Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 17:48, реферат
Материалдық емес активтер- табиғи натуралды нысандар, бірақ «материалдық емес құндылықпен» үлестірілген және осының күшімен субъектке, ұзақ мерзім аралығында немесе әрқашан, қосымша кіріс әкелетін активтер. Сонымен қоса, материалдық емес активтер иеліктен айыру мүмкіндіктерін иеленуі қажет
1. Материалдық емес активтер.........................................................3
1.1. Материалдық емес активтердің бөлінуі ……............................4
2. Интелектуалды меншік................................................................7
2.1. Материалды емес активтердің істен шығуы..............................9
2.2 Материалдық емес активтердің амортизациясы......................11
3. Қорытынды………………………………………………………12
3.1 Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………..14
Материалдық емес активтерді төгендеу. Материалдық емес активтерді төгендеу кезінде: кәсіпорынның өзіндік құқығына жататын нақты материалды емес активтердің бар болуы, олардың баланста дұрыс және толық көрсетілуі; материалды емес активтердің шығынының дұрыс есептелінуін; моральді ескірген активтердің бар болуын тексереді. Материалды емес активтерді түгендеу кезінде объектінің өзінің бар болуын және оның қолданылуына кәсіпорынның құқығын нақтылайтын құжаттардың бар болуын белгілеу қажет. Оларға материалды емес активтердің объектісін немесе оның қолданылу тәртібін тізімдеуші, сонымен қатар кәсіпорынның мүлікті құқығын нақтылайтын құжаттар жатады. Демек, Патенттік тізімдемеде тіркелген лицензиялық шарттың ойлап шығару құқығын сатып алу. Материалды емес активтердің нақты ұйымдық есебін және олардың амортизациясы субъектінің қаржы – шаруашылық ісінің қорытындысының нақты көрсетілімінде үлкен рөл атқарады.
Материалдық емес активтердің амортизациясы
Кәсіпорындардағы материалдық емес активтер
өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп
сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер
тозғанға дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған
уақыт аралығындағы пайда әкелуі қажет.
Егер бұл материалдық емес активтерді
пайдалануда кәсіпорын табыс таппайтын
болса, оларды актив қатарында есептеудің
қажеті де болмайды және бұндай жағдайда
оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай
шығындар жиынтығы ұйымның зияны болып
табылады.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді
пайдалану барысында олардың құнының
бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану
мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып
отырылады. Яғни, материалдық емес активтердің
құнына амортизациялық аударым есептелініп
тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім)
мөлшері материалдық емес активтердің
бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне
қарай анықталады. Материалдық емес активтердің
пайдалану мерзімі кәсіпорынның қызмет
атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер
материалдық емес активтердің пайдалану
мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған
жағдайда, амортизациялық аударым (өтілім)
он жылға есептелінеді. Бірақ ол ұйымның
қызмет атқару уақытынан (мерзімінен)
аспауы керек. Жалпы материалдық емес
активтердің тозуы бухгалтерлік есеп
шоттар жоспарының: «Материалдық емес
активтердің амортизациясы»,- деп аталатын
шоттарында жүргізіледі.
Амортизациялық құн – «бастапқы құн минус
жойылу құны» болып айқындалады.
Жойылу құны нөлге тең есптеледі, егер:
1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында
оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі
болмаса;
2. Мыналарға байланысты материалдық емес
активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық
болмаса:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі
соңында мұндай нарықтың болуына;
ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.
Нарық белсенді саналады, егер:
- нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік
бағдарламалар нарығы);
- мәмілеге келуге ниетті – сатушылар
мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға
болатын болса.
- сатып алынатын және сатылатын тауарлар
халыққа қолайлы, арзан бағалар болса.
