Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 13:55, курсовая работа
Нарықтық қатынасқа көшкенге дейін дәстүрлі жүйеленген түрде жүргізіп келген. Үздік үлгідегі ұзақ жыл өміршеңдігімен пайдаланылған техникалық мөлшерленген базалық актілер құрылыс – монтаж жұмысының дұрыс талдануына септігін тигізген. Ал, нарықтық қатынасқа көшкеннен соң, жүйе бұзылып, құрылыс кәсіпорындарында басқадай көзқарас пайда болды. Яғни, сұраныс деңгейі жоғарылаған сайын баға өсіру тиімді болып есептелді. Бірақ, осыған қарамастан бүгінгі күні аталмыш сала заң актілеріне сүйеніп құрылыс – монтаж жұмыстарын орындап келеді. Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесіне сай бухгалтерлік есеп стандарттарының №6 және 12, халықаралық қаржылық есептеме стандарттарының №11 және 16 тікелей сметалық жүйедегі табыс пен шығындар құрамын анықтаумен тікелей байланысты.
КІРІСПЕ................................................................................................................................................3
1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІ..........................................................................................................................................5
1.1 Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері..........................................................................5
1.2 Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі.....................................................................................................................................................8
1.3 Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу...........................................12
2 «СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ, ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨЛЕУ.................................................................................................................................................16
2.1 Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім – шарт қаралған шектелген және еркін баға..............................................................................................................................................16
2.2 Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және
құжаттау...............................................................................................................................................19
2.3 Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен түрлері..........................................................22
3 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ МЕН ҚҰРЫЛЫС – МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ.........................................................................................................................28
3.1 Шығындар есебінің мәні және жіктелуі......................................................................................28
3.2 Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы бойынша шығын есебі.......................................................................................................................................................32
3.3 Аяқталмаған құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану........................................................................................................................................................37
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................................................41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................................................................................42
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................................
Салыстырымдылық бұл — бухгалтерлік қорытынды есептің бір кезеңдегі мәліметінің екінші есепті кезеңнің мәліметімен салыстырылып көрсетілуі болып табылады.
Белгіленген заңға сәйкес, есеп беру кезеңі барлық кәсіпорындар үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралық болып бекітілген.
Бірінші қорытынды есеп
жылы болып кәсіпорынның жаңадан
құрылған күнінен бастап немесе кәсіпорынның
қайта ұйымдастырылған
Егер кәсіпорын тіркеуден 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өткен жағдайда, ол кәсіпорынның алғашқы есеп беру уақыты келесі жылдан басталады. Кәсіпорынның тіркеуден өткенге дейінгі операциялары бойынша шығындары алғашқы жасалатын бухгалтерлік қорытынды есепке қосылады.
Қаржылық есептілік № 30 ҚБЕС-на сәйкес жасалады. Қаржылық есептілік, оған аудиторлық және тексеруші комиссияның қорытындысы берілгеннен кейін серіктестіктің қатысушысына ұсынылады.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазулар жұмыс шоттар жоспарының классификациясына сәйкес болуы керек.
Қаржы-шаруашылық операцияларын құрудың бастапқы құжаттары болып Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің талаптарына және жақтардың келісіміне сәйкес рәсімделетін шарттар, келісімдер, бұйрықтар және т.б. табылады. Бастапқы құжаттар 1994 жылғы 16 қарашадағы № 73 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистикалық комитетімен бекітілген бастапқы есеп құжаттарының ведомствоаралық нысандар альбомына сәйкес рәсімделеді.
2-бөлім. «СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ, ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨЛЕУ
2.1 Құрылыс жұмыстарын
бағалаудың ерекшеліктері,
Құрылыс өнімі болып ғимарат, қондырғылар, өндіріс күштері, тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық объектілер және тағы басқалар саналады. Құрылыс құны сметамен анықталады. Смета — объектіні салуға кететін қоғамдық қажетті шығындарды санау, яғни құрылыс өнімінің құны.
Сметаны жасауда «СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС қажетті материалдар шығындарының, конструкцияның, детальдардың, еңбекақы шығындарының, материалдардың нарықтың бағасының сметалық нормалары және үстеме шығындардың нормалары қолданылады. Жобалы-сметалы құжатты жасағанда бухгалтерлік есептің мәліметтері қолданылады.
Капиталды құрылыста ереже бойынша құрылыс өнімінің келісім бағасының екі моделі — шектелген және еркін (ашық) бір мезгілде қолданылады.
Бекітілген келісім құнын анықтауға — келісімнің нақты жағдайлары ескеріле отырып, сметалық нормативтердің жүйесі мен пайдаланылатын ресурстардың бағасының өзгеру индекстері негіз болады.
Құрылыс өнімінің еркін (ашық) келісім құны мердігерлердің тапсырысты өткізгенде барлық процедураларды сақтай отырып, мердігер кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік жағдайында қолданылады.
Мердігер кәсіпорындар мен тапсырыс берушілердің келісім-шартының құрамында көрсетілген құрылыс өнімдеріне келісім бағалар ведомостың рәсімдейді. Аталған келісім бағалар ведомостының формасы № 1 формада көрсетілген.
