Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 08:54, курсовая работа
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Кәсіпорынның өндіріске салыған активтерінің кірістылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру мен үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады.Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар кірістың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
I. КӘСІПОРЫН КІРІСТЕРІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері...................................6
1.2 Кәсіпорын кірісінің экономикалық мәні..................................................13
1.3 Кірістің кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары....................17
II. КӘСІПОРЫН КІРІСТЕРІНІҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Негізгі құралдардың кіріс есебі.................................................................21
2.2 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері................................................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................32
Кірісты үлестірудің негізгі принціптері келесілер:
- кәсіпорынның өндірістік -шаруашылық, қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған кірісі шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді;
- мемлекет қазынасына түсетін кірістің бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі.Салықтардың құрамы,мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде бегіленеді;
-салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын кіріс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;
Кәсіпорынның әрі карай дамуын қамтамасыз ететін қорларға ал қалаға бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді[14,25-28].
Кәсіпорын қарамағында қалатын кіріс (таза кіріс) екі бөлікке бөлінеді.Бірінші бөлігі тұтыну қорлаоына,екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.
Тұтыну қорларына бағытында қолданылып кіріс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтұға орналастырылған кіріс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлеуетті(потенциалды) кірістылығын арттырудың алғы шарты болып табылады.
Сондай-ақ, кіріс тек өндіріс процесіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерледдің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге,басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкер тарапынан еңбекке деген арттыруға септігін тигізеді.
Жинақталу қорларына бағытталатын кіріс алуан түрлі қосымша қорларды қалыптастыркға жұмсалады:әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік қорлар, экологиялық қор және тағы басқа да қорлар. Бұл кәсіпорындардың келешекте болу ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға, қоғам өміріне өндіріс барысынан келетін зиянды өтеуге, сондай-ақ қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген кірістарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді.
II. Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастыру
2.1 Негізгі құралдардың кіріс есебі
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдарының өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектісі әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отыратыны дұрыс.
Кәсіпорындарға негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамның сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғары үкімет орындарының беруі және тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау- тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады.
Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтыралатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу мөлшері, істен шығарылу себебі) және тағы да басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады[23,51-52].
Негізгі құралдарғы толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріліді. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорыннның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Үкімет оргнадарының субсидиялары шоты деп аталатын шоттардың тиістілері.
Егер кәсіпорынға
келіп түскен,яғни кіріске
алынған негізі құралдар бұрын
пайдалынып және оларға тозу
сомасы есептелген болса,
Дебет: негізгі құралдар шоты;
Кредит: негізгі құралдар тозуы шоты.
2.2 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қаржылық есеп берудің маңызды формасы болып саналады. Ол ұйымның барлық кірісінің сомасын өз қызметін ұстап тұру үшін жұмсаған шығыстарының барлық сомасымен салыстырудан тұрады, Сонымен бірге оның баланстан өзгешелігі уақыт аралығындағы капиталдың қозғалысын, есепті кезендегі ұйымның қаржылық нәтижесін көрсетеді. Сондықтанда ұйым балансымен салыстырғанда бұл есеп беру талдаушы (аналитик) үшін неғұрлым маңызды және көбірек ақпарат беруші болып саналады. Ол ұйым табыс әкеле ме, әлде зиян шеге ме дегенді анықтау үшін кірістер мен шығыстар туралы толық деректердің көмегімен белгілі бір есепті кезендегі ұйым қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп – бұл есепті кезеңдегі ұйым қызметінің табыстылығын өлшейтін есеп. Іскерлік және инвестициялық шеңберлерде ол ұйымдардың рентабелдігін, инвестициялық құндылықтарын, несие қабілеттілігін анықтау үшін пайдаланылады. Ол инвесторларға және кредиторларға, соның көмегімен олар алдағы ақша ағындарының көлемін болжауы мүмкін ақпарат береді.
Бұл есеп қаржылық есептілікті пайдаланушыларға болашақтағы ақша қаражатының қозғалысын бірнеше әртүрлі тәсілдерімен болжауға мүмкіндік береді.
Кірістер мен шығыстар, кірістер мен шығыстар туралы Есепте, өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кірістер мен шығыстарды, қаржыландырудан және өзге де қызметтен алған кірістер мен шығыстарды анықтауға болатындай етіп топтастырылады. Бұл ретте таза кіріс (залал) тұжырымдамасы, кез келген кірістер мен шығыстардың әдеттегі қызметке жататындығына сендіруге негізделген, өйткені олар, істі белгілі бір саяси, экономикалық және географиялық жағдайларда жүргізуші ұйым кездескен тәуекелдерді көрсетеді[26,71-72].
