727 |
14176 |
19928 |
111,3 |
140,5 |
Қостанай облысы |
14160 |
17046 |
16803 |
120,3 |
98,5 |
Маңғыстау облысы |
36325 |
38847 |
44369 |
106,9 |
114,2 |
Павлодар облысы |
17631 |
19695 |
21801 |
111,7 |
110,6 |
Солт. қазақстан облысы |
11823 |
13780 |
15245 |
116,5 |
110,6 |
Оңт. Қазақстан облысы |
11542 |
13635 |
15309 |
118,1 |
112,2 |
Астана қаласы |
22717 |
27658 |
33002 |
121,7 |
119,3 |
Алматы қаласы |
23386 |
28396 |
32622 |
121,4 |
114,8 |
«ҚР-дағы еңбек және халықтың жұмыс бастылығы» ҚР-ның статистикасы жөніндегі Агенттігі
2005 жылдағы еңбек ақының жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалған (44369). Еңбек ақы төлеу бойынша айтарлықтай бөлінетін Атырау облысы (48338 тенге) және Астана, Алматы қалалары (33002 теңге және 32622 теңге). Еңбек ақының төмен деңгейі аймақтарға Ақмола облысы (14954 теңге) және Алматы облысы (15933теңге) жатады. Бұл көрсеткіштерді біз жоғарғы кестеден байқадық.
Меншік формасына қарай жалақы көлемінің айтарлықтай өзгешіліктері Қазақстанда қандай да бір жалақы рыногінің және бірегей еңбекті бағалау жүйесінің жоқтығын дәлелдейді. Осының салдары жұмысшылардың шетелдік компанияларға кетуімен және мемлекеттің халықтық табысына бақылаудың жоқтығымен аяқталады.
Кәсіби-біліктілік топтарына қарай жалақы көлемін айыру тарифтік тор негізінде жүргізіледі. Осыған орай айта кету керек, ставка көлемі мен тарифтік жүйе жалақы жақын арадағы уақытқа дейін орталықтан белгіленіп келеді.
Тарифтік жүйені ұйымдастырудың тиімділігіне жақындау және кәсіби біліктік топтары арасындағы оның өзгешеліктері 1991 жылғы ҚР-ның “Минималды жалақы және еңбек ақы саласындағы минималды әлеуметтік кепілдер туралы” заңның қабылдануына байланысты іске асты. Осы заңнамалық акт негізінде ҚР-ның Министрлер Кабинеті 1992 жылы “Халық шаруашылығы жұмысшыларының барлық категорияларына арналған бірегей тарифтік тор негізіндегі еңбек ақы төлеудің жаңа шарттары туралы” қаулы қабылдады, осы қаулыда меншік формасына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарға 21 разрядты БТТ-ды енгізу көрсетілген. Және де тарифтің жоғары шегі орталықтан шектелмеген, ол тарифтік ставка деңгейлері мен қызметтік окладтар кәсіпорында белгіленетін болды. Бұл алдыңғы қолданылған тәртіптен еңбек ақы ұйымдастыруды тиімді жасаудың алғы шарттары болды. Бірақ та жоғарыда келтірілген заңнамалық акт 1999 жылы өз күшін жоғалтқан деп табылса да, экономиканың нақты секторындағы шаруашылық субъектілері БТТ-ды қолданып келеді.
Өндірістік сала мен өндірістік емес сферада қатынастарды белгілеудегі тарифтік тордың жетілмегендігін айту керек. Бір разрядқа жататын жұмысшылардың жалақыларының көлемі оның минималды деңгейіне емес, сонымен қатар материалдың өндірісте еңбек ақы көлемін сыйақылар есебінде көбейту мүмкіндігі бар екендігімен өзгешеленеді.
Бюджеттік сферада мұндай төлемдер аз таралған. Біркелкі емес жағдай жалақы қоры құрылымының динамикасында да байқалады. Белгілі болғандай, жалақы негізгі және қосымша бөліктерден тұрады. Негізгі жалақы оның күнделікті бөлігіне қатысты негізінен жұмысшылардың тарифтік ставкаларына байланысты төмен және қызметкерлердің қызметтік окладтарынан тұрады.
5 – сурет - Жалақы қорының құрылымы
Қосымша жалақының құрамалық элементтеріне қосымша төлемдер кіреді. 2003-2005 жылдар аралығындағы жалақы қорының динамикасына талдау жасағанда негізгі жалақының үлес салмағының төмендей үрдісін байқауға болады [20].
4 – кесте - 2003-2005 жылдар аралығындағы жалақы қорының құрылымының динамикасы
(пайызбен)
Жыл |
Жалақы қоры |
Негізгі жалақы |
Ынталанд. төлемдер |
Өтемдік төлемдер |
Жұмыс істемеген уақытқа төлем |
Төлемге есептелмеген басқа да ақшалай сома |
2003 |
100 |
64,9 |
15 |
8,1 |
7,5 |
4,5 |
2004 |
100 |
67,0 |
13,9 |
7,7 |
8,0 |
3,4 |
2005 |
100 |
67,1 |
14,1 |
7,5 |
7,8 |
3,5 |
«Жалақы қоры құрылымы туралы» негізінде есептеледі, 2003-2005 жылдар ҚР-ның статистикасы жөніндегі Агенттігі.
Көрініп тұрғандай, іс жүзінде жұмыс күшіне шығынның жартысын жалақының қосымша бөлігі құрайды. Жалақының қосымша бөлігінің басым көпшілігін сыйақылар, төлемдер құрайды, бұл еңбек ақының аймақтық реттеулерімен байланысты. Жоғарыдағы кестедегі мәліметтерді біз оны кеңірек 15-суреттен айқын көрдік.
2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы
«Арыстан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2004 жылы 19 сәуірде Әділет министрлігінде тіркелген. Кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру толық шаруашылық есеп принципінде қызмет етеді және заңды тұлға болып табылады. Оның жеке балансы, Қазақстан банктерінде жеке шоты өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны бар, ол банктерден қарыз алуға, сондай-ақ жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлғаларға рұқсат етілген басқа да операцияларды жүзегее асыра алады. Кәсіпорынның мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Промышленный көшесі 8 Б.
Кәсіпорын икемді қорап, яғни химиялық, фармацевтикалық және тағам өнімдеріне арнаулы орама материалдарын жаңа толық ротогравюралық және флексополимерлі мөрімен шығаратын кәсіпорын [21].
«Арыстан» ЖШС-гі бұл белсенді дамушы құрылым. Оның негізгі міндеттері өндіріс ұлғайту, өнімді өткізу және нарықта кеңею. Кәсіпорының негізгі мақсаты табыс табу. Сол үшін кәсіпорын жаңа соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл келесідей өнім өндіруге мүмкіндік береді:
-Полиэтиленмен ламинатталған қағаз;
-Вакуумдық пакеттер;
-Сүт өнімдеріне арналған полиэтилендік пленка;
-«Маечка» тәріздес пакеттер;
-Мөр басылған полипропиленді пленка;
-Қағаз пакеттер;
-10-200 микронды полиэтиленді пленкалар;
-фармацевтика өнімдеріне арналған ламинатталған қағаз шығару;
Кәсіпорын шығаратын тауарларының ассортименті әр түрлі. Бұл тапсырыс берушінің талғамына байланысты болады. Қазіргі уақытта кәсіпорын шығаратын өнімдер бұл: балыққа арналған вакуумдық пакеттер, балмұздақ, макарон, теңіз өнімдеріне, чипсіге, бұрышқа, ванилинге, шекілдеуікке арналған ламинатталған қағаздар мен пакеттер. Икемді қорап жасаудың технологиясы жоғары температураның қатысуын қажет етеді. Дайын өнім кейіннен өзінің сапасын сақтау үшін нормираторда тәулік бойы тұрады. Клиенттердің тапсырысы бойынша пакетке түрлі суреттер мен жазулар салынады. Сурет салу алдында өнім сапасы тексерілуі тиіс, себебі кейде сурет салу барысында пленка жыртылып қалуы мүмкін. Сонымен қатар кәсіпорын көзге анық түсетін түрлі-түсті этикеткаларды шығарады. Ал полиэтиленді пленка тек мөлдір түсті ғана емес, сонымен бірге түрлі-түсті бояудар қосу арқылы түсін өзгертеді.
Барлық өнімдерді өндіру үшін келесідей шикізаттар қолданылады: ВОРР-полипропилен, РЕТ-полиэтер, ПЭВД-жоғары қысымды полиэтилен, ПВХ-төмен қысымды полиэтилен, клей. Ал ең бастысы құрал-жабдықтар, яғни сурет салу үшін валдар қолданылады, әр өнім түрінің өзінің валы болады.
Кәсіпорынның негізгі өндірісі Талғар қаласында өтеді. Бірақ басында тапсырыс бас офиске түседі. Дизайнерлер суретін салып Қытайға үлгілерін жібереді. Содан кейін Қытайдан өнім өндіру үшін құрал-жабдық, яғни валдар жіберіледі. Талғарда өнім өндірілетін үш цех, дайын өнім сақталатын қоймалар, өнімнің сапасын жақсартатын нормиратор және басқарушылар отыратын офисі бар. Сонымен қатар шикізаттар сақталатын қойма бар.
Цехтарда құрал-саймандар орналасқан. Бірінші цехта полиэтиленді пакеттер шығаратын Экструдер, 6-түсті ротогравюрді мөр машинасы және экструзионды ламинатор орналасқан. Екінші цехта бобинорезка, пакет жасайтын машина, құрғақ ламинатор орналасқан. Ал үшінші цехта дайын өнімдерді қаптайды.
Ал, енді өндіріс технологиясына келсек, бірінші құрал-жабдық бұл - Экструдер. Яғни ол қалындығы түрлі микронды полиэтиленді пленканы үрлейтін машина. Бұл үшін Ресейден әкелінген күріш тәріздес шикізат полиэтилен өте үлкен температурада қыздырылады. Содан кейін цилиндр тәріздес пішінде жоғары көтеріліп төмен арнайы қысқыш арқылы тегістеліп пакет шығарылады. Алғашқы сәтте пакет екі қабатты болады. Бірақ тапсырыс берушінің талғамы бойынша екіге бөліп беруге болады және кейде арнайы логотип салып берілуі мүмкін. Дайын өнім кейін өз сапасын сақтау үшін бір тәулікке нормираторда жатады. Бұл өнімге сурет салу алдында сапасы тексерілуі тиіс, себебі кейде пленка сурет салу барысында жыртылып қалуы мүмкін Өнім тонналап сатылады.
Келесі өндірісте жиі қолданылатын машина бұл – 6-түсті ротогравюрлі мөр машинасы. Кәсіпорынның көптеген өнімдері осы машина арқылы жасалады. Себебі ол қолданыста оңай және әмбебаб, бір уақыт ішінде бірнеше жұмыс атқара алады. Бұл машинада чипсы, тұшпара, шекілдеуік, ванилин, балмұздақ және т.б. үшін орамалар өндіріледі. Бұның 6-түсті деп аталудың себебі онда 6 вал орнатылған, бұлардың әрқайсысы түрлі түске арналған. Өндірісте көбіне қара, көк, қызыл, сары, ақ түсті бояу және РЕТ12 микрон материалы қолданылады. Үрдіс басында қара түспен сөздер жазылады оның үстінен көк, қызыл бояулар жатқызылады. Бұның нәтижесінде жасыл түс пайда болады, соңынан дайын суретті ақ түсті бояумен тегістейді. Керек кезде өнім сапасы және беріктігі жоғары болу үшін оны ламинаттайды. Тәжірибе барысында бұл машинада «Сыр чечел», «ФудМастер – Айскрим», «INGUZ - cемечки », «Жанель-клад хомячка», «Круст-чипсы», «MAXI-чай», «Ванилин», «Бұрыш», «Бумер» Йогуртқа арналған этикетка, «Хрустики-сухарики», «Корона- макарон», «Тан-сусыны» өнімдері үшін орамалар өндірілді .Кейіннен бұл өнімдер құрғақ ламинаторда қатаяды.Бұл үшін этил+қатайтқыш+этил ацетат қолданылады. Кейіннен дайын өнімді бобинорезкада бөлек-бөлек кеседі.
Пакетировкада Фудмастерге арналған Дой-пактар 80-100о температурасында 50 мин. жылдамдығында өндіріледі. Машинадан пакеттер 100 данамен шығады. Сонымен бірге мұнда вакуумды пакеттер шығарады.
Кәсіпорында қағазды да ламинаттайды, бұл қара және қызыл бұрыш орамалары үшін. Бұны өндіру үшін сызықты полиэтилен қолданылады, оны ыстық сұйық түрінде сорып қағазға түсіреді.
Қағаз пакетировкада гриль, фармацевтикалық өнімдер үшін қағаз пакеттер өндіріледі, сонымен бірге мұнда ФРИ кортобына арналған орамалар өндіріледі.
«АРЫСТАН» ЖШС-гі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі және Индустрия мен Сауда Министрлігінің қолдауымен құрылған азық-түлік және қайта өңдеуші өнеркәсібінің тауар өндірушілер бірлестігі құрамына кіреді. Кәсіпорын 2006 жылы 2-ші Қазақстандық халықаралық «Жабдық, Қорап, Орама» көрмесіне қатысты [22].
Информация о работе Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру