Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 08:54, курсовая работа
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Кәсіпорынның өндіріске салыған активтерінің кірістылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру мен үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады.Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар кірістың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
I. КӘСІПОРЫН КІРІСТЕРІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері...................................6
1.2 Кәсіпорын кірісінің экономикалық мәні..................................................13
1.3 Кірістің кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары....................17
II. КӘСІПОРЫН КІРІСТЕРІНІҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Негізгі құралдардың кіріс есебі.................................................................21
2.2 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері................................................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................32
2 – кесте. Шығындар сипаты әдісінің көмегімен жіктеу мысалы
Өткізуден алған кіріс |
7 468 037 |
|
Өзге де кіріс |
57 070 |
|
Дайын өнімдер қорларындағы және аяқталмаған өндірістегі өзгеріс |
0 | |
Пайдаланылған шикізат және шығыс материалдары |
3 309 645 |
|
Еңбекақы |
4 012 434 | |
Тозу және амортизация шығыстары |
935 692 | |
Өзге де шығыстар |
464 519 |
|
Барлық шығыстар |
||
Кезеңдегі пайда (залал) |
77 472 |
Кезең ішіндегі дайын өнімдердегі және аяқталмаған өндірістегі өзгеріс, өндірістің қорлар деңгейін ұлғайтқанын немесе өндіруден сауданың (сатудан) асып кетуі қорлар деңгейін айтқанын көрсетуге шақырылған өндірістік шығыстарға түзетулер енгізуді білдіреді. Кейбір жағдайларда кезең ішіндегі дайын өнімдердің және аяқталмаған өндірістің ұлғаюы жоғарыда келтірілген талдаудағы тікелей түрде түсім арқылы көрінеді. Сонымен бірге пайдаланылған тәсіл, осындай сомалардың кірісті білдіретініне күмәнденбеу қажет[10,65-67].
Талдаудың екінші әдісі шығындар функциясы немесе «өткізілген өнімдердің өзіндік құны» әдісі деп аталады және шығыстар өткізілген өнімдердің өзіндік құнының бір бөлігі, бөлу немесе әкімшілік қызмет ретінде олардың функциясына сәйкес жіктеледі. Мұндай түсінік пайдаланушыларға олардың сипаты бойынша шығыстарды жіктеуге қарағанда, неғұрлым орынды ақпарат береді, бірақ та функциялар бойынша шығындарды бөлу даулы болуы мүмкін.
3 – кесте. Шығындарды функциялар әдісінің көмегімен жіктеу мысалы.
Өткізуден алған кіріс |
74 680 331 |
Өткізілген өнімдердің өзіндік құны |
68 427 301 |
Жалпы пайда (залал) |
|
Өзге кірістер |
57 070 |
Өткізу шығыстары |
10 835 680 |
Әкімшілік шыстары |
0 |
Өзге шығыстар |
464 519 |
Кезеңдегі пайда (залал) |
77 472 |
Бұл ретте, шығыстарды функциялар бойынша жіктейтін ұйымдар шығыстардың сипаты туралы қосымша ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
Өткізілген өнімдердің өзіндік құны әдісі мен шығындар сипаты әдісі арасындағы талдау әдісін таңдау тарихи, сол сияқты салалық факторлар және ұйымның өзіндік ерекшелігіне қатысты болады.
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған кіріс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол №7 Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес стандартқа сай есептелінеді. Кіріс сондай-ақ тауарлы - материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздар және дивиденттерден алынуы мүмкін.
Кіріс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады: олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім - шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын кіріс сомасын бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олырдың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларында көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатыскен кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және кандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда. Мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны кәсіпкердің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім - шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төяейтіндігі туралы сенімін білдіреді.
Келісімшарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
Субьект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді[18,63-64].
Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстары болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстарына мыналар жатады:
Бұл шығыстар тауар-материалдық
қорлардың қалдығына жатқызылмайды,
олар өзі орын алған есептік кезеңнің
жиынтық табысын азайтып есепте
Үстеме шығыстары. Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастрымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды.
Үстеме шығыстарға, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:
- кешендік сипаты
- шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары.
Үстеме шығындарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылық есеп саясытына сәйкес көрініс табады.