Әдеттегі қызметтен
біржақты түрде ерекшеленетін оқиғалар
мен мәмілелер төтенше
Сонымен бірге, төтенше
жағдайларға тіпті табиғи және саяси
катастрофаларды жатқызу, ұйымдар
үшін әдеттегі қызмет болып саналатынына-
Әдеттегі қызмет шеңберінде кейбір кірістер мен шығыстарды оқшау түрде ашып көрсету талап етіледі. Бұған деген қажеттілік, өзінің сипаты немесе мөлшері бойынша, олар туралы мәлімет есепті кезеңдегі ұйым қызметінің нәтижелерін түсіндіру үшін маңызды болған кезде туындайды. Мысал үшін, негізгі қызметтен алған (дайын өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді өткізу) кіріс (залал) пен негізгі емес қызметтен алған (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді өткізуден бағамдағы айырмашылықтан және т.б.) алған кіріс (залал) бөлек табыс етіледі.
Кірістер мен шығыстар туралы Есепке мына баптар кіруі тиіс:
1) өнімдерді (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді)
2) өткізілген өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны. Өткізілген өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) өзіндік құнына, өнімдер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету) өндірумен тікелей байланысты, олардың экономикалық мазмұнына сәйкес келесі элементтерге: материалдық шығындарға, еңбекақы төлеу шығындарына, сақтандыру жарналарына, негізгі құралдардың тозуына, өзге де шығындарға топтастырылатын нақты шығындар кіреді;
3) жалпы пайда. Жалпы пайда өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алған қаржылық нәтижені білдіреді және өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алған кіріс пен өткізілген өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады;
4) қаржыландыру шығыстары.
Оған әкімшілік шығыстары,
5) қаржыландырудан алған
кіріс ұзақ мерзімді
6) әдеттегі қызметтен салық салғанға дейін алған пайда (залал). Аталған көрсеткіштер әдеттегі қызметтен салық салғанға дейін алған сальдоланған қаржылық нәтижені (кіріс, залал) көрсетеді.
7) Корпоративтік табыс
салығы бойынша шығыстар. Осы
бап бойынша, салық
8) Барлық пайда (залал). Аталған көрсеткіш, заңды тұлға есепті кезеңде алған сальдоланған нәтижені (таза кірісті) (залалды) көрсетеді.
Кірістер мен шығыстар туралы Есептің үлгісі (формасы) мынадай түрде (нақты мәліметтер) көрінеді.
Ұйым қызметінің әртүрлі өзіндік ерекшеліктерінің әсері, операциялар мен оқиғалар тұрақтылығы, тәуекелі және алдын ала болжап білуге болатындығы бойынша ерекшеленеді, ал қызмет нәтижелерінің элементтерін ашып көрсету қол жеткен нәтижелерді түсінуге және алдағы нәтижелерді бағалауға көмектеседі.
Кірістер мен шығыстар туралы есепке қосымша баптар енгізіледі, ал баптардың атауы мен орналасу тәртібі, қажет болған жағдайда қызмет нәтижелерін түсіндіру үшін өзгертіледі.
Ұйым кірістер мен шығыстар туралы есепте немесе түсіндірме хатта кірістер мен шығыстардың талдауын табыс етуі тиіс.
Ұйым кірістер мен шығыстар туралы есепте немесе түсіндірме хатта, хабарланған немесе кезең ішінде ұсынылған, қаржылық есептілікпен қамтылған, акцияға дивидендтер сомасы ашып көрсетілуі тиіс.
Халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес, ұйымдар кірістер мен шығыстар туралы есепте немесе оған қосымшалар мен ескертпелерде шығыстар талдауын немесе кәсіпорын шеңберіндегі олардың функцияларын қоса табыс етуі тиіс.
Талдаудың бірінші әдісі шығындар сипаты әдісі болып аталады. Шығыстар олардың сипатына сәйкес (мысалы, тозуы және амортизациясы, материалдар сатып алу, көлік шығыстары, еңбекақы, жарнама шығындары) есепте біріктіріледі және ұйым ішінде әртүрлі функционалдық бағыттар арасында қайта бөлінбейді. Бұл әдіс, функционалдық жіктеулерге сәйкес операциялық шығыстарды бөлу талап етілмейтін көптеген шағын кәсіпорындарда қолдануға оңай.