Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 10:28, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны- кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................3
I-ТАРАУ.Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі......................................................4
1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы,
құрылымы.......................................................................4 1.2. Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері....14
II-ТАРАУ.ААҚ «ТҰК Казхром»экономикалык
қызметін талдау...........................................................15
2.1.ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі,мақсаты, мүлігі және капиталы........................ 20
2.2. Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану
тиімділігі,техникалық- экономикалық көрсеткіштерін талдау...........................................................................25
III-ТАРАУ.Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары...............32
Қортынды........................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер...............................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

строго курсавой не удалять - копия.doc

— 250.50 Кб (Скачать документ)

Амортизация суммасы = (негізгі құралдардың орташа жылдық құны*амортизация нормасы)* 100;

 

 

 

 

 

 

 

 

   II-Негізгі бөлім.ААҚ «ТҰК Казхром» экономикалық     

                               қызметін талдау

2.1. ААҚ «ТҰК Казхром»  құрылуы және органдары, қызметі,мақсаты, мүлігі және капиталы.

     ААҚ «ТҰК Казхром» 2006 жылы құрылды. ААҚ «ТҰК Казхром» құрамына: 1995 жылдың 18 қаңтарынан жұмыс жасайтын (феррохром, ферроселиция, ферросиликохром, ферроселикомарганец, ферромарганец өнеркәсібі), «Ақсу ферробалқыту заводы», АҚ «Феррохром» (ферросилихром, жоғары-,орта-,төмен- көміртекті феррохром өндірісі) және  ААҚ «Донской ГОК» (алдыңғы екі өнеркәсіп үшін хром рудаларын игереді және өңдейді) өнеркәсіптері кіреді.

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша Комиссиясының шешімі бойынша, 2010 жылдың 20 шілдесінен бастап, ААҚ «ТҰК Казхром» халықтық ашық акционерлік қоғам статусына ие болды.

Қазқстан Республикасы Үкіметінің 26.07.10 жылғы шешімі бойынша «АҚ «ТҰК Казхром» туралы сұрақтары және 27.07.10 жылы өткен «ТҰК Казхром» акционерлері қатысуымен болған жиналысы бойынша, «ТҰК Казхромды», АҚ «Феррохром» (Ақтөбе; электроферробалқытулар өндірісі), ААҚ «Донской ГОК» (Хромтау, Ақтөбе облысы; қара металл руда өндірісі) компанияларын біріктіру арқылы қайта құру туралы» шешім қабылданды. Біріктірілген акционерлік қоғамдарының мүліктері базасында ААҚ «ТҰК Казхромды» құру көзделді.

Қоғам органдары.

Қоғам органдарына жатады:

  1. Жоғарғы орган- Толық акционерлер жиналысы;
  2. Басқару органы- Директорлар советі;
  3. Атқарушы органы- Правление;
  4. Бақылаушы орган- Ішкі аудит службасы.

Қоғамның қызметі және мақсаты.

Қоғамның негізгі мақсаты- хром рудаларын, феррохромның түрлі маркаларын, лигатур, модификаторлар, халықтық тұтыныстағы тауарлар өндірісі және сатудан, және оларды Қоғам акционерлерінің мүдделеріне пайдаланудан неғұрлым жоғары пайда табу.

 Қоғамның негізгі  қызметі болып саналады:

  • Танып білмеген, өндіруге дайындық үстіндегі жерлерді бақылау;
  • Құрамында металл бар рудаларды өндіру, өңдеу, олардан өнім дайындау;
  • Тауарларды өндіру және сату, жұмыстың орындалуы және кәсіпорындарға көрсетілген қызмет;
  • Заңға байланысты сыртқы экономикалық қызметі;
  • Құрылыс-монтажды және проекті жұмыстары;
  • Магистральді мұнайгаз құбырларын эксплуатациялау;
  • Металлургиялық, тау- шахталық құрылғыларды химиялық жөндеу;
  • Көтергіш қондырғыларды жөндеу және монтаж;
  • Түсті металлдар және ломды сақтау, жинау, сату;
  • Тау өндірістерін эксплуатациялау;
  • Медициналық қызмет;
  • өлшеу құралдарын тексеру;
  • теміржолмен жүк тасымалдау;
  • қауіпті жүктерді автотранспортпен тасымалдау;
  • құрылыс материалдарын өндіру және конструкциялау;
  • өндірістік объектілерін электромонтаждау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқада қызмет түрлері.

Жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлығын Қоғам жүзеге асырады, егер олпрда осы қызметтерді орындауға арнайы лицензиялар мен рұқсаттамалар болса.

Өндіретін өнімдерінің негізгі түрлері: жоғарыкөміртекті феррохром, ферросилиций, ферросилихром, ферросиикомарганец. Өнімдер сталь және балқымаларды қышқылдандыру, легирлеу, шойынды легирлеу, модифицирлеу, металл алған кезде селикаметрикалық әдіспен қалпына келтіру үшін қолданылады. Әр түрлі өнім өндіру, әлемдік нарықтағы сұранысқа және сталь өнімінің көлеміне байланысты болады. Соңғы жылдары ферросилиции өндірісінің көлемі төмендеп, көміртекті феррохром және ферросиликомарганецтің өндірісі көлемі өсуін байқауға болады. Мақсаты- балқымалардың ассортиментін кеңейту, әсіресе марганец, және феррохром өндірісінің қуаттылығын арттыру.

 Қазақстан Республикасы кәсіпорындары үшін ферробалқымаларының қажеттігі өте қатты маңызды емес, сондықтан бұл өндіріс өнімдерінің көлемін экспорт үшін арттыру тенденциясы орын алады. Компания өнімдерінің негізгі тұтынушылары (95%)- жақын және алыс шет ел болып табылады. Өнімдердің көп бөлігі жоғары сапалы және тозуға тұрақты сталь өндіретін, литийлі сталь өнеркәсіптеріне сатылады, ол негізгі 4 аймаққа: Еуропа, Қиыр Шығыс, США, ТМД елдерінде тұтынысқа ие. Бірақ компания өз өнімдерін шығаруды болжамдайтын бірнеше нарық бар: Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр Шығыс елдері, Үндістан және Оңтүстік Американың кейбір қалалары.

  «Донской ГОКтан»  басқа, негізгі, рудалы шиказаттармен (марганец рудасы, кварцит) қамтамасыз ететін- Қазақстанның өндіруші кәсіпорындары (Жезқазған және Қарағанды облыстары) болып табылады. Олар ұзақ мерзімді контракттар негізінде, зауыттың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сабақты (стружка) Қазақстан Вторчерметі, коксты- Алтай коксо- химиялық және Төменгі Тагильдік металлургия комбинаты (Ресей) жабдықтайды.

90- шы жылдары, әріптестік  байланыстардың бұзылуы мен СССР құлдырауына байланысты кризистік жағдайлардан болған, өндірістің күрт төмендеуі кәсіпорындар үшін ауыр соққы болды. Басқарушы инвестор- фирма «Japan Chrome Corporation» келуімен жағдай жақсара бастады. Ол- өндірісті қажетті айналым капиталы мен өндірістік базаны жетілдіруге бағыталған инвистициялармен қамтамасыз етті. Басқару кезеңінде компанияның өндірістік және сауда стратегиялары өзгерді. Өзінің бәсекеқабілеттілігін сақтау және әлемдік нарықы жаулау үшін сапаны жоғарылату, өнім ассортиментін кеңейту; өндірістік процессті қайта құруға, пештерді реконструкциялау мен модернизациялауға, технологияларды жаңашылдандыруға байланысты өзіндік құнды төмендету шаралары мақсатты түрде жүзеге асырылуда. 2007 жылы «Japan Chrome Corporation» фирмасы жойылған АҚ «Қазақмарганец» мүліктік комплексін сатып алды да, аренда ретінде «Ақсу ферробалқыту зауытына» берілді. Мүліктік комплестің құрамына: нәзік рудаларды 250 мың тонна қуаттылығымен жылына 75 мың марганец концентратын өндіретін стационарлы байыту фабрикасы, қышқыл рудаларын 200 мың тонна қуаттылығымен жылына 100 мың тонна марганец рудасын өндіретін жазғы тазалау қондырғысы кіреді.

2009 жылы ферробалқыту өндірісі 1,1 млн. тонна деңгейіне жетті. Тауарлы ферробалқытудың тауарлы өндірісі 1 млн. тоннаға, 2007 жылмен салыстырғанда 134,1% ке өсті. Тауарлы феррохром көлемі 750 мың тоннаны құрады, 2007 жылмен салыстырғанда 59,8% ке өсті. Силикомарганец өндірісі езірек дамыды және 2009 жылы 130,9%ті құрады, ол 2007 жылдан айтарлықтай жоғары. Ары қарай өндірістің дамуы- шикізаттық марганецті рудалық база- «ТУР» (Жезқазған облысы) иелігінде болды.

2009 жылы, әлемдік нарығының коньюктурасына байланысты, балқытылатын балқымаларының структурасын өзгертулері, ары қарай жалғастырыла берді. Сонымен әрі қарай дамытуды 2009 жылғы орта және төмен көміртекті феррохром өндірісі 74% ті құраған , 2008 жылмен салыстырғанда 20% ке жоғары, АҚ «Феррохром» қабылдады. Бұдан басқа, АҚ «Феррохром» завод және компания үшін жаңа, гранулданған ФС 15Г-реогентті ферросилиции маркасы (ауыр суспензияларды байыту үшін қолданылады) өндіріле бастады. 2008 жылдан басталған металлды хром өндірісі, 2009 жылы 120 тонна/айына дейін өсті.

2009 жылы АҚ «Донской ГОК» 2,6 млн. тонна тауарлы хромды рудасы өндірілді.  «Донской ГОКтың» таурлы хромды рудасын өндіруге қажетті тұрақтандыру және қалпына келтіру шаралары 2009 жылы енгізілген, «Поисковой», «Центральная», «Молодежная» шахталарынан енгізілген жаңа өндіру қуаттылықтары үлкен әсер етті.

Ақшалай көрсеткенде 2009 жылы толығымен компания бойынша 56090,7 млн. теңгеге тауарлы өнім өндірілді,соның ішінде тауарлы өнім көлемін құрады: Ферробалқыту Ақсу зауытында– 31886,5 млн. тг, ААҚ «Феррохром»- 13735,8 млн.тг, ААҚ «Донской ГОК»- 10468,4 млн.тг. Есепті жылдағы тауарлы өнім рентабельділігі: Ферробалқыту Ақсу зауытында 15,3%, ААҚ «Феррохром» 7,6%, ААҚ «Донской ГОК» 41,3% ті құрады.

2009 жылдың басында Ферробалқыту Ақсу зауытында, өнімнің өзіндік құнынын төмендететін, қуаттылығы 220 киловольтті құрайтын электротасымалдау желісінің құрылысы аяқталды. Бұл желінің ұзындығы 9,4 км.

 

2.2. Кәсіпорынның капиталын  және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық- экономикалық көрсеткіштерін  талдау.

 

Қоғамның мүлкі және капиталы.

Қоғамның мүлкін негізгі және айналым қорлары, және құны өзіндік баланста көрсетілетін басқада мүліктер құрайды. Мүлік Қоғамның жеке құқығында болады.

Қоғам мүлкінің құрылу көздері:

  • Акционерлердің жарғылық капиталға салымдары;
  • Қоғам қызметінен түскен түсім,
  • Қоғамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген өнім;
  • Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынбаған басқада көздер.

Қоғамның жарғылық капиталы 7.903.485.000 теңге, 7.147.485 жай акцияларға бөлінген, бір акцияның құны 1000 тенге; және 756.000 арнайы акциялардан тұрады, бір акция құны 1000 тенге.

Жай акция акционерге сұрақтар шешіміне дауыс бере отырып,  Толық акционерлер жиналысына қатысуына құқық береді. Қоғамның таза табыс көлеміне байланысты дивиденд алу, Қоғам жұмысы тоқтатылған жағдайда қоғам мүлігінің бөлігін алуға құқы береді.

Арнайы акция номиналды құннан 10 % ті дивиденд алуға құқық береді. Арнайы акция иелері жай акция иелеріне қарағанда, жұмыс тоқтаған жағдайда Қоғам мүлігінің көп бөлігін ала алады.

Қоғам акцияларының құнын, санын Қоғамның Директорлар Советі, Қазақстан Республикасының «Аталған акциялар мөлшерін ұлғайту тәртібі» заңнамасына сәйкес белгілейді.

Салық және бюджетке міндетті төлемдерді төлегеннен кейін Қоғамның таза табысын үйлестіру жөнінде шешімді Қоғамның Толық акционерлер жиналысы қабылдайды.

Жиналыстың шешімі бойынша, таза табыс, Қоғам қажеттіліктері өтелгеннен кейін, акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінеді.

Қоғамның акциялар бойынша дивидендтері ақшалай немесе құнды қағаздар түрінде беріледі.

ААҚ «ТҰК Казхромның» негізгі және айналым капиталдарының қаншалықты тиімді екендігін анықтап білу керек. Кәсіпорынның пайдасы мен шығынын, өндірілген тауар, өткізілген тауар көлемін, жұмыс персоналын, еңбек өнімділігін, таза табысты, жалпы табысын және т.б. жағдайларын анығырақ көрсету үшін кәсіпорынның техникалық- экономикалық көрсеткіштерін талдаған жөн.  

  

 

 

 

 

             Кәсіпорынның техникалық- экономикалық

                                       көрсеткіштері

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2010ж

2011ж

Ауытқу, өзгеру қарқыны

+; -

%

1

Өткізілген өнімнен түскен түсім

Млн.тг

34112605

47929954

13817349

140

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

Млн.тг

24554972

30487588

5932616

120

3

Жалпы табыс

Млн.тг

9557633

17447366

7889733

180

4

Кезең шығындары

Млн.тг

3449815

11604472

8154657

340

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

Млн.тг

6107818

5837894

-269924

90

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

Млн.тг

15045430

281520

-14763910

2

7

Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс

Млн.тг

21153248

5556374

-15596874

30

8

Корпоративтік табыс салығы

%

6440481

2030805

-4409676

-

9

Салық салғаннан кейінгі жиынтық табыс

Млн.тг

14712767

3525569

-11187198

20

10

Таза табыс

Млн.тг

14712767

3525569

-11187198

20

11

Өнім рентабельдігі

%

52,5

8,4

-44.1

-

12

Сату ренабельдігі

%

43,1

7,4

-35.7

-

13

Өндіріс рентабельдігі

%

66,1

11,3

-54.8

-

14

Жұмыскерлер саны

Адам

14238

15127

889

110

15

1 жұмыскердің еңбек өнімділігі

Млн.тг

2395,8

3168,5

772.7

130

16

Негізгі капиталдың орт.ж. құны

Млн.тг

16057612

23470238

7412626

150

17

Айналым капиталының орт.ж. құны

Млн.тг

6201831

7770147,5

1568316.5

120

18

Қор қайтарымдығы

Теңге

2,1

2,0

-0.1

90

19

Қор сиымдылығы

Теңге

0,5

0,5

0

100

20

Қормен қарулану

Млн.тг

1127,8

1551,5

423.7

140

21

1 тг өткізілген өнім шығыны

Теңге

       

Кесте- 3

      Жоғарыда, кестеде ААҚ «Казхром» техникалық- экономикалық көрсеткіштері көрсетілген. Онда кәсіпорынның шығыны мен пайдасы, түрлі тиімділікті өрнектейтін көрсеткіштері екі жылға (2010-2011ж) есептелінген. Әр көрсеткіштің мәнін, тиімділігін, жылдардағы ауытқуларын олардың әрқайсысына тоқталып, талдау жасау арқылы көрсетуге болады.

  Төменде көрсетілген 1- суретке назар аударсақ, өткізілген өнімнен түскен түсім 2011 жылы  34112605 млн. теңге болса, 2000 жылы ол 47929954 млн. теңгені құрады. Сонда, 13817349 млн. теңгеге артты (140%).

          1- сурет              

                                                өткізілген өнімнен түскен түсім Млн.тг

 

           Өткізілген өнімнің өзіндік құны кәсіпорында өндірістік ресурстардың пайдаланылуын және нәтижелерін көрсетеді. Өзіндік құн 2010 жылы 24554972 млн. теңгені құраса, 2011 жылы 30487588 млн. теңгеге жеткенін көреміз. Яғни, өткен жылға қарағанда 5932616 млн. теңгеге немесе 120% ке өскен.

Жалпы табысқа келсек, ол өнімнің өзіндік құны мен өткізілген өнім табысына тәуелді. Мысалы, 2010 жылы жалпы табыс көлемі 9557633 млн. тг болса, 2011 жылы 17447366 млн. тг өсті. Сонда ауытқуы өткен жылмен салыстырғанда 7889733 млн. тг, 180% ке артты.

Кезең шығындарын қарастырсақ, шығынның жоғарылап кеткенін көреміз. 2010 жылы ол 3449815 млн.тг болса, 2011 жылы 11604472 млн. тг жетті, яғни,  8154657 млн. теңгеге, 340% ке өскен.

Негізгі және негізгі емес қызметтерден түскен табыстар 2010 жылы 6107818 және 15045430 млн. теңге, ал 2011 жылы 5837894 және 281520 млн. теңгені құрады, яғни біріншісі -269924 млн. теңгеге, екіншісі -14763910 млн. теңгеге артқанын байқаймыз.

 Кәсіпорынның таза табысының өзгерісін төменде келтірілген  2- суреттен көреміз. Яғни, 2010 жылы таза табыс  14712767 млн. тг құраса, 2011жылы  3525569 млн. тг құраған. Сонда өткен жылға қарағанда 11187198 млн. теңгеге кеміген (20%).

2- сурет

Өнім рентабельділігі 52,5% дан 8,4% ке кеміді, ол таза табыстың кеміп,  шығындардың артуына байланысты кеміді.

Сату рентабельділігі 35.7% ке кеміді, бұдан біз кәсіпорын өткен жылға қарағанда едәуір шығынға ие екендігін көре аламыз.

Негізгі құралдардың тиімділігін анықтайтын қор қайтарылымдығы 2010жылы 2,1 теңге құраса, 2011жылы 2 теңгені құрады.

Қормен қарулану 2009 жылы 1127,8 млн. тг, ал 2011 жылы 1551,5 млн. тг құрады.

Негізгі капиталдың орташа жылдық құны екі жылға шаққандағы ауытқуы 7412626 млн. теңгеге өсті.

Айналым капиталының орташа жылдық құны 2010 жылы 6201831 млн. теңге, ал  2011 жылы 7770147,5 млн. теңгені құрады. Яғни, 1568316.5 млн. теңгеге, 120 % ке өсті.

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары