Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 19:37, курсовая работа
Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар. Бұхгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден бір негіз болып табылады. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар.
КІРІСПЕ
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
Материалдық емес активтердің өндіріспен байланысы
Материалдық емес активтердің коммерциялық қызметпен байланысы
Материалдық емес активтердің колданылу (пайдалану) құқықтарымен байланысы
Материалдық емес активтердің басқа түрлері
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ НАҚТЫ БАРЫН ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
Материалдық емес активтердің түсуін есепке алу
Құрылған кәсіпорынға уақытша қолдануға берілген үй, ғимарат, құрылыстар мен жабдықтарды есепке алу
Материалдық емес активтердің сатылуына байланысты есептен шығару
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
Гудвилл есебі
Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бірінші топқа патенттер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері кіреді, олар сатылады және басқа кәсіпорындарға жеке беріле алады. Екінші топты осы кәсіпорыннан ажырағысыз және оны жеке сату да мүмкін емес тек қана оларды иеленуші кәсіпорынмен (фирмалық атау және т.б.) біреге сатылатын интелектуалдық меншік түрлерін құрайды.
2.МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ НАҚТЫ БАРЫН ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ.
Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есепке алу 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарына жазылады. Осы шоттардың дебеті бойынша - материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындагы қалдықтары, олардың түсу операциялары көрсетіледі, кредит бойынша - материалдық емес активтердің шығарылымы көрсетіледі. 2700-шы бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді:
2710 «Гудвилл»;
2730 «Өзге де материалдық емес активтер».
Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау - беру актісінде (ү. №МЕА-1) көрсетіледі. Актіде материалдық емес актавтер түрінің дәл аты, оның кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтер көрсетіледі.
2.1. Материалдық емес активтердің түсуін есепке алу.
Материалдық емес активтердің барлық түрлерін алған кезде шоттардың төмендегідей корреспондентциясы жасалынады.
Материалдық емес активтердің құны оларды алуға жұмсалған нақтылы шығындардан және пайдалануға (жұмсалған нақтылы шығындардан) дайын жағдайға келтіруге жұмсалған шығындардан құралады.
Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғалардан алынғанда
Дебет шот 2700 «Материалдық емес активтер» (2710, 2730)
Кредит шот 1010, 1030, 3310, 4110
а) Сатып алынған материалдық емес активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз):
Д-т: 2700 , 2710, 2730; К-т: 3310
b) ҚҚС сомасында: Д-т: 1420; К-т: 3310
c) ҚҚС-ты есепке алу: Д-т: 3130; К-т: 1420
Құрылтайшылардың жарғылық
Дебет шот 2730 “Өзге де материалдық емес активтер”
Кредит шот 5110 «Төленбеген капитал»
Материалдық емес активтер тегін түскенде, олардың бастапқы құны
Дебет шот 2730 “Өзге де материалдық емес активтер”
Кредит шот 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан табыстар»,
6220 «Тегін алынған активтерден табыстар».
Материалдық емес активті кәсіпорынның өзі жасалуы (бағдарламалық қамтамасыз ету, интелектуалды құн объектісін құру, сауда белгілерін әзірлеу)
a) Жұмсалған материалдардың құнына: Д-т: 8011; К-т: 1310, 1315;
b) Әзірлеушілердің жалақысы: Д-т: 8012; К-т: 3350;
c) Жалақыдан аударымдар сомасына: Д-т: 8013; К-т: 3150;
d) Материалдық
емес активтерді жасау
Д-т: 8010; К-т: 8011, 8012, 8013;
e) Жасалған
материалдық емес активтің
Д-т: 2700, 2730; К-т: 8011, 8012, 8013;
Материалдық емес активтерді жасауға байланысты шығындарды, оның түрімен, оны жасаумен айналысатын бөлімшеге байланысты 8030-, 8040-шы бөлімшелердің шоттарында тексеруге болады.