Материалдық емес активтер дегеніміз белгілі бір нақтылы пішіні жоқ, тарататын ақшалай немесе зат түрінде нысаны болмайтын, бірақ қандай да бір құнмен бағалануына байланысты ұйымның негізгі қызмет барысында немесе әкімшілік қызметінде ұзақ уақыт, яғни бір жылдан артық қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтердің бір түрі. Оларды анықтауға болады, олар бақыланады.Материалдық емес активтер ұйымдарда заңды және жеке тұлғалардан сатып алу, басқалардың субсидия, яғни сыйға беруі не сол кәсіпорынның ішінде ойлап табу нәтижесінде пайда болады.
Материалдық емес активтердің әр түрлі мазмұндарын қарастырайық.
«Ноу-хау»- өндірістік тәжірибе, дағдылар және т.б, құжаттама түрінде тұлғаланған, халықаралық қатынастар арасында техникалық білімді анықтау үшін қолданылатын термин. «Ноу хау» сөзін кең мағынада алғанда – өндірістің сол және басқа да түрін ұйымдастыру үшін қажет ететін, бірақ та потенттелген емес түрінде безендірілген, өндірістік тәжірибе мен дағдылар, техникалық құжаттар түрінде рәсімделген, коммерциялық, техникалық және басқа да білімдердің жиынтығы.
Ұйымдарда материалдық емес активтерге лицензиялық келісімдер, бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқықтар жатады.
Гудвилл немесе «Фирма бағасы» бір кәсіпорын екінші кәсіпорынды түгелдей сатып алғанда пайда болып, материалдық емес активтер шотында есептелетін құндылық. Ол ұйымды сатып алған кездегі нақты нарықтық баға мен таза активтерінің баланстық құнының арасындағы айырым. Егер сатып алынған ұйымдағы барлық активтердің сатып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, осы құндардың арасындағы айырым «жағымды гудвилл» деп аталады, керісінше, кем болса «жағымсыз гудвилл» дейміз.
Лицензиялық келісімдер дегеніміз заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын басқа бір заңды тұлғаға беру. Ал бұл құқыққа ие болған ұйым оның иесіне материалдық емес актив үшін белгіленген тиісті мөлшерде ақша төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттер орындайды.
Бағдарламамен қамтамасыз ету – ол сатып алынады немесе ұйымның өзінде жасалады, ол ішкі және сыртқы мақсаттарға пайдаланылады.
Патент жеке немесе заңды тұлғалардың өздері ашқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыда мойындап, оны өз жұмыс, қызметінде пайда алу үшін қолдануына рұқсат беру құжаты. Кәсіпкерліктің бір түрімен айналысу үшін берілетін құқықты растайтын құжатты да патент дейді. Оны алу үшін баж төлемі төленеді.
Ұйымдастыру шығындарына жаңадан ұйым ашқанда жұмсалатын шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге, заң орындарына төленетін төлемдер, банктерде шот ашу үшін төлемдер, жарнамалар үшін төлемдер және т.б. шығындар жатады.
Сауда маркалары – ол тауарға, өнімге берілген атаулар, рәміздер, сауда белгілері.
Авторлық құқықтар – ол шығармалардың, әзірлемелердің және т.б. авторларының құқықтарын заңмен қорғау формалары.
Франшизалар – ол мемлекет меншінгіне ие болуға, коммуналдық қызмет көрсетуге және т.с.с. жұмыстар жасауға үкіметтік органдар беретін құқықтар.
Материалдық емес активтер ұйымның балансына кіріске бастапқы құнымен алынады. Егер кіріске құрылтайшының жарғылық қорына үлес есебіне алынатын болса, онда материалдық емес активтердің бағасы тараптардың келісімі бойынша бағаланады. Заңды және жеке тұлғалардың сыйы ретінде алынған болса, онда сол кездегі нарықтық баға бойынша бағаланады. Заңды және жеке тұлғалардан сатып алынған болса, сатып алған баға және оны алып іске қосуға жұмсалған шығындардың қосындысымен бағаланады.
10. «Кәсіпорындағы
бухгалтерлік есеп» В.К
В.В.Радостовец, О.И. Шмидт, Т.Р.Ғабдуллин