Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 17:48, реферат
Материалдық емес активтер- табиғи натуралды нысандар, бірақ «материалдық емес құндылықпен» үлестірілген және осының күшімен субъектке, ұзақ мерзім аралығында немесе әрқашан, қосымша кіріс әкелетін активтер. Сонымен қоса, материалдық емес активтер иеліктен айыру мүмкіндіктерін иеленуі қажет
1. Материалдық емес активтер.........................................................3
1.1. Материалдық емес активтердің бөлінуі ……............................4
2. Интелектуалды меншік................................................................7
2.1. Материалды емес активтердің істен шығуы..............................9
2.2 Материалдық емес активтердің амортизациясы......................11
3. Қорытынды………………………………………………………12
3.1 Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………..14
1.
Материалдық емес активтер......................
1.1.
Материалдық емес активтердің бөлінуі
……............................
2. Интелектуалды меншік........................
2.1.
Материалды емес активтердің істен шығуы.........................
2.2
Материалдық емес активтердің амортизациясы.................
3.
Қорытынды………………………………………………………
3.1 Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………..14
Материялдық емес активтер
Материалдық емес активтер- табиғи натуралды нысандар, бірақ «материалдық емес құндылықпен» үлестірілген және осының күшімен субъектке, ұзақ мерзім аралығында немесе әрқашан, қосымша кіріс әкелетін активтер. Сонымен қоса, материалдық емес активтер иеліктен айыру мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Материалдық емес активтерге тауарлық нышандар, даму тауарларының тіркелген орындары, фирма құны(гудвилл), «ноу-хау», өнер-кәсіп үлгілері және потенттер, лицензиялар, интелектуалды меншік, ұйымдық шығыстар, табиғи ресурстарды қолдану құқығы, ЭЕМ-ді қамтамасыз ету бағдарламасы және тағы басқа жатады. Мүліктегі субъектінің материалдық емес активтерінің үлесі және мағынасының дамуы, техниканың және технологияның дамуымен, ақпараттардың таратылуы мен, экономикалық қатынастардың дамуымен үлкейеді. Қазақстан Республикасының іс-әрекет ететін заңдылығына сәйкес материалдық емес активтер келесі тәртіпте бағаланады:
- дамытылған кәсіпорынның жарғы капиталына құрылтайшылармен олардың салым шотына енгізілген- екі жақтық келісім бойынша. Осыдан салымның бағалануы тәуелсіз аудитормен тұжырымдалуы керек;
- осы объектілердің дайындық жағдайына келтіру және иеленуі бойынша нақты келтірілген шығыстарды ескере- басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың төлемімен иеленген;
- келісім бағасы бойынша немесе эксперттік жолмен- қайтарымсыз алынған.
Материалдық емес активтер дегеніміз белгілі бір нақтылы пішіні жоқ, тарататын ақшалай немесе зат түрінде нысаны болмайтын, бірақ қандай да бір құнмен бағалануына байланысты ұйымның негізгі қызмет барысында немесе әкімшілік қызметінде ұзақ уақыт, яғни бір жылдан артық қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтердің бір түрі. Оларды анықтауға болады, олар бақыланады.
Материалдық емес активтер ұйымдарда заңды және жеке тұлғалардан сатып алу, басқалардың субсидия, яғни сыйға беруі не сол кәсіпорынның ішінде ойлап табу нәтижесінде пайда болады.
Материалдық емес активтердің әр түрлі мазмұндарын қарастырайық.
«Ноу-хау»- өндірістік тәжірибе, дағдылар және т.б, құжаттама түрінде тұлғаланған, халықаралық қатынастар арасында техникалық білімді анықтау үшін қолданылатын термин. «Ноу хау» сөзін кең мағынада алғанда – өндірістің сол және басқа да түрін ұйымдастыру үшін қажет ететін, бірақ та потенттелген емес түрінде безендірілген, өндірістік тәжірибе мен дағдылар, техникалық құжаттар түрінде рәсімделген, коммерциялық, техникалық және басқа да білімдердің жиынтығы.