Материалдық емес активтердің жарғылық капиталдың салым ретінде түсуі
a) Мәлемделген жарғылық капиталдың сомасына: Д-т: 5020; К-т: 5010;
b) Келіп түскен материалдық емес активтердің сомасын: Д-т: 2700, 2730; К-т: 5020.
2.2.Құрылған кәсіпорынға уақытша қолдануға берілген үйлерді, ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтарды есепке алу.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер жарғылық капиталға үлес ретінде мүліктік құқықтарын, соның ішінде интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне де қызметтерін тіркей алады.
Мүліктік құқықтар, әдетте табыстық әдістеме бойынша немесе капиталданған жалдық төлем бағасымен (жалдық өсім де кіреді) қарапайым түрде бағаланады. Үйлердің, ғимараттардың, жабдықтардың уақытша пайдалану құқықтарының құндық сомасы есепке алынады.
2730 “Өзге
де материалдық емес активтер”
тобы бөлімшесі шоттары
Кәсіпорындар материалдық емес активтерді келесідей жолдармен алады:
- Жарғылық капиталға салымдар жолымен
- Кәсіпорынның қызмет процесінде сатып алу
- Басқа кәсіпорынмен қосылу жолымен
- Заңды және
жеке тұлғалар пайдалануға
Материалдық емес активтердің тозған бөлігінің құнына –
2740 «Материалдық
емес активтердің
2700 «Материалдық
емес активтер» шоттары
2.3. Материалдық емес активтерді сатылуына байланысты есептен шығару.
Материалдық емес активтер кәсіпорыннан әртүрлі себептермен шығады:
- сату нәтижесінде;
- әрі қарай пайдаланудың
- ақысыз тегін беру нәтижесінде және т.б.
Материалдық емес активтердің істен шығуында материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру Актін 2 данада толтырады.
Материалдық емес активтердің шығуы кезінде олардың баланстық құны Дебет шот 7410 «Активтердің шығуы бойынша шығындар», Кредит шот 2730 «Басқа материалдық емес активтер» жазбасы негізінде есептен шығарылады, ал жинақталған тозу сомасы келесі жазбамен есептен шығарылады: 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы» тобы шотының дебеті, 2730 “Өзге де материалдық емес активтер” шотының кредиті.
Материалдық емес активтерді сатудан табыс келесідей жазба бойынша көрсетіледі:
Дебет шоты 1010, 1030, 1210 және т.б.
Кредит шоты 6210 «Активтерді сатудан табыс»
Жыл соңында 6210, 7410 шығын шоттары және 5510 «Есепті жылдың табысы (зияны)» шотымен жабылады, яғни, табыстар жиынтық табыстың көбеюіне, ал шығындар оның азаюына қарай есептен шығарылады.
Материалдық емес активтердің шығуының есебі бойынша
шоттар корреспонденциясы
3. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
Материалдық емес активтер ұзақ уақыт бойы пайдаланылады және осы уақыт ішінде өз құндарын өнімге, амортизация есептеу арқылы көшіреді. Материалдық емес активтер бойынша бөлінетін аударымдар, олардың бастапқы құны мен пайдалы пайдалану мерзіміне байланысты есептелінген мөлшер (норма) бойынша анықталады.
Материалдық емес активтердің амортизациясы есепке алуға
2720 «Гудвилдің құнсыздануы»,
2740 «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің шоттары арналған.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу оның баланстық құны толық өтелгенде тоқтатылады.
Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін дұрыс және дәлелді есептеуге олардың амортизациясын өндіріс пен айналым шығындарына жатқызудың негізділгі, яғни кәсіпорын қызметінің нақты қаржылық нәтижелері тәуелді.
Материалдық емес активтердің амортизациясының бір айдағы және жыл бойындағы көрсеткішін анықтау үшін «Материалдық емес активтердің амортизациясы есептеу тізімдемесін» пайдаланады.
3.1. Гудвилл есебі.
Кәсіпорын аукционында басқа кәсіпорындардың активтерін (НҚ, материалдар, дайын өнімдер және тағы басқалар) сатып алды, сондай-ақ пассивтер кәсіпорынның балансы бойынша 6000,0 құрады. Активтерді сатуды бөлген жағдайда, олардың нақта бағасы бойынша құрылтайшы 6000,0 түсім түсіреді. Кәсіпорындағы аукционда немесе одан тыс жерде біртұтас түрінде сатқан кезде сатып алу құны 10200,0 құраған. Активтің бөлініс бағасы мен кәсіпорынды біртұтас түрінде сатқан кезде алынған түсімнің арасындағы айырма сома «Фирма бағасын» немесе гудвиллді құрайды. Сатып алушы кәсіпорын активтердің шынай құнынан артық 4200,0 төледі. Дәлелдемесі мынадай:
1) сатып алынған кәсіпорын сату нарығында монополияның қайсібір нысанына ие болған;
2) кәсіпорынды сатып алғанда сатып алушы фирма ішкі немесе сыртқы нарықтағы өз жағдайын нығайтады;
3) сатып алушы фирма өндірісті бұрынғы атымен жүргізбек, өйткені оның тауарлары кеңінен танымал және сұранысқа ие;
4) кәсіпорында білікті
5) кәсіпорында пайда әкелетін тауар белгілері, тауардың шығатын жері, лицензиялары бар;
6) кәсіпорын сатып алынатын
3.2. Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу.
Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында кәсіпорынның меншіктік құқы бар материалдық емес активтердің нақты бар болуы; олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетілуі, материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығы, моральдық тозуға ұшыраған активтер тексеріледі. Негізгі құжаттарда материалдық емес активтер объектілерінің толық сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялау нормасы, объект пайдаланатын құрылым және басқа мәліметтер көрсетіледі. Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттар тексеріледі. Бұл құжаттарға материалдық емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар жатады.
2740 – шоты
бойынша талдамалы есеп
Материалдық емес активтерді түгендеген кезде:
1) кәсіпорынға меншік құқында тиесілі материалдық емес активтердің нақты қолда бары;
2) оларды баланста көрсетудің дұрыстығы мен мерзімділігі;
3) материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстылығы;
4) моральдық жағынан ескірген
активтердің бар-жоғын
ҚОРЫТЫНДЫ
Материалдық емес активтер 2-ші бөлімде, яғни «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде қарастырылады. Басқа кәсіпорындар мен адамдар ақыға сатып алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі.
Кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер сараптау жолымен бағаланады. Жарғылық капиталға салым ретінде құрылташыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің қолда бары мен қолданысының есебі 2700-бөлімшесінің активтік шоттарында жүргізіледі.
Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын, яғни онық пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептеліп тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім) мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі субъектінің қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым (өтелім) он жылға есептелінеді. Бірақ ол субъектінің қызмет атқару уақытынан (мерзімінен) аспауы керек.
ҚОЛД. ӘД. ТІЗ.
1. Баймұханова С. Б. «Қаржылық есеп»: Оқулық. «Экономика» баспасы, Алматы, 2007 ж.
2. Кеулімжаева Қ. К., Әжібаева З. Н., Құдайбергенова Н. А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп»: Оқу құралы.
«Экономика» баспасы, Алматы, 2001 ж
3. Баймуханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп»: Оқулық. «Маркет» баспасы, Алматы, 2005 ж.
4. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері»: Оқу құралы. «Экономик ' С» баспасы, Алматы, 2005
5. Ф.С. Сейдахметова Ф. С. «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2008ж.
6. Әбдішүкіров Р. С., Мырзалиев Б. С. «Бухгалтерлік есеп» Алматы, 2008 ж.
7. Назарова В. Л. «Бухгалтерлік есеп» «Экономика» баспасы, Алматы, 2005
8. Тасмағамбетов Т.А., Омаров А.Ш. т.б. «Қаржы есебі» Алматы, 1998ж.
Информация о работе Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу