Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 10:28, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны- кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................3
I-ТАРАУ.Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі......................................................4
1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы,
құрылымы.......................................................................4 1.2. Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері....14
II-ТАРАУ.ААҚ «ТҰК Казхром»экономикалык
қызметін талдау...........................................................15
2.1.ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі,мақсаты, мүлігі және капиталы........................ 20
2.2. Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану
тиімділігі,техникалық- экономикалық көрсеткіштерін талдау...........................................................................25
III-ТАРАУ.Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары...............32
Қортынды........................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер...............................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

строго курсавой не удалять - копия.doc

— 250.50 Кб (Скачать документ)

                                              Жоспары

Кіріспе ...................................................................................................3

I-ТАРАУ.Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі......................................................4

1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы,

      құрылымы.......................................................................4 1.2. Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері....14

II-ТАРАУ.ААҚ «ТҰК Казхром»экономикалык

қызметін талдау...........................................................15

2.1.ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі,мақсаты, мүлігі және капиталы........................ 20

2.2. Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану

тиімділігі,техникалық- экономикалық көрсеткіштерін талдау...........................................................................25

III-ТАРАУ.Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану  тиімділігін  жетілдіру  жолдары...............32

Қортынды........................................................................................36

Пайдаланған әдебиеттер...............................................................38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 кіріспе

        Курстық  жұмыстың өзектілігі: Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны- кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.

Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен  қамтамасыз етілуімен байланысты.

Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.

Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт- қолда бар айналым капиталының болуы. Айналым капиталының мәні- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін анықтау болып табылады.

         Курстық жұмыстың мақсаты:кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру, және оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Себебі бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселе.

          Қурстық  жұмыстың міндеті:Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорында айналым капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым капиталының қажеттілігін анықтау, олардың құрамы, құрылымын қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым капиталын   басқару.

        Қурстық  жұмыстың гипотезасы:Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын құралдар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым капиталын орынды пайдалану есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетеді.

 

 

             

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           I-ТАРАУ.Кәсіпорынның айналым капиталын                               

                               пайдалану тиімділігі

1.1. Кәсіпорынның айналым  капиталының мәні, құрамы, құрылымы.

      Кәсіпорынның іс- әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт- қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы- бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.  

Айналым капиталы- бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.

Кәсіпорында айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.   

Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:

    • өндірістік айналым қорлары;
    • айналыс қорлары;

 

                       Айналым капиталының  сызба  нұсқасы 

Айналым қорлары

Айналыс қорлары

өндірістік запастар

Аяқталмаған өнадіріс

Болашақ кезең шығындары

Қоймадағы дайын өнімдер

Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар

Есептеулердегі ақша құралдары

Ақша және т.б. қаражат айналымы

Нормаланған

Нормаланбаған


Кесте-1

     Өндірістік айналым қорлары- өндірістік процессте бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.

Өндірістік айналым қорларына шикізат, негізгі және қосымша материалдар, комплекттік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.

 

Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:

  • Өндірістік запастар. Оларға- шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал- саймандар жатады.
  • Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
  • Болашақ кезеңдердің шығындары- жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.

Айналыс қорлары- запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары. 

Сонымен, айналым қорлары-бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.

Кәсіпорынның айналым капиталы құрылымын білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.

Кәсіпорынның айналым капиалының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.

        

 

 

Айналым капиталының элементтері

Олардың үлестері,%

1

2

 

3

 

4

5

6

7

Өндірістік запастар

Аяқталмаған өндіріс және өзіндік өндірістегі жартылайфабрикаттар

Болашақ кезеңдер шығындары.

Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).

Қоймадағы дайын өнімдер.

Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.

Есептеулердегі ақша құралдары.

Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.

Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).

Айналым капиталы

57

17

 

8

82

5

7

4

 

2

18

100


Кесте-2  

Мысал: Кен өндіру өнекәсібінің айналым капиталының құрылымы

 

      Әр түрлі саладағы кәсіпорындардың айналым капиталы құрылымы манадай жәйттерді бірдей қажет етпейді:

  • Кәсіпорын спецификасы. Өндірістік циклы ұзақ кәсіпорындарда аяқталмаған өндірістің көлемі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін; тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезең шығындары. Өндіріс процесі тез кәсіпорындардың қоймадаңы тауарлар запасының үлес салмағы жоғары болады;
  • Дайын өнім сапасы. Егер кәсіпорын сұранысқа ие болмайтын, сапасы төмен өнім өндірсе, онда бір мезетте қоймадағы тауар запасы көлемі ұлғаяды;
  • Мамандану деңгейі;
  • Ғылыми- техникалық прогрессті жеделдету. Бұл фактор айналым құралдарының құрылымына барлық элементтері бойынша әсер етеді. Егер, кәсіпорынға отынды аз жұмсайтын қондырғы қондырса, қалдықсыз жұмыс жасайтын болса, онда айналым құралдары құрылымында өндірістік запастар көлемі күрт азаяды;

 

Айналым капиталы құрылымына басқада факторлар әсер етеді. Бірақ факторлар ұзақ уақытты және қысқа уақытты болатындығын білген маржан.

Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша анықтайды:

    1. Айналым сферасы;
    2. Элементтері;
    3. Норма ауытқуы;
    4. Қаржыландыру көздері;

Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді.Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.

Кәсіпорын жұмысында айналым капиталы үш сатыдан өтеді:

    1. Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, кәсіпорын өз ақшасына шикізат немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.
    2. Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.
    3. Тауарлық сатысы. Дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.

 Айналым қорларының  бір айалымын мынадан көруге  болады:

А-ӨЗ...Ө...ДӨ-А*

Ақша құралдарына (А) кәсіпорын өнім өндіру үшін қажетті еңбек құралдарын сатып алады, олар өндірістік запастарға айналады (ӨЗ), содан кейін өндірістік (Ө) процесс басталады, осының нәтижесінде дайын өнім пайда болады (ДӨ), ол өткізіледі де, кәсіпорынға қайтадан ақша қаражаты (А*) келіп түседі. Осылай айналым құралдары бір айналым жасайды және бәрі қайталанып отырады.

Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:  

    1. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылайфабрикаттар, қосымша материалдар, отын, тара, запасты бөлшектер, арзан және тез тозатын құралдар).
    2. Аяқталмаған өндіріс және жеке өндіріс жартылайфабрикаттары.
    3. Болашақ кезеңдер шығындары.

Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).

    1. Қоймадағы дайын өнімдер.
    2. Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.
    3. Есептеулердегі ақша құралдары.
    4. Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.

Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары