Курылыстағы бухгалтерлік есеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 13:55, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынасқа көшкенге дейін дәстүрлі жүйеленген түрде жүргізіп келген. Үздік үлгідегі ұзақ жыл өміршеңдігімен пайдаланылған техникалық мөлшерленген базалық актілер құрылыс – монтаж жұмысының дұрыс талдануына септігін тигізген. Ал, нарықтық қатынасқа көшкеннен соң, жүйе бұзылып, құрылыс кәсіпорындарында басқадай көзқарас пайда болды. Яғни, сұраныс деңгейі жоғарылаған сайын баға өсіру тиімді болып есептелді. Бірақ, осыған қарамастан бүгінгі күні аталмыш сала заң актілеріне сүйеніп құрылыс – монтаж жұмыстарын орындап келеді. Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесіне сай бухгалтерлік есеп стандарттарының №6 және 12, халықаралық қаржылық есептеме стандарттарының №11 және 16 тікелей сметалық жүйедегі табыс пен шығындар құрамын анықтаумен тікелей байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................................................3

1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІ..........................................................................................................................................5
1.1 Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері..........................................................................5
1.2 Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі.....................................................................................................................................................8
1.3 Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу...........................................12

2 «СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ, ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨЛЕУ.................................................................................................................................................16
2.1 Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім – шарт қаралған шектелген және еркін баға..............................................................................................................................................16
2.2 Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және
құжаттау...............................................................................................................................................19
2.3 Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен түрлері..........................................................22

3 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ МЕН ҚҰРЫЛЫС – МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ.........................................................................................................................28
3.1 Шығындар есебінің мәні және жіктелуі......................................................................................28
3.2 Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы бойынша шығын есебі.......................................................................................................................................................32
3.3 Аяқталмаған құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану........................................................................................................................................................37

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................................................41

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................................................................................42

ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

салықтан жоба.doc

— 549.50 Кб (Скачать документ)

Мысалы:

Мердігер қаржылық есептілікте келісім бойынша шығынды тани отырып, тапсырысты орындады және оны тапсырыс берушіге өткізді. Бірақ, бұдан кейін тапсырыс берушінің келісім бойынша (әртүрлі жағдайларға байланысты) төлей алмайтындығы анықталды. Бұл жағдайда есептеу қағидасына сәйкес табыс бұрын танылғандықтан, тапсырыс берушіден алмаған соманы келісім-шарттағы шығындарға қосу керек. Табыс сомасына түзету жасалмайды, өйткені толығымен алынбаған табыс туралы ақпарат шаруашылық қызметтің бұрынғы жағдайларын бағалаған, ол ақпарат қаржылық есептілікті пайдаланушыларға маңызды болып табылады. Мердігерге байланыссыз форсмажорлық жағдайларда алынбаған, бірақ қаржылық есептілікте көрсетілген табыс мердігердің қызметінің нәтижесі болып саналады және объективті бағалануы тиіс.

Зияндарды тану. Құрылыстық жұмыстарды жасау барысында кейбір жағдайларда және құрылыс жұмысы басталмас бұрын мердігерлік келісім шегіндегі толық шығындардың толық табыстардан асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда шаруашылық болжамды шығындар олар пайда болған кезеңнің шығындары ретінде танылуы керек. Қаржылық есептілікте шығындар табыстарға қосылмастан танылады (табыстардың жалпы сомасы болжамды шығындар сомасын жапса да). Осыған орай мысал келтіретін болсақ, төмендегідей тәртіпте қарастырамыз.

Компания құрылысқа үш мердігерлік келісім жасасты: екі келісім-шарт бойынша жалпы сомасы 50000 мың теңге, үшінші келісім-шарт бойынша болжанған шығынның жалпы сомасы 15000 мың теңге танылды. Мұндай жағдайда қаржылық есептілікте жалпы табыс сомасы жалпы шығын сомасынан асып кетуіне және оны басып қалуына қарамастан, табыстар мен шығындар бөлек-бөлек танылуы керек.

БЕС 12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім» және ХҚЕС 11 «Мердігерлік келісім» сәйкес зияндарды тану шарттарында біршама айырмашылық бар екендігін ескеру керек, олар:

Құрылыс-монтаж жұмысымен айналысатын кәсіпорындардың өз қызметінің құрамында қосалқы және қосымша өндірістерін ашуға мүмкіндіктері бар. Себебі, мұндай өндірістер негізгі өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне пайдалы әсер етеді. Қосалқы өндірістік шаруашылықтар өз бетінше бір құрылым болғанмен, мысалы ағаш бұйымдарын жасайтын цех, кірпіш өндіретін шағын зауыт, конструкциялық бұйымдар цехы тікелей негізгі құрылыс өндірісінің сұранысын толық және уақытында қамтамасыз етіп отыру үшін қызмет жасайды. Сонымен қатар, негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығару жұмысына ықпал етіп және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл — қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автокөлік және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8030 «Көмекші өндіріс» шоты арналған және ол «Цехтардың шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндірістік нысан үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

Көмекші өндірістердің  әрбір цехтары бойынша шығындарын есепке алу «Цехтар шығындары» деп аталатын ведомоста көрсетіледі. Ведомостқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алынып жазылады.

Көмекші өндірістік талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіру мақсаты үшін пайдаланылатын буды, суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Қосымша өндірістің күрделеніп, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектісін немесе біртекті емесін көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдіс қолдануға мәжбүр етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Курстық жұмысты қорыта келе, құрылыс кәсіпорынындағы бағаны белгілеу жүйесінің алдына қойған мақсаты — нақты орындалған құрылыс жұмыстарына төлеуге дайын тапсырыс берушінің ең тиімді бағасын анықтау, сонымен қатар күтілетін пайдамен байланысты баға бойынша осы қызметті тапсырыс берушіге көрсету мүмкіншіліктерін зерттеу. Осылайша, басқару есебінің болашағы құрылыс өнімдерінің өзіндік құнын анықтаумен ғана емес, сондай-ақ құрылыс өнімдерін өткізуде маңызды орын алатын босату бағасымен тікелей байланысты.

Құрылыс кәсіпорындарының барлық жауапкершілік орталықтары  бойынша өзіндік құн жауапкершілік атқарушылар қызметін жоспарлау мен бақылау жүргізгенде қолданылады. Негізгі есептің бірлігі мен шығындарды бағалау объектісі ретінде жауапкершілік орталық болып табылады. Өндіріс шығындарының аналитикалық есебі өнімнің бір өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл әрбір калькуляциялық (есептік) объектіге ашылған карточкалар немесе арналған ведомость арқылы жүзеге асады. Осы ведомостарда (карточкаларда) шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарда айдың басы мен соңындағы цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ай ішіндегі шығындар, дайын өнімді, түпкілікті ақауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, қайтымды қалдықтарды есептен шығару және басқа да есептен шығарулар көрсетіледі. Ведомостарға (карточкаларға) тиісті мәліметтерді жазу үшін қажетті құжаттар мен талдамалық кестелер негіз болады. Ведомостар (карточкалар) бойынша жиынтық әр цех бойынша көрсетіледі, ал аяқталмаған өндіріс қалдықтарының сомасы бас кітапта көрсетілген 8010 шоты бойынша қалдықтарға тең болуға тиіс. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу ведомостарының (карточкаларының) деректері бойынша шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз (накладной) арқылы қоймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің құнына 1320 «Дайын өнім» шоты дебеттеледі және 8010 шоты кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 7010 шоты дебеттеледі де, 8010 шоты кредиттеледі.

Құрылыс машиналарын  қолдануды жақсарту мақсатында олар механизация басқармасына (трест) біріктірілуі мүмкін. Мердігер кәсіпорындар механизация басқармасының қызметінің құнын 8010 шоттың дебетінде «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары» бабында, 3310 шоттың кредитінде көрсетеді.

Егер мердігер кәсіпорын  машиналарды жалға алса, онда жалдың есебі 8030 «Көмекші өндіріс» шотының «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану» субшотында және басқа шығындарына қосылып, осы машинаның қызметінің құнына апарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері» Оқу құралы 2008ж.
  2. Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». Алматы Экономик'С, 2003
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23 мамыр 2007ж бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
  4. Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т.Коммерниялық кәсіпкерлік негіздері. Оқу құралы. — Алматы Казақ университет., 2004.
  5. Сариев Д.Б. «1с:кәсіпорын» жүесінің бүгінүгі күнгі жетістіктері // Егемен Қазақстан газеті, 2008 ж.
  6. Назарова В.Л., М.С. Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Алматы- Экономика, 2005.-298 бет..doc
  7. Бухгалтердің және шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру.// Бухгалтер бюллетені №15  27.03.2008
  8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А.Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы Экономик'С, 2003. - 360 бет..
  9. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. (халықаралық стандарт) оқулық - Алматы 2006 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №1

 

 

Тариф кестесінің бірыңғай разряды

Тарифтік коэффициент (1-разрядқа қатынасы)

Тариф кестесінің бірыңғай разряды

Тарифтік коэффициент (1-разрядқа қатынасы)

1

1,0

12

2,20

2

1,07

13

2,37

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,41

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05

   

 

 

 

Қосымша №2

 

Үстеме шығындарды жұмыстар түрлері арасында бөлудің есептері төмендегідей кестелерде жүргізіледі.

 

Жұмыс түрлері

Тікелей шығындар сомасы (мың тг.)

Үстеме шығындар пайызы

(гр.3 : гр.1 х 100)

Үстеме шығындар сомасы

(мың тг.)

А

1

2

3

Құрылыс жұмыстары

     

Қондырғыларды монтаждау

     

Капиталды жөндеу

     

Барлығы:

     

 

Үстеме шығындарды құрылыс  объектілері  арасында бөлудің есептері.

 

Құрылыс объектілері

Тікелей шығындар сомасы

(мың тг.)

Үстеме шығындар пайызы

Үстеме шығындар сомасы

1. А цехының ғимараты 

     

2. № 1 цехының ғимараты

     

3. Цех қоймасының ғимараты

     

4. Гараж

     

Барлығы:

     

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №3

       

      № КС-2 үлгісі

Тапсырыс беруші           

 

 

Бас мердігер           

 

 

Келісім-шарт №  « »   200   жыл.

 

 

Құрылыс-монтаж жұмысы аяқталған       

нысан бойынша № қабылдау актісі.

 

 

Айы

Шифр

Құрылыс кәсіпорыны

Учаске атауы

Нысан

   

 

 

Құрылыс атауы және мекен-жайы        

 

 

Нысанның атауы және негізгі техникалық сипаты     

 

 

Аяқталған құрылыс нысанының  құрылыс-монтаж жұмыстарының құны              

(жобалық жұмыс сызбасы  бойынша сметалық және қосымша  шығынадар)

 

 

Тапсырдым, мердігер          

                                      (қызметі, аты-жөні және қолы)

 

 

Қабылдадым, тапсырушы         

                                      (қызметі, аты-жөні және қолы)


Информация о работе Курылыстағы бухгалтерлік есеп