Барлық кірістер кредитінде есептеліп, дебетінде жабылады. Ал шығыстар дебетінде есептеліп кредитінде жабылады.
Қорытынды
Табыс - компанияның әдеттегі қызметі барысында, осындай ағын акционерлердің жарналары есебінен болатыннан өзге капиталдың ұлғаюына әкеліп соқтырғанда туындайтын кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны.
Табыс – кәсіпорынның негізгі қаржылық нәтижесі болып табылады.
Табыстар мен шығындар туралы есеп беру субъектінің есеп беру кезеңіндегі қаржылық нәтижелерін сипаттайды.
Сонымен кәсіпорынның табыстылығын талдау нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады:
Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорынның функционалдырылуының экономикалық мақсатқа сәйкестігі табысты алу арқылы айқындалады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп беру стандартына сәйкес табыс дегеніміз – есеп беру кезеңіндегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің кемуі. Кәсіпорын табысы іскерлік белсенділіктің дәрежесін және қаражаттың жетістігін сипаттайды. Кәсіпорын табысының негізгі функциялары:
Қорыта келгенде кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің негізігі мақсаты пайда алу болып табылады. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықытық жолға көшуіне байланысты жаңа кэсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына байланысты сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фирманың табыстары мен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісті есепте қамтып көрсетіледі. Бұдан басқа, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі:
Бағыттардың әрқайсысы
бойынша ақша түсімдерінің нақтылы
түрлері, тиісті қызметтің нәтижелерінде
олардың шығып қалуы мен
Қызметтің қаржылық нәтижесінің есебінде баланстық пайданы немесе залалды есептеуге мүмкіндік беретін, есеп беру кварталы және жылдық есеп беру бойынша өспелі айналымдағы табыстың және шығарылған шығыстардың барлық алынған көлемі қатысады. Жыл аяғына барлық алынған көлемі қатысады. Жыл аяғына қарай табыс жиі бөлінеді, ал залал әртүрлі көздер есебінен өтеледі.
Табыстарды бөлу құрылтайшылық құжаттармен сәйкес жүргізіледі. Салық салғанға дейін құрылған нормалар аумығында табыстан резервтік капиталды толтыруға болады. «Кіріс» және «Шығыс» шоттары жылдық есеп беруде барлық акционерлер жылдық есеп беру жиналысында бекітілгеннен кейін жабылады.
Табысты бөлудің негізге алынатын қағидаттардың бірі - ол біріншіден, ең алдымен мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді алғашқы кезекке орындау. Екіншіден, меншікті ұлғаймалы өндірістің қажеттіліктерін тиісті қаражаттармен қамтамасыз ету; үшшшіден, кәсіпорынның резервтерін қалыптастыруға бағыттау; кәсіпкерлік тәуекел едәуір өсіп отырған жағдайда мұның маңызы ерекше.
Табыстың сан қырлы
мәні, маңызы экономикалық нарық шаруашылығының
негіздеріне көшуіне қарай
Бүгінгі шаруашылық жүргізуші субьектісінде табыстар мен пайданың толып жатқан жүйесі іс-әрекет етеді. Қосымша құн мен пайда категорияларының экономикалық мазмұны іс жүзінде бара-бар. Табыс категориясының қосымша құн категориясынан айырмашылығы оның ақы төлеуге жұсмалатын табыстарды өзіне қамтуында.
Жалпы алғанда, табыстар
күн көрінісінде алынған
Жалпы табыс кәсіпорын иелерінің табысы және жалдама қызметкерлердің табысы болып бөлінеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны шегеріп тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.
Тауар айналысы сферасының салаларында (сауда, қоғамдық тамақтану, маркетинг, дайындау) өнім өткізуден түскен түсім-ақша категориясының орнына тауар айналымы категориясы пайдаланылады. Тауар айналымының мәнін сатып алу-сату жолымен ақшалай табастарды тауарларға айырбастаумен байланысты болатын экономикалық қатынастар құрайды. Шетелдік практикада түсім-ақша атауының орнына көбінесе жалпы табыс атауы пайдаланылады. Алайда, бұл осы атаудың өте кең баян етілуі, жалпы табыс экономикалық категория ретінде қайта жасалған қүнды немесе шаруашылық жүргізуші субьктісінің таза өнімін білдіреді.