Өндірістік ақпараттың қолдану құқығының есебі. Материалдық емес активтердің осы түріне, белгілі бір уақыт ішінде табыс әкелу мүмкіндігі бар немесе субъектінің оның құрылымына кеткен шығындары, белгілі бір уақыт аралығында оған табыс әкелуге дайын кіріс жатады. Мысалы, шет елдегі және ел ішіндегі субъект өнімдерін әлеуетті тұтынушылар туралы банк мәліметтері, қызмет және материалдар, шикізатты жеткізушілер туралы, бәсекелестер туралы және т.б.
Ұйымдық шығындар. Акционерлі немесе бірлескен кәсіпорындарды дамыту кезеңінде пайда болатын шығындар ұйымдыққа жатады. Осындай шығындарға банкттік шоттарды ашу,құжаттарды дайындау, кәсіпорынды тіркеу шығындары кеңесшілерге төлеу, жарнама шығындары жатады.
ЭЕМ-нықамтамасыз ету бағдарламасы. ЭЕМ-нықамтамасыз ету бағдарламасы деп белгілі бір уақыт аралығында оған табыс әкелуге дайын кіріс және кәсіпорын мен сатып алынған, осы бағдарламаны пайдалану үшін қажет ететін бағдарлама құжаттарын және мәліметтерді өндіру жүйе- жиынтығын түсінеміз.
Сатып алынған табиғи ресурстарды қолдану құқығы. Шет елдегі және ел ішіндегі кәсіпорындарды дамыту кезінде, табиғи ресурстарды сатып алған, қолдану құқығы қажеттілігі (пайдалы қазбаларды , өндіру құқығы, орманды қолдану құқығы, ішкі сулардағы балықтарды аулау және басқалары).
Қызмет көрсету белгілері және қызмет көрсету және тауар белгілері. Қызмет көрсету белгілері және қызмет көрсету және тауар белгілері (әрі қарай тауар белгісі) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бірегейлі тауарларынан тауар және қызметтерді (әрі қарай тауарлар) айыру мүмкіндігін белгілеу деп санайды. Тауар белгісінің құқығы заңмен қолданады, егер кәсіптік іс жүргізетін, ол заңды немесе жеке тұлғаның атында тіркелсе, онда ол тіркелген деп саналады.
Патенттер. Патент деп өнертабысты техникалық шешімін ,мемлекеттік растауын және сол адамға бекітілуін куәландыратын құжат, мақтау қағазы куәлік деп түсіндіріледі. Потенттің амалы оның берілген мемлекет территориясын да таратылады. Потент амалының мерзімі ұлттық заңдылық пен орнатылады(мысалға 15-20 жыл ). Сонымен бірге патент деп қандай да бір саудамен тауарды сатып алу ісінің құқығын куәландыратын құжат түсіндіріледі.
Лицензия (латин тілінен бостандықты, құқықты білдіреді) – сыртқы тауар операцияларын жүргізуге компетентті мемлекеттік органдарымен берілетін шешім (енгізу, шығару немесе мүмкін емес транзит) және т.б. Лицензиялау көмегімен экспортпен импортқа және бір кезде валюталық қаражат шығыстарынан мемлекеттік бақылау жүргізіледі.
«Гудвилл» немесе фирма құны. Осы материалды емес активтердің түрі іс-әрекет жасайтын кәсіпорынды немесе олардың құрылымдық бөлімшелерін сатып алу кезінде дамиды. Яғни осындай кәсіпорындар (бөлімшелер) нарықтық қатынастар кезіндегі, олардың баланстық құны бойынша емес, кәсіпорынның табыстық жағдайына, оның нарықта өндіретін өнімін және басқа да факторларын көздей отырып сатылады – сатып алынады. Сатып алу құнының баланс бойынша активтер сомасынан асып түсуі оның фирма бағасын құрайды.
Ұйымдастыру шығындарына жаңадан ұйым ашқанда жұмсалатын шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге, заң орындарына төленетін төлемдер, банктерде шот ашу үшін төлемдер, жарнамалар үшін төлемдер және т.б. шығындар жатады.
Сауда маркалары – ол тауарға, өнімге берілген атаулар, рәміздер, сауда белгілері.
Авторлық құқықтар – ол шығармалардың, әзірлемелердің және т.б. авторларының құқықтарын заңмен қорғау формалары.
Франшизалар – ол мемлекет меншінгіне ие болуға, коммуналдық қызмет көрсетуге және т.с.с. жұмыстар жасауға үкіметтік органдар беретін құқықтар.
