Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 19:37, курсовая работа

Краткое описание

Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар. Бұхгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден бір негіз болып табылады. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар.

Содержание

КІРІСПЕ
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
Материалдық емес активтердің өндіріспен байланысы
Материалдық емес активтердің коммерциялық қызметпен байланысы
Материалдық емес активтердің колданылу (пайдалану) құқықтарымен байланысы
Материалдық емес активтердің басқа түрлері
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ НАҚТЫ БАРЫН ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
Материалдық емес активтердің түсуін есепке алу
Құрылған кәсіпорынға уақытша қолдануға берілген үй, ғимарат, құрылыстар мен жабдықтарды есепке алу
Материалдық емес активтердің сатылуына байланысты есептен шығару
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
Гудвилл есебі
Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 196.35 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

  1. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
    1. Материалдық емес активтердің өндіріспен байланысы
    2. Материалдық емес активтердің коммерциялық қызметпен байланысы
    3. Материалдық емес активтердің колданылу (пайдалану) құқықтарымен байланысы
    4. Материалдық емес активтердің басқа түрлері
  2. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ НАҚТЫ БАРЫН ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
    1. Материалдық емес активтердің түсуін есепке алу
    2. Құрылған кәсіпорынға уақытша қолдануға берілген үй, ғимарат, құрылыстар мен жабдықтарды есепке алу
    3. Материалдық емес активтердің сатылуына байланысты есептен шығару
  3. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
    1. Гудвилл есебі
    2. Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар. Бұхгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден бір негіз болып табылады. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейін ІІ ғасырда Грецияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп, салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған.

Бұл курстық жұмыста материалдық активтер, олардың жіктелуі, бағалануы және септелуі, олардың тозуы жөніндегі мәліметтер қарастырылған. Шаруашылық субъектілерінде объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.

Материальдық емес активтердің қатарына шаруашылық субъектісінің сатып алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары мен тауар белгісі, жер қойнауы мен элктронды есептеуіш машиналарды және өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары және тағы басқа жататындар туралы мәліметтер қарастырылған.

Жалпы алғанда, материалдық емес активтер дегеніміз – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтер.

  1. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Субъектілер өнеркәсіптік және интелектуалдық (ақыл-ой) меншік объектілерінің, сондай-ақ тағы басқа сол тәрізді мүліктік құқықтардың құны деп түсінілетін, материалдық емес активтерге қаражатын салуға құқылы.

Материалдық емес (сезілмейтін) активтер – нақты табиғи нысаны жоқ, бірақ «сезілмейтін құндылыққа» ие болғандықтан субъектіге ұзақ уақыт немесе үнемі қосымша табыс әкелетін активтер. Сонымен қатар материалдық емес активтер иеліктен шығару қабілетіне ие болуы тиіс. Материалдық емес активтерге тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері), тауарлардың тіркелген жасалу орындары, «Фирма бағасы» (гудвилл), «Ноу-Хау», патенттер және өнеркәсіптік үлгілер, лицензиялар, интелектуалдық (ақыл-ой) меншік ұйымдастыру шығындары, жер учаскелері мен табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары, өндірістік мәліметті пайдалану құқықтары, электронды бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.

1.1.Өндіріспен  байланысты материалдық емес  активтер.

Бұл топқа «Ноу-Хау», электрондық аппараттар мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы, технологияны немесе өнімнің сыртқы бейнесін қолдану, өнеркәсіптік үлгілер, сервитуттар және тағы басқалар жатады. «Ноу-Хау» - құжаттама озық өндіріс тәжірибесі және т.б. түрінде көрінетін техникалық білімдерді айқындау үшін халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.

Бұл активтің пайдалылығы «Ноу-Хау» бағасының көрсеткішімен оның пайдалылығының жалпылама көрсеткішімен анықталады. Өзінің табиғаты және төлем нысандары жағынан лицензия бағасына ұқсас. «Ноу-Хау» нәтижесінде сатып алушы түсірген қосымша табыстың бір бөлігін беру арқылы қалыптасады және паушалды төлем түрінде (оның иесіне төленетін сыйақының нақты тағайындалған сомасы) немесе роялти түрінде («ноу-хауды» пайдалану құқығын сатып алушының келіскен бағасынан төленетін ағымдағы аударымдардан алынатын мерзімдік проценттік төлемдер), яғни «ноу-хауды» беру жөніндегі келісімнің күші бар кезеңінде сатып алушыға төленетін төлем түрінде болады.

Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу.

Бұл материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе оны субъектінің өзі жасап шығаруға кеткен шығындар жатады.

Ұйымдастыру шығындары.

Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындары ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезден бастап материалдық емес активтер болып саналады. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркетуге, құжаттарды дайындауға, банктерде шоттар ашуға т.б. шығындар жатады.

Компьютерлік бағдарламалармен жабдықтау.

Копьютерлік бағдарламалармен жабдықтау деп кәсіпорын алған және ұзақ уақыт бойы пайда әкелу қабілеті бар бағдарламаларды пайдалануға қажетті бағдарламалық құжаттар мен мәліметтерді өңдеу жүйесінің жиынтығын айтады.

Жер учаскелері мен табиғи ресурстарды пайдалану үшін алынған құқықтар.

Елдің ішіндегі немесе шет елдегі кәсіпорындарды құруда болжамданған объектілерді салу үшін жер учаскелерін пайдалану құқығын, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалану құқығын (пайдалы қазбаларды өндіру құқы, орманды пайдалану, ішкі тоғандарда балық аулау т.б. құқықтары) алу қажеттігі туындайды. Шетелдерде алынатын осындай құқықтардың құнын төлеу шетелдік фирмалар немесе жекелеген азаматтардың есеп айырысуға қатысуы мен олардың бірлесіп төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

1.2.Коммерциялық  қызметпен байланысты материалдық  емес активтер.

Бұл топқа тауар таңбалары, тауардың шыққан жері және басқалары жатады.

Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары.

Тауар таңбасы және қызмет көрсету таңбасы (одан әрі – тауар таңбасы) деп басқа заңды және жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан, тауарлар мен қызметтерді (одан әрі – тауарлар) тиісінше айыра алатын қабілеті бар таңбаларды айтамыз. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауар таңбасына құқық заңмен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, сату немесе шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу, немесе осы белгіленген тауар таңбасын не тауарды сақтау, осы мақсатта сондай-ақ біртектес тауарларды араластырып белгілеу, тауар таңбасы иесінің құқықтарына қол сұғу деп есептелінеді.

Тауардың шыққан жерінің атауы – тауарды таңбалауға пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің аты, оның ерекше де басты сапасы осы географиялық объектінің өзіндік табиғи жағдайлары немесе адам факторларымен қоса сипатталады.

Тауардың шыққан жерінің атауы географиялық объектінің тарихи атауы болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану деп оны тауарда, қорабында, жарнамада, проспектілерде, бланктерде және басқа да тауарды шаруашылық айналымына енгізуге байланысты басқа да құжаттарда пайдалануды айтамыз.

Тауар таңбасы мен тауардың шыққан жерінің атауы өзара бәсекенің ықпалды қуатты құралы болып табылады. Тауардың шыққан жерінің атауы тауардың сас сымбатты, кейде тіпті ерекше қасиеттеріне кепілдік етсе, онда тауар таңбасының мұндай рөлді атқаруы үшін өзі таңбалайтын тауардың сапасын үнемі жетілдіру арқылы барынша ұзақ уақыт қызығушылық тудыруды сақтауы қажет, себебі оның бәсекелестері де қарап отырмайды.

Тауарлық таңбаларды, қызмет көрсету таңбаларын тауардың шығу орындарының атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қарым-қатынастары  1993 жылғы қаңтардың 18-і күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атауы туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі.

1.3.Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты  материалдық емес активтер.

Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт (көшіру құқығы), лицензиялар, франшиза және тағы басқалары жатады.

Патенттер.

Патент деп белгілі бір жаңалық ашудың техникалық шешімін мемлекеттің мойындағанын және оны бекітіп берілетін тұлғаның (патент иеленуші) оған осы ашылған жаңалыққа құқығы бар екенін куәландыратын куәлік, грамота, құжат. Патенттің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет мерзімі (15-20 жыл) ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар патент деп белгілі бір кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шұғылдаун құқығын беретін құжатты да айтады. Патент берілгенде паетнттік алым (пошлина) ұсталады. Патент иеленушіге ашылған жаңалықты қолдануға айрықша (жеке дара) иелік ету құқығы беріледі. Патентті иеленуші жаңалық құқығын иеліктен шығаруға және басқа тұлғаларға патенттелген жаңалықты пайдалануға рұқсат (лицензия) бере алады. Соны ашылған жаңалықты пайдалану көп пайда түсіруге мүмкіндік жасайды. Сондықтан патенттер алу бәсекелестікте маңызды роль атқарады. Патенттер алуға бірінші кезекте ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, олардың патент сатып алуға да, патенттелген жаңалықтарды өндіріске шығаруға да қаржысы бар.