Құрылыс өнімдерінің келісім бағаларының құрамында мердігерлердің орындаған жұмыстарының құны көрсетіледі. Сонымен қатар, келісім бағаларының құрамына келісім бойынша мердігерге берілген басқа да жұмыстармен байланысты шығындар да кіреді, атап айтсақ белгілі бір объектілерді салғанда, оны қажетті құрал-жабдықтар мен т.б. материалдармен қамсыздандыру.
Құрылыс процесіндегі орындалған жұмыстарды қабылдау мен есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі мен тәртібі келісім-шартта тараптардың келісімімен бекітіледі.
Кәсіпорындар мен мердігерлер арасындағы орындалған құрылыс-монтаждық және құрылыс-жөндеу жұмыстарының есебі конструктивті элементтері бойынша, келісілген шарттың кезеңдері бойынша немесе келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады.
Ай сайынғы орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың есебі кәсіпорын мен мердігерлердің өзара келіскен формалары бойынша, яғни нақты орындалған жұмысқа толтырылған наряд бойынша жүргізіледі.
«СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС басқару есебінің негізгі мақсаты әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге дұрыс шешім қабылдау үшін ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Құрылыста басқару есебінің басқа есептерден ерекшелігі, кәсіпорынды басқарудағы ақпараттық жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.
Сызба №1
Бағалық саясат — «СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС басқару есеп жүйесінің маңызды элементтерінің бірі, ол орындалған құрылыс жұмыстарына баға белгілеп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі нарықтық жағдайдағы бағаларды басқару үрдісін атқарады.
«СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС бағаны белгілеу жүйесінің алдына қойған мақсаты — нақты орындалған құрылыс жұмыстарына төлеуге дайын тапсырыс берушінің ең тиімді бағасын анықтау, сонымен қатар күтілетін пайдамен байланысты баға бойынша осы қызметті тапсырыс берушіге көрсету мүмкіншіліктерін зерттеу. Осылайша, басқару есебінің болашағы құрылыс өнімдерінің өзіндік құнын анықтаумен ғана емес, сондай-ақ құрылыс өнімдерін өткізуде маңызды орын алатын босату бағасымен тікелей байланысты.
«СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС баға белгілеу әдістемесін келесі факторларды негізге ала отырып қалыптастырады. Олар: құнын анықтау барысында өнімнің жеке түрі мен көрсетілетін қызметтің арасында бөлінетін тікелей және жанама шығындардың деңгейін анықтау өте маңызды.
Әлемдік тәжірибеде өнімнің ең төменгі бағасын анықтайтын екі тұжырымдама кеңінен тараған. Олар:
— толық өндірістік өзіндік құн негізінде;
— айнымалы шығындар негізінде.
Толық өндірістік өзіндік құн негізінде белгіленген бағаның мәні: сауда үстемақысы мен өнімнің толық өзіндік құны жинақталады. Өнім бірлігінің толық өзіндік құны тұрақты және айнымалы шығындар сомасын өндірген өнімнің көлеміне қатынасы арқылы анықталады.
Айнымалы шығындар негізінде белгіленген баға «баға толық шығынға емес, тек қана айнымалы шығынға тәуелді» деген қағидаға негізделіп, пайданы қалыптастырады. Оның мөлшері алдына қойған мақсатына қол жеткізуге тәуелді болады (нарықтың сегментін ұлғайту, пайданы көтеру және т.б.).
Ең төменгі бағаны айнымалы шығындарды пайдалана отырып, екі тәсілмен де анықтауға болады:
— өнімділіктің деңгейін болжауға негізделген орташа айнымалы шығындар негізінде;
— өндірістің қосымша шығындары негізінде.
Құрылыс саласының ерекшелігіне байланысты өндірістің қосымша шығындары негізінде белгіленген баға тиімді болып табылады. Себебі, құрылыстағы сұраныс тапсырыстың көлемімен өлшенеді, ал босату бағасын анықтағанда сұраныстың көлемі есепке алынады. Сонымен қатар, өндірістің қосымша шығындары негізінде белгіленген баға бәсекелестіктің тұрақты деңгейін және оның бағаға әсерін көрсетеді.
2.2 Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және
құжаттау
Құрылыстың сметалық құны — жобаланған материалдар негізінде анықталған ақша-қаражат сомасының жиынтығы. Құрылыстың сметалық құны құрылысқа салынған инвестициялар мөлшерін анықтауға, құрылыс өнімдеріне бағалардың қалыптасуына, мердігерлік келісім-шартты құру мақсатында тапсырыс берушіге мердігерлік құрылыс қызметтерін сатып алуды жүзеге асыруға, орындаған мердігерлік жұмыс бойынша Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заң актілеріне сәйкес есеп айырысудың негізі болып табылады.
Сметалық құжаттар құрылымында келесі түсініктемелер қолданылады. Олар:
1. Құрылыстың объектісі — жеке ғимараттар (өндірістік цех, қойма, тұрғын үй және т.б.), оған жататын барлық құралдар, жиһаздар және қосалқы бөлшектер.
2. Өндірістік құрылыс немесе тұрғын үй кешенінің құрылыс объектілеріне: сыртқы қосалқы құрылыс жайлары (сумен, газбен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ету, канализация), кіре беріс (подъезд) жолдары, баска да қоғамдық жұмыстар жатады.
Кейбір құрылыс түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты құрылыс объектілеріне кіретін ғимараттар мен құрылыс жайлары төмендегідей қарастырылады:
— мұнай және газ өнеркәсібінде — мұнай немесе газ скважинасы (эксплуатациялық немесе барлау), оған жататын барлық құралдар, қосымша құрылыс жайлар мен жұмыстар;
— көмір және тау-кен өнеркәсібінде — өткел мен тау өнімдерінің құралдары және жер асты шахтасының құрылыс жайлары;
— орман және ағаш еңдеу өнеркәсібінде — ағаштарды іріктеу бойынша участок;
— су шаруашылығында — жерлерді суландыру мен құрғату арқылы жердің құнарлылығын арттырумен байланысты барлық жұмыс түрлері;
— темір жол құрылысында — темір жол төсемі (полотно), байланыс желілері, ДО (дабылдық орталықтандыру, блокировка), энергиямен қамтамасыз ету.
— көлік құрылысында — көлік жол төсемі, су құбырлары және басқа да құрылыс жайлары.
Желілік құрылыстың (темір және көлік жолдары, магистральды өткізгіш құбырлар, электр және байланыс желілері) объектісі ретінде бір участоктың шегіндегі ғимараттар мен құрылыс жайлары қарастырылады. Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың негіздері:
— қолданылып жүрген заңдар;
— қолданылып жүрген сметалық нормативтер (нормалар мен бағалар);
— жобалық құжаттама.
Құрылыстың сметалық құны инвестициялардың құрамына және құрылыс-монтаж қызметін жоспарлау тәртібіне сәйкес келесі жұмыс пен шығындардың түрлері бойынша бөлінеді:
— құрылыс-монтаж жұмыстары;
технологиялық құралдарды, бұйымдар мен жиһаздарды сатып алумен байланысты шығындар;
— басқа да шығындар.
Құрылыс-монтаж жұмысының құрамына төмендегілер кіреді:
— ғимараттар мен құрылыс жайларын салумен байланысты жұмыстар;
— ішкі су желілерін, канализация, жылу, газ, желдеткіш пен өткізгіш құбырларын жасаумен байланысты жұмыстар;
— тұрғын және қоғамдық ғимараттарды электр желісімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар;
— көгалдандырумен байланысты жұмыстар.
Құрылыс сметасында көрсетілетін бұйым, жиһаз және құрал жабдықтардың құнына төмендегілер кіреді;
— сатып алу мен қоймаға жеткізу құны;
— стандартталмаған құрал-жабдықтардың, оның жобалау құнымен қоса есептелген құны;
— күрделі механикалық
құрал-жабдықтар мен
— монтаждық құрал-жабдықтардың құны. Құжаттамалардың сметалық құрамы дайындалған жобалық сметасы мен объектінің техникалық күрделілігінің тәуелділігімен анықталады.
Жобаның құрамына келесілер енеді:
— шығындарды жинақтау (қажеттілік туындаса);
— жиынтық сметалық есеп;
— құрылыс құнының сметалық есебі;
— объектінің және жергілікті (локальды) сметалар;
— объектінің және жергілікті сметалық есептер (қажеттілік туындаса);
— жеке шығындар түрлерінің сметалық есебі (қажеттілік туындаса).
Жұмыс құжаттамасының құрамына келесілер енеді:
— объектінің және жергілікті сметалар;
— жергілікті сметалар бойынша ресурстық ведомостар. Сметалық құжаттамада бір мезгілде құрылыс объектісінің сметалық құнының ведомосты мен қоршаған ортаны қорғаумен байланысты жұмыстар және объектінің сметалық құнының ведомосты дайындалады.
Жобаның құрамындағы сметалық құжаттамаға түсініктеме жазбалар ұсынылады, онда келесілер көрсетіледі:
— құрылыс орналасқан ауданға сілтеме;
— құжаттарға сәйкес дайындалатын сметалық құжаттамаға сілтеме;
— басқа да шығындарды құрастыруға негіздеме. Сметалық құжаттамаларды құрғанда сметалық-нормативтік негіз (база) қолданылады, онда құрылыс қызметкерлеріне еңбекақыны берумен байланысты шығындар, материалдық-техникалық ресурстың бағалары мен тарифтері және құрылыс саласында көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер тіркелген.
Құрылыстың сметалық құжаттамасындағы сметалық құны базистік-индекстік әдіспен анықталады. Құрылыстың сметалық құнын анықтайтын базистік – индекстік 2001 жылғы базистік деңгейде анықталған құнға қатынасып пайдалануға негізделген.