Материалдық емес активтер ұйымның балансына кіріске бастапқы құнымен алынады. Егер кіріске құрылтайшының жарғылық қорына үлес есебіне алынатын болса, онда материалдық емес активтердің бағасы тараптардың келісімі бойынша бағаланады. Заңды және жеке тұлғалардың сыйы ретінде алынған болса, онда сол кездегі нарықтық баға бойынша бағаланады. Заңды және жеке тұлғалардан сатып алынған болса, сатып алған баға және оны алып іске қосуға жұмсалған шығындардың қосындысымен бағаланады.
Қайта құру кезеңінің басында акционерлік қоғамдар мен басқа да жекешелендірілген кәсіпорындардың барынша мол табыс тауып, мейлінше байып қалудың неше түрлі жолдары мен технологиялық жаңалықтары, құпия мәліметтері, сондай-ақ жеке тұлғаның өзінің тапқан ғылыми жаңалықтары болды. Оны «ноу-хау» деп атайды, ол ұйымның үлес қосушылары мен құрылтайшыларының жарғылық қорға қосқан үлесі есебінде есептеледі. Оның бастапқа құны балансқа алған уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша анықталады.
Кәсіпорында МЕА объектілерін қабылдау немесе тапсыру құжатпен, яғни актімен ресімделеді, онда МЕА толық атауы, жасалған айы, күні, алушы ұйымға тапсырылған уақыты, толық сипаттамасы, құны, тозу нормасы және тағы басқа қажетті деректер көрсетіледі.
МЕА аналитикалық есебі олардың әрқайсысына жеке-жеке ашылған инвентарлық карточкаларда жүргізіледі. Басқа кәсіпорындарға өткізгенде осы қарточкада тиісті жазу жазылады.
«Интелектуалды меншік» түсінігі үнтаспа, орындаушы-әртістер, радио және теледидар бағдарламалары, патентті құқық және ойластыру, ғылими ашылу, өндірістік үлгілер құқық, тауар белгілер, фирмалық атау және коммерциялық мағына, қажет емес бәсекелестер, сонымен қатар өндіру, ғылым, әдебиеттер, өнерге және басқада құқық ісіне қатысты авторлық құқықтарын, құқықтарын қамтиды.
Қазіргі таңда интелектуалды меншікті таратушы – жеке азаматтардың интелектуалды меншікті кәсіпорын жарғы қорына салымдар жиі жүзеге асуда (ірі ғалымдар, инжерлер, әртістер және т.б).
Материалды емес активтердің бар болу және айналым есебі «Материалды емес активтер» 2700 бөлімше шоттарында жүргізіледі:
– 2710 «Гудвилл»;
– 2720 «Гудвиллді қамтамасыз ету»;
– 2730 «Басқа да материалды емес активтер»;
– 2740 «Басқа да материалды емес активтер құнсыздануы және амортизациясы».
Материалды емес активтер алғашқы құн бойынша осы шоттарда есептеледі.
Материалды емес активтер әр түрлі тәсілдермен түседі:
- құрылтайшылардан жарғы капиталына салым ретінде;
- сатып алу жолымен;
- заңды және жеке тұлғалардың екі жакты өтеусіз беруі.
Материалдық емес активтердің түсімі және істен шығуын материалдық емес актитердің қабылдау-табыстау актісімен ресімдейді. Актіде материалдық емес активтердің нақты атауы және кәсіпорынға жіберілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объект сипаттамасы, оның алғашқы құны, өтелім нормасы және басқа да керекті ақпараттар белгіленуі тиіс.
Қабылданған материалдық емес активтерді ресімдеу кезінде акт әр объектке бір данадан құрылады. Бірнеше бірүлгілі болып қабылданған материалдық емес активтерге, жалпы акт құруға болады. Акт қосымша құжаттамасымен ресімделгеннен кейін, материалдық емес активтердің немесе оның қолдану тәртібін, немесе осы объектінің басқа да кәсіпорынның мүлікті құқықтарымен растайтын құжаттары бас бухгалтермен және кәсіпорын басшысымен немесе уәкілетті тұлғамен тұжырымдалып, бухгалтерияға жіберіледі.
Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға жіберген кезде акт екі данада құрастырылады: материалдық емес активтерді қабылдайтын және ұсынатын кәсіпорын үшін. Материалдық емес активтердің жойылуы алғашқы құны бар, амортизациялық есептеу сомасы бар, баластық құны бар жойылу актісімен ресімделеді.
«Материалдық емес активтерді» бөлімше шоттары бойынша аналитикалық есеп «Материалдық емес активтердің мүкәммалдық есеп карточкасымен» жүргізіледі. Карточка кәсіпорынға түскен материалды емес активтердің барлық түрлерін есептеу үшін қолданылады. Мүкәммалдық карточка материалды емес активтері әрбір жеке объектілеріне бухгалтерия да ашылады. Карточка материалды емес активтердің объектісін кәсіпорынмен беру немесе алу фактісін тұжырымдайтын құжат негізінде бір данада толтырылады: «Материалды емес активтердің алу-беру актісі, техникалық және басқа да құжаттама».
Материалды емес активтердің есепке түсуі кестеде көрсетілген корреспонденциялық шоттар негізінде өндіріледі.
Кесте - Материалды емес активтердің түсу есебі
Операция мазмұны |
Корреспонденциялық шот | |
Дебет |
Кредит | |
Материалды емес активтердің жарғы капиталына салым ретіндегі түсімдері |
2730 |
5020, 5030 |
Материалды емес активтердің қайтарымсыз беру тәртібі бойынша түсімдері |
2730 |
6280 |
Заңды тұлғалардың материалды емес активтерін сатып алу |
2730 |
3310 |
Қосылған құн салығы |
1420 |
3310 |
Материалды емес активтердің істен шығуы келесі түрде болуы мүмкін:
- басқа ұйымдардың жарғы капиталына салым;
- бірегейлі істің қайтарымсыз берілуі;
- жою және іске асыру.
Материалды емес активтердің істен шығу кезінде олардың баланстық (қалдық) құны «материалды емес активтер» 10 бөлімше шотына сәйкес кредиттен 7410 шотының дебетіне есептен шығарылады.
Материалды емес активтерді өндіру табысы «материалды емес активтерді өндіру табысы» 6210 шотының кредиті юойынша көрсетіледі.
Материалды емес активтердің өндірістік шаруашылық ісінің үдерісінде моральды тозуына алып соғады. Бірақ шығынды есептеудің басты мақсаты моральды тозудың материалды емес активтерімен байланысты шығындарды жабу көзін құру үшін емес амортизацияның өнімнің өзіндік құнын немесе кезен шығындарын жабу көздерін пайда болдыруда. Материалдық емес активтердің амортизация есебі үшін 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» шоты жасалған: Бұл шот пассивті, реттеуші, контрактивті. Осы шоттың кредиті бойынша айдың басындағы амортизация қалдығын, амортизацияның, ағынды айда есептелген және есепті айдың аяғындағы амортизация қалдығын көрсетеді; дебет бойынша- материалды емес активтердің амортизациясын есептен шығару (азайту).
Материалды емес активтер бойынша амортизациясы ай сайын алғашқы құнының нормаларымен есептелген және материалды емес активтерін топшылама қолдану мерзімінде есептеледі. Материалды емес активтердің амортизация өлшемін анықтау үшін жылдың басында және алғашқы айында «Материалды емес активтердің амортизациясын есептеу тізімдемесі» құрастырылады. Амортизация (шығын) есептеу сомасына «Тауарды өткізу бойынша шығындар(жұмыс, қызмет)» 7110, «Жалпы және әкімшілік шығындар» 6210, «Материалды емес активтердің амортизациясының және негізгі қаражаттардың шығыны» 8310, «Аяқталмаған құрылыс» 2610 және басқа да шоттары дебеттеледі және «Материалды емес активтердің амортизация» шоты кредиттеледі. Материалдық емес активтердің есептелген амортизациясы сомасын, сәйкес машинограммаларға және есептік тіркелімдерге жазады. Материалдық емес активтердің шығып қалған объектілерінің амортизация құнының есеп шығарылуы «Материалдық емес активтер амортизациясы» бөлімшелер шотының дебеті бойынша және «Материалдық емес активтер» бөлімше шотының кредиті бойынша көрсетіледі.