Өнеркәсіптік үлгілер.

Өнеркәсіптік үлгілерді пайдалануға айрықша құқықты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі. Өнеркәсптік үлгілер көлемді (модельдер), тегісті (суреттер) немесе аралас болып келеді. Егер үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан Республикасында немесе шет елдерден, оның басымдылықты иелену мерзіміне дейін белгісіз болып келсе, онда ол жаңа өнеркәсіптік үлгі деп мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік әдіспен бұйым ретінде жасалынып, шаруашылық айналымына түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсіпте қолдануға болатыны мойындалады. Өндірістік үлгілер авторы деп оған шығармашылық еңбегі сіңген азамат мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгісі бірнеше азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі болса, онда олардың барлығы өнеркәсіптік үлгілер авторы болып есептеледі. Өнеркәсіптік үлгілерге патент Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілерінің Мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң беріледі.

Лицензиялар

Лицензиялар («азаматтық», «құқық» деген латын сөздерінен шыққан) – сыртқы сауда операцияларын (әкелуге, сыртқа шығаруға немесе транзитке рұқсат етілмегендер) және тағы басқаларды жүргізуге құзырлы мемлекеттік органдар беретін рұқсат.

Лицензияларды Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе оның уәкілетті мемлекеттік органдары қазақстандық және шетелдік шаруашылық жүргізуші субъектілерге көміртекті шикізаттай пайдалы қазбаларды (мұнай, газ) және басқа да табиғи шикізаттарды өндіру құқығын бере алады. Мұндай лицензиялырда пайдалану ройялтиды төлеумен тығыз байланысты.

Ройялти – табиғи ресурстарды өндіру құқығын алу үшін төленетін төлемдерді айтады.

    1. Материалдық емес активтердің басқа түрлері.

Материалдық емес активтердің бұл тобына фирма бағасы («гудвилл»), интелектуалдық меншік және тағы басқалары кіреді.

«Фирма бағасы» немесе «Гудвилл».

Материалдық емес активтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорныдардың немесе олардың құрылымдың бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Әдетте мұндай кәсіпорындардың (бөлімшелер) олардың баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынның болашақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнім шығару рыногындағы беделіне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жағдайында заңды құбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құнының оның активтерінің баланс бойынша сомасынан асып түсуі «Фирма бағасын» құрайды.

Жұмыс істеп тұрған біртұтас кәсіпорынды сатудан түскен сома оның активтерін бөліп сатқан сомадан аз болуы мүмкін. Батыс елдерде мұндай жағдайларды «Бэдвилл» деп атайды, бірақ бухгалтерлік есепте мұндай термин жоқ. Бұл құбылысты жағымсыз «Гудвилл» деген дұрысырақ.

Интелектуалдық меншікті есепке алу.

Интелектуалдық меншік – үстіміздегі ғасырдың 60-жылдары енген, заңгерлік ұғым. 1697 жылы Стокгольмде интелектуалдық меншіктің бүкіл дүниежүзілік ұйымын бекіту туралы конвенцияға қол қойылып, ол 1970 жылы күшіне енді. 1972 жылы КСРО осы концепцияғы мүше болды (мұрагер ретінде Қазақстан Республикасы да).

«Интеллектуалдық меншік» ұғымы авторлық құқықтарды, орындаушы-артистердің қызметіне, дыбыс жазуға, радио және телехабарларға байланысты құқықтарды, жаңалық ашу және патентке құқықтарды, ғылыми жаңалық ашу құқықтарды, өнеркәсіптік үлгілеріне, тауар белгілеріне, фирмалық атауға және коммерциялық белгілерге, арам пиғылды бәсекелестіктерден қорғауну құқықтарын, сондай-ақ өндіріс, ғылым, әдебиет мен өнер салаларындағы интелектуалдық меншікті қамтитын басқа да құқықтарды білдіреді.

Интелектуалдық меншік объектілері ұқсастырылған (идентификацияланған) және ұқсастырылмаған (идентификацияланбаған) болып топтастырылады.

Информация о работе Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу