Меншікті капиталдың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 20:50, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Бухгалтерлік есеп- ақпарат беру үшін, және бұл ақпарат пайдаланушылар үшін қызықты болуы үшін, анық, сенімге ие болатын, қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Қаржылық есеп есептік ақпарат дайындау процесі болып табылады, бұл процесті кез- келген заңды және жеке тұлғалар, сонымен бірге кәсіпорыннан тыс:
Менеджерлер, инвесторлар, кредиторлар, қаожылық органдар т.б пайдалана алады. Біздің республикамызда жұмыс істеп тұрған бухгалтерлік есептің халықаралық бухгалтерлік стандарттқа сай келеді.

Содержание

Кіріспе

1 Меншік капиталының есебі
Меншік капиталының экономикалық мәні
Меншік капиталын қалыптастырудың жолдары
Жарғылық капиталының есебі
Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Резервтік капиталдың есебі
Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі

Меншік капиталының аудиті
Меншік капиталын аудиттеу көздері
Жарғылық капиталының аудиті
Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) аудиті

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Menshikti_kapital_zh_1241_ne_mindettemelerdi_1187_operatsia.doc

— 212.50 Кб (Скачать документ)

Негізгі  құралдарды қайта бағалау операциялары. Негізгі құралдарды, ұзақ  мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды, бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда қайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субъектісі өзі шешуге құқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады. Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2412-2417, 2930 шоттары дебеттеліп, 5320  шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалануына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5320 шоты дебеттеліп, 2421-2429 шоттары кредиттеледі.

Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізеді.

Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын көшірілуі қажет және осы есептің дұрыстығын тексеру үшін мынадай есептеулер жасалынады:

 

 

 

 

 

 

 

Жазбалар мазмұны

Сомасы теңге

1

Кәсіпорын 1994 жылы жол тегістегіш сатып алды делік. Пайдалану мерзімі 8 жыл.

Амортизация нормасы 12,5%:

  • машинаның бірінші қайта бағалануына дейінгі құны
  • 1-ші қайта бағалануына дейінгі есептелінген тозу сомасы

12000

2000

2

Қайта бағалау нәтижесінде (01.10.94 ж.,01.07.97 ж.) машинаның құны мен тозу сомасы төмендегідей болады:

  • жол тегістегіш машинаның құны
  • машинаның тозуына байланысты есептелген сомасы
  • машинаның қайта бағаланған сомасы (236390 – 12000)
  • машинаның қайта бағаланғаннан кейін, қалыптасқан тозу сомасы (103 539 – 2 000 =101 539), енді осыдан машинаны пайдалану кезінде есептелген тозу сомасын шегереміз (64 339 тенге)
  • машинаның индексацияланған сомасы (224 390 – 37 200)

 

 

236 390

103 539

224 390

 

37 200

 

187 190

3

Машинаны одан әрі қарай пайдалану барысында, яғни 1997 жылдың 1 қаңтарынан 2002 жылдың маусымына дейінгі кезенді жыл сайын бөлінбеген табыстарға көшірілетін соманың деңгей мынаған  тең (187 190 теңге /4,5 жыл)

41 597,78


 

Сонымен, кестеде көрсетілген есептеулердің қайта бағаланған негізгі құралдың сомасы мына төмендегі шоттарда көрініс табады, яғни 3 466,48 мың теңгесі  5320  шотының дебетінде және 5410  шотының кредитінде көрсетіледі. Қайта бағалаудың сомасы тек негізгі құралдардың объектісі есептен шыққан кезде ғана себебіне байланыссыз бөлінбеген табыстың сомасына көшіріледі.

Инвестицияны қайта бағалаудың операциялары бойынша. Инвестицияларды қайта бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша есептеу сомалары 542-ші «Инвестицияларды қайта есептеуден алынған қосымша төленбеген капитал» шотының кредиті бойынша көрініс табады:

 

Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын, және басқа да шаруашылық серіктестіктердің жарлық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестицияның сомасына 

2310

5320

Қаржылық инвестицияларын қайта бағалаудан түскен сомаларына

1150

5320

Есептен шығарылғн ұзқ мерзімді қаржылық инвестиция бойынша қайта бағаланған сомасы:

5320

5410,6210


 

5320  шотының дебеті ұзақ мерзімді  инвестицияның құнының төмендегенін  және олардың баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта бағаланған сомасының шегінде мына шоттар корреспонденцияланады:

  - ұзақ мерзімді инвестицияның  төмендеген құнына 1150  шоттары  кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі;

  - инвестицияның баланстық құнының  азайған сомасына 2310  шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі.

Басқа да активтердің қайта бағалануымен байланысты операциялары. Активтердің басқа түрлерін (шикізаттарды, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, отынды, дайын өнімді, тауарларды және басқаларын) қайта бағалау операциялары үшін 5320 - ші «Басқа да қосымша төленбеген капитал» шоты пайдаланылады. Шын мәнінде бұл шот инвестиция – неттосы бойынша бағамның есептен шығарылатын кезеңіне дейінгі айырмасы есепке алу үшін пайдаланылады. Егер де инвестиция – неттосы шет елдегі бөлімшелерге берілсе, бағамдық айырманың жиынтық сомасы табыс ретінде  6250 шоттың кредиті бойынша көрініс табады, ал егер де ол шығыс ретінде танылсы, онда ол 7430  шоттың дебеті бойынша көрініс табады. Мысалы: «Восток» ААҚ-ның нетто – инвестициялары шетел бөлімшелерінде 35% құрайды (шетел бөлімшелеріндегіменшікті капиталы 20 млн. теңгені құрайды, қаржылық инвестициялары «Восток» ААҚ–ның – 7 млн. тенге). 2002 жылдың қаңтарында «Восток» ААҚ-мы шетел бөлімшелеріне 49000 АҚШ  доллар, 5 жыл көлемінде  бір  АҚШ долларына 150 тенге курстық бағамы бойынша қарыз берді. Бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша № 9  «Шетел валютасы бойынша операцияның есебі» (СБУ 9) әр есеп беру кезеңіне  құралдарды есептеу (қарыздық міндеттемелерді қоса), валютамен көрсетілген  соңғы есеп беру кезеңінің бағамы бойынша теңгемен қайта бағаланады.

Сөйтіп біздің мысалымыз бойынша курстық бағам өзгеріп 31 қаңтар  бойынша 152 теңге бір АҚШ долларына, курстық айырмашылық  80 000 тенге сомасын құрайды (40 000 * (152 - 150) «Восток» ААҚ қаржылық  инвестицияларының кеңейгендігін білдіреді, және меншік капиталының көбейгендігін білдіреді., 5320 «Басқа да» шотының кредиті бойынша. Ал егер доллардың бағамы теңгеге шаққанда азайса, онда оның бағамдық айырмасы қаржылық инвестицияның қысқарғандығы ретінде бағаланады және ол  543 «Басқа да» шотының дебеті бойынша көрініс табады.

 

1.5  Резервтік капиталдың  есебі 

Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 55-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 551-ші «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 552-ші «Басқа да резервтік капитал».

Заңдармен белгіленген  резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық  жүргізуші серіктестіктің  (ЖШС, Акционерлік қоғам және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгілінеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза тбыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған  жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құрған) кезде 5410 шотты дебеттеледі де,551 шоты кредиттеледі.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 551-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде  көрініс табады:  621,622,4430 – артықшылығы бар акцилар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5410-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»,5430-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шота жүргізіледі.

 

 

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы резервтік капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялардың мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

Акционерлік  қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасының қалыптасуы

5410

551

2

Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы

5410

552

3

Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына  немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты артықшылығы бар акциялар бойынша дивидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы

551,552

621,622

4430

4

Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы  (өткен) жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы

551,552

5410,5430

5

Ағымдағы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы

551,552

5410

6

өткен (алдыңғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы

551,552

5430

7

Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субъектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома

552

501,502,

5010


 

Басқа да резервтік капитал есебі, 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шоттан заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді. 552-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 551-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.

 

1.6   Бөлінбеген және  жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі

Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп-жоспарындағы 56 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі. 5410-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)». 5430-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)». Енді  осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік. Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған 5410 шоты пайдаланады.

Есеп берілетін жылдың соңында 5410-шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады: жыл ішінде алынған табыс сомасына 571-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты дебеттеліп,5410-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян соиасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады. Сонымен  қоса, 5410 шоттың кредит және 551 шотының дебеті – есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді: 561 шоттың кредиті және 5320 шоттарының дебеті – есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудың сомасы, қызмет барысында бұрындары таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын көрсетеді; 5410 шоттың кредиті және 521 шоттың дебеті - өз акцияларын  қайтып сатып алған кезде, номиналдық құнынан төмен болған соманың айырмасы көрсетіледі. 5410-шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылық операциялары көрініс табады: 551-ші «Заңмен белгіленген резервтік капитал», 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотының кредиті қолданылып жүрегн заңдарға сәйкес құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік  капиталға аударылған сомасы; 621-ші «Жай акциялар бойынша есеп айырысулар», 4430-ші «Басқа да кредиторлық қарыз және есептесулер» шоттарының кредиті – жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерге, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын бөлінбеген  табыстың сомасы; 521-ші «Қайтарылып алынған капитал» шотының кредиті – акционерлерден  өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) құнынан жоғары бағаға сатып алғаннан түскен айырма сомас. Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы  (зияны) есептен былайша шығарылады: бөлінбеген табыс сомасына: 5410-шот дебеттеледі, 5430-шот кредиттеледі; бөлінбеген зиян сомасы: 5430-шот дебеттеледі, 5410-шот кредиттеледі. Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5410-ші шот бойынша қалдық қылмауы керек,сондықтан ол міндетті түрде 571 шотымен жабылады. Өткен жылдардың   бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) есеп берілетін жылдан бұрынғы жылдары пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомаларының қолда бао және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған, ол 5430-шота жүргізіледі. 5430 шоттың  кредиті бойынша келесідей шаруашылық  операциялары:  өткен жылдардың белгіленген тәртібінде таратылмаған табыстың сомасы 5410 шоттың дебетінде; өткен жылдардағы өтелмеген зиянды өтеу үшін бағытталған резервтік капиталдың сомасы 551,52 шоттарының дебетінде көрініс табады.

Информация о работе Меншікті капиталдың аудиті