Негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 13:03, курсовая работа

Краткое описание

Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа.doc

— 134.00 Кб (Скачать документ)
  1. құнды бірқалыпты (тура жолды) есептеп шығару әдісі.
  2. құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)
  3. жылдамдатып есептен шығару әдістері

           а) қалдық құнның кему (қалдық азайту) әдісі

         б) сандардың жиынтығы бойынша құнын  есептен шығару (коммулятивтік әдіс) әдісі.

     Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдарың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. НЕГІЗГІ  ҚҰРАЛДАРДЫҢ ҚҰНЫН АНЫҚТАУ

2. 1 Негізгі құралдардың құнын анықтау әдістері

Жалпы негізгі құралдардың құнын анықтаудың негізінен үш әдісі бар:

-  Негізгі  құралдардың бастапқы құнын анықтау  әдісі; 

-  Қалдық  құнын анықтау әдісі ;

- Қайта  қалпына келтіру әдісі; 

   Негізгі құралдың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:

   Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы – актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілген сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың  шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;

   Бастапқы  құн – белгілі кәсіпорын объектілерінің эксплуатацияға енгізілген кезіндегі  есептік құжаттарда тіркелген бағалар. Эксплуатацияға берілген мүлік объектісі бастапқы құн бойынша, не оларды модернизациялау мен реконструкциялаудан кейін немесе қорды ресми қайта бағалау белгіленген уақыттан есептейді.

       Бірақ та біз ұмытпауға тиіспіз әр бір  затты ұқыпты ұстамаса онда ол бұзылып қалады негізгі құралдарда сол сияқты бұзылуы мүмкін. Бұндай жағдайда біз оның бетін ала аламыз – жөндеу арқылы. Жөндеу есебі кәсіпорынға қажет. Негізгі құралдың естен шыққан жағдайында өндіріс процесі де тоқтауы мүмкін. Ал өндіріс процесінің тоқтауы біздің пайда табуымызға кедергісін жасайды. Ал жөндеу арқылы біз өндіріс процесінде көп жетіктіктерге жетеміз. 
 

   Негізгі құралдардың қалдық құнын есептеу  - бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны онығ жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.

       Қайта қалпына келтіру құны негізгі құралдардың іс-әрекетке келу уақытындағы бастапқы құнымен сәйкес келеді. Бұдан әрі бастапқы және қалпына келтіру құндарының айырмашылықтары негізгі қордың және элементтердің өзгеруіне байланысты болады. Әдетте іс-әрекетке келумен негізі қорды қалпына келтіру құнының алшақтығы неғұрлым айқын болған сайын, олардың баға шамаларының айырмашылығы да соғұрлым көп болады.

            Тозуды алып тастағандағы бастапқы құн дәл сол кезеңде пайда болған тозудың сомасын алып тастағандағы толық бастапқы құнға сәйкес келеді, яғни негізгі қордың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең. Ол қалдық құны деп аталады, оны анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қордың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі.

    Негізгі құралдарды қайта бағалау №16 ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     Сонымен қорыта айтатын болсақ, субъектідегі негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы «Негізгі құралдар» стандартына  сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды.

     Активті амортизациялау, ол пайдалану үшін қол жететіндей болған кезде, яғни актив  орналасқан жер мен оның жай-күйі ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны  пайдалануды қамтамасыз ететін кезде  басталады. Активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: 5 IFRS сәйкес активті сату үшін арналған ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні және аталған активті тану тоқтатылған күн.

     Негізгі құралдар олар ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал - саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте - бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте - бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады.

           Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. Өзінің жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

           Айналым құралдары  бір ғана өндірістік процесте тұтынылады. өзінің құның жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіріледі. Негізгі құралдар ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсатқа жету үшін маңызды шарт болып табылады.

           Еңбек заттары адам еңбек процесіеде еңбек құралдарының көмегімен әсер ететін заттар. Олар бір рет қана қатысады, толығымен  тұтынылады және өзідернің құнын  өнім құнына көшіредіБосалқы бөлшектер  немесе сервистік қызмет көрсету әдетте босалқылар ретінде ескеріледі және пайдада немесе залалда оның пайдаланылуына қарай танылады. Алайда, ірі босалқы бөлшектер және резервтік жабдық, егер ұйым оларды бір кезеңнен астам мерзім ішінде пайдалануды ұйғарса, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ретінде сыныпталады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002ж – 656 бет.
  2. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаев, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаев. «Қаржылық есеп» оқу құралы – Алматы: Экономика, 2001. – 330 бет.
  3. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп» Оқу құралы – Алматы, Қазақ университеті, 2001ж -279 бет.
  4. «Аудит және бухгалтерлік есеп» Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті 2000ж – 167 бет
  5. К.Ш. Дүйсембаев., Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп»  Алматы: ИздатМаркет, 2005ж-312 бет,.
  6. Көкенов Ү.Ж., Көкенова Ф.Ү., «Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі» -  Алматы, «Демеу», 1992-320 бет
  7. Е.Т. Төлегенов, В.К. Радостовец,  Л.Г. Продан, Қ.К. Кеулімжаев. «Ауылшаруашылық кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»: Оқулық– Алматы; Қайнар, 1994 – 352 бет
  8. Қ.К. Кеулімжаев., Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» оқулық Алматы: Экономика, 2006 - 384 бет

        9. Ертісбаев Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» - Қарағанды, 2003ж.

       10.Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004  

Информация о работе Негізгі